Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abylay_khan_atynda_1171_y__1178_aza_1179_khaly_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
83.57 Кб
Скачать

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті

Аударма және филология факультеті

Ілеспе аударма кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Ілеспе аударма кафедрасының меңгерушісі___.ғ.к.,доцент Медетова М.Е.

Жоба жұмысы

Тақырыбы:

«Қазақстан мен Ресей елдерінің білім беру жүйесі».

5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі

Орындаушы: Мергенбаева М.Б

Ғылыми кеңесші: Кыйсыкова А.Ж.

Алматы, 2013ж.

Жобаның мақсаты

  • Білім беру деген ұғымды анықтау;

  • Білім беру жүйесін түсіндіру;

  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін зерттеп анықтау;

  • Білім беру жүйесінің салаларын егжей - тегжейлі талдап зерттеу;

  • Ресей федерациясының білім беру жүйесін зерттеп анықтау;

  • Қазақстандағы білім берудің мазмұнын талдау;

  • Қазақстандағыб білім беру ісінің мәнін ашу;

  • Қазақстандағыб білім беру міндеттерін көрсету;

  • Қазақстандағыб білім беру принциптерін анықтау;

  • Қазақстандағы орта білім беру жүйесін қарастырып, зерттеу;

  • Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесін анықтап, зерттеу;

  • Ресейдегі жалпы білім беру жүйесін талқылап, түсіну;

  • Ресейдегі Кәсіби білім беру жүйесін анықтау;

  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының біршама тарауларын қарастыру;

  • Кәсіби білім беру орындарын талқылау.

Жоспар

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

1.1 Қазақстандағы білім берудің мазмұны

1.2 Қазақстандағыб білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері

1.3 Қазақстандағы орта білім беру жүйесі

1.4 Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесі

II. Ресей Федерациясындағы білім беру жүйесі

2.1 Ресейдегі жалпы білім беру жүйесі

2.2 Ресейдегі кәсіби білім беру жүйесі

Қорытынды

Терминологиялық сөздік

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Оқысаңыз , балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.

Ыбырай Алтынсарин.

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды.

Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:

Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойған болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі бекіткен жоғары және орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс.

Қазақстанның білім беру жүйесі

Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан — 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігеріп қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам қызметінің ең күрделі түріне жатады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы

3тарау 12-бап. Білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.

Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Fылым туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Қазақстан-2030" стра­тегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық ­инновациялық даму стратегия­сына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына каты­сушы мемлекеттер бiлiм министр­лерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру сала­сындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген.

Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие.

Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті, салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі оған төтеп бере алған жоқ. Ал Қазақстанда, керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы ілгері қарай басып келеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында, «Білім берудің құқықтық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұл ретте білім беру мекемелерін жан басына қарай қаржыландыру, білім беру қызметі саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары заңнамалық қамтылулары шарт. Білім берудің кепілдендірілген кредиттері жүйесін дамыту үшін құқықтық шарттарды қалыптастыру маңызды. «Білім беру туралы» заңда осындай өзгерістер қамтылатын болады», — деген болатын.

Давоста өткен форумға қатысушылардың бағалауынша, Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда, Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде үштен екіге артқан. Қазақстан жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып жоғары білім берудегі "бакалавр – магистр –философия докторы" үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]