Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abylay_khan_atynda_1171_y__1178_aza_1179_khaly_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
83.57 Кб
Скачать

Ресейдегі жалпы білім беру жүйесі

Оқу бағдарламаларының деңгейіне сәйкес үш сатыдан тұрады.

Бастауыш жалпы білім (ереже бойынша, оқытудың стандартты ұзақтығы 4 жылды құрайды).

Негізгі жалпы білім (оқытудың стандартты ұзақтығы 5 жылды құрайды).

Орта (толық) жалпы білім (оқытудың стандартты ұзақтығы 2 жылдан 3 жылға дейін).

Бүгінгі уақытта жалпы білімнің бағдарламалық ұзақтығы 11 жылды құрайды, ал 1985 жылға дейін мектепке қабылдау 7 жастан) Оқушылар ереже бойынша, орта (толық) жалпы білімді 17 жастан алады. Кешкі мектептер және өнер мектептерінде оқыту ұзақтығы 12 жыл.

Бүгінгі уақытта жалпы білім жүйесіне 66909 білім орындары кіреді. Онда 20825000 оқушы оқиды. Соңғы жылдары 607-дей жеке мектептер ашылған. Жалпы білім мектептерінің ресми атауы - жалпы білім беретін орта мектеп. Соңғы жылдары жаңа типті мемлекеттік және жеке (гимназия, лицей) мектептер салынуда. Гимназия мен лицейлерде оқыту ұзақтығы жалпы білім беретін орта мектептегі оқыту ұзақтығы жоғарылап, оларда білім беру бағдарламалары жоғарғы деңгейде болуы мүмкін.

Жалпы білімнің оқу бағдарламасы жылына 34 оқу апталығын қарастырады. Ереже бойынша оқыту аптасына 27-ден 38 сағат оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және маусымның басына дейін созылады. Мектептегі емтихандар маусым айына өтеді.

Оқушылар жеке категориялары үшін белгіленген оқыту сатысы. Нақты мемлекеттік білім стандартына сай өзгертілуі (базалық) негізгі оқу бағдарламасы жасалынды. Негізгі оқу бағдарламасы міндетті пәндік көлемін (гуманитарлық бағыт) онда орыс тілі, әдебиет, қоғамдық ғылымдар және денешынықтыруға ерекше көңіл бөледі, жаратылыстану ғылыми бағыт, онда бірінші математика пәніне және технология қатысты пәндер қарастырылады. Қоғамдық ғылымға шет тілдері, ресей тарихы, әлем тарихы, экономика және география, құқықтану, саясаттану, экономика және т.б. Жаратылыстану ғылымына биология, физика, астрономия, химия, экология т.б. пәндер кіреді. "Технология" деп аталатын біріктірілген пәндерге бейнелеу, сызу және үй шаруашылығы, тігін, тағам даярлау, металл өңдеу, ағаш ұсталық істерді қамтитын пәндер кіреді. Ал жоғарғы сыныптарда - нақты мамандықтың базалық дағдылары жатады.Негізгі оқу бағдарламасы көрсетілген міндетті пәндерден басқа қосымша пәндер қатарын оқушының қызығушылығын есепке алып не болмаса мектептің орналасу аумағын ескере отырып қарастырады. Әрбір мектеп тәжірибеде негізгі оқу бағдарламасының базасында өздерінің жеке бағдарламасын жасайды.

Ресейдегі кәсіби білім беру жүйесі

Кәсіби білімнің алғашқы сатысы кәсіптік білім болып табылады. Ол негізгі жалпы білім базасында білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Кәсіби білім және мамандар қатарына дайындау тек қана орта (толық) жалпы білім базасында өтеді. Білім бағдарламалары орта (толық) жалпы білім алатын оқушылары есептелген бағдарламадан айырмашылығы бар.

Ресейде 3911 білім мекемелері бар. Оның ішінде кәсіби білім бағдарламаларын ұсынатын мемлекеттік емес білім мекемелері де бар. Оқушы саны 1694000 адамды құрайды. Кәсіби білім қабылдауда түсі емтихандарын тапсыру қарастырылмаған.

Кәсіби білім екі түрге бөлінеді: 

Біріншіден, кәсіби білім берудің білім бөлімдерін ұсынады. Кәсіби училище деп аталатын бұл оқу бөлімдерінің оқу бағдарламалары кәсіби біліктілікті меңгеруге және негізінен кәсіби дайындық пәндерін қамтиды.

Осы білім бағдарламасын оқыту ұзақтығы - негізгі жалпы білім базасында 1-ден 2,5 жылға дейін.

Бітірушілерге мемлекеттік қорытынды аттестациядан жақсы өткен соң кәсіби білім беру орындары мамандығы бойынша жұмыс істеуге құқық беретін диплом береді. Мұндай диплом бітірушіге жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу ұзақтығы қысқарған түрде болуы мүмкін, мамандығына сәйкес келетін болған жағдайда. Бірақ бұл түрдегі кәсіби білім университет деңгейіндегі жоғары білім бағдарламасына түсуге құқық бермейді.

Кәсіби білімнің екінші типіне кәсіптік лицей деп аталатын кәсіби білім беру бөлімі жатады. Бұл оқу бөлімдерінде білімдік компоненттерін құрайды.

Диплом кәсіптік лицейді мемлекеттік қорытынды аттестацияны жақсы тапсырған жағдайда беріледі. Диплом университет дәрежесінде білім алуға құқық береді. Егерде мамандығына сәйкес болатын мамандық бойынша оқуға түссе, онда ол қысқартылған мерзімді оқу бағдарламасымен оқып шығады.

Кәсіптік лицейде оқыту ұзақтығы негізгі жалпы білім базасында 3 жылдан кем емес (жалпы білім беретін мектепте оқыту 9 жыл).

Ресей жоғарғы оқу орындары төмендегідей ғылыми атақтар және диплом бере алады:

Бакалавр дипломы - 4 курс оқып бітірген азаматтарға беріледі. Бакалавр дайындау бағдарламасы медицинадан басқа білімнің барлық саласын қамтиды. Бакалавр дипломы жұмыс істеуге құқық береді, сонымен қатар магистрлер дайындайтын бағдарламаға баруға жол ашылады. Оқу кезінде емтихан әр семестрдің соңында өтеді. Оқудың соңғы жылында студент мемлекеттік қорытынды аттестациядан өтеді, оған диплом жұмысын қорғау мен мемлекеттік қорытынды емтихан енгізілуі мүмкін. Аттестациядан кейін мемлекеттік бакалавр дипломы беріледі.

Мамандық диплом - Ресей Федерациясының білім жүйесінің байырғы дипломы. Ол екі бөліктен тұрады: мамандық (мысалы мұғалімдерге, инженерлерге, химиктерге және т.б.) және ғылыми атақ дайындайтын (мысалы математика, доктор, экономист, агроном, инженер, физика). Студенттер әр семестрдің соңында емтихан-сынақтар тапсырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация мамандық дипломын алар алдында өткізіледі. Сонымен қатар сол уақытта диплом жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстары жүргізіледі.

Магистр дипломы - 2 жылдық оқу бағдарламасы, оның зерттеу компоненті бар. Бакалавр дипломы барлар ғана магистр дайындық бағдарламасын оқуға жолдана алады. Магистрдің жолдамасы бакалавр дипломы болса, олар емтихан әңгімелесу сынақтары арқылы түсу сынақтарын тапсырады. Бакалавр дипломы мен магистр бағдарламасының мамандығы бірдей болмаса, онда қосымша емтихан тапсырады. Магистрлік диссертация - өзіндік зерттеудің бір бөлігі, ол ғылыми жетекшінің бақылауымен жүргізіледі. Мамандық дипломы сияқты бұл диплом да ғылыми атақ дайындаудағы бағдарламаға түсу құқығын береді.

Жоғарғы оқудың оқу жоспары жылына 36 апта. Студенттің толық жұмыс жүктемесі 54 сағаттан аспауы қажет, оған аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстары кіреді. Студенттің толық аудиториялық оқу жүктемесі аптасына 27 сағатты құрайды (магистратура бағдарламасында аптасына 14 сағат). Күндізгі-сырттай (кешкі) оқу түрлерінде аудиториялық сағат аптасына 10 сағаттан аз болмауы қажет. Сырттай оқитын студенттердің сағаты жылына 160-тан кем болмауы керек. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып маусымның бас кезінде аяқталуы керек.

Қорытынды

Қорытындылай келе, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Білім берудің әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп тұр. Осы орайда жаңарудың әрбір кезеңіне жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетілуге тиіс.

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің болашағына салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің  білімінің  дамуы  болып та­былады. Олай болса еліміздің болашағы үшін ұлттық білім жүйемізді дамыту заман талабы, — деп айтуымызға болады.

Бүгінгі күні мемлкетімізде білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа ие болуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]