Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ ФРИП.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
402.43 Кб
Скачать

2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

4. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.

7. Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

8. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

  1. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.

  2. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2 . 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

  1. Несиелік нарық дегеніміз не?

  2. Несие нарығының құрылмына не жатады?

  3. Несие нарығының қатысушылары кімдер?

  4. Несие нарығының құралдарына не жатады?

5-дәрiс. Валюта нарығының құрылымы

Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша қаржы рыногының неғұрлым маңызды бөлігі болып табылады. Бұл оның көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасындағы құқықтық және экономикалық қарым-қатынас орнатылатын механизм.

Бұл жүйе келісідей негізде мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді:

  • Сатып алу-сату кезінде банк клиентпен тікелей қарым-қатынасқа түсетін бөлшек сауда мәмілелері.

  • Валюталық брокер арқылы екі банк бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін банкаралық көтерме сауда мәмілелері мұндай қарым-қатынас барысында банкаралық рынок құрылады.

Ұлттық валюталық жүйе ұлттық заңдармен анықталатын еліміздің валюталық қатынастарын ұйымдастыру формасын білдіреді. Оны келесідей негізгі элементтер сипаттайды:

  • ұлттық валюталық бірлік;

  • ресми алтын-валюта резервтерінің қоры;

  • валюта тепе-теңдігі және валюталық бағамды қалыптастыру механизмі;

  • валютаның айналымға түсу шарттары, валюталық шектеулердің болу-болмауы;

  • еліміздің сыртқы есеп айырысу тәртібі;

  • ұлттық валюталық рынок және алтын рыногының режімі еліміздің валюталық қатынастарын реттейтін ұлттық мекеме статусы.

Валюталық рыноктың негізгі қатысушылары - банктер, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкіметтік агенттіктер, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Олардың барлығында валюталық рынокта ашық позицияны хеджерлеу қажеттігін, қаражаттарды әлемнің түрлі аудандарына инвестициялауға деген қажеттілік және сатып алу қабілетін бір елден екінші елге беруді қоса алғанда алуан түрлі қажеттіліктері бар.

Валюталық рынокта оның қатысушылары келесідей негізгі қызметтерді атқарады: ақша аударымдары, хеджерлеу, клиринг және несие. Неғұрлым қарапайым операция – ақша аударымдары. Хеджерлеу кезінде валюталық рыноктың қатысушылар потенциалдық шығындардың валюталық тәуекелі деп аталатын тәуекел жағдайында валюталық позициядан қорғануға тырысады. Оның мәні мынада, мәселен теңге бағамы долларға шаққанда өсуі мүмкін және бұл жағдайда сатып алынған тауардың долларлық құны өседі. Бұл жағдайда ол теңге сатып ала отырып хеджерлеу жүргізе алады. Теңгені осылай форвардтық сатып алу тауардың долларлық құнын бекітеді және валюта бағамы өзгерген жағдайда қорғанысты қамтамасыз етеді.

Валюталық рынок халықаралық төлемдерді жүргізу кезінде клиринг механизмін қамтамасыз етеді. Бұл механизм банк басқа қаржы орталықтарында орналасқан банк-корреспонденттерде сақтайтын шетел валютасындағы депозиттер айналымы арқылы әрекет етеді.

Валюта рыногында банктер төмендегідей маңызды құралдарды пайдаланады:

  • Шетел валютасы.

  • Құйма алтын.

  • мерзімсіз салымдағы қаражаттар телеграфтық немесе электронды аударым (талап етілмелі депозиттер);

  • банктік вексельдер;

  • коммерциялық тратталар.

  • асыл бағалы тастар.

Әртүрлі валюта жіктелімінің негізгі сипаттамасы келесідей көрінеді:

Кез келген мемлекетте “валюта” ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былай жіктелінеді:

  • Ұлттық валюта – аталмыш мемлекеттің ақша бірлігі

  • Шетелдің – шет мемлекеттердің ақша бірлігі

  • Резервтік – кез келген мемлекеттің халықаралық төлемдік резервтік қаражат мәртебесі бар ұлттық валюта.

Төлем қаражаты ретінде ұлттық валютаның қабілеттілігі жылдам және онымен өзара қайтымдылықты немесе айырбасталымды құрайтын валютаның басқа барлық түрілеріне минималды шығынмен айырбасталынады . Сондықтан барлық валютаның жіктелім категориясын төмендегідей топтарға бөлуге болады:

  • еркін айырбасталымды

  • ішінара айырбасталымды

  • айырбасталынбайтын (тұйық)

Еркін валюталық айырбас резиденттер үшін де, резидент еместер үшін де кез келген операция түрлері бойынша валюталық мәміле жасасқанда еркін айырбасталымды валютаны белгілеген кездегі заңмен белгіленген шеңбер аясында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюталық мәміле бойынша сандық шектеу орын алатын елдердің валюасы жатады.

