Психологиялық ахуал.
Жоспар:
1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері
2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі
3. Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні
4. Отбасындағы психологиялық ахуал
5. Отбасы ынтымағы
1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасы – тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақалда анық көрінген. Отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Адамгершілік принциптерінің идеялық мазмұнымен қаруланған отбасының негізгі мақсаты болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осының негізінде әрбір адамның, әрбір отбасы мүшесінің өмір және еңбек процесінде қарапайым, кішіпейіл, қайырымды және ұстамды болуы, бірін-бірі сыйлай білуі, балалар тәрбиесіне ерекше қамқорлық жасауы – адамгершілік принциптерінің негізі. Мысалы, қарапайымдылықты әрбір адамның сөзінен, ісінен, тәртібінен, басқа адамдармен сыйласып, қарым-қатынас жасай білуінен көруге болады. Кішіпейілділік пен қайырымдылық адамдарға ілтипатты, сыйлаушылықты білдіреді. Қайырымды адам әр уақытта, әр түрлі жағдайда көмек көрсетуге дайын тұрады. Ал, ұстамдылық – адамның өзін-өзі бақылай білуі. Қандай да бір қиыншылық жағдайда болсын немесе өте күрделі қиын мәселелерді шешуде шыдамдылық көрсету ұстамдылықтың белгісі. Ұстамсыз адам «Тежеуіші жоқ машина», - дейді А.С.Макаренко.
Осындай жағымды қасиеттер жеке адамның жан-жақты және жарасымды дамуына, қалыптасуына игі әсер етеді. Отбасы негізінің берік, баянды болуы бақытқа байланысты. Бақыт жайлы ұғымды әркім әр түрлі түсінеді. Біреулер бақытты жаратқан тәңірге шүкіршілік ету,оған қызмет жасау, бұл дүниедегі игіліктен бас тарту деп түсінсе, екіншілері ләззат алу, махаббатқа бөлену, енді біреулер бақытты шындықты, ақиқатты айтушылық деп түсінеді.
Бұл анықтамаларға қарағанда бақыт әрбір жеке адамның, ақсүйектердің мүддесі тұрғысынан қарастырылып, халықтың негізгі іс-әрекет өрісі- еңбек және әділетті адамгершілік принциптері еске алынбайды. Бақыт туралы мұндай ұғым қоғамның табиғатына жат, ақиқатқа қайшы болады. Адамның бақыт туралы ұғымы адамгершілік принцип негіздерімен ұштасады. Мысалы, махаббат, отбасы мүшелерінің міндеттері мен бір-біріне тәуелділігі(ата-ананың балаға қамқорлығы), баланың ата-анаға қамқорлығы, олардың қарияларға қамқорлығы), отбасының микроклиматы отбасының моральдық негізін құрайды.
Біздің қоғам одан әрі дамыған сайын махаббатқа негізделген некенің моральдық нормасы нығая түседі. Қазірдің өзінде отбасының көпшілігі осы махаббатқа негізделе құрылып жатыр. Махаббат – бұл жұбайлардың бір-біріне сенімділігі мен жауапкершілігі, өмірде, іс-әрекетінде, бала тәрбиелеуде олардың мүдделерінің бірлігі. Ал, отбасы мүшелерін біріктіретін басты күш- олардың бір-біріне адамгершілік сезімі, қамқорлығы мен көмегі, отбасы мен Отан алдындағы борышымен жауапкершілігі.
«Отбасылық борыш» - бұл өте терең мағыналы ұғым. Бұған ата-аналар борышы, балалар борышы, аға-іні, апа-сіңлі және немерелер борышы кіреді.
Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілігі жоғары, абыройлы азамат етіп тәрбиелеу, түрлі қиыншылықтармен күресе білуге, ата-аналарын түсіне білуге, олардың жан дүниесінде не болып жатқанын тануға үйрету. Мұндай сезім, қабілет болмайынша отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастар байлығы туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Ал қарым-қатынас арасында идеялық-азаматтық қасиет үлкен орын алады. Отбасының идеялық-азаматтығының негізі –оның әрбір мүшесінің дүниеге азаматтық көзімен қарап, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзінің азаматтық борышын дұрыс түсіне және бағалай білуі негіз болады,
Тәрбие елегінен өткен, адамгершілік сезім, еріктік және моральдық қасиеттері қалыптасқан балалар, оқу және еңбек іс-әрекеттерінде елеулі табыстарға жетіп, ата-аналарын қуанышқа бөлейді. Олар ата-аналар алдындағы өзінің борышымен жауапкершілігін толық сезеді. Демек, жайдары тұтмыс, оптимизм, ұстамдылық, білім алуға тырысушылық, жолдасына көмектесуге әрдайым әзір тұру, үлкендерді құрметтеу, адалдық, шындық –міне балалардың ерекше сипаты осындай. Қорыта келе В.А.Сухомлинскийдің «Бала – ата- ананың адамгершілік өмірінің айнасы», - деген ойын негізге ала отырып отбасы тәрбиесінің басты міндеттерін яғни баланы еңбекке жастай үйретуді, үлкендерді құрметтей білуді, оларға қамқоршы болу және отбасы мүшелерінің тең құқылы болуын отбасының моральдық негізі деп түсінуіміз қажет.
2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі. Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасып жатыр. Отбасында халықтық рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарды жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабы.
Белгілі педагог А.С.Макаренко «Ата-анаға арналған кітабында» «...Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз,өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, қалай күлетініңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз...», - дейді.
Ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті, кейбіреулер қылмысқа да барады. Сондықтан да есею жолындағы басты нәрсе- баланы парасатты іске, адал қылыққа үйрету,жақсы іс атқару, ата-ананы, мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу т.б. жатады.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбек сүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әллеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін оның тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып саналады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін,атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы- қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркем-өнермен шұғылдану, еңбекке баланы қатыстыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген. Сонымен қатар үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер,фольклорлық кештер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асырған.
