Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.52 Mб
Скачать

III. Кәсіптік білім беру жүйесі

3.1 Кәсіптік бастауыш білім беру

 Кәсіптік бастауыш білім беру Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады. Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

3.2 Кәсіптік орта білім беру

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

3.3 Кәсіптік жоғары білім беру

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.  Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «БІЛІМ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратифика­циялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

4) әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республи­касының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

5) білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

6) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, бекіту тәртібін және оның қолданылу мерзімдерін айқындайды;

7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерін және Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерін бекітеді;

8) біліктілік талаптарын және Білім беру қызметін лицензиялау ережелерін бекітеді;

9) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін анықтайды;

10) халықтың тығыздығына және елді мекен­дердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызмет­керлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамның тәрбиесіне, оқуына және кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқан жекелеген білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді және Инновациялық университет туралы ережені бекітеді;

13) мемлекеттік басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебінен қаржылан­дырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

14) білім беру мониторингін жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

15) “Болашақ” халықаралық стипендиясын беруге арналған Үміткерлерді іріктеу ережелерін бекітеді;

16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;

17) “Алтын белгі” белгісі туралы ережені бекітеді;

18) “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” және “Үздік педагог” атақтарын беру ережелерін бекітеді;

19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

20) Дарынды балаларға арналған маманданды­рылған білім беру ұйымдары қызметінің ережелерін бекітеді;

21) Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережелерін бекітеді;

22) Жұмыс көрсеткіштері жоғары мемлекеттік білім беру мекемелеріне гранттар беруге арналған мемлекеттік конкурстарды өткізу ережелерін және оларды пайдалану тәртібін бекітеді.

23) бірінші басшыларын Қазақстан Республика­сының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестациядан өткізу және қызметтен босату тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.

Қорытынды

Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) [1] – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.

Білімділік - тәжірибені меңгерген дамыған тұлғаның сапасы, бұл арқылы ол қоршаған ортада бейімделуге, оны қорғау мен байытуға, ол туралы жаңа білім алуға және бұл арқылы өзін жетілдіруге қабілетті болады. Білімділік өлшемі білімдер жүйелілігі мен ойлау жүйелілігі болып табылады, бұл адамның өздігінен логикалық пайымдау арқылы білімдер жүйесіндегі жетіспеген түйіндерді қайта қалпына келтіре алатынында байқалады. "Білім дегеніміз жатталған нәрсенің ұмытылған кездегі қалғаны" (ежелгі нақыл сөз).

Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп, барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді.  Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып ,нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!

Терминологиялық сөздік

  1. Академия – мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-зерт­теу қызметін және педагогтік қызметті, кадр­лардың біліктілігін арттыруды және қайта даяр­лауды жүзеге асыратын оқу орны;

  2. Бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

  3. Білім беру гранты – кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

  4. Докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

  5. Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

  6. Колледж – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  7. Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;

  8.  Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

  9. Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

  10. Стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

  3. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

  5. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.

  6. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

  7. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.

  8. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

  9. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.

  10. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.– Алматы: «Ғылым», -1975. – 419 б.