Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 Руб - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

32. Ақ Орда

14-15 ғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ т.б. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.15 ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайх-оғлының баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Ибақ хан, Береке сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзгент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 50-жж. Әбілхайыр Мәуереннахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға жорық жасайды.1456-1457 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшырапан Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастапан халықтың бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты. 1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, "Көшпелі өзбектер мемлекеті " ыдырап кетті.Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсіреуі нәтижесінде пайда болған мемлекеттің бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасы 13 ғ. 2 жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 14 ғасырда жалғасып, оның баласы Нұраддин (1426-1440) кезінде аяқталды.Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы жерді мекендеді.

Орталыпы Жайықтың төменгі сапасындағы Сарайшық қаласы. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жж. Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 ж. орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді бағындырды. Ноғай ордасы маңғыттардан тұрды. Оның құрамында қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын т.б. болды. Оның басшылары арасында билік үшін күрес болып жатты. Нәтижесінде Ноғай орасы құлап, орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды.14 ғ. орт. тағы бір хандық Моғолстан мемлекеті құрылды. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348-1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14-15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір облыстары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталыпы Алмалық қаласы.

33. Моғолстан 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.

34. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

35. Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;

2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

4. халықтың тілінің қалыптасуы;

5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

36. Қазақ ұлысының этногенезін зерттеушілер екі аспект арқылы қарастырады: лингвистикалық және антропологиялық, себебі қазақ тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақтарды басқа ұлыстардан қандай белгілерімен айырмашылығы болған. Бұл процестер бір бірімен тығыз байланыста жүруде. Қазақ ұлысы әлемнің басқа да ұлыстары сияқты, сондай заңдылықтар негізінде қалыптасқан. Этногенез процес кейбір жағдайларда бір уақыттарға тоқтап қалып тұрды, сосын баяу қайтадан жалғасты, бірақ жаңа тарихи жағдайда. Әр халықтарда этногенетикалық процестің өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер қазақ ұлысына да тән. Қазақстан аумағында адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысын көруге болады: көне түрінен бастап. Бастапқы кезеңде бұл процестер автохтондық халыққа байланысты болды. Бірақ кейіннен даму кезеңінде олар Орта Азия кеңістігіндегі этникалық процесстерден ғана тәуелді болды. Қазақстан аумағында этникалық тарихтың дамуы, ірі этникалық қауымдастықтардың қазақ халқының негізін құруы алғышарт болды. Себебі көшпелі малшылар мен тұрақты егін шаруашылығы, қала мәдениеті, қоғамдық қатынастардағы прогрестік өзгерістердің өзара байланысы мен эволюция негізін құрады. Көбінесе этникалық процесстер күрделі саяси оқиғалармен, қазақстан мен Орта Азия аумағы мен одан сырт елдерде өтіп жатқан анықталады. Этногенетикалық процесстердің Қазақстан аумағында дамуының бірнеше кезеңдері бар. Антропологиялық деректер бойынша этникалық дамуда көптеген жылдар бойы еуропалық халық түрі сақталған. Олар кейіннен монғолоид сипатқа ұшыраған . Тілдік, Орта да өзгеріссіз қалмады, ирантілдес көне тайпалар біртіндеп бұл аумақты мекендегендердің тілі түркі тіліне орын берді, себебі этногенетикалық процестер тамыры қазақ даласының кең байтақ жерінде қола дәуіріне кетеді. Ол кездерді сол уақытта андронов тайпалары мекендеген. Олар европеоид нәсілді болғагү археологиялық деректер бойынша Қазақстан аумағында, қола дәуірінде айтулы мәдени ерекшеліктер орын алған. Соған қарамастан Қазақстан және Орта Азия аумақтарындағы қоғамдық мәдени процестерде ұқсастықтар өте көп. Темір дәуірінде Андронов өз ұрпақтарына жаңа өмір салтын – номадизмді қалыптастырды.

37. Қазақ этнонимі. Қазақ термині ұғымы. "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.

X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.

X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.

1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.

"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;

2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.

38. Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

39. «Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;

Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;

Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;

Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы|жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл

40. XVI-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихы.

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.

Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.

XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.

Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.

Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.

1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.

Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.

Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.

1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.

Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.

Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.

Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті.

Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.

Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. «Жет жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.

Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық мемлекет болды.

41. Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

42. "Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды.

43.44. Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық;

ә) этностық туыстық;

б) шаруашылық-мәдени бірлік;

в) саяси басқару ортақтастығы.

Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп

есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-монғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек. Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:

сарыүйсін; шапырашты; ошақты; ысты; албан; суан; дулат; сіргелі; қаңлы; жалайыр; шанышқылы

Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):

арғын; найман; қыпшақ; қоңырат; керей; уақ.

Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:

шеркеш; есентемір; таз; ысық; адай; беріш; байбақты; қызылқұрт; тана; масқар; алаша; алтын; жаппас.

Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:

шекті; шөмекей; төртқара; кете; қаракесек; қарасақал

Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:

табын; тама; кердері; керейт; телеу рамадан; жағалбайлы

45. Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды. Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды. «Ликург» деген бір кезде ежелгі Грекияда көне Спартаның ақылгөй Заңгері болған, сондықтан ақылды, көреген қайраткерлердің бәрін Еуропалық ғалымдардың «Ликург» деп атауы қалыптасып кеткен. Тәуке ханды бұлай сипаттаған кейінгі зерттеуші Еуропалық ғалымдар.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. XVІІІ ғасырда Есіл өзеннің жібек шалғынды көкорай жағасындағы Күйгенжарда (Астана қаласынан 10 шақырым жерде) атақты Салқам Жәңгірдің баласы Әз Тәуке ханның ордасы қоныстанған. Себебі, жоңғарлардың тегеуірінді бір шабуылы Түркістанды уақытша амалсыз қалдыруға мәжбүрледі. Сарыарқаның айтулы сайыпқырандары мен сайраған әділетті билері қанжығалы қарт Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, бәсентиін Малайсары, қыпшақ Қошқарбай, қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жыраулармен ел тағдыры мен жер тағдырын ойлап кездесуге мейлінше қолайлы жер еді.Қан кешуде болашағын болжағыш көреген, кемел ойлы Әз Тәуке хан дала даналары үйсін Төле би, алшын Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек билермен ақылдасып, қазақ елінің құқықтық-конституциялық құжаты "Жеті жарғыны” дүниеге әкелді. Кейін қазақтың Сәмеке ханы Қоқан мен Бұқараның үздік шебер құрылысшыларын жинап әкесі Тәуке хан зираты қасында Есілдің шұрайлы жерінде қала соққан дейтін аңыз бар. (Ақмола округінің ең соңғы аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы Сәмекенің немересі, Тәуке ханның тікелей ұрпағы). Туған елінің ой-тілегінен шыққан Тәуке ұрпақтарының бірі Абылай еді. Ол осы ата жолынмен  қырық сегіз жыл  Сарыарқа төрінде отырып  қуатты мемлекет құрды.Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, жасы ұлғайған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болған.

46. Жеті жарғыТәуке хан (16781718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

47. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

48. Аңырақай шайқасы

Бұл – қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында үлкен бетбұрыс жасалынған ұлы жеңіс шайқасы. Ол 1729 жылдың мамыр – маусымында (кейбір деректерде 1730 жылы) болды. Оған нақты негіз 1710 жылы Қарақұмда өткен бүкіл қазақ құрылтайында, 1726 жылы Ордабасында өткен жиында қаланған еді...Болат ханның бастауымен үш жүз хандары – Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр, үш жүздің билері – Төле, Қазбек, Ақсуат, үш жүздің батырлары Шақшақ Жәнібек, Тілеулі, Қабанбай, Бөгенбай, Есет және сұлтандар, тағы да басқа рубасылары Ордабасы жиынын 1726 жылы өткізіп, бүкіл қазақ қолы жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға бірікті. Осы жиында бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғар шапқыншылығына қарсы жеке-жеке емес, ортақ, бірыңғай, тұтас стратегиялық шабу-ылға шығуға, әскери тактиканы кеңінен қолдануға мол мүмкіндік берді. Ең бастысы, қанға тұншыққан қазақ даласында көп жылдардан кейін саяси және әскери бірлікке қол жеткізілді. Соның нәтижесінде, үш жүздің қарулы жасақтары 1728 жылдан бастап Балқаш пен Шу бойына қарай жылжыды. Өйткені, 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуы, Оңтүстігі, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңір жоңғарлардың қол астында еді. Оған масаттанған және сол кезде, яғни, 1727 жылы әкесі Севан Рабдан өлгеннен кейін оның ұлы Қалдан Серен билікке келгендіктен жаңа қонтайшының бастауымен жоңғарлар жаңа жорықтарға шығып, қазақ жерін тұтастай жаулап алуға құлшынды. Қашанда қазақ даласына «жансыздарын» жіберіп, барлық жағдайды жіті бақылап отыратын жоңғарлар қазақтардың қарулы қолдарының тосын әрекетін сезіп қалып, олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде жалма-жан үлкен әскери шеп құрып үлгірді. Мұны Әбілқайырдың жасағы да біліп, олар шешуші шайқасқа шығу үшін Хан тауы мен Сұңқар тауына келіп жиналды. Тарихшы Ж. Қасымбаевтың жазуынша: «Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Керей Жәнібек, Қыпшақ Тілеулі, Қаракерей Қабанбай, Абақ керей Жауғашар (Шақантай), Кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды» (ҚҰЭ, 1 том, 389 бет. Алматы, 1998 жыл).Зерттеушілердің пайымдауынша, Аңырақай шайқасы көктемде басталып, жаз айларына ұдасқан, 40-45 күнге созылған. Қазақ жасақтары шайқаста біртіндеп жоңғарлардан басым түсе бастаған да, Итішпестің Алакөлі маңында жаудың тас-талқанын шығарған. Бұл Балқаштың шығысындағы Алакөл емес. Итішпестің Алакөлі Балқаштың оңтүстігіне қарай 120 шақырым жерде. Осы көлдің қазіргі атауы – Сорқұдық. Оның ұзындығы 10-12 шақырым, ені 2 шақырым. Соның қасындағы Аңырақай шайқасы өткен алаңның ұзындығы – 30-35 шақырым, ені 20 шақырым. Аңырақай шайқасына 30-35 мың қазақ, 35-40 мың жоңғар әскері қатысты деген дерек бар. Орыс барлаушыларының мәліметі бойынша, Аңырақай шайқасына көп жасақ шығарған Орта жүз рулары. Жәнібек, Тілеулі, Бөгенбайлар 15 мың қолмен келген. Олар негізінен, қанды шайқасқа түсіп шыныққан, соғыс өнеріне тәжірибелі, іріктелген сарбаздар болды. Екінші болып жасақты көп шығарған Кіші жүз рулары. Бұлардың қарулы жасағы 10-15 мың адам аралығында болған көрінеді. Ұлы жүздің шығарған қарулы жасағы 10 мың сарбаз көлемінде. Үш жүз жасақтарының соғыс қимылын үйлестіру, оған басшылық жасау Әбілқайыр ханға тапсырылған. 