Туыстарға, айналадағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда оларға қол ұшын беру, туған жерді ондағы табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге қарым-қатынас құрып, әлеуметтік мәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ ол былай дейді: егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле.
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек, ешкімге есебімізді жібермейтін дәрежеге жетсек онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Сонымен қатар отбасында діни түсінікті қалыптастыруда маңызды орынға ие болып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына арманына балаған. Сондықтан да халқымыз: «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар», «Босағасын алтыннан соқсаң да перзент сүймей, адамның мейірі қанбас», «Ақыл- тойға келген қыз емес пе, байлық – қолға ұстаған мұз емес пе»,- деп барлық асыл сөздерін арнаған.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамасыз етіліп отырған. Ата- ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды.
Кейіннен экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты отбасы мүшелері шағындалып, жастардың отбасы үлкендерден бөлек тұра бастады. Осыған орай, ұрпақ тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық үзілді. Дегенмен де жас отаулар бөлектенгенмен, ата мен әженің немере тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер немере тәрбиесінен қол үзгілері келмейді. Үш ұрпақты құрамдағы қазақ отбасы өзінің құрылымын әлеуметтік жағдайлардың есебінен сақтай алмайды. Солай болса да, жас отбасылар үлкендердің бала тәрбиесіндегі ықпалын сақтауға тырысады. Қорытындылай келгенде, үш ұрпақты құрамдағы отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні ерекше, бірақ та, оны іске асыруда екі түрлі мәселе туындайды. Біріншіден, үш ұрпақты құрамдағы отбасының мүмкіндігі қолданылмайды. Оның бірнеше себептері бар: отбасындағы үлкендер мен немерелер арасындағы қарым-қатынас өз мәнінде емес.
Үлкендер бала тәрбиесіне қатыспау, бақылау жағын ұстанады. Өйткені, отбасы мүшелерінің көзқарасында қайшылықтар бар. Екіншіден, қала мен ауылдың алшақтығынан, ата-әжелер алыстағы немерелерімен тығыз қарым-қатынас ұстай алмайды. Жас отбасылар бөлек тұратындықтан үлкендерге көмек көрсете алмайды, сол сияқты үлкендер де бала тәрбиесінен аулақ болады. Ұрпақтар сабақтастығы үзілгендіктен, жас ұрпақ бойында қара басының қамын ойлау, тәкәппарлық, шарасыздық белең алса, ал үлкендерге оқшаулық, балаларына қажетсіздік сияқты сезім орнығады.
3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні. Қатынас - таным процесі, ал таным және қатынас өзара байланысты. Олар адамдардың таным іс-әрекеттерінде байқалады. Коммуникация құралдарының көмегімен болатын адамдар арасындағы өзара байланысты, түсінушілікті қатынас деп атайды. Осы қатынас арқылы отбасы мүшелері, олардың жақын туған- туысқандары өмір тәжірибесіне үйренеді, мінез-құлық нормасын игереді, өздерінің қуаныштарын, еңбектегі табыстарын, сәтсіздік істерін, кейде өзара өкпелерін ортаға салып, пікір алысады, бір-біріне қамқоршы болып, көмек көрсетеді. Олар өздерінің рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды. Осындай таным және қатынас процесі нәтижесінде отбасы мен жақын туысқан отбасылар арасында өзара қарым-қатынас бірте-бірте дәстүрге айналады [N2. 15бет].
Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігі, ата-аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен өзара түсінушілігі жайлы жоғарыда айтып өттік.
Алайда, кейбір отбасы өмірінде адалдық, қақтығысу, керітартпалық сияқты жағымсыз әдеттер де кездеседі. Осындай әдеттердің түп тамыры неде? Белгілі психолог А.В.Петровский отбасындағы қатынастарды үстемдік, қамқоршылық, қақтығысулық, араласпаушылық, ынтымақтастық сияқты бес типке бөледі.
Үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.
Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге-күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұндай өскен бала, түрлі қиыншылықтармен кездескенде, дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.
Қақтығысулық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық немесе қиянат жасау, ал кейде ашу үстінде тіпті орынсыз тиісу, сөгу, беделіне нұқсан келтіру, отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.
Араласпаушылық жағдайда үлкендермен балалар әрқайсысы өз беттерінше, бір- бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Отбасы мүшелерінің бірі кездейсоқ қайғылы уақиғаға ұшыраса,оған қалғандарының қайғысына ортақ болуы өз дәрежесінде бола бермейді. Өйткені мұндай отбасында қатыгездік, селқостық немесе мейірімсіздік сезімдері байқалады.
Ынтымақтастық үлкендермен балалар арасындағы сыйлаушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалынып, барлық мәселе бірігіп үй кеңесінде шешіледі. Ынтымақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып абыроймен құтылу. Ал, кейде түсініспеушілік немесе кикілжің сөздер бола қалған жағдайда отбасы мүшелерінің бір-біріне ізгілік сезімін сақтағаны жөн. Сонда ғана отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатынастар типтерін терең зерттеудің маңызы өте зор. Өйткені, тәрбие жұмысын ата-аналармен дұрыс және тиімді етіп жүргізу үшін психологиялық және педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін мұғалімнің немесе тәрбиешінің жете білгені жөн.
Отбасы - өмір университеті, онда бала ең алғашқы рет ізгілік сабағын алады, оның бойында мейірбандық, еңбек сүйгіш, әділеттік қасиеттері қалыптасады, жақынына, туған-туысқандарына қайырымдылығы, махаббат сезімі артады, яғни оның келешегінің адамгершілік, азаматтық позициясының негізін салады.
