
- •Сапаргалиев г.С. Ибраева а.С.
- •Мазмүны
- •Мемлекет және құқық теориясының пәні
- •Мемлекет және құқық теориясының әдістері
- •Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметтері
- •Заң ғылымының жүйесі
- •1. Пайда болуының себебі бойынша:
- •2. Бағыты бойынша:
- •2. Сыртқы
- •3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша
- •4. Қызметтердің маңыздылығы бойынша
- •Мемлекет құрылысы, механизмі.
- •(A)Мемлекеттің аумақтық құрылымы
- •Раздел I.2Мемлекеттің саяси режимі
- •Жетінші тақырып. Мемлекет типтері
- •Он үшінші тақырып. Құқықтық норма Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың құрылымы.
- •Статья I.Құқықтық нормалардың белгілері мен түрлері
- •Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы
- •Он төртінші тақырып. Құқық жүйесі
- •(II)Пысықтау сауалдары
- •(I)зандарды жүйелеу түрлері
- •3Аңдар негіздері
- •(I)Пысықтау сауалдары
- •Статья II.Құқықтық қатынастардың бөліктері
- •Статья III.Құқықтық қатынастардың субъектілері
- •Раздел III.1заңды тұлғалардың белгілері Статья IV.
- •Статья V.Құқықтық қатынастардың мазмұны
- •Статья VI.Қүқықтық қатынастар объектісі
- •Раздел VI.1субъективтік құқықтың құрылымы Статья VII.
- •Статья VIII.Заңды айғақтардың (фактілердің) түрлері
- •Раздел VIII.2Оқиға Құқықты қолдану Дұрыс (Оң)
- •Раздел VIII.3Жағдай
- •(A)Туыстық
- •Раздел VIII.4Міндет жүктейтін нормаларды орындау
- •Статья IX.
- •(A)Субъектісі бойынша
- •Раздел IX.2логикалық нормативті
- •(A)құқықтық сана
- •1)Құқықтық мәдениет
- •A)Мазмұны
- •Статья X.
- •Раздел X.1
- •Статья VI. Мүліктік
- •Статья VII.
- •Статья XI.Құқықтық және қоғамдық тәртіп
- •Статья VIII. Мемлекет қызме-тіне тұру құқығы Білім алуға құқықтылық
- •A)Пысықтау сауалдары
Әдісі
бойынша
Көлемі
бойынша
(A)Субъектісі бойынша
грамматикалық логикалық
Бейресми
Ресми
дәлме-дәл түсіндіру
Раздел IX.2логикалық нормативті
ғылыми
аутентикалық заңды
кең
тұрғыдан түсіндіру
жүйелілік
арнаулы
заңдылық заңды заңдылық
тар
тұрғыдан түсіндіру
кәсіпкерлік
соттық
тарихи-саяси
жай
әдеттегі
заңды
казуалды
Пысықтау сауалдары
1. Құқық нормаларын талқылаудың мәнісі мен маңызын түсіндіріңіз.
2. Құқық нормаларын әдісі бойынша талқылау дегеніміздің мәнісі мен мазмұнын түсіндіріңіз.
3. Құқық нормаларын көлемі бойынша түсіндіру-талқылау дегеніміздің мәнісі мен мағынасы неде?
4. Құқық нормаларын субъектісі бойынша түсіндіру-талқылаудың мәнісі мен мазмұны неде?
Жиырмасыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың функциялары:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);
- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.
Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.
Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.
Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.
Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".
Құқықтық сананың түрлері:
1. Субъектілері бойынша:
- дербес (жеке);
- топтамалық;
- қоғамдық.
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:
- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;
- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;
ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;