Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Географиядан аза тілінде тест сратары.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
573.95 Кб
Скачать

14. Сыртқа мұнай шығаратын елдер.

A) Бразилия, Алжир.

B) Қытай, Корея.

C) АҚШ, Мексика.

D) Сауд Арабиясы, Кувейт.

E) Үндістан, Египет.

15. Жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген сызық:

A) экватор

B) меридиан

C) параллель

D) горизонталь

E) бергштрих

16. Орташа таулардың биіктігі:

A) 1000м.ден-2000м.дейін.

B) 200м.ден-жоғары.

C) 100м.ден-200м. дейін.

D) 0ден-1000м.дейін.

E) 200м.ден – 300м. дейін.

17. Температурасы жоғары, жыл бойына жауын-шашыны мол, егіншілікке жарамсыз аймақ:

A) Экваторлық орман.

B) Дала.

C) Аралас орман.

D) Тундра.

E) Шөл.

18. Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауындағы отырықшы халық ... қоныс аударғандар.

A) Үндістаннан

B) Орталық және Оңтүстік Еуропа елдерінен

C) Қытайдан

D) Аустралиядан

E) Скандинавия елдері мен Исландия аралынан

19. Мұхит түбінің үштен бір көлемін құрайтын Үлкен қайраң (шельф) ... орналасқан.

A) Үнді мұхитында

B) Тынық мұхитында

C) Атлант мұхитында

D) Аравия теңізінде

E) Солтүстік Мұзды мұхитында

20. Наурызым қорығы орналасқан облыс.

A) Қостанай.

B) Солтүстік Қазақстан.

C) Ақтөбе.

D) Қарағанды.

E) Ақмола.

21. Республиканың газ қоры шоғырланған жерді атаңыз:

A) Сарыарқада.

B) Маңғыстауда.

C) Шымкентте.

D) Қостанайда.

E) Алтайда.

22. «Құрамдастыру» дегеніміз ...

A) Ірі мамандандырылған комбинаттарды құру.

B) Әртүрлі аймақтың кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысы.

C) Бір кәсіпорынға технологиялық процестер жағынан өзара байланысты бірнеше өндірісті біріктіру.

D) Аймақ бойынша еңбек ресурстарын тарату.

E) Белгілі бір аймақты немесе аумақты шаруашылыққа мамандандыру.

23. Ертіс мыс қорыту заводы орналасқан жер.

A) Октябрьскіде.

B) Глубокое поселкесі.

C) Әуезовте.

D) Ақжолда.

E) Боко поселкесі.

24. Жапонияның ұлттық символы болып табылатын табиғи объектіні көрсетіңіз.

A) Сагами шығанағы.

B) Кисо өзені.

C) Окинава аралы.

D) Фудзияма вулканы.

E) Асахи тауы.

25. Жер бедерінің алуан түрлілігінің себебі:

A) Ішкі және сыртқы күштер

B) Мантияның қозғалуы

C) Тау жыныстарының қозғалуы

D) Плиталардың алшақтауы

E) Плиталардың соқтығысуы

26. Қaзақстанның жер асты суының мол қоры-

A) Павлодарда.

B) Каспий маңы ойпатында.

C) Шығыс Қазақстанда.

D) Орталық Қазақстанда.

E) Мoйынқұм мен Қызылқұмда.

27. Үстірттің Қазақстан территориясындағы бөлігі:

A) Шығыс.

B) Солтүстік.

C) Батыс.

D) Солтүстік-Шығыс.

E) Солтүстік-Батыс.

28. Белгілі бір уақытта белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері .. деп аталады.

A) порт

B) көлік торабы

C) жүк айналымы

D) контейнер

E) жүк

29. Еуропаның конституциялық монархиялы елдері.

A) ГФР, Австрия, Ирландия

B) Греция, Португалия,Ұлыбритания

C) Бельгия, Испания, Швеция

D) Италия, Финляндия, Дания

E) Чехия, Словакия, Польша

30. "Шөл падишасы" - деп қай жемісті атайды:

A) Мандарин.