4.Отбасындағы психологиялық ахуал. Отбасы – ерекше әлеуметтік институт. Оның қалыптасуы мен дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамның дағдарысы отбасының дағдарысы туғызады. Экономикалық –саяси, әлеуметтік, рухани тұрақтылық отбасын тұрақтандырады, сондықтан бұлардың барлығы отбасы өміріне, оның психологиялық жағдайына әсерін тигізеді.
Отбасылық психологиялық оңды ахуал – татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл – береке оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Отбасының қалыпты өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары мыналар:
әлеуметтік, ұлттық сипаттар
өмір сүру ортасы
материалдық жағдайы
отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени дәрежесі
ұстанатын әдет-ғұрпы
экономикалық негізі.
Сонымен қатар отбасындағы қатынастың бір түрі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыттың әлеуметтік рөлі өте зор. Өйткені, ол аддамның дене және рухани күшін қалпына келтірумен бірге оны келешек еңбек және қоғамдық іс-әрекеттеріне дайындайды. Осы тұрғыдан бос уақытты дұрыс пайдалану үшін отбасы мүшелерінің арасындағы өзара келісім нық және баянды болуы керек. Жеке адамның (әке не ана) тілегі жайлы отбасы мүшелерінің тілегімен сай келуі жөн. Сонда ғана отбасында алауыздық, қайшылық, дау-жанжал болмайды.
Соңғы кезде бұл мәселеге социологтар аса көңіл аударуда. Үлкен қалаларда тұратын ер адамдардың біразы бос уақытын отбасынан тыс өткізеді. Мысалы, И.Ф.Дементьевтің зерттеу мәліметтерінде Москва тұрғындары (ерлер) өздерінің достарымен жиі кездесіп, бос уақыттарын отбасынан тыс дербес өткізетіндігі (35,6 процент), үй жұмысындағы әйелдердің еңбегі еске алынбайтындығы, ер адамдардың отбасы алдындағы міндеттеріне жауапсыздық пен жеңіл-желпі қарайтындығы айтылған. Мұндай жағдай отбасы негізінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Отбасында бос уақытты өткізудің толып жатқан түрлері бар:сурет салу, спорт түрлерімен (дойбы,шахмат,теннис,городки т.б.) айналысу, қол өнерімен (кесте тігу,шілтер тоқу, іс тігу) шұғылдану, коллекция жасау, баспа материалдарын оқу, кино, спектакльдерге бару, оларды талқылап, пікір алысу т.б.
Бос уақытты пайдаланудың коллективтік түрлері де бар. Мысалы, жексенбі күні немесе кезекті еңбек демалысы кезінде бүкіл отбасымен қыдырып (серуендеу, туристік жорық, демалыс үйі), мәдени орындармен танысу. Осылардың барлығы баланы өмірге, еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Ал, бос уақытты тиімді етіп ұйымдастыру ата-аналардың мәдени және білім дәрежесіне, отбасының психологиялық ахуалына байланысты екендігіне күмән келтіруге болмайды.
Сонымен отбасы мүшелерінің және туысқан жақын отбасылардың өзара қатынас жасау функциясының нәтижесінде, олардың идеологиялық, тәрбиелік, эмоционалдық аспектілер жайлы ой-өрісі кеңіп, түсінушілігі артады, бір-біріне деген сүйіспеншілік және басқа да адамгершілік қасиеттері қалыптасады, танымдық іс-әрекеттері дамиды.
5.Отбасының ынтымағы. Отбасын ұстау, бала бағу, еңбек ету, туған-туыспен қатынас екі адамға бірдей. Үй ішіндегі мүлікті пайдалануда барлық отбасы мүшелеріне ортақ. Сондықтан оларды пайдаланып қана қоймай, таза ұстау, бүлдірмей сақтау, керекті заттарды қосып,көбейтіп отыруға бәрі де міндетті.
Отбасына қамқорлық - республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Себебі отбасының тату-тәтті қалыпта сақталуы қоғамға да пайдасын тигізеді. Конституцияның 27-бабаында «Неке мен отбасы ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген.
Қазақ отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы бар. Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, кішінің тіл алғыштығы, үлкендер-кішіге ақылшы, қамқоршы. Кіші- көмекші. Үй ішінде әр адам өз шама- шарқына қарай еңбек етеді. Қай халықта болсын отбасы құрылған соң бала тәрбиелеу міндеті тұрады. Ата-ана баласын әлпештеп өсіреді. Заман талабына сай білім береді. Отбасының әр ересек мүшесі еңбек жасайды. Еңбегіне қарай табыс табады. Табысына байланысты тұрмыс құрады. Отбасы табысынан ортақ қор жиналады. Дүние-мүлік, үй, мал – осының бәрі отбасының қорына кіреді. Әрбір жас отбасы жеке тұруға да –ата-анасымен бірге тұруға да құқықты. Бөлек тұрса олар ата-анаға көмек көрсетіп, қамқорлық жасайды.
Үйдің ері жанұясының өзіне бағынуын қаласа, әрдайым табысының сөзсіз адал болуына мұқият қарауы қажет. әйел ерін риза ету үшін қандайда болмасын қиыншылықтарға төзген сияқты, ері де өз мойнына жүктелген міндеттерді атқаруға тиісті. Яғни, отбасымды бақытты етемін деген үмітпен керексіз қарыздарға кірмеуі керек. Баз біреу еркектер де мүмкіндігінің барынша әйелдерінің қалаған нәрсесін алып беруге тырысады. Сөйтіп, олардан өздеріне деген махаббат, құрмет, ілтипат күтеді. Бірақ әйелдерінің ықыласы алынған сыйлықтарға ауып, ол сыйлықтардың қайдан келгендігін көрмейтіндей халге жетеді. Қанағатсыздықтары күннен-күнге артып, рахмет айтудың орнына одан да көбірек болса екен деген тілектері арта түседі. Ал айтқандары болмаған жағдайда көңілсіздіктері, әдепсіздіктері артып, соның себебінен отбасында келіспеушіліктер басталады.
