Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 отбасы лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
766.98 Кб
Скачать

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚТҮРІК УНИВЕРСИТЕТ

ТАРИХ – ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭТИКАСЫ» пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

5В010300 – Педагогика және психология

Түркістан 2013

Лекциялар жинағы ҚР БҒМ «_____» ________201___ж. № ___ бұйрығымен бекітілген Мемелекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ «____» _____20___ ж. №____ б±йрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Лекциялар жинағы «Жалпы психология» кафедрасының №___. «___»______201__ ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор __________ Ж.З.Торыбаева

Құрастырған, п.ғ.к., доцент м.а __________ П.К.Искакова

1-лекция. Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның

тарихи дамуы

Жоспар:

1. Неке туралы жалпы түсінік.

2. Отбасы туралы жалпы түсінік.

3. Неке мен отбасылық қатынастардың мәні.

4. Неке мен отбасының тарихи дамуы.

1. Неке туралы жалпы түсінік. Неке – тарихи кезендерге сай қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін рәсім.Неке дәстүр бойынша ер жеткен адамзат пен бой жеткен қыздың, ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың заң жүзінде бекітілуі, сөйтіп олардың өздеріне жұбайлық міндеттер қабылдауы. Неке және отбасы туралы заң бойынша, азаматтық хал, еркек пен әйелдің отасып, отбасын құрайтын ерікті одағы. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көбінесе некелік қатынастың сипатына байланысты . Әлеуметтік жағдай мен мәдениеттің өзгеруімен орайлас адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға деген табиғи құштарлығы неке арқылы реттеліп отырады.некенің әлеуметтік мәні, сайып келгенде, үстем қоғамдық қатынастың сипатымен белгіленеді, оған саясат, мораль, дін де әсер етеді. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады, некелескен жұбайлар өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге міндетті болады,демек, оларға отбасының болашағы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Некенің тұрақтылығын үшін зор маңызы бар маральдық қасиеттер - өзара сыйластық пен өзара көмек және ата–аналық парыз. Некенің алғашқы түрлері жайында әр түрлі жорамалдар бар.Некенің тарихи нысандары алуан түрлі. Оларды былайша топтауға болады: моногамия – бір еркектің бір әйелмен некелесуі (бұл бүгінгі таңда басым болып отырған неке нысаны); поляндрия – бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке; экзогамия - өзімен рулас адамдармен емес, басқа рудың, тайпаның т.б. өкілдерімен некелесу;эндогамия – тек өз руының, тайпасының т.б. ішінде ғана некелесу. Неке жыныстық сезімді және соның негізінде туындайтын қатынастарды реттеу тәсілі ретінде өркениеттің ертерек кезеңдерінде пайда болды. Қоғамдастықтың әрбір мүшесі үшін тіршілік харекетінің осы бір қырының маңыздылығын ескере отырып, неке әуел бастан-ақ мифологиялық және магиалық тұрғыда түсінілді, оған діни сипатта рұқсат берілді.

Қоғам дамуының демократиалану үрдісі некелік қатынастардың отбасы мен неке туралы ескі түсініктердің құрсауынан толық болмағанымен, айтарлықтай босанып шығуына мүмкіндік туғызды. Ұрпақ жалғастыру дүниеге бала әкелу міндетті некенің ашықтан – ашық жарияланған бірден- бір мақсаты болудан қалды. Ол ерлі-зайыптылардың тату–тәтті тұрмыс құрып, тіршілік етуінің нысанына айналды, адамдар некелі отбасы ауқымында жыныстық- нәпсілік қажеттерін қандырып қана қоймай, сонымен бірге некелес жұбайлар үй шаруасын ұйымдастырып, бір-бірінен сезімдік, экономикалық және тұрмыстық қолдау тауып отырды.

Отбасы – некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар адамзаттық кәмілетке толғанша тәрбиеленеді, қоғамның еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі іске асырылады. Отбасы сондай–ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ощағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі элементтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірінің материалдық жағы табиғи биалогиялық және шаруашылық – тұтыну қатынастарынан құралады, рухани жағы – қоғамдық–экономикалық жүйенің, қоғамдық қатынастардың сипатымен, мәдени – даму дәрежесінің ерекшеліктерімен, ұлттық әдет–ғұрып үрдісімен сипатталады.

