Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
refer.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
775.68 Кб
Скачать

2.3 Ығыстырушы регистрді тексеру

Сурет - 2.6 Тізбекті ығыстру регистрі

2.6-суретте келтірілген тізбекті ығыстру регистрінің сұлбасынан ақауды тексерейік. Бұл 4-разрядты регистр екі 7474 микросұлбасынан (әрбіреуінде екі D-триггерден) жиналған.

Механикалық келеңсіздіктер және температуралық режимнің бұзылуының жоқтығына кқз жеткізгеннен кейін төменде келтірген тексеру операциясының тізбегін орындаймыз.

  1. Операция. Тазарту кірісіне 0 орнатамыз және осыдан кейін осы кірісті 1 келтіреміз.

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 0000.

Шешім. Регистрдің тазарту тізбегі кемелді.

  1. Операция. Ақпараттық кіріске 1 орнатамыз (D=1). Сандық импульс генераторынан бірлік импульс береміз.

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 1000.

Шешім. ТА триггеріне 1 жүктеу дұрыс жүргізіледі.

  1. Операция. D=1.

Сандық импульс генераторынан регистрдің синхрондаушы кірісіне бірлік импульс береміз.

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 1100.

Шешім. ТА және ТВ триггерлеріне “бірлікті”жүктеу дұрыс іске асырылады.

  1. Операция. D=1.

Сандық импульс генераторынан регистрдің синхрондаушы кірісіне бірлік импульс береміз.

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 1110.

Шешім. ТА, ТВ және ТС триггерлеріне “бірлікті”жүктеу дұрыс іске асырылады.

  1. Операция. D=1.

Сандық импульс генераторынан регистрдің синхрондаушы кірісіне бірлік импульс береміз.

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 1110.

Шешім. Қателікті жақын маңайдан немес ТD триггерінің өзінен іздестіру керек, себебі ол “бірлікпен”жүктелмейді

  1. Операция. Логикалық сынағышпен ТD триггерінің D кірісін тексереміз (D=1 екендігін тексеру).

Нәтиже. ТD триггері үшін D=1.

Шешім. ТD триггерінің D ақпараттық кірісінде сигналдың талап етілген ЖОҒАРҒЫ деңгейі әрекет етуде.

  1. Операция. Сандық импульс генераторынан ТD триггерінің синхрондаушы кірісіне бірлік импульс береміз (7474 микросұлбасының 11нәтижесі).

Нәтиже. Шығыс индикаторында: 1110.

Шешім. ТD триггерінің D кірісіндегі ақпараттық сигнал тактілі импульс келіп түскенде Q шығысына ауыстрылмайды.

  1. Операция. Логикалық сынағышпен ТD триггерінің Q шығысы тексеріледі (9 нәтиже).

Нәтиже. Сигнал деңгейінің ЖОҒАРҒЫ индикаторының да, ТӨМЕНГІ индикаторының да әсері жоқ.

Шешім. ТD триггерінің Q шығысына ЖОҒАРҒЫ және ТӨМЕНГІ сигнал деңгейлерінің арасындағы белгілі аумақты таралған потенциял алып жатыр. Көріп отырғанымыздай екінші 7474 микросұлбасының ТD триггерінде ақау бар.

  1. Операция. Екінші 7474 микросұлбасын (ТС және ТD триггерлері) тура осындай ИС-мен ауыстрамыз.

  2. Операция. 1 операциядан бастап тексерудің бүкіл тізбегін қайталаймыз.

Нәтиже. Барлық триггерлер “бірлікпен”және “нөлдермен”жүктеледі.

Шешім. Енді ығыстырушы регистр кемелді.

Жүргізілген тексеруге сәйкес ТD триггерінің Q шығысы ТӨМЕНГІ деңгей жағдайында қалып қоятындай көрінеді, шындығында оның ЖОҒАРҒЫ және ТӨМЕНГІ деңгейлер арасында ауытқып тұратыны анықталды. Осыдан шығатыны, біз қабылдаған бірінші қадамдағы шешім дұрыс емес болған; ақау екінші 7474 микросұлбасының ішіндегі тізбектің үзілуіне негізделген сұлба жұмысының қағидасын түсіну және жүргізілген тексерулер ақауды жойуға көмектеседі. Тексеруді тез орындау логикалық сынағыш пен сандық импульстер генераторы арқасында жүзеге асырылады.

Кейбір жағдайларда білікті мамандардың өзі микросұлбасының берілген шығысында сигналдың қандай логикалық деңгейі әрекет ету керектігін біле алмайды. Қайталамалы модульдердің үлкен санынан жиналған сұлбаларды тексеруді осы модульдер шығысындағы сәйкес логикалық деңгейлерді салыстру қағидасы бойынша жүргізуге болады. Қарастрылған ығыструшы регистрде ТА және ТВ триггерлерінің және ТС және ТD триггерлерінің шығысындағы аспап көрсеткіштерін салыструға болады. Бұл әрекет сандық сұлбадағы тексеруді жеңілдетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]