Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Географиядан аза тілінде тест сратары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.02.2020
Размер:
573.95 Кб
Скачать

www.testent.ru

Географиядан қазақ тілінде тест сұрақтары.

Сұрақ - кітабына 35 нұсқа.

1 нұсқа

1. Грек тілінен аударғанда «география» сөзінің мағынасы :

A) жерді сызу

B) жерді сипаттап жазу

C) жерді өлшеу

D) жерді оқу

E) жерді зерттеу

2. Тәуліктегі ауа құбылысы:

A) Жауын шашын

B) Жергілікті желдер

C) Ауа райы

D) Ауа массалары

E) Климат

3. Тянь-Шань тауларын зерттеген саяхатшы :

A) Г.Н.Потанин

B) И.В.Мушкетов

C) Н.А.Северцов

D) П.П.Семенов

E) А.И.Бутаков

4. Қазақстандағы ферроқорытпа зауыттары:

A) Кентау, Ақтау

B) Жезқазған, Жезді

C) Арал, Алматы

D) Қостанай, Көкшетау

E) Ақсу, Ақтөбе

5. Түсті металлургия ... комбинаттардан тұрады.

A) байыту

B) толық циклді

C) комплексті

D) қайта өңдейтін

E) жартылай циклді

6. Табиғат комплексін өзгертеді:

A) Климат.

B) Адам.

C) Өсімдіктер.

D) Жануарлар.

E) Жел.

7. Жер шарын бірінші рет айналып шыққан адам-

A) Фернан Магеллан.

B) Джеймс Кук.

C) Христофор Колумб.

D) Джон Кабот.

E) Вaско да Гама.

8. Африкаға бірненше рет саяхат жасаған зерттеуші:

A) Н.И.Вавилов.

B) Д.Ливингстон.

C) А.Веспуччи.

D) В.Юнкер.

E) Васко Да Гама.

9. Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

A) Гвиана.

B) Калифорния.

C) Оңтүстік пассат.

D) Лабрадор.

E) Гольфстрим.

10. Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы:

A) Күн мен түн ауысуы.

B) Өсімдіктердің өсуі.

C) Судың булануы.

D) Желдің соғуы.

E) Мұздардың еруі.

11. Астана және Петропавл қаласы ... өзен жағасында орналасқан

A) Арыс

B) Ақсу.

C) Есіл.

D) Ертіс.

E) Обаған.

12. Қазақстан аумағындағы негізгі топырақ түрі:

A) Қоңыр

B) Сұр

C) Күлгін

D) Қара

E) Қызыл

13. Қазақстандағы миллионер-қала.

A) Тараз.

B) Орал.

C) Астана.

D) Қарағанды.

E) Алматы.

14. Сыртқа мұнай шығаратын елдер.

A) Бразилия, Алжир.

B) Қытай, Корея.

C) Сауд Арабиясы, Кувейт.

D) Үндістан, Египет.

E) АҚШ, Мексика.

15. Пландағы қашықтықтың жердегі қашықтықтан неше есе кіші екенін көрсететін сан:

A) азимут

B) полюс

C) нивелир

D) масштаб

E) флюгер

16. Еуропаның биік тауы:

A) Алпі.

B) Аппалач.

C) Қырым.

D) Орал.

E) Хибин.

17. Халқының саны көп халық:

A) американдықтар

B) орыстар

C) үндістер

D) қытайлықтар

E) ағылшын

18. Топырағы құнарлы табиғат зонасы:

A) Тайга зонасы.

B) Дала зонасы.

C) Тундра зонасы.

D) Батпақты жер.

E) Тропиктік орман зонасы.

19. Ылғалдану коэффициенті бұл - …

A) жауын-шашынды күндердің ашық күндерге қатынасы.

B) буланудың температураға қатынасы.

C) мұндай коэффициент болмайды.

D) жылы және суық күндердің қатынасы.

E) жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасы.

20. Наурызым қорығы орналасқан облыс.

A) Ақтөбе.

B) Қостанай.

C) Солтүстік Қазақстан.

D) Ақмола.