Отбасының негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Алайда отбасы тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес,сонымен қатар адамдардың қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі аса маңызды әлеуметтік сипат береді.

Отбасының мәні оның міндеті мен құрылымы, мүшелерінің атқаратын рольі деген ұғымдар арқылы көрініс табады.Отбасының міндеттері, бір жағынан, отбасы мен қоғамның, екінші жағынан, отбасы мен жеке адамның өзара іс-қимылын көрсетеді. Қоғам дамуына қарай оның белгілі бір әлеуметтік қажеттерін қанағаттандыруға тиіс әлеуметтік интернет ретінде отбасының мазмұны да, әлеуметтік міндеттері де өзгеріп отырады. Отбасының аса маңызды міндеттері – артына ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау, жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасының құрылымы дегеніміз туыстық қатынастармен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл қатынастардың жиынтығы.Қазіргі заманғы некелік–отбасылық қатынастарда құқықтық қатынастар ерекше роль атқарады. Бұл қатынастар ерлі–зайыптылардың, әке–шеше мен балалардың бір–біріне қатысты өзара құқықтары мен міндеттерін заңи нормаларда бекітеді.

Отбасындағы негізгі рольдік қатынастардың ерлі–зайыптылардың, әке (шеше) мен балалар, ағайындылар: ағалы–інілер, апалы–сіңілілер, енелер мен келіндер, аталар мен келіндер, күйеу балалар, абысын–ажындар арасындағы дәстүрлі қатынастардың және қазіргі заманғы қатынастардан айырмашылықтары бар. Дәстүрлі қатынастарға сәйкес әйел үй шаруасын қамдады, бала туып, тәрбиеледі,ал еркек қожайын болды, көбнесе жермен мүлік иесі рольін атқарды, отбасының экономикалық дербестігін қамтамасыз етті. Келе–келе отбасындағы әйелдерде өндірістік қызметтерге араласып, отбасылық ортақ міндеттерді шешуге тең дәрежеде қатыса бастады.

Мұның өзі некелік-отбасылық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала туу денгейінің төмендеуіне және ажырасу денгейінің өсуіне әкеліп соқты.

2. Отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасы ана маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі. Отбасы немесе үй қожалығы экономикалық негізінен, тұтынушы құрылым ретінде экономиканың басты назарында болды, социология отбасына, некеге негізделген және белгілі бір әлеуметтік міндеттерді орындайтын әлеуметтік интернет ретінде талдау жасайды, этнографиялық зерттеулер түрлі этнографиялық сипаттағы отбасылардың өмірі мен тұрмыс салтының ерекшеліктерін зерделейді,демография үшін халықтың ұдайы өсіп-өніп, өркендеуіндегі отбасы мен отбасылық құрамның рольі маңызды. Зерделеу аясына қарай отбасының анықтамасы да түрліше болуы мүмкін. Мәселен, ерлі зайыптылар арасындағы заң жүзінде рәсімделген қатынастардың болуының шешуші мәні жоқ, ал құқықтану үшін ол басты назарда болады: педагогика үшін баласыз отбасының мәні жоқ, ал социология үшін ол маңызды.

Адамзат қоғамның тарихи дамуы барысында әртүрлі жыныс өкілдерінің арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде табиғи байланыстар мен мүдде бірлігінің ұштасуынан отбасы дүниеге келді. Отбасы некенің сипатына қарай моногам, полигам, құрамына қарай дербес немесе бір некелік көп және құрама некелік көп (бір немесе бірнеше некелік топ), «отбасындағы үстемдіктің» сыйпатына қарай патриархтың және матиархтың болып жіктеледі. Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері туралы ғылым тарихында әртүрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ойшылдар (Ж.Руссо, Х.Гердер, Г .Гегель) отбасын табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деп түсіндіріп әлеуметтік қатынастарды отбасылық қатынастардан жоғары қойды. Бұл көзқарасты тұңғыш рет жоққа шығарған Швейцариялық құқық тарихшысы И.Я.Баховен болды.

