
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойдың дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: “Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интелект жағынан алып қарағанда қабілеті қандай екен соны біліңіз. Осыдан соң бөбекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз”,- дейді. Содан Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы - үш жас деуі еді. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологы Э.Трондайк қосылыпты. Біз осыдан психикалық даму қанша уақыт өмір сүргеніне байланысты емес екенін, осының себебі психика дамуының шапшаңдығы әр жаста түрліше келетінін көреміз.
Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызмет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісіне түсіне бастайды. Заттың атқаратын қызметі деп отырғанымыз - қоғамдық ортада көпшілік арасында мойындалған оның атқаратын міндеті. Мысалы, шанышқы ет т.б. жеуге, қасық сорпа ішуге арналған. Сондықтан заттың атқаратын қызметіне түсіну - үлкен жетістіктің белгісі.
Бөбек психикасының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі - оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызуға не үй салу т.б.). Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психикасының дамуына үлкен әсер етеді.
Ойыншықтың қай-қайсысы да сол нақты заттың (жәндіктің, не машинаның) өзі емес, оның әдейі кішірейтіліп жасалған көшірмесі, яғни сол заттың орнындағы оның бейнесі.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қылып мініп, “осы менің атым” деп жүгіретіні көрсетеді.
Бөбектердің есеюіне орай өз қолдарымен нәрсе жасау әрекетіне келсек, осылардың көбі балалар бақшасында ұйымдастырылады. Мысалы, оларға кесте тігу, не қағаздардан белгілі бір нәрселерді құрастыру т.с.с. тапсырмаларды беріп, қолының ептігін күшейтуге жағдай туғызады.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Біз ілгеріде 12 ай толған баланың сөздігі 10-дай жеке сөздерден тұрады дедік. Бірақ олар жеке сөздерден сөйлем құрастыру білмейді. Бөбек 1,5 жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап сол сөздерден сөйлем құрастыруға талпынады. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестеуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарын таныс еместерінен ажырататын болғанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бар қасиетіне, не белгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады.
Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, енімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, ”төртбұрыш”, ”үш бұрыш”, ”тік бұрыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, көкшіл, ақ, қара т.б.) ажыратып соларды қосымша түстерден олардың араласуынан болған түстерден айыра бастайды.
Ал бөбектің ақыл-ой қабілетіне келсек, осының өзі бұларда әлі жөнді қалыптаспаған. Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасындағыларды ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Пиаже “ойлану” деген терминді, проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т.б.) қолданды. Ал бала өзінің ойын біреуге жеткізе алса, осыны Пиаже ойлану деп атамайды. Тікелей мағынасында ойлану процесі бөбектерде кездеспейді. Оларда ойланудың тек қарапайым түрлері бар. Бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеседі. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десе, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады.
Ескерте кететін мәселе бөбектердің нақты ой-әрекеті тек олардың әрекеті (ойыны т.б.) үстінде қалыптасады. Сондықтан бұлардың ой-әсерін дамыту үшін тиісті әрекеттерге машықтандыру қажет.
Баланың есінің кіруінің өзі ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте “Мен” деген қасиет пайда болады. Осының жаңалық екені сол, бұл уақытқа дейін бөбек үлкендердің оған қамқорлық жасап жүргенін біліп, енді осымен күрескісі келіп, үлкендердің қамқорлығынан қайткенде құтылсам екен дейді. Оның пікірінше бәрі өз қолымнан келеді, мен “өзгелерден бөлек, дербес адам екенмін” деп барлық істі өзі орындағысы келеді.
Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе, (мұндай жағдайда болуы мүмкін емес), онда оның есі сен санасы да және “Мен” деген қасиеті де болмас еді.
“Дағдарыс” кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білініп жарымайды. Бірақ әрқайсысында азды-көпті кездесетіні сөзсіз. Ал осы келтірілген “менменсіну”бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесу, яғни негативизмге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, 3 доағалақты велосипедке мініп жүрген бөбекке, егер шешесі мінуге рұқсат етпесе ызаланады. Кейін шешесі “міне ғой” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой десе”, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс істегісі келеді.
Ерегесу мен қыңырлықтың ата-тегі “менменсінуден”, өзіне не жақсы, соны істеуге тырысудан пайда болады. Ал бөбек жасындағылар үнемі ерегесуге не қыңырлыққа ұшырайды, деп бірден-бір айтуға болмайды. Бірақ бөбектің жасында кездесетін осындай жәйітті еске алмаса, осының өзі ерегесуге не қыңырлыққа апарып соғуы мүмкін. Ерегесудің мұндай түрімен күресу үшін не істеу керек? Бөбек үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келеді, “Мен өзім істеймін” десе, оның осы қажеттілігін қанағаттардырмауға болмайды. Себебі балада өзбеттілік дамымаса, келелі кезде пассивтік түрде болуы мүмкін.
Сонымен біз бөбектің жеке басына тән оның “Мен” деген қасиетінің қалай қалыптасатынына тоқталдық. Бұл айтылған менменсіну, қырсықтық т.б. бөбектің үлкендердің қол астында болуымен, оның психикасы дамуының өріс алу арасында қайшылықтың болуынан. Жамандық болмай, жақсылық жоқ деген сияқты, қайшылық бөбекте келешекте қиын жағдайға ұшырататыны болғанымен, осының өзі психикалық дамудың шарты. Егер баланың өмірінде қайшылық кездеспесе, алға қарай дамымай, бір қалпында тұрып қалған болар еді.