Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать
  1. Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.

Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.

Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштігінің табылдарықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстығы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар - спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген өзара байланысқан үлгілері). Сесорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.

Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелерімен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

Қабылдауды дамытудың айрықша бір саласы - көркем туындыларды (картиналарды, музыкалық пьесаларды) эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Салынған суретті дыбыс қабылдау үшін бала бейнелеу ерекшеліктерін ескере білуі тиіс. Ол қоғамда қалыптасқан графикалық және живопистік бейнелеу нормаларын игеруі тиіс. Бұлай болмаса бала, көшеде жүрген балалардың перспективалы бейнелерін көре салып: “Мынау үлкен, мынау кішкентай бала, ал мынау қуыршақ”,- деп дәлелдейді.

Балалардың музыка қабылдау қабілеті және соған байланыстыэтетикалық тебіренуі, картиналарды қабылдауға қарағанда азырақ зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға қабілеттілігі және мұның өзінде музыкалық тебіреністер, негізінен, шығармалардың тербрі және ырғағымен анықталатыны дәлелденген. Алты-жеті жасқа қарай балалар әуенді тәп-тәуір қайта жаңғыртып және ең бастысы, оған эстетикалық баға (“ұнайды”, “ұнамайды”) бере алады. Музыканы үнемі тыңдауға, айналасындағылардан оған терең эмоциялық жауап қайыруды үйренуге мүмкіндік бар жерлерде балалардың музыкалық қабілеттері ерте оянады.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.

Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық (атап айтқанда, құралдық) іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.

Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізіне ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру жатады. Бұл қалыптасудың басталар жері - материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер.

Баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай, қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені таным білудің күшті құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде байқалады.

Мектепке дейінгі балалық шақта ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын орау, жоспарлау функциясын атқарады.

Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы ғана емес. Сөз - қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады.

Ойлауды қалыптастыруда шешуші роль атқарудың үлесіне тиеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалар ойлауының бұрын жастың ажырамас белгісі деп саналып келген көптеген ерекшеліктері, шындығында балалар өмірі мен іс-әрекеттің айрықша жағдайларымен түсіндірілетінін және мектепке дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертуге болатындығын көрсетіп отыр. Бес-алты жасар балалар денелердің кейбір жалпы физикалық қасиеттері мен күйлері, жануарлардың дене құрылысының олардың тіршілік жағдайына тәуелділігі, Бүтін мен бөлшектің арақатынасы, бірлік пен көптік т.б. туралы білімдерді оңай игереді және осы білімдерін өздерінің ойлау әрекетінде қолданады. Оқытудың тиісті формаларында (ақыл-ой іс-әрекеттерін кезең бойынша қалыптастырғанда) мектепке дейінгі балалар логикалық ойлаудың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.

Мектепке дейінгі шақта бала алдында тұңғыш рет практикалық қана емес, сонымен бірге білім алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда бола бастайды. Мұндай міндеттердің үлес салмағы біртіндеп артады. Атап айтқанда, танымдық белсенділік шеңберінде ақыл-ой іс-әрекеттерінің жоғары типтері қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіздеу болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты –-оны біртіндеп саналы ниетке бағындарып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып, “өзі есте қалатынды” есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда мазмұннан гөрі ырғақ пен ұйқастық көбірек маңызы бар.

Таным іс-әрекеттерінің барлық түрлерін жетілдіру баланың тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық эталондарды бекітіп, ұғымдар мен түсініктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамассыз етеді. Сөйлеу қиял қызметін бағыттайды, ырықтылық элементін енгізе отырып, зейін мен ес алдына міндеттер қояды есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адамзат тапқан. Жинақталған тәжірибе, атап айтқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.

Мектепке дейінгі шақтың басында бала ана тілін іс жүзінде тәп-тәуір игереді. Алайда, оның сөйлеуі ситуациялы: сол нақтылы жағдайдан тысқары жерде түсініксіз болады. Ол баланың өзіндік әрекеттерінде әлі өте нашар реттейді. Бала тілдік құбылыстарды аңғара алмайды, сөздерді олар бейнелейтін заттардан ажырата білмейді. Мектепке дейінгі шақтың аяғында сөздік қор молайып, тілдің грамматикалық құрылысы одан әрі жетіле түседі; ситуациялы сөйлеуден ситуациядан тыс жерде де түсінікті болатын контекстік сөйлеуге ауысу жүзеге асады; мінез-құлықта және психикалық әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыруда тілдің реттегіштік функциясы құрт артады; сөздік ойлаудың негізі болатын іштей сөйлеу қалыптасады. Тиісінше үйреткен кезде балалар тілдің сөздік құрамы мен сөздің дыбыстық құрамын аңғара бастап, тілдік құрлыстарға болмыс құбылыстарының ерекше түрі ретінде қарай бастайды.

Тілді меңгермейінше мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес десек те, тіл психикалық құбылыстарды жасайды деп ойлауға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процестерге тілдің қатысуы үстінде тәрбие мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.