Еркек әйелінің,өз туыстарына не қайын жұртына барып-келуіне, оларға болуы тиіс мәміледе немқұрайлық танытпауына барынша мұқият болуы керек. Екі жаққа деген құрмет бірдей болуы керек. Қарым-қатынастар жиі де сирек те болмауы қажет. Ері әйелінің өзінен рұқсатсыз басқа адамдармен жолығуына тыйым салуы керек. Әсіресе артығынша шалқыған өмір сүруге люкс тағамдарға және ысырапқа батқан адамдармен қарым-қатынасты азайтқан жөн. Әйел ерінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Бұл мәселені жақсылап түсіндіргені жөн. Егер әйел еріне шамасы жетпейтін заттарды алып беруін сұраса, еркек ашық түрде «Біздің бар байлығымыз осы ғана. Егер оған риза болмасаң қазірден бастап ажырасып кетуіңе болады» - дей алатындай болуы керек. өкінішке орай көптеген еркектер мал, дүниелері жетпесе де намыстанып мұндай шындықты айтуға батылдары жетпейді, солай бола тұра қиналып, күйзеліп керек болсын, болмасын қалағанын алуға тырысып бағады, бірақ қысқа жіп күрмеуге келмейді.
Еркек ысыраптан сақталған әйеліне әр қашан риза болуы керек және әйеліне «Неткен тамаша жұмсайсың,ысыраптан сақтанғаның үшін Аллаһ Тағаланың берекеті бізбен бірге» деп көңілін жұбатуы керек.
Қандайда бір отбасында Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынұсынған жағдайда өмір сүріліп жатса, еш күмән келтірместен бұл отбасы мүшелері жәннәт өмірінің ләззатын осы өмірде-ақ татқан болады. Көкіректері ашық болып, кез-келген нәрседен ләззат алады. Сүйгенінен, сүйікті болғанынан,жеп-ішуінен,киім киюінен қорыта айтқанда барлық құлшылық борышын өтегенінен шаттанып ләззат алады. Молшылыққа да жоқшылыққа да разы болады.Басқа адамдардың айыбын ашумен әуре болмайды, себебі әлдайым өз айыптарын түзетумен әуре болады. Бекерден – бекер қызғаншақтық орынды емес. Әйел ақылды, парасатты болуы керек. Өзін құрметтей білгені жөн. Мұның жалғыз жолы еріне мойынсұнып мейірімді және сыйлы болу. Ешбір себепсізден – себепсіз көкіректікке салынып қарсы шығу өз нәпсісінің еру жақсы нәтиже бермейді. Еркек отбасына шынайы, адал, нәзік және жылы жүректі болуы керек. Әйел еріне деген міндеттерін орындауға тиіс. Егер немқұрайлық танытса, күйеуі бұған жол бермей тәртіпке салуы қажет. Үйленген еркек үйіне күнделікті уақытында келуге тырысуы керек. Отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар кешірімшіл болуды өздеріне дәстүр етуі керек. Отбасын құру үшін нағыз махаббат қажет. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекеттің берік болуы – сол мемлекеттің іргесін өз еркімен, демократиялық тұрғыда құру болып табылады.
3-лекция Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеy
Жоспар:
Отбасылық құқық
Ерлі-зайыптылардың және ата-ананың құқығы мен міндеттері
Ажырасу,алимент төлеу мәселелері
1. Отбасылық құқық. Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
Өзара некеден тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегң әкесі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады.Мұндай мойындау болмаған күнде,баланың әкесі,сот арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болсада арызы бойынша туу арқылы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған кезде,егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса шешесінің фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтанегер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді.
Отбасы құқығының қайнар көздері:
Қазақыстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі - Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «неке және отбасы туралы» заңы болып табылды. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6 тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы кодекісті алмастырды.
«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен 29 тараудан 213-баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «жалпы ережелерде «неке отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар неке отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принціптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын екінші бөлімінде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын үшінші бөлім ата-аналармен балаларының құқықтары мен міндеттерінің негізгі турасы ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген төртінші бөлімінде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылықтың жасалуы, қорғаншылар мен қамқоршылықтың құқықтары мен міндеттері.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген бесінші бөлімінде ата-аналардың балаларды асырау және кәмілетке толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі жөніндегі міндетті сөз болады , отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттері көрсетіледі сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
«Азаматтық хал актілері» деп аталатын алтыншы бөлімінде азаматтық хал актілерін тіркну, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау акті кітаптарын жүргізу ережесі.
Жетінші бөлімінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке отбас заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 3-бабы Қазақстан Республикасының неке отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:
Еркек пен әйелдің некелік одағының еріктігі;
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтық теңдігі;
Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру;
Отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру мен қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
2. Ерлі зайыптылардың және ата-ананың құқұғы мен міндеті. Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтармен міндеттерді тудырады . «Неке және отбасы туралы» заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрі, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы .
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқығының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін ана-әке болу балаларға тәрбие мен білім берку мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді . Алайда ерлі-зайыптылардың ешқайсысыда жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Заң ерлі–зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және оны бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады . Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған–туысқандармен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынща шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса онда олар өз дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен таңдауда кеісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың әр қайсысы некені тоқтатқан сәтте де сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы орта мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанлда олардың үлестері тең болуы тиіс. Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесуінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізіледі.
Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әр түрлі құқықтармен міндеттерінің туындауына мүмкіндік алып келеді. Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларды қамтиды:
а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және оның ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде;
б) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттік алуды жүзеге асырғанда;
в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асырғанда .
Жаңа заң баланың мәселесін мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын, баланың ата-анасы мен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын баланың өз пікірін білдіру құқығы болып табылады. Балаға ат ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні, әкесінің аты бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.
Баланың тегі ата-анасының тегімен анықталады егер ата-аналарының тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал ата-анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Егер ата-анасының екеуіде белгісіз болса баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды. Ата-анасының балалр тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері. Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата-аналарының ең маңызды жеке құлықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. «Неке және отбасы туралы» заңның 62-бабы ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де олардың денсаулығына қамқорлық жасауға орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті .
Бала тәрбиелеуді ата-аналар бірлесіп жүзеге асырады «Неке және отбасы туралы» заңның 60-бабы ата-аналарының өз балаларына қатысты міндеттері мен тең құқықтары принциптерін жария етіп отыр. Бұрынғы заңдарға қарағанда жаңа заңда ата–аналар құқығының тең болу принципі неке бұзылған кезде де сақталғандығы тікелей қарастырылмайды. Сонымен бірге басқаша болуы да сөз болмайды. Ата-аналар құқығын баладан бөлек тұратын ата-аналардың жүзеге асыруы белгілі бір ерекшеліәк ретінде қабылданып отыр. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізсіз баланың өз қолында ұстап отырған кез-келген адамның оны қайтаруды талап етуге құқылы. Ата-аналар құқығы баланың мүддесіне келмейтіндей жағдайда жүзеге асырылуы керек. Ата-аналар немесе олардың бірі бала тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерінен жалтаратын болса, баланы перзентханадан немесе өзге де балаларды тәрбиелеу емдеу және басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса балаларға қатігездік көрсетсе, сондай-ақ ата-ана заңды белгіленген тәртіппен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уыт құмарлықпен ауырады деп танылған болса, онда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі . Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.
3.Ажырасу алимент төлеу мәселері. Неке ерлі-зайыптылардың тірі кезінде олардың біреуінің және екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолы мен тоқтатылуы мүмкін. Ерлі зайыптары қарым қатнастарында олар әрі қарай біргі түра алмайтындай жағдайлар кездеседі. Мүндай жағдайда ажырасуға қоғам тарапынан тіпті оң қөз қарас болмағанның өзіндеде бұл ерлі зайыптылар олардың балалары үшін дұрыс шешім болуы мүмкін. Осыны ескере отырып неке және отбасы түралы заң ажырасу теріс қубылыс ретінде қарамайды. Некені бұзуды реттейтін нормалар екі жақты міндет атқарады. Біріншіден ол өзіне жіктелген барлық әлеуметтік функциаларды орындауға қабілетті, отбасы шырқы бұзылмауын сонымен бірге ажырасуға болмайтын жағдайларда оның заңды жолдарына бөгет жасамауды көздейді .
Ажырасу құқығын жасау жүзеге асыру үшін жалпы ереже бойынша некеге турған сәттен бері белгілі бір мерзімі өтуі не болмаса міндетті түрде бір–бірін келісімі талап етілмейді. Бірақ осы ережеде туындайтын мынандай бір жағдай бар. Ана–баланың денсаулылығын қорғау мақсатында неке және отбасы туралы заңның 15 бабы 2 тармағында жұбайының жүкті кезі бала туғаннан кейінгі бірінші жылда оның келісімінсіз некені бұзуға болмайтындығын көзделінген.
Некені сот тәртібімен бүзу құқығы әсіресе кәмілетке толмаған балалардың тағдырына қатысты жағдайларда сот атынан мемлекеттің бақылауында болады. Көрсетілген тәртіп ерлі-зайыптылардың ажырасуға еріктілігін некені бұзуғаойланбаушылығын болғызбаумен түйістіру үшін де қарсы. Сонымен бірге некені сот арқылы бұзуды талап ету мүліктік талап қоюшылық бар болып отырған жағдайда істі жүргізудің тиімділігіне де қол жеткізіледі. Некені бұзу жөніндегі істі қарау кезінде ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі болмаса, сот оларды бітістіру шараларын қабылдауға құқылы.
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасы ұғымын түсіндіріңіз.
2. Ерлі-зайыптылардың арасындағы міндеті қандай?
3. Ажырасу мен алимент төлеу мәселесін қалай түсінесіз?
4- лекция Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
Ата-аналық құқықтан айыру
1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары. Қамқоршылық пен қорғаншылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау тәрбиелеу және білім беру мақсатында сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қорғаншылық-жасы он төртке толмаған балаларға сондай-ақ ақыл есі ауысуы немесе ақыл есінің төмендігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша — «отбасы — бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» — деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері»деп анықтадық.
Отбасы құқығы саласындағы коллизия. Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамаырдағы Халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмысытық істер бойынша құқықтық қатынстар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск Конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтары туралы пактінің факультативты протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрдау және азаматтық туралы Коненциялар жатады. Қазсқтан осында көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы – қоғамның ең басты ұясы, Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар заматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасндағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқытық одақ.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандлықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегіндебұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынстарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен аслт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемоекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттілігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді.
Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр. Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады. Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н. Вороженкин, өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді деп жазды.
Отбасы — қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б.), коғамның (жақсы отбасы — игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін 18 жас, әйел-дер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті кызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамнын 18 жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді). Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұксат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тен құкығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.
Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады. Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.
Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;
Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.
Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» (6, 59)
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы:
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардыңәрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (ќарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардыңәрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен сот шешеді.
4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананыңөз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап етуге құқығы
1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органныңқамқорлығына береді.
Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. өз балаларының не жұбайыныңөміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Ата-ана құқығынан айыру тәртібі
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен ќорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.
Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасыныѕ бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата- аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланыңжақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
Бақылау сұрақтары:
1. Жаңа заң мәселесінің құқықтары?
2. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.
5-лекция Отбасы өмірінің эстетикасы мен бос уақты
Турмыс эстетикасы.
Эстетикалық талғам.
Үй ішінің мәдениеті.
Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті.
Мақсаты: Студенттерге отбасындағы эстетикалық талғам мен тұрмыс эстетикасы, үй ішінің мәдениеті мен бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті жайында түсінік беру.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді. Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: • Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады. Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі. Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы: Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті. Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады. Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары. Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Бұл тақырыпты өткенде, “Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мақалдың мәнін қалай түсінетіндіктері туралы қысқаша әңгімеден бастауға болады. Әңгіменің мақсаты шәкірттерді біздің көңіл күйіміз, хал жайымыз бен жұмыс істеу қабілетіміз көбіне үйдегі жағдайға байланысты деген қорытындыға келтіру. Өйткені үй адамның баспанасы, тұрақты орны, жанына жайлы мекені. Алайда үй-ішінің жайлы болуы өздігінен орнамайды. Жылы отбасылық қарым-қатынас тудырудағы этикалық және эстетикалық негіздер бірлігі тақырыбын ерекше бөліп көрсете отырып, оның өзінде бұл бірлік бөлектерінің қайсысы маңыздырақ екенін кесіп айтуға болмайтынын, өйкені олар өзара бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты екенін атап көрсету қажет.
Үйде “жылылық” пен жайлылық болу үшін сөз жоқ жақын адамдар арасындағы қатынастарды қамқорлық, өзара түсінісу, шын пейілділік қажет, бірақ сонымен бірге қарапайым тәртіп пен қолайлы жағдайда қажет. Астан-кестеңі шығып, ыбырсып жатқан үйден адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдайды күту қиын. Отбасы мүшелері бір-бірімен қаншалықты жылы қатынаста болғанымен, жұмыстан шаршап келгенде отбасының ішетін тамағы болмаса, адамның көңіл күйі бұзылады. Үйге жайлы жағдай өздігінен келмейді, оны жасай білу де бірден бола салмайды. Сонымен бірге үйде жайлы жағдай жасау дағдыларын ерте бастан қалыптастыруға болады балалар қуыршақтарымен ойнап, өздерінің ойыншық үйлерін тұрғызады да, ойнап болған соң, ойыншықтарын жинастырады - міне мұның өзі де үйде жайлы жағдай туғызуға жасалған кішкентай қадам. Өйткені «тәртіп» пен «жайлы жағдай» ұғымдары үнемі қатарласа жүретін түсініктер.
Тәртіпті орнатудан гөрі, оны үнемі сақтап отыру әлде қайда оңай екенін сірә әркім-ақ аңғарған болар. Мысалы: затты орнына қою қасқағымдық іс, ал шашылып жатқан нәрселерді стол үстінен жинастырып алу едәуір уақытты қажет етеді. Мұны жұрттың барлығы да біледі, әрі барлығы да түсінеді. Бір-ақ салақтық үшін өзінің жиналмаған заттары үшін туғандарының жазғырған сөзін естімедім деп мақтана алатындар көп табыла қоймас. Дегенмен тәртіп егер ол әсіресе жағымды эстетикалық эмоцияларының байланысты болса, әдетке оңай айналады. Егер таза жуылған еденнің қалай жалтырап жататынын, әбден тазартылған сырлы қабырғаларында күн сәулесі ойнаған ас үйдің қандай көңілді көрінетінін, жақсы жиналып, желдетілген пәтерде адамның тынысы қалай кеңейетінін аңғаруға үйренсеңдер онда сендерге үй ішінде біздің көңіл-күйімізді мерекелік жай күйді үнемі сақтап отыру қажеттілігі туады деп үміттенуге болады.
Егер үйдегі тәртіп пен жайлы жағдайды сақтауға үй иесі әйел ғана ұмтылса, ол қанша тырысқанымен бұдан келер пайда шамалы. Үйдің жинақы таза, әсем болуы отбасы мүшелерінің түгел қолдап көмек тесіп отыруына байланысты. Үйдегілердің бәрі де біріне-бірі қол қабыс етіп, әр түрлі үй шаруасын атқаруға бейім тұруы керек. Реттілікке деген сүйіспеншілігінің ақылға қонымды шегін білу - үйдің тұрмысқа жайлы болуына бір қадам жақындай түсу деген сөз.
2. Эстетикалық талғам. Отбасында әсемдік әлемінің сырын танып білу әнінен басталады деген пікір мынандай ойға қалдырады: сонда осы күнгі отбасы өміріндегі өнердің орны қандай. Отбасында кішкентай кезінен бастап дүние жүзілік мәдениет байлықтарына ие болу, өнер туындыларын терең де нәзік түсіну, шын мәнісінде, бүгінгі таңда адамның алғашқы тәрбиешілерінің бірі, оның рухани дамуы мен еңбегінің дем берушісі болып отыр. Сонымен отбасының эстетикалық мәдениеті дегеніміз неден тұрады? Сірә, тұрақты рухани өмірді, рухани өсуді қажетсінуден, әсемдік әлемі мен таныстықты іштей қажет етуден және ақырында әсемдікті өзі жарату тілегінен тұрса керек.
