Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 отбасы лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
766.98 Кб
Скачать

Пән аралық байланыстар

Жоспар:

  1. Оқу пәндердің өзара байланысы

  2. Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары

  3. Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі

  4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары

  1. Оқу пәндердің өзара байланысы. Оқу пәндерінің өзара байланысы, отағасын тәрбиелеу ісіндегі пән аралық байланыстардың ерекшеліктері, оларды жүзеге асырудың тәсілдері.

«Отбасы өміріндегі әдеп және психология» пәнінің әдебиетпен, Қазақстан тарихымен, қоғам танумен, Құқық тану негіздері және әдеп тану негіздерімен байланысты болуы. Әдебиет арқылы оқушы некелік - отбасылық қатынастар жайында жазылған шығармалардың мазмұнымен танысады. Қазақстан тарихынан оқушылар отбасының әлеуметтік құбылыс екенін біліп, оған қоғамдық қатынастардың үнемі ықпал етіп, жеке адамдар мен отбасылық өмірдің адамгершілік және қоғамдық нормалары реттеліп отыратындықтарын біледі. Қоғам тану пәнінде отбасы өміріне қатысты көптеген мәселелер қамтылады. Олар: отбасылық құқық, қоғамның отбасыға көмегі, ана мен балаға мемлекеттің қамқорлығы және т.б. Құқық тану негіздері пәні бойынша оқушылар мемлекеттік, әкімшілік, еңбек, ауыл шаруашылығы, отбасы және қылмысты істер жөніндегі құқықтары жайында бір сыпыра мағлұматтарды игереді. Отбасының адамгаршілік негіздері жайлы, біздің қоғамындағы неке мен отбасы, жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, туған – туыстары мен кәмілет жасына толған балалар жайындағы құқықтық және азаматтық борыштардың мән-жайын түсінеді.

«Отбасы өміріндегі әдеп және психология» пәнінің өзге ғылыми пәндермен байланысы. Оқушылар адам организмінің анатомиялық және физиологиялық құрылымен танысып, оның сан – салалы тіршілік бейнесінің түрлерінен хабардар болады. Оқушылар биология, зоология, адам фиологиясы, тіршілік тану пәндерін оқып үйрену процесінде жыныстық қатынастар мен олардың ерекшеліктерін біліп, жеке басының тазалығын, ұлдар, қыздар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне зейін қояды және ондай қатынастарды жолдастық, достық сипатта да дамытып отырудың қажеттіліктерін аңғарады. 8 және 9 сынып оқушыларына арнап жыныстық тәрбиенің гигиенасы туралы арнайы сабақтар өткізіледі.

Дене тәрбиесі сабағының оқушылардың денсаулығын нығайтып, белсенді еңбек етуге тәрбиелеудегі ролі. Болашақ отбасы басын еңбек сабақтары мен өзін-өзі қамтамасыз етуде үй шаруашылығымен шұғылдануға баулу. Қыз – бала бойында азық-түлік заттарын күтіп ұстау мен оларды пайдалану, түрлі маталардан қажетті заттар тігіп, оларды тұрмыста қолдану, ер бала бойында электр аспап – құралдарынмен танысып, оларды тұрмыста қолдану, оларды жөндеп, еңбек дағдыларын қалыптастыру. Ән – күй мен музыка сабақтарының оқушылардың достық және сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға тигізетін тәрбиелік әсері үлкен.

Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.

Мектептегі дәрігер мен гинекологтың және басқа денсаулық сақтау қызметкерлерінің оқушыларды отбасылық өмірге даярлау саласында істейтін жұмыстары. Олардың өз мамандықтары медицина саласымен бірге педагогикадан, жыныс психологиенасынан, социологиядан, этикадан қажетті білімдерінің болуы. Оқушылар алдында барынша әдеп сақтау, сергек болу, тыңдаушылармен сөйлесе білуі, олардың сенімін ақтау – мұның бәрі жастарды отбасылық өмірге даярлау ісінің нәтижелі болуының шарты.

Сынып жетекшісі мен «Отбасы өміріндегі әдеп және психологиясы» пәнінің мұғалімнің арасында тәрбие істерін өзара үйлестіріп отыру нәтижелерінің болуы. Оқушыларды отбасылық өмірге даярлауда мұғалімдер мен ата-аналардың, дәрігерлердің атқаратын тәрбие істерінің бірлігі.

Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.

Ата-бабаларымыздың отбасылық өмірге балаларды дайындаудағы әдісі – терең философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнге ие. Кішкентай кезіне балаларға отбасылық өмірдегі қарым-қатынас, жақындарын, туыстарын сүйе білуге арналған ертегілермен қоса, ер адамдардың әйелге деген махаббатын суреттейтін жырлар, еліне деген, жеріне деген намыс пен мақтанышты қалыптастыратын батырлар жырларын, балалардың төл тілдері қазақтың әдемі де, майдай жұмсақ тілімен айтып беріп отырған. Сонымен қоса, әйелі ер адамды, отағасын сыйлаған. Сыйға сый дегендей, сол сыйлағанның арқасында әйел адам өзі сый құрметке ие болып отырған. Бала отбасылық арнайы дайындалмаған, әек-шешесінің қарым-қатынасы, сөздері, сыйластығы арқылы отбасылық өмір туралы көзқарасы автоматты түрде жүрегінің түбінде, баланың өзі білінбей-ақ, қажетті уақыт туғанға дейін орын алып отырған. Отбасылық өмірді зертеген ғалымдар оқушылардың отбасылық өмір туралы ұғымдарының теріс екендігін анықтайды. Бала үйде жүріп анасының араққұмар әкесіне әбден шаршағандығы туралы, одан ажырасып қана құтылғанда жақсы өмір сүретіндері туралы әңгімені естиді, әкесінің шешесін сыйламай өкіреңдеп, ерсі сөйлесуі, тіпті кейде қол жұмсап салып қалуы бала ой - өрісінде отбасы туралы теріс ұғымды қалыптастырады. әлемдік статистикаға сүйенсек әрбір үшінші бала толық емес отбасында өседі де, шешесінің барлығына кінәлі әкесі екендігін айтып, досына жылап-сықтап отырғандағы көрінісі бала жүрегінде мәңгілік орын алып қояды. Сөйтіп, қыз бала, өскенде отбасын құрмаймын деп алдын ала шешім қабылдап қоюы мүмкін. Күндердің күнінде сол қыз-бала ғашық болып, тұрмысқа шығады, отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырлайды, сонда ол қыз өзінің кішкентай кезіндегі шешімін дұрыс болғандығын өз-өзіне дәлелдей түседі де, бұдан құтылудың бір ғана жолы ажырасу деп біліп, өзінің баласын да, дәл өзіндегідей тағдырға душар қылады.