49.

52. 1773-75 жылдардағы. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қазақтарды да қамтыды. Ол жәнінде А.П. Чулошников (1929), М.П. Вяткин (1941-51), Г.И. Семенюк, Е.Бекмаханов, Н. Бекмаханова, А. Нүсіпбеков сияқты тарихшы-ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланған. Әсіресе 40-60 жылдары осы мәселелерді жаппай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес. 1773 ж. 20 қыркүйекте Пугачев қазақ жұртына көтерілісшілерге 200 адам беру жөнінде үңдеу тастайды. Сол жылдың қазан айында Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы бастаған тама, табын руларының жігіттерінен жасақталған отрядты Пугачевтің қарамағына жібереді. Көп кешікпей бұларға Досалының екінші баласы, кейін сұлтанның өзі келіп қосылады. 1900 ж. Орал қ. архивінде жұмыс істеген орыс жазушысы В.Г.Короленко: «Досалы сұлтанның үшінші ұлы — Пугачев көтерілісіне тікелей қатысып, Жайық қамалын алуға атсалысқандардың бірі» деп жазады. Сонымен қатар Кулагин қамалын (қаз. Атырау облыстық) алуда да қазақтардың зор үлес қосқанын атап көрсетеді. Орынбор шекарасындағы қамалдар мен форпостарға қазақ жауынгерлерінің дүркін-дүркін шабуылы үдей түсті. Академик В.П. Вяткиннің: «Қазақ халқы хан мен сұлтандардың рұқсатынсыз пугачевпгілермен байланыс жасай отырып, шекара желісіне жиі-жиі шабуылдар жасады» дейді. Башқұрт полковнигі, 1774 ж. Пугачев көтерілісіне қатысқан Б.Қанқаевтің мәлімдемесі бойынша, көтерілісшілер құрамында 10 мың қазақ болған. Пугачевті дарға асқаннан кейін де Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы қозғалысы тоқтаған жоқ. Үздік-создық созыла келіп, 1775 жылдың аяғында С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Кіші жүз қазақтары Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы өзінің үлттық бостандығы үшін күресті.

57. И.Таиманұлы,М.Өтемісұлы бастаған халық көтерілісі (1836-1838). 1836 жылы ақпан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық сипаттағы көтеріліс басталады. 1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан қайын атасы Қарауылқожаға бүлік шығарған старшындарды тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып, хан сарайна барып бас июді талап етүі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті. 1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына 20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын орындамай, оның билігін де мойындамады. Бұдан соң 1836 жылы 13 желтоқсанда Жәңгір ханның сыбайластары Махамбет пен Тінімнің ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді. 1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды алаңдата бастайды. 1837 жылғы 30 наурыз - Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талп етті. 1837 жылы 2 қазанда атаман Покатилов басқарған жазалаушы (200 адам) қазақ отрядтарының Исатайды ұстау әрекеттер босқа кетеді. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы би ауылын шабады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне әсер етті. 1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді. 9 қарашада 400 адамдық ханның әскері және зеңбіректермен қаруланған Гекке мен Меркулов топтары бірікті. 1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісішілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады. 1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайықтың шығысына қарай өтеді. Кіші жүзге өткенде Исатайдың жанында 40 адам болды. Сұлтан Айшуақұлының жазалаушы тобы Исатайдан ажыраған 12 адамдық топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян) ұстап, Оралдағы түрмеге жапты. Бұл кезде қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс жайыла бастаған еді. 1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді. Исатайдың ендігі мақсаты: 1. Ішкі Ордаға қайта оралып, Жәңгір тобына күтпеген жерден соққы беру. 2. Көтерілісті бүкіл Ішкі Ордаға тарату. 3. Нарын құмында бекініп, Жәңгірден кек алу. 4. Орыс помещиктері басып алған жерлерді шаруаларға қайтару.

Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады. Көтерілістің жеңілу себептері: • Үстем тап өкілдерінің опаздығы. • Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады. • Қару – жарақтың теңсіздігі. • Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. • Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы. • Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы. • Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болды. Нәтижесі: • Салық мөлшеріне шек қойылды. • Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды. • Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді. • Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін көрсітті. • Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды. Көтерілістің тарихи маңызы: 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды. 1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды. 2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының опасыздығын дәлелдеді. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

58.Ж.Нұрмұхамбедұлы, Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс.(1858-1860)7

ХIXғ.50-жылдарында Сыр бойындағы қазақ щаруашылығының азаттық күресінің басшысы: Жанқожа Нұрмұхаммедұлы . Ж.Нұрмұхамбедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болған: Хиуа ханның ұлы Мұхаммид- Рақым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария мен аудандарында көптеген қамал тұрғызуы.

1845 жылы Бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл.Жанқожа қолы Қуандария бойындағы талқандалған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген екі мыңдай хиуалықты жеңді. 1847жылы Райым бекінісі салынды.Қазалы бекіністің қазіргі атауы.

1856-1857жж. Төмен Сыр бойы қазақтарының көтерілісіне себеп бекіністер ді салуға қазақтарды күшпен тарту.1856-1857 жж.Жанқожа бастаған көтерілістің орталығы Жаңақала болды. 1856 жылы Жанқожа туы астында 1500 адам,1857 жылы 5000 адамға дейін жетті.Жанқожа батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы орты 1856 жылы Желтоқсанның аймағында қоршауға алынды. Патша өкімет Жанқожа батыр мен Есет Көтібар ұлының күштерін біріктірмеу үшін : генерал майор Фитингеф басқарған ірі топты қарсы жіберді. 1857 жыл 9 қаңтарда Жанқожа батыр мен генерал майор Фитингофтың әскері арасындағы Арық балық деген жерде шайқс болған. XIXғ. 1860ж.Жанқожа көтерілісі жаншылды. XIXғ.50-жылдары тАрал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған.Есет Көтібарұлы.Орынбор губерниясының әкімшілігі Есет Көтібарұлын Арыстан Жантөринге ұстауды жүктеді.1855жылы 8 шілде Есет батырдың тобы талқандаған күш сұлтан Жантөрин.

XIXғ. Ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі 1858ж. Жазалаушыларды қыспағымен Есет көтерілісті тоқтатып Орынборға барып патша билігін мойындады.

59.Кенесары Қасым ұлы бастаған азатттық қозғалысы.(1837-1847)

XIXғ.20- жылдарына қарай Ұлы жүздін бір бөлігі ,Кіші жүздің бір жағында билік еткен Қоқан бектері.XIXғ.20- 30 жылдарында Сыр өзенінің төменгі ағысында Хиуа хандығы бекіністер тұрғызған.Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған патша үкіметінің Жаңа Елек өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастадық.Патша үліметінің округтық приказдардың құрылуына қарсылық білдіріп қырық мың шаңырақ тастауына ырақ жақтастармен Кқкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен Қасым төре. 1802—1847ж, өмір сүрген .Саяси көзқарастарының қалып тастауына әсер еткен әкесі Қасым төре.Ал атасы А былай хан .1824ж, бастап туған ағасы Сержанның көтерілісіне қатынасты .Ағасы Сержанды өлтіруге бұйрық берген.Көтеріліс 10 жылға созылды.Бүкіл Қазақстанды көтеріліс қамтыды.Патша үкіметінің сот жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда,көтеріліске қатысқан сұлтан,би,старшындар 80-нен астам.Негізгі мақсаты;Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу және округтын билеу арқылы отарлауды тоқтату.Патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық көрсетті;1837ж. қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі қазақтарының тобына шабуыл жасады.1838ж.мамыр айында Ақмола бекінісін басып алып өртеді.1838ж.Кіші жүзге тарады.1844ж.шілде айында 20-сынан 21-не қараған түнде болған отрядымен шайғаста 44 сұлтандар Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан.

74. Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.