Ол неке мен отбасының тарихы жағынан үнемі өзгеріп отырғанын, бір некелі отбасынан бұрын екі түрлі жыныс өкілдері арасында көп некелі қатынастардың болғанын, патриархтың бұрын ру өмірінде әйелдің экономикалық және рухани билігінің басым болғанын дәлелдеді. Бұдан бұлайғаы жерде отбасы туралы ілім тарихында патриархтық және матриархтық ағымдар үстемдік алды. Ағылшын этнографы Л.Морган «Көне қоғам» атты еңбегінде отбасы тарихын дұрыс бағытта талдады. Бұл кітапты отбасы туралы материалистік ілімді қалыптастырған Ф.Энгельс өзінің «Отбасының жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегіне арқау етті. Марксизм отбасын дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарады.

Неке мен отбасының әлеуметтік мәнін, сайып келгенде үстемдік етуші экономикалық қатынастар белгілейді. Сондай–ақ оған қоғамдық қондырманың құрамдас бөліктері – құқық, саясат, адамгершілік белгілі бір дәрежеде ықпал жасап отырады. Қоғам некелескен ерлі–зайыптылардың белгілі бір бір моральдық нормаларға бағынуын талдап ете отырып, олардың болашағын қорғайды. Отбасы бақытының баянды болуын қамқорлыққа алады. Отбасының негізі - еркек пен әйел арасындағы қарым–қатынас нысаны болып табылатын неке. Ал некелік-отбасылық қатынастарды реттеуге қоғам мүдделі. Өйткені қоғам өмірінде жүріп жатқан аса күрделі үрдістердің бір парасы – халықтық өсіп-өнуі мен табиғи тығыздығының артуы, өмірге келіп жатқан жаңа ұрпақтың рухани және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, балалардың ата–ана тәрбиесінде және қамқорлығында болуы осы қатынастардың қалыпты жағдайы мен сыйпатына, мазмұндылығы мен баяндылығына байланысты.

Жалпы неке дегеніміз – ерлі зайыптылардың отбасындағы құқықтарымен міндеттерін, қоғам негіздейтін және реттейтін рәсім. Неке дәстүр бойынша ер мен әйелдің арасындағы қарым – қатынастың заң түрінде бекітілуі, сөйтіп олар өздеріне жұбайлық міндеттер қабылдауы. Некенің әлеуметтік мәні, сонымен келгенде, үстем қоғамдық қатынастың сипатымен белгіленеді. Оған саясат мораль, дін де әсер етеді. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады.

Некенің тарихи нысаны алуан – түрлі. Олардың былайша топтауға болады: моногамия – бір еркектің бір әйелмен некелесуі; бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке, қоғам дамуының демократиялану үрдісі некелік қатынастың отбасы мен неке туралы ескі түсініктердің болмағанымен.Ұрпақ жалғастыру, дүниеге сәби әкелу. Міндеті некенің ашықтан – ашық жарияланған бірден–бір мақсаты болудан қалды. Ол ерлі–зайыптылардың тату–тәтті тұрмыс құрып, тәрбиелі етуінің көзі болып табылады. Адамдар некелі отбасы ауқымында жыныстық - нәпсілік қажеттерін қандырып қана қоймай, сонымен бірге некелес жұбайлар үй шаруасын ұйымдастырып, бір – бірін сезімдік экономикалық және тұрмыстық қолдау тауып отырды.

Қоғамдастықтың әрбір мүшесі үшін әрекеттің осы бір қырының маңыздылығын ескере отырып, неке әуел бастан – ақ мифологиялық және магиялық тұрғыдан түсінілді. Отбасының негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмілетке толғанша тәрбиеленеді, қоғамдық еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі іске асады.

Отбасы негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Алайда отбасы тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес сонымен қатар адамның қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі аса маңызды әлеуметтік сипат береді. Отбасы некеге қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі.

Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан қоғам негіздейді және реттейді. Әлеуметтік жағдай мен мәдениеттің өзгеруімен орайлас адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға деген табиғи құштарлығы. Неке арқылы реттеліп отырады. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады. Некелескен жұбайлар өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге міндетті болды. Демек оларға отбасының болашағы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Отбасының құрылымы дегеніміз – туыстық қатынастармен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл бүкіл қатынастардың жиынтығы. Қазіргі заманғы некелік - отбасылық қатынастарда құқықтық қатынастар ерекше рөл атқарады.Бұл қатынастар ерлі зайыптылардың, әке – шеше мен балалардың бір – біріне қатысты өзара құқықтары мен міндеттерін заңы нормаларды бекітеді. Отбасының мәні оның міндеті мен құрылымы, мүшенің атқаратын ролі деген қоғамдар арқылы көрініс табады.

Отбасының аса маңызды міндеттері артына ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасындағы негізгі ролдік қатынастардың ерлі – зайыптылардың, әке мен балалар, я ағайындылар, ағалы – інілер, апалы – сіңілер, енелер мен келіндер, аталар мен келіндер, күйеу балалар арасындағы дәстүрлі қатынастардың және қазіргі заманғы қатынастардан айырмашылықтары бар. Отбасының міндеттері бір жағынан, отбасы мен қоғамның екінші жағынан отбасы мен жеке адамның өзара іс – қимылын көрсетеді.

Отбасының аса маңызды міндеттері – артына ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасы аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымилық зерттеулердің объектісі. Дәстүрлі қатынастарға смәйкес әйел үй шаруасын қамдады, бала туып, тәрбиеледі, ал еркек қожайын болды. Отбасының экономикалық дербестігін қамтамасыз етті. Мұның өзі некелік отбасылық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала туу деңгейінің төмендеуіне және ажырасу деңгейінің өсуіне әкеліп соқты.Адамзат қоғамның тарихи даму барысында әртүрлі жыныс өкілдерінің арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде табиғи байланыстар мен мүдде бірлігінің ұштасуынан отбасы дүниеге келді.

Отбасы немесе үй қожалық экономикалық негізінен тұтынушы құрылым ретінде экономиканың басты назарында болды. Этнографиялық зерттеулер түрлі этнографиялық сипаттағы отбасылардың өмірі мен тұрмыс салтының ерекшеліктерін зерделейді. Демография - үшін халықтың ұдайы өсуі, өркендеуі отбасы мен отбасылық құрамның рөлі маңызды болып табылады. Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және дамуы кезеңі тұр ғылым тарихында Гегель. Руссо отбасын табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деген. Ал бұл көз – қарасты тұңғыш рет жоққа шығарған Баховен болды. Ол неке мен отбасының тарихи жағынан үнемі өзгеретінін, бір некелі отбасынан бұрын екі түрлі жыныс өкілі арасында көп некелі қатындардың болғаны, рухани билігінің басым болғанын дәлелдеді. Материалистік білімді қалыптастырған Ф.Энгельс өзінің «отбасының жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегіне арқау етті.

Отбасының негізі еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас нысаны болып табылатын неке. Ал некелік отбасылық қатынастарды реттеуге қоғам мүдделі. Отбасы некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы. Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адамның дүниеге келіп, ұрпақ жалғастырады. Қорыта айтқанда отбасының негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Яғни неке және отбасы туралы заң бойынша еркек пен әйелдің отасуы, отбасын құрайтын ерікті одағы. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көбінесе некелік қатынастың сыйпатына байланысты болады. Некенің тұрақтылығына моральдық қасиеттер әсер етеді, өзара сыйластық пен ата-ананың парызы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Неке дегеніміз не?

2. Қазіргі заманғы неке түрлері .

3. Отбасы дегеніміз не?

4. Отбасы қызметтері .

5. Неке мен отбасының әлеуметтік мәні?

6. ҚР- ның «Неке және отбасы » заңы.

2-лекция Отбасындағы идеялық және адамгершілік негіздер мен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]