E) Қарағанды.

21. ... Үстірт қорығында өсіріліп, көбейтіледі.

A) Марал, таутекелер

B) Жабайы қой - муфлон

C) Күзен және ақ тышқан

D) Дала барысы, тарлан мысықтар

E) Голян (көкталма балық) және ускум балықтары

22. Кеңестік Қазақстанда ауыр машина жасау айрықша дамыды

A) Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру үшін.

B) Қазақстанның географиялық орнына байланысы.

C) Сол уақыттағы мемлекет басқарушыларының ерікті шешімінен.

D) Еңбек ресурстарының квалификациялық дайындығынан.

E) Жаңа жұмыс орындарыының қажеттілігінен.

23. Шымкенттің фосфор тұздарын өндіретін зауыты шикізатты алады.

A) Ақтөбеден.

B) Қызылордадан.

C) Арқалықтан.

D) Қаратаудан.

E) Павлодардан.

24. Ла-Манш бұғазы … елдерін бөліп жатыр.

A) Швеция мен Норвегия

B) Португалия мен Испания

C) Германия мен Дания

D) Ұлыбритания мен Франция

E) Греция мен Албания

25. Литосфералық плиталардың қозғалыс жылдамдығы жылына:

A) 8 см

B) 1 мм-ден 1 см-ге дейін

C) 10 см ден - 16 см-ге дейін

D) 7 см-ден 15 см-ге дейін

E) 1 см-ден 6 см-ге дейін

26. Адамның шаруашылық әрекеттерінен жердегі көп өзгерген табиғат кешені:

A) Ормандар.

B) Шөлдер.

C) Таулар.

D) Саванналар.

E) Тоғайлар.

27. Ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды:

A) М.Ломоносовтың жобасымен.

B) Ю.Шмидтің жобасымен.

C) Седовтың жобасымен.

D) С.Макаровтың жобасымен.

E) Ф.Нансеннің жобасымен.

28. Бетпақдаланың биік нүктесі.

A) Мұзтау.

B) Ақсораң.

C) Жамбыл.

D) Абай.

E) Ақдым.

29. Табиғатты қорғау туралы алғашқы заң 1273 жылы ... шықты.

A) Ресейде

B) Францияда

C) Англияда

D) Грецияда

E) Италияда

30. Қазақстанның Ресеймен шекарасы ... экономикалық аудандары арқылы өтеді.

A) Солтүстік-Батыс, Солтүстік

B) Орталық қара топырақты

C) Украина, Кавказ

D) Орталық, Волга-Вятка

E) Поволжье, Урал, Батыс-Сібір

2 нұсқа

1. Халық ең көп қоныстанған дүние бөлігі:

A) Азия

B) Солтүстік Америка

C) Оңтүстік Америка

D) Еуропа

E) Африка

2. Қазақстан Каспий теңізі арқылы шектесетін мемлекет

A) Қытай

B) Иран

C) Өзбекстан

D) Үндістан

E) Ирак

3. Екібастұз көмірінің басты қолдану бағыты:

A) Қостанайға тасымалдайды

B) Атырауға тасымалдайды

C) ЖЭС, МАЭС-да жағылады

D) Химия өнеркәсібінде пайдаланады

E) Металлургия өнеркәсібіне пайдаланады

4. Қазақ жерінің шығысындағы табиғи ауданы

A) Сарыарқа

B) Тянь-Шань

C) Алтай

D) Орал

E) Туран

5. Торғай үстіртіндегі негізгі кен түрі

A) темір рудасы

B) мыс

C) фосфор

D) полиметалл

E) мұнай

6. Бағытты анықтау (ориентирование) дегеніміз ...

A) Ауа температурасын анықтау.

B) План құру.

C) Төбе биіктігін анықтау.

D) Көкжиек тұстарын анықтау.

E) Затты анықтағанға дейінгі арақашықтықты өлшеу.

7. Тропосферадағы су буы ... пайда болған

A) Өзен және батпақ суларының булануынан.

B) Мұхит суларының булануынан.

C) Жер асты суларынан.

