Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать

5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.

Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивтік кез деп атайды.

Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы Мария Ментоссори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лейтес осы жөнінде құнды пікірлер таратты.

Сензитивтік көзге мән беретін себебі, осы кезде бала - әсерленгіш келетіннен, осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Мұның солай болуы мынадан: баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай, үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал.

Сезитивтік кездің өзіне келсек, бұл тек бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі: жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш, мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлуматтар айқын қалмаған деп сұраса, 20-25-ке дейінгі басынан көшірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді.

Бастауыш мектеп жасындағылар (7-10) алсақ, бұларда мұғалімнің айтқанына сын көзімен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағлуматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар ендігі жас кезеңіне (11-16) көшкенде, бұрынғыдай емес, енді ұстаздық сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқу мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды.

Сензитивтік кез көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны институтта 4-5 жыл ағылшын тілін оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚТ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғаннан кейін оқытса, осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. А ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.

Осы айтылғандардың музыка, живопись өнерлеріне де тікелей қатысы бар. Ірі суретшілер мен композиторлардың өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған.

Ескерте келетін мәселе, кейбір жағдайда баланың бастапқыда бір нәрсеге ешқандай ықыласы болмаса, кейін сол нәрсеге ықыласы түсуі мүмкін. Мұның себебі әуелгі кезде осыған ол қызықпады және осыған оны қызықтыратын түрткіде кездескен жоқ. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Осыдан шығатын қорытынды, баланың сензитивтік кезі оның тек бәлендей жасында кездеспей, оның жеке басының ерекшелігіне қарай алдыңғы өмірінде де кездесуі мүмкін. Демек, сензитивтік кездің айқын білінетін кезеңі болғанымен осы әр балада түрлі жаста кездесуі ықтимал.

Сонымен біз сензитивтік кездерді үстірт қарастырып өттік. Мұның әлі күнге дейін жете зерттелінбеген жақтары бар. Егер сол зерттелінбегендер білінсе, онда балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары үлкен табыстарға жетер еді. Сензитивтік кездің болуынан шығатын қорытынды: әрбір нәрсенің өзіндік мезгілі бар болатыны сияқты, қабілеттіктің де балада туатын және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті (қабілеттіліктің туатын мүмкіншілігін) өз мезгілінде пайдаланып қалу керек. Міне, сензитивтік кезді білудің ұтымды жағы осында.

ІІІ-бөлім. БАЛДЫРҒАНДЫҚ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ

ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ.

4-лекция.

Нәрестелік және бөбек жасындағы баланың психикалық дамуы.

  1. Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы және биогенетикалық заңдылық.

  2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.

  3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.

1. Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы және

биогенетикалық заңдылық.

Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда недәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен нерв системасының төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидің төменгі алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында бәлендей биологиялық түрде жататын жануар ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды.

Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э.Геккель (1884-1919) болатын. Бұл ғалым осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрде жататын жануарлар филогенездегі ата-тегінің дамуын қайталайтынын ашып берді. Осы заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың нерв системасының қалыптасуына қатысты екекнін дәлелдеген орыс морфологы А.Н.Северцов (1866-1986) болатын.

Балаға тән нерв системасының негізі - бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында недәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің ішінен, әсіресе ему шартсыз рефлексі күшті дамыған.

Біз жаңағы биогенетикалық заңдылықтың баланың келелі кездегі дамуына тигізетін әсеріне тоқталайық. Бұл заңдылық - тіршіліктің қалай дамитыны жайында аса құнды өзгешіліктің бірі. Бала ана құрсағынды жануарлар ата-тегі жүйке системасының дамуының қайталайтыны әлі күнге дейін терең шешілмеген. Бірақ осының өзі әр кімнің қазіргі кездегі биологиялық дамуы тек бүгінгі күннің жемісі емес, ұзақ филогенетикалық дамудың продуктысы екеніне дәлел болады. Жануарларға қарағанда биологиялық фактордың адам маймылдан бөлінгеннен кейін азая бастады дейді. Кейбір зерттеушілердің (Я.Я.Рогинский, М.Эррис) айтуынша, адамның психикалық дамуын биологиялық факторлар билемей, әлеумет ортасына тән жағдайлар билейді. Себебі тас дәуірінен бері (50-60 мың жылдай мезгіл өтті), адам ұрпағы (Home Sapіens ұрпағы) морофлогиялық және физиологиялық тұрғыдан ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Осылай деу биологиялық фактордың баланың психикалық дамуындағы ролін түгел жоққа шығармайды.