B) Ананас.

C) Лимон.

D) Банан.

E) Құрма пальмасы.

17 нұсқа

1. Елді мекендердің негізгі түрлері.

A) қалалық және урбанизациялық.

B) ауылдық.

C) қалалық және селолық.

D) селолық.

E) мегополистік және агломерациялық.

2. Климаттық белдеулердің ең суығы :

A) тропиктік

B) арктикалық

C) субарктикалық

D) экваторлық

E) қоңыржай

3. Дүние жүзіндегі ең ірі маржан рифі

A) Үлкен Суайрық

B) Үлкен Тосқауыл

C) Орталық

D) Жаңа Гвинея

E) Үлкен Артезиан

4. Қазақстан экватордың қай бөлігінде

A) Батысында

B) Жартысы солтүстікте

C) Шығысында

D) Оңтүстігінде

E) Солтүстігінде

5. Еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежедегі көрінісін … деп атайды

A) Дүние жүзілік сауда

B) Кредит-финанс қатынасы

C) Туризм

D) Инвестиция

E) Интеграция

6. Теңіз жолдарының көп бөлігі ... мұхиты арқылы өтеді

A) Атлант

B) Солтүстік Мұзды

C) Үнді және Атлант

D) Үнді

E) Тынық

7. Белгілі жердегі төбенің биіктігін өлшейтін құрал

A) планшет.

B) компас.

C) теодолит.

D) барометр.

E) нивелир.

8. Мұхиттағы табиғат кешендерін ... байланысты айырады.

A) жер бетіне шығып жатқан вулкандарға

B) аралдар мен түбектерге

C) ендікке

D) мұхит түбінің әртүрлі тереңдігіне

E) биіктік белдеуге

9. Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз.

A) Татар.

B) Дот.

C) Кильск.

D) Ла-Манш.

E) Лаперуза.

10. Географиялық қабықтың даму кезеңдері:

A) 3

B) 2

C) 5

D) 4

E) 1

11. Бұқтырма СЭС-і мен Бұқтырма су қоймасы орналасқан өзен.

A) Іле.

B) Жайық.

C) Ертіс.

D) Шу.

E) Сырдария.

12. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары.

A) Мұнай, газ.

B) Полиметалл.

C) Мыс рудалары.

D) Фосфориттер.

E) Көмір.

13. Қорғалжын қорығының көркі.

A) Құлан.

B) Орақ тұмсық.

C) Арқар.

D) Қоқиқаз.

E) Дала қойы.

14. Қазақстанның маңызды рекреациялық аудандары:

A) Атырау, Көкшетау, Ақтау.

B) Көкшетау, Ұлытау, Семей.

C) Алтай, Қостанай, Арқалық.

D) Көкшетау, Іле, Жоңғар Алатауы, Алтай.

E) Қарағанды, Іле, Жоңғар Алатауы.

15. Жер бетінің көрінетін бөлігі.

A) Көкжиек.

B) Түсіріс.

C) Рельеф-жер бедері.

D) Ориентир- бағыттау.

E) Горизонталь.

16. Желдің пайда болуының басты себебі.

A) Мұхит ағысы.

B) Жер шары қыртысының қозғалысы.

C) Атмосфера қысымының өзгеруі.

D) Космостық сәулелер.

E) Жер сілкіністер мен вулкандар.

17. Өтпелі зонаны атаңыз:

A) тропиктік зона.

B) дала зонасы.

C) шөл зонасы.

D) орман зонасы.

E) орманды тундра зонасы.

18. Бұл аралдың атауы испанша «тасбақа» ұғымын білдіреді.

A) Галапагос аралы.

B) Фолкленд аралы.

C) Кіші Антиль аралы.

D) Барбадос аралы.

E) Кокос аралы.

19. Палеозой эрасының дәуірлері

A) Триас, пермь.

B) Кембрий, ордовик.

C) Палеоген, неоген.

D) Бор, карбон.

E) Девон, юра.