
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА» факультеті
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасы
«Б е к і т е м і н»
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Жалпы психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
___________________.Ж.З.Торыбаева
«___» _________ 2013 ж.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ»
пәні бойынша
Түркістан 2013
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Алѓы сµз
Пән туралы қысқаша сипаттама: Жас ерекшелік психологиясы курсын оқу барысында оның зерттейтін пәнін, әдістерін, психикалық дамуын, жеке адамның өмір тіршілігінде қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Сонымен қатар студенттер жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларының жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін біліп, олардың азаматтық қасиеттерінің кемелдену жолындағы психикалық жағдайларымен танысады. Студенттер ересек мектеп жасындағы оқушылар мен балаң жастық кезеңде оларды мамандық таңдауға баурып, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық заңдылықтарды білетін болады.
Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер оқушы жастардың оқып білім алуы мен тәрбиесінің неғұрлым тиімді болу жолындағы психологиялық сипаттарымен танысады. Мұғалімнің мамандық білімін көтеру және оның ұстаздық қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық мәселелері сөз болады. Сонымен бірге студенттердің болашақ ұстаздық мамандығының өзіндік сыр-сипаты, творчестволық іс-әрекеті және жастарды тәрбиелеудің қоғам алдында жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отырудың психологиялық мәселелерін қамтиды.
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Пәннің міндеттері:
жалпы және кәсіптік білім беретін мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу процесінде олардың бойындағы икемділігін, өзіндік қабілетін барынша дамытып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға баулу;
жекелеген оқушылардың сабақ үлгермеу себептерін анықтап, олардың мінез-құлқындағы
жағымсыз қылықтарын түзетіп отырудың тиімді жолдары мен пайдалы әдістерін іздестіру;
жалпы тәрбие ісінің жемісті болуын қамтамасыз ету;
болашақ ұздаздардың психология және педагогика саласындағы білімін кеңейтіп, оны үнемі
дамытып отыру;
І-бөлім. КІРІСПЕ.
1-лекция.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
Педалогияға сын.
А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның “Адам - тәрбие тақырыбы” деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептейді. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И.М.Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды.Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперменттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизиологиялық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмолцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т.б.), оны жас ерекшелігі және педагогикалық психологияда қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Психофизиология заңдарын немесе қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогі және психологы П.Ф.Каптеревтің “Педагогикалық психологиясы” (1877), америка психологы У.Джемстің “психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме” (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы қосындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А.П.Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның негізсіздігі жұрттың бәріне айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада ппсихологияны педагогикалық практикамен жақындастыру тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болады. Бұл жерде оқыту процесіне қатысы бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.