D) Су қоймалары мен көлдердің булануынан.

E) Ауаның өзінен.

8. “Оттегі фабрикалары” болып саналатын организмдер:

A) Су шөптері.

B) Жануарлар.

C) Фитопланктон.

D) Өсімдіктер.

E) Микроорганизмдер.

9. Екі жарты шардың қоңыржай белдеулер бойымен соғатын желдер:

A) солтүстік–шығыс желдер

B) пассаттар

C) бриздер

D) муссондар

E) батыс желдер

10. Территориясының көлемі бойынша Африка кіші:

A) Евразиядан

B) Антарктидадан

C) Солтүстік Америкадан

D) Австралиядан

E) Оңтүстік Америкадан

11. Субарктикалық ендіктен Антарктидаға дейін созылып жатқан, экваторға таяғанда ені тарылып келген жер бетінің сулы бөлігі ... деп аталады.

A) Үнді мұхиты

B) Атлант мұхиты

C) Солтүстік Мұзды мұхит

D) Гвинея шығанағы

E) Тынық мұхит

12. Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы:

A) Желдің соғуы.

B) Өсімдіктердің өсуі.

C) Мұздардың еруі.

D) Күн мен түн ауысуы.

E) Судың булануы.

13. Бұқтырма су қоймасы салынған өзен:

A) Iле.

B) Сырдария.

C) Орал.

D) Ертiс.

E) Есiл.

14. Ауыр өнеркәсіп салалары

A) Стадиондар, кинотеатрлар, емханалар.

B) Тамақ өнеркәсібінің мекемесі.

C) Аяқ киім және тігін фабрикалары.

D) Тоқыма комбинаты.

E) Машина жасау және отын-энергетика кешені.

15. Көкжиек тұсының азимуты 135

A) Оңтүстік.

B) Солтүстік батыс.

C) Солтүстік шығыс.

D) Оңтүстік батыс.

E) Оңтүстік шығыс.

16. Жер шарындағы ең терең көл - Байкалдың тереңдігі:

A) 1610 м.

B) 1620 м.

C) 1600 м.

D) 1640 м.

E) 1650 м.

17. Күн жылуының мөлшері мен ылғалдың әркелкілігіне байланысты табиғат зоналарының ауысу заңдылығы -

A) азоналылық.

B) полярлық белдеу.

C) биіктік зоналылық.

D) ендік зоналылық.

E) мұхиттық белдеу.

18. Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауындағы отырықшы халық ... қоныс аударғандар.

A) Қытайдан

B) Үндістаннан

C) Орталық және Оңтүстік Еуропа елдерінен

D) Скандинавия елдері мен Исландия аралынан

E) Аустралиядан

19. Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін ығып барған экспедиция басшысы

A) М.Ломоносов.

B) Р.Амундсен.

C) И.Д.Потанин.

D) С.Макаров.

E) Г.Седов.

20. Топырақтағы химиялық элементтер

A) Шірінді түзеді.

B) Өсімдіктерді қоректендіреді.

C) Суды ерітеді.

D) Тау жыныстарын үгітеді.

E) Өсімдіктерді шірітеді.

21. 1977 жылы құрылған Ұлттық табиғи парктің аты:

A) Алтын Емел.

B) Марқакөл.

C) Қарқаралы.

D) Іле Алатауы.

E) Баянауыл.

22. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар:

A) Тарихи жағдайлар.

B) Өнеркәсіптің дамуы, мәдениет.

C) Климат-табиғат жағдайы, ғылым.

D) Табиғи өсім.

E) Тарихи, табиғи және экономикалық жағдай.

23. Қазақстандағы жалғыз Шығыс Қазақстан ғана өсіретін мал түрі:

A) Құс.

B) Жылқы.

C) Шошқа.

D) Түйе.

E) Марал.

24. Урбандалудың … белгісі бар:

A) 5

B) 6

C) 3

D) 2

E) 4

25. Литосфералық плиталардың қозғалыс жылдамдығы жылына:

A) 1 см-ден 6 см-ге дейін

B) 10 см ден - 16 см-ге дейін

C) 8 см

D) 7 см-ден 15 см-ге дейін

E) 1 мм-ден 1 см-ге дейін

26. Алматы облысының территориясында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғатын қатты жел.