Ажырасу көбіне ер адамның араққа салынып кетуінен, қол көтеруінен болады. Бұл сол ер азаматтың отбасылық өмір туралы дұрыс түсінікті кішкентай кезіне теріс қалыптастырғандығын дәлелдейді. Ал ажыраспай көп жылдар бойы бірге тұрып жатқан отбасыларында да бәрі тамаша деуге болмайды. Көп әйел адамдар «менің шешем шыдаған, менің де шыдауым керек» деп отбасындағы ұрыс-керіске, ішілген ішімдікке, өрескел мінез-құлықтарға бой ұсынып, балаларында қандай болса да әкесі болсын деп шыдап тұра береді. Сөйтіп, осындай отбасында өсіп жатқан балаларда отбасылық өмір туралы теріс түсінік қалыптаса береді. Жастар бір-біріне ғашық болып, кездесіп жүрген кезде ғана, көп болса бір немесе бір жарым жылда ғана бір-біріне сүйіспеншілікпен қарап, махаббаттарын сақтауға күреседі. Үйленгеннен кейін, сүйіспеншілік деген, махаббат деген асыл қасиеттерді мүлдем ұмытады. «Үйлену оңай, үй болу қиын»,-деп текке айтылмаған. Сүйіспеншілік пен махаббат – отбасылық өмірдің фундаменті. Фундаменті шірісе, үй құлайды. Отбасы психологиясы өте нәзік.

Оқушыларды халық педагогикасы арқылы отбасылық өмірге дайындауды мектепте гуманитарлық пәндер арқылы жүргізілуі қажет. Оқушылар өздерінің туған әек-шешелерінен отбасылық өмір дегеніміз – адамдардың бір-бірін сыйлауы, түсінуі, бір-біріне көмектесуі- мектептің алар орны бөлек. Үй тапсырмасына ертегілерді, қисса-дастандарды, аңыз-әңгімелерді бергенде қорытынды бірде әкесі, бірде шешесі, үшінші рет баланың өзі жасауына мүмкіндік беру керек. Мақал-мәтелдердің сырын ашып, шағын эссені ата-аналарлың жазуын талап етуге әбден болады. Мектепте ата-аналар сайысын өткізу, жеңімпаздарды құмет грамотасымен марапаттау мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыра түседі. Адам баласы, күнге созылған гүл сияқты, жақсылыққа талпынып тұрады. Сол талпыныстарын іске асыруға көмектесуде мектептің мүмкіндіктері көп.

Психологтардың айтуынша, отбасындағы атмосфера баланың эмоциялық өмірінің дамуына (жанашырлық, түсіністік, қуанышта қуана білуге, қайғыда бірге қайғыра білуге) септігін тигізеді екен. Бұл дегеннің өзі оқушылардың бойында, ойында, жүрегінде отбасылық өмір туралы жылы сезімдерді қалдырады екен. Ал, керісінше өзара қарым-қатынастары нашар отбасыларындағы өмірдегі ата-аналардың бір-бірлерін кемістуі, ұрыстары, қол көтерулері, баланың ойында да, жүрегінде де отбасылық өмір туралы жиіркенішті образ қалыптасады екен. Мектепте еңбек өтілі 5-6 жыл, кәсіби психолог жұмыс істеп, әр сыныптың ата-аналарымен жоспарлы түрде кезедсіп, олармен тест, әр түрлі жаттығулар бойынша жұмыс істеп, қорытындысын сынып жетекшісіне тапсырып отырса, одан кейін сынып жетекшісі ата-аналарға қажетті материалдарды оқуға беріп, қажет болса балаларымен бірге кинотеатрда бірлесіп қазақ киносын көруге, театрларда қазақ спектакльдеріне баруды ата-аналарға міндет етіп жүктеп қойса, одан кейін «қыздар және олардың шешелері», «ұлдар және олардың әкеслері» атты сайыстар, диспуттар, кештер өткізу арқылы ата-аналар мен балалары арасында байланысты орнатып, нығайтуға, кейбір заттарға дұрыс көзқарастарын қалыптастыруға болады. Сонымен қатар ұстаздың оқушылармен үй шаруашылығы туралы, үйдегі жұмыстарды бөліп алу туралы, ортақ мерекелерді, отбасы мүшелерінің туған күндерін атап өту туралы әңгіме құруына болады. Бұл әрекеттердің барлығының мәні, мағынасы отбасы мүшелері арасындағы байланысты түсіне білуге, бір-біріне қамқорлық көрсетуге, көмек беруге, ата-аналарын сылауға оқушыларды талпындыру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]