
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
Біз ілгеріде оның құрсағындағы орта мен біздің күн көретін ортамыздың айырмашылығы мүлдем өзгеше келетінін ескерттік. Шынында да, бір ортаның жағдайынан екінші ортаның жағдайына алмасу тек үлкендер үшін ғана емес, балалар үшін де ауыр келеді. Бала туғанда оның санасы жоқ болғанымен, жаңа жағдайда шыдай алмай қиналып дпғдпрысқа ұшырайды. Бұл дағдарыс жаңа жағдай мен бұрынғы ана құрсағындағы жағдайының келіспеушілігінен, яғни қайшылықтың негізінде болып отыр. Зерттеушілердің айтуынша, дағдарыс баланың қатты қанағанымен, жаңа жағдайға бейімдеп, сүйтіп, мінез-құқының және психикасының онан әрі өріс алуына мүмкіндік туғызады.
Туғаннан кейінгі күндері нәрестеде ему, қорғаныс және бұл не дейтін шартсыз рефлекстер бар екені білінеді. Мысалы, туғаннан соң нәресте басын қозғалтып емшек іздейді. Емшек іздеу - іштен тууы берілген шартсыз рефлекс. Осындай шартсыз рефлекстердің түрлері жаңа ортаға бейімделіп, шартсыз рефлекстер тізбегінің (яғни дағдының) жасалуына жағдай туғызады. Сонымен қатар жаңа туған балада адамның маймыл ата-тегінен берілген іліну және өрмелеу шартсыз рефлекстері кездеседі. Іліну рефлексі - алақанды тітіркендірудің өрмелеу рефлексі. Аяғының табанын тірікендірудің негізінде жүзеге асады. Шартсыз рефлекстердің осы түрлері бала есейе бастаған кезңнде қажеті жоқ. Бұл рефлекстер бар кезінде баланың аяғы, не қолы күшті келеді. Мысалы, бөбек жыланның мойынын қысып туншықтыра жаздайды деген алып-қашты сөздер бар. Бірақ осы іліну рефлексінің, ұстау, өрмелеу рефлексінің орнына кейін қолымен өрмелеу, не еңбектеу пайда болады.
Шартсыз рефлекстердің негізінде, осылармен ұштаса отырып, туғаннан кейін балада мезгілді ажырату жаңа жарыққа, дұбысқа шартсыз рефлекстері жасалынады. Шартсыз рефлекстер инстинкт программасында көрсетілмеген мінез-құлықтың жаңа түрлеріне дағдылануға мүмкіндік береді.
Екі айға дейін нәресте шешесінің бетін айқын ажырата алмайды. Тек иісіне қарап таниды.
Үш ай өткен соң нәресте шешесін көрмесе де дауысын естіп шақырады. Келе жатқан шешесін көзімен қарсы алып, кетерде көзімен шығарып салады.
Ал тері рецепторына, әсіресе қолы мен нәрестенің саусақтарына келсек, бұларда ұстау, сипалау қабілеті болғанымен, қол саусақтары нәселерді іздеп әлі сезе алмайды. Нәрсенің не екенін қолы арқылы емес, аузы арқылы біледі.
Ал нәрестенің бас миы шамамен алғанда 380 гр болып туады. Осы салмақ 7 жасқа жеткенше 4 есе ұлғайып, ересек кісі миының салмағын қуып жетеді. Нәресте кезінде ми қабағының нерв клеткалары сан жағынан да, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырап, нерв клеткаларының 6 - қабат құрамы қалыптасып, осының нәтижесінде ассоциациялық байланыстардың жасалынуына мүмкіндік туады.