Эстетикалық тәрбие үшін үй ішілік мерекелер мәдениетінің де маңызы бұлардан кем емес. Тұрмыс эстетикасы біздің сыртқы тұрпатымыздың эстетикасыз ойға симайды. Ал соның өзінде киім үлгішелері «мода көшеде туып, үйде өледі» - деп мұңаяды. Моданы заңдастырушылардың бұл мұңайысы олай болуға тиісті емес деген сеніммен пайда болады. Модадан шығып қалған киімді үйде киіп тоздыру правосына ие болып қала отырып, көшеге шыққанда ғана жасанып киінуге борлмайды. Өйткені үйде біздің тіпті де немқұрайлы қарамайтын адамдар көреді ғой. Сондықтан неліктен біз кейде олардың алдында соншалық ұсқынсыз: тозығы жеткен халат, тізесі шыққан спорт костюмын киеміз көбінесе нақ осы үй киімі арқылы отбасылық қаражат үнемделеді.
Біздің әдеттерімізді өзгертуге талпынып, мода журналдары арнайы беттерінде үй киімдерін насихаттауда. Бірақ міндет міне былай... Ол өзгеру үшін баяғы сол үйде жақсы тәуір көрінуге талпыну және солай бола білу қажет. Ескі модадан шығып қалған заттарға қол тигізу тілегі үйге киюге арналған қонымды куртка немесе үй көйлегін тігіп алуға әкеліп соғуы мүмкін, ол көйлек арқылы қандайда бір айрықша мода бағытын байқап көруге болады.
Тұрмыс эстетикасы жөнінде сөз ете отырып, әсемдіктің бәрі біздің қажымас қамқорлығымызды, еңбегімізді, творчествамызды талап ететінін әр дайым баса айттық мұнсыз үй еш уақытта жанға жайлы, тартымды болмайды, мұнсыз бізде өз отбасымыз, баспанамыз, мекен тұрағымыз болмақ емес.
3. Үй ішінің мәдениеті. “Жайлылық” ұғымының әсемдікпен тікелей байланысты екендігі, сірә ешкімге түсіндіріп жатудің қажеті болмас. Адам әрқашан сұлулыққа ұмтылып отырады, эстетиканың осыдан 7500 жылдай бұрын қандайда бір жеке мемлекетте емес жер жүзінің әр түрлі бөліктеріндегі көптеген мемлекеттерде бірден дүниеге келуі тегін емес.
Пәтердегі әсемдік неден басталады. Жиһаз-жабдықтан ба, картиналар мен басқа әшекейлерден бе. Әсемдікті әркім өзінше түсінеді, сондықтанда әркімнің бұл сұраққа өзінше жауап қайтарары өзінен-өзі белгілі. Бірақ бір үй үшін әсем әрі қолайлы нәрсе басқа үй үшін мүлде жарамсіз болуы мүмкін.
Үй эстетикасы, әриене оның бірегейлігінде. Өйткені әрбір отбасы өмірінің өз ырғағы мен стилі өзінің сүйіп шұғылданатын істерімен әдеттері бар, ал олар пәтердің соған сәйкес мақұлдануын талап етеді.
Жұмысты көп істейтін адамға - мұғалімге, студентке, журналистке ыңғайлы жазу столы сөрлер немесе кітап шкафы болып жатса, нағыз кабинет керек. Тігіншіге немесе тігумен, яки тоқумен әуестенушіге мүлде басқа типтегі жұмыс орны қажет. Егерде пәтер жағдайында отбасының әр бір мүшесінің қажеттері ескерілсе, онда үйге деп таңдап алынған мебель қандай стандартты болғанымен үйдің қалайда «тіршілік» тынысы болады.
Үйдің бірегей ерекшелігі отбасылық ұжымның тапқырлығымен шығармашылығына байланысты. Біреу ағашқа ойма өрнектер салуға әуестенсе, оның пәтерінің қабырғаларын маскалар сәндеп тұрады, ал екінші біреу сабанды пайдаланып көркемдеп көреді.
Біздің үйіміз-шығармашылық, рухани дамуымызбен өзімізді-өзімізбен жетілдіру үшін бізге шектеусіз мүмкіндіктер береді. Өзінің үйіне сүйіспеншелікпен қарайтын адам, әдетте бос уақытта немен шұғылданатынын ойлап қынжылмайды. Іс те, ниет те бейне бір өздігінен пайда бола кетеді. Үй бізді көптеген жаңа қолөнер кәсіптеріне өңдеушілікке, тігіншілікке үйретуге әзір. Мәселе ынта-тілектің болуында. Өзінің үйін жақсы көретін адамдарға ол тартымды жайлылығын емес одан да зорды сылайды: жас отбасының береке-бірлігін нығайтып, көптеген кикілжіңдерді байқаусыз-ақ шешіп жібереді. Ол бірлесіп жұмыс істеуге, шығармашылыққа әдеттендіреді, ал олар, өз кезегінде біздің өзара қарым-қатнастарымызды жөнге келтіріп баға жетпес рухани араласу сәттерін сылайды, отбасының барлық ұрпақтарын жақындастырады.
Әдемі үйді өміріміздің сән беретін табиғи гүлдерсіз елестету қиын тәрізді. Бірде-бір мереке, бірде-бір салтанатты оқиға гүлсіз өтпейді.
Сұлулық сезімі туған үйден басталады. Міне сондықтан адамның бала кезінен сұлулық аясында болуының оның сұлулықты түсінуге жасауға үйренуінің маңызы зор. Бұған жеткізер жолдардың бірі музыканы (ән салу және т.б) тыңдау және орындау болып табылады.
Қай заманда да адамның сұлулық сырын танып білуі дыбыстар әлемінен музыкадан, әннен басталған. Әлі көруді үйренбей тұрып-ақ сәби анасы айтқан бесік жырын естіген, ана жүрегінің бірқалыпты соққан үнін тыңдап тыншыған. Адамға дыбыс-үн сыртқы әлемнің ашылуынан бұрын жеткен, өйткені бала ана құрсағында жатып-ақ ести бастайды ғой.