A) Пассат.

B) Ебі.

C) Арыстанды-қарабас.

D) Сайқан.

E) Муссон.

27. Қазақстанның солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай тартылған темір жол –

A) Түркістан-Сібір.

B) Орынбор-Ташкент.

C) Оңтүстік Сібір.

D) Трансқазақстан.

E) Орта Сібір.

28. Дүние жүзінде қант қызылшасын ең көп өсіретін ел

A) Ресей

B) Қытай

C) Украина

D) Қазақстан

E) Жапония

29. Боливиядағы Ла-Пас қаласы теңіз деңгейінен ... метр биіктікте орналасқан.

A) 3630

B) 2440

C) 1500

D) 5050

E) 4500

30. Миллионнан астам тұрғыны бар қала:

A) Ферғана.

B) Ташкент.

C) Самарқанд.

D) Душанбе.

E) Бішкек.

3 нұсқа

1. Мұхиттық аралдардың халқын зерттеген ғалым

A) Р.Амундсен

B) Р.Пири

C) Н.Миклухо-Маклай

D) Ф.Нансен

E) Н.Пржевальский

2. Тянь-Шань тауларын зерттеудегі еңбегі үшін атаққа ие болған

A) Қ. Сәтбаев

B) Л. Берг

C) П. Семенов

D) П. Паллас

E) Ш.Уәлиханов

3. Қазақстанның оңтүстігіндегі газды аймақ

A) Маңғыстау-Үстірт

B) Жайық-Каспий

C) Зайсан аңғары

D) Шу-Сарысу

E) Қаратау

4. Қалпына келмейтін табиғат ресурсы

A) жел энергиясы

B) минералды ресурстары

C) жер, су ресурстары

D) климаттық ресурстары

E) орман ресурстары

5. Солтүстік Қазақстанның өнеркәсіп торабы

A) Жезқазған

B) Петропавл

C) Балхаш

D) Теміртау

E) Қарағанды

6. Абсолюттік биіктік деп ... айтамыз.

A) көркем суретті

B) қабатты бояуларды

C) жер бетіндегі бір нүктенің екінші нүктеден биіктігі

D) горизонталь сызықтарды

E) теңіз деңгейінен бастап есептегендегі биіктікті

7. Геологиялық жасына қарай ең ежелгі таулар … пайда болған

A) Байкал қатпарлығының Кембрийге дейінгі кезеңінде.

B) Мезозойда.

C) Альпі тау жасалу кезеңінде.

D) Герцин кезеңінде.

E) Төрттік дәуірде.

8. 30-шы ендіктен экваторға қарай соғатын желдер:

A) торнадо

B) самум

C) бриз

D) муссон

E) пассат

9. Қытайлықтар, жапондықтар, корейлер ... нәсілге жатады.

A) эфиопиялық

B) аралас

C) европалық

D) экваторлық

E) монголоидтық

10. Африканың екі мұхитқа шығатын мемлекеті:

A) Алжир

B) Сомали

C) Марокко

D) Нигер

E) Египет

11. Қалталы жануарлары көп материк:

A) Африка.

B) Антарктида.

C) Оңтүстік Америка.

D) Австралия.

E) Солтүстік Америка.

12. Муссонды жауындар мына өзендерде судың тасуын әкеледі:

A) Рейн

B) Янцзы

C) Енесей

D) Еділ

E) Амудария

13. Батыс Қазақстанның ... өзенінде бекіре балықтары тіршілік етеді.

A) Сағыз.

B) Өзен.

C) Жайық.

D) Ульба.

E) Ембі.

14. Қазақстанның ... экономикалық ауданында украин, неміс ұлттарының үлесі жоғары

A) Орталық Қазақстан.

B) Шығыс Қазақстан.

C) Солтүстік Қазақстан.

D) Оңтүстік Қазақстан.

E) Батыс Қазақстан.