Нәрестенің бұлшық еттер арқылы қозғалыс жасау қабілетіне келсек, осылар “жоғарыдан төмен” қарай дамиды. Әуелгі кезде нәресте басының, мойының қозғалыстары дами бастайды (туғаннан кейін 2-3 айдың ішінде). Бұдан соң қолының әр нәрсені ұстау қозғалысы (4-5 айдың ішінде), кейін денесін тиісті кеңістікке теңдік дәрежеде ұстау қимыл-қозғалыстары, жатқанда оң жақтан сол жаққа және арқаға қозғалу қимылдары қалыптасады (5 айдың ішінде). Қолдарын, аяқтарын тіреп еңбектеу, отыру, көтерілу қозғалыстары (7 айдың ішінде), тиісті нәрселерге сүйеніп түрегелуі (9 айда) өз бетімен жүріп кетуі (12 айда) қалыптасады.
Ал еңбектеуге келсек, осыған нәресте бірден ие бола алмайды. Бұған мынадай даярлық жүргізіледі: нәресте басын, кеудесін көтеріп, отыруға үйренеді. 7 айға толғанда еңкейіп қолын және тізесін басып отырады. Осымен қатар арқасынан, ішіне, сол , оң жақтарына жатуға жаттыға бастайды. 8 ай тоғанда нәресте еңбектеп, бөлменің бір бұрышынан екінші бұрышына еңбектейді.
Еңбектеу - нәрестенің тұла-бойының бұлшық еттерінің, органдарының қозғаласын меңгеруге мүмкіндік береді. Сөйтіп нәрестенің денесі нығаяды, дене мүшелерінің қозғалысын тиісті мақсатқа бағындыруға мүмкіндік туады. Осының нәтижесінде 12 айдың ішінде бала өздігінен жүріп кетеді.
Бұл болып келген дененің дамуымен бірге өзгелермен қатынас және әрекет үстінде нәрестенің психикасы кеңінен өріс ала бастайды. Қатынас, әдетте, тілдің негізінде іске асады. Қарым-қатынас жасауда тіл негізгі құрал болғанымен, тіл қақпай да қатынас жасауға болады.
11-12 ай толғанда нәрестенің тілінің шығуына даярлық басталады. Әуелгі кезде нәресте малдардың дыбысына елікпен, соны қайталағысы келеді. Мысалы, нәресте қозының “бә-бә” немесе бұзаудың “му-му” деген дауысын шығарады. 12 айда нәресте 10-нан аса сөз біледі. Бірақ ол сол сөздерден сөйлем құрастыра алмайды. Өйткені оның білетіні жеке сөздер болғанымен, ол дербес сөздерді тіпті одан да көп мазмұнда бейнелейді. Сондықтан бұл сияқты нәрестенің сөзін сөз сөйлемдері деп атайды. Мысалы, “әже” деген сөз бір жағдайда “су ішкім келеді”, екінші жағдайда “дүзге” отырам деуі, үшінші жағдайда, “маған басқа бір бала тиіседі” деген сияқты т.б.
Адамнан туған баланың қай-қайсысында да тілге икемділік бар (lіnguіstіc competence). Бұл икемділік бәлендей тілге арналып қалыптаспайды, ол тілдің қай-қайсысын (орыс, неміс, қазақ тілдерін) үйренуге арналған қасиет. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре қалыптаса ма деген сұрақ туады. Осыған АҚШ тілшісі Н.Хомский тілге икемділік туа беріледі дейді. Тілдің қай-қайсысына да үйренуге икемділік туа беріледі деуіне қосылуға болады. Бірақ бәлендей нақты тілге үйрену (орыс, не қазақ тіліне үйрену) өмір үстінде қалыптасады.
Қорытып айтқанда, нәресте көзі психиканың өрістеуінде тым жауапкершілігі мол жас. Егер ілгеріде қамтыған нәрестеге тән ерекшелікті дер мезгілінде еске алып, уақытында оған көмек көрсетсе, ол келешекте жақсы тәрбиеленетін болады. Демек, нәрестенің өзіне тән ерекшелігімен санасу оны алға қарай қалыптастыруда үлкен орын алады.