Ұлы Шекспир былай деп айтқан:
Күйді ұға білмесе егер жүрегі,
Жетесіне жетпесе әсем үйлесім,
Сатқын да боп, қасқырда боп біледі...
Оны аз десеңіз, ежелгі адамдар белгілі түрде таңдап алынған музыкалық туындыларды орындау арқылы тіпті ізгілікке, ерлікке тәрбиелеуге болады деп еселтеген. Сондықтан ежелгі грек мектебінің бағдарламасына музыка тыңдау лира, кифара, сыбызғы сияқты аспаптарда ойнату, хормен ән айту енген.
Музыка мен әнге деген сүйіспеншілік отбасында оянады. Ән әрқашан адам өмірінің серігі болып отырады.Өмірдің барлық жағдайларына арналған ерекше салт-сана өлең-жырларының болуы тегіннен-тегін емес және халық ән-өлеңді бәрінен гөре жұмыс істеп жүріп көбірек шығарған болса керек. Ән ең ауыр жұмысты да жеңілдетеді. Ең бір көңілсіз жұмыстың өзін әндетіп жүріп істеп көріңіз: істің анағұрылым тез ілгері басқанына көзіңіз жетеді. Әннің қасиеті сондай ол біздің тұрмыс-тіршілігімізге әрқашан да ерекше мерекелік сипат береді.
4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті. Тоқтаусыз өтіп жатқан уақыт-ай... Осы жолғы блогка жазуыма түрткі болған жайт - уақыттың тоқтаусыз әрі өлшеусіз өтуі. Өткен жазған блогтарымда да көптеген пікірлер жиналған еді. Осы жолы да пікірлеріңізбен бөлісесіздер деген үміттемін... Шынымен де, қарапайым сәттерде «уақыт» дегенге мән бермейміз, бос уақытымыздың қадірін түсіне білмейміз. Таң атады, кеш батады. Ақпараттық-технология дамыған ғасырда өтпей қоятын уақытымыз қас-қағым сәтте өтіп жатыр. Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Жақсы айтылған мына бір сөздер есіме түсіп отырғаны:
«Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз. Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз.
Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық газет шығаратын журналистен сұраңыз.
Бір сағаттың қадірін білгіңіз келсе, кездесуге уағдаласқан екі ғашықтан сұраңыз.
Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, пойыздан қалып қойған адамнан сұраңыз.
Бір секундтың қадірін білгіңіз келсе, жол апатына тосқауыл бола алмаған жүргізушіден сұраңыз.
Бір секундтың ішіндегі бір бөлігінің қадірін білгіңіз келсе, олимпиадада күміс алқа таққан спортшыдан сұраңыз. Осы секілді мысалдар жетерлік. "Кейде өмірде ұзаққа созылатын және барлығын қарапайым минуттар шешетін қас-қағым сәттер болады". Біздің ойын қатысушыларына да жылдамдық керек екені анық. Ойында 1 секундтың өзі үлкен рөл атқарады, себебі, осы 1 секунд жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің ащы дәмін сезінуге себепкер болып жатады. Уақыт бізді ешқашан күтпейді. Адам баласы 3 нәрсенің қадірін түсіне білмейді екен: 1. Жастық шақтың, 2. Денсаулықтың, 3.Уақыттың Сондықтан да әрбір бос уақытымыздың қадірін түсініп, жүйелі пайдалана білейік. Себебі әр күн біз үшін қайталанбас парақ, жеке тарих болып қала бермек. «Біз бос уақытты қалай пайдаланамыз?» - деген сұраққа көпшілігі былай деп жауап берді: «Мен бос уақытымда кітап оқимын, музыка тыңдаймын, телевизор көремін т.б». Әрине бұл дұрыс. Бірақ басқа да жұмыстармен айналысуға болады. Мысалы қаламызда театр, кинотеатр, мәдениет сарйлары ашылған. Театрларда спетакльдер, кинотеатрларда кинолар, мәдениет орталығында концерттер көп болады. Осыларға барса болады. Бірақ біз не істейміз? Аптанің дүйсенбісінен бастап сенбіге дейін жұмыс істейміз, ал демалыс күндері кір жуу, үй тазалау т.б жұмыстармен айланысады.
Бұл жерде айтып кететін жайт демалыс күнін дұрыс пайдалана алмайды. Жазғы демалысқа шыққаннан кейін жоғарыда айтып кеткен жұмыстармен айналысады. Ал европаны алып қарайықшы, олар аптаның дүйсенбесінен сенбіге дейін жұмыс істеп, ал сенбі, жексенбі күндері жақсы демалады. Олар демалыс күндері кір жуу, үй тазалау т.б жұмыстармен айналыспайды. Европалықтар демалыс күндерін отбасымен театрға, саябақтарға, концерттерге, т.б барып, демалыс күндерін қызықты да әрі көңілді өткізеді. Олар осымен өздерін және балаларын қуантады. Ал жазғы демалысққа шыққанда олар отбасымен басқа қалаларға демалысқа кетеді.
Қортындылай келе отбасыдағы эстетика өз қолымызда екенін, өзіміз үй жайымызды өзіміз әдемі жасап, өзімізді-өзіміз құрметтеуіміз керек. Көшеде әдемі киініп, бірақ этика мен эстетика болмаса бәрі бекер болады.
Бақылау сұрақтары:
Эстетика дегеніміз не?
Тұрмыс эстетикасы дегніміз не?
Үй ішінің мәдениеті дегеніміз не?
Үй іші мәдениетіге нелер жатады?
Пәтерде әсемдік неден басталады?
Сұлылық сезімі неден басталады?
Шекспир не деп айтады?
Бос уақытты дүрыс пайдалану мәдениеті?
Сіз бос уақытты қандай пайдаланасыз?
6-лекция. Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың
