Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать

5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.

  1. Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.

  3. Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.

  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.

  5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.

  1. Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жететілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабағы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуацичсының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысы өзіндік ішкі позициясы өз “менін” және өз қылықтарының маңызын аңғырудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көшіріп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалаптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.

Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольді көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді.

Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзінде қолданады. Сонымен, ойын бұл кезде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы - оның психиканың дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыртыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамассыз ететін жетістік болып табылады.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағылардан зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді.

Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдатарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы суреттелген.

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойланудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен, рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой әрекетіне ауысады. Ақыл-ой әрекетіне ауысудың негізгі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.

Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту - мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны.

Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: “Сен кімсің?”- деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін “мамамын” деп таныстырады.

Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде еңбектің дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра білу, бұл іс әрекеттің бас қа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің әлементтерін игереді. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.