
29. Монғол шапқыншылығы
XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс хан әскерінің құрамында болған монғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың әскерін қосқанда, Орталық Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бұл әскер монғолдардың өз есебінен және де Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Монғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында монғол жауынгерлерінің, монғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.Монғолдардың батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған монғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.Монғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.Монғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас калаларының халқы монғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған.1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:"Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшақ жері — Ә.Т.) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік..."Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.Монғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:"Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, бірақ өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен..." — дейді
30. 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
31. Қазақстан монғол империясының құрамында «Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды. Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді. Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.