- •1.«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.
- •2.Рим клубы, Медоуздың (Өсу шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік динамика, Әлемдік экономика 1972), Мессерович пен Пестельдің (Адамзат бұрылыс шегінде) еңбектері.
- •3.Бұұ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972), Рио-де-Жанейро 1992
- •4.Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті.
- •5.Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994). Қала тұрғысында даму
- •6.Тұрақты даму факторлары немесе аспектілері:
- •8. Киото Хаттамасы (Жапония)
3.Бұұ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972), Рио-де-Жанейро 1992
1992 ж. 3-14 маусым аралығында Рио-де-Женейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР—92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес үйымдардың өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер қатысты. Конференцияда «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Тұрақты даму үшін адам қамын ойлау, адамның табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықтылығын көрсету оның қарастыратын талап-мүдделерінің өзегі болып табылады.
КОСР-92 ашылғанға дейін әлемде үлкен өзгерістер болды. 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қауіпті құбылыстар бірнеше есе күшейді. Адамзат Чернобыль оқиғасын басынан өткізді, Ұлы державалардың әскери текетіресі аяқталды, қарусыздану мен әскери бюджетті қысқартудың нақты мүмкіндігі пайда болды. Тағдырдың тәлкегімен тоталитарлық жүйенің ыдырап, қоғамда сондай тез тарихи бетбұрыс болатынын ешкім болжай алған жоқ.
Жаңа тарихи жағдайда шекаралардың ашықтығы қалың буқараның ақпараттануы, әлемдік демократияның өсуі адамдар мен елдердің экономикалық теңсіздігінің, олардың планетамыздың ресурстарын пайдалануға қатысуының өткір қайшылықтары айқын болды. Конференцияда «суық соғыстың» аяқталуы одан ауыр бай елдер мен кедей елдер арасындағы соғыстың бастамасы болса, аса ауыр қасіретке әкелу мүмкіндігі айтылды.
Сондықтан КОСР-92 ортақ идея ретінде төмендегі айқын жорамалдарды ұсынды:
- тұрақты даму және әділетті әлем жолында, әсіресе дамыған елдер тарапынан ымыра мен құрбандық сөзсіз болады;
- дамушы елдердің игілікке дамыған елдердің бақуаттыққа жеткен жолымен жүруі мұмкін емес;
- әлемдік қауымдастық ұзақ мерзімдік тұрақты даму жолына түсуі керек;
- осы жолға түсудің сөзсіз қажеттілігін барлық елдерде қоғамның әрбір топтарының түсінуі және оған мейлінше жағдай туғызу талаптарын орындауы қажет.
Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде:
- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;
- барлық түрдегі ормандарды қорғау және ұдайы өсіруді басқару жөнінде әлемдік ауызбірлік принциптері туралы мәлімдеме;
- XXI ғасырдың Күн тәртібі — таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат;
- климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілік туралы Рамалық конвенция әзірленді. Конференцияның барлық құжаттарының өзегі — тұрақты даму тұжырымдамасы.
Соның ішінде әсіресе Рамалық конвенция мен XXI ғасырдың Күн тәртібінің маңызы аса зор болды.
Конференция Климаттың өзгеру мәселесін көтерді және оны шешу қажеттігін мойындады. Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді және 150 астам елде бекітілді. Конвенцияның мақсаты — атмосферада парник газдарының шоғырлануын климаттық жүйеге қауіпті антропогендік әсер болдырмайтын, табиғи экожүйелердің климаттық өзгеруіне бейімделуін жеткілікті мерзімде, халықты азықпен қамтамасыз етуге қауіп төндірмейтін және тұрақты негізде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дәрежеде тұрақтандыру.
Климаттың өзгеруі ғаламдық мәселе екені даусыз, оның салдары барлық елдерге, әр адамға ортақ. Біздің әрқайсымыз және барлығымыз бұл мәселені тудыруға себепші болдық. Сондықтан мәселені барлығымыз бірігіп шешуіміз керек. Ал ол өз кезегінде ғаламдық күштердің және әлемдік ынтымақтастықты талап етеді.