Валюталық операцияны жүзеге асыру және бір елдің валютасының басқа елдің валютасынан пропорционалды тәуелділігін анықтау валюта рыногына қатысушылар арасында валюта айырбасынсыз мүмкін емес. Аталмыш механизм валюта баға белгіленімін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Валюталық баға белгілену – бұл айырбасқа ұсынылған, елдер арасындағы ақша бірліктерінің арақатынасы негізінде белгіленген валюта бағамын анықтау. Аталмыш арақатынас валюта рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үздіксіз өзгеріп тұрады.

Валюта бағамының режімі бойынша валюталар былай жіктелінеді:

  • валюталық тепе-теңдік арқылы тіркелген бағам

  • өзгермелі бағам

Тіркелінген бағам анықтамасының классикалық нұсқасы “тіркеу” сөзінен шыққан, яғни әртүрлі елдердің ұлттық валюталарының ресми белгіленген арақатынасы көрсетілген. Өзгермелі бағамға келсек, ол валюталық биржалардағы сауда барысында қалыптастырылады және аталмыш валютаға деген сұраныс пен ұсынысты көрсетеді. Валюталық рынок ақша қаражаттарының тұрақты қызмет ететін және қажетті аккумуляторы болып табылады.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

  1. Валюта рыногы нені білдіреді?

  2. Елдің қаржылық жүйесіндегі валюта рыногының маңызы қандай?

  3. Валюта рыногы қандай қызмет атқарады?

  4. Қазақстан валюта рыногының құрылымы қандай?

  5. Қазақстанда қандай валюталық операциялар жүргізіледі?

6-дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру

Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қайта сатумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Бағалы қағаздар нырығының құрылымына алғашқы нарық және қайталамы нарық жатады. Алғашқы нарық бұл бағалы қағаздарды алғашқы шығару және орналастырумен бйаланасты шаралар жиынтығын қамтыса, ал қайталама нарық бұл оларды қайта сату немесе әрі қрай айналдыру қатынастырын сипаттайды.

Бағалы қағаздар нарығының құрылымы ішінара бағалы қағаздар түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінеді:

  • акциялар нарығы;

  • облигациялар нарығы;

  • опциондар нарығы;

  • фьючерстер нарығы;

  • депозиттік қолхаттар нарығы;

Бағалы қағаздар нарығының құралдары бұл бағалы қағаздар түрлері жатады. Біздің тәжірибемізде бағалы қағаздарды мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға немесекорпоративтік бағалы қағаздар деп бөледі.

Мемлекеттік бағалы қағзадарға МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ, МЕИКАМ, НСО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар мен валюталық ноталар жатады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенттеріне ҚР Ұлттық банкі, Үкімет және жергілікті басқару органдары жатады.

Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады.

Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар; ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестицялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады. Жай акция бойынша дивидент мөлшері белгіленбейді және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасын тікелей тәуелді болып табылады.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі түрге бөлінеді:

  • Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

  • Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.

Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.

Ипотекалық куәліктер – бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен қамтамасыз етілген, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік туынды бағалы қағаз.

Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.

Депозитарлық қолхат – депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.

Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:

1. АДР – американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.

2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.

Туынды бағалы қағаздар – құны базалық активтің құнына тәуелді болып келетін екінші реттегі бағалы қағаздар.

Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.

Фьючерс – мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.

Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.

Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.

Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда делдал ретінде бола отырып, банктер клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына маналар жатады:

  • Эмитенттер;

  • Инвесторлар;

  • Брокерлер;

  • Брокерлік конторалар;

  • Дилерлер;

  • Маклерлер;

  • Қор биржасы;

  • Мемлекеттік ұйымдар;

  • Кәсіби қатысушылар.

ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • брокер қызметі,

  • дилер қызметі;

  • депозитарий қызметі;

  • кастодиандық қызмет;

  • тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;

  • бағалы қағаздарды басқару.

Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.

Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.

Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.

Қазақстанда брокер-дилер қызметіне кешенді лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:

  • 1-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;

  • 2-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.

Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 4. 39-48, 5 . 38-47, 6. 41-54 бет],

Қосымша: [ 5. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары

  1. Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не

  2. Мемлекеттік бағалы қағаздарға нелер жатады?

  3. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға не жатады

  4. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлеріне не жатады?

7- дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы

Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыруға келісетін тәуекелді бөлісу туралы келісім. Сақтандыру қызметтеріне мүдделі сақтанушылар, оларға деген сұранысты қанағаттандыратын сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары) сақтандыру инфрақұрылымының сақтандыру делдалдары мен ұйымдары (консалтингтік фирмалар, т.б.) қызмет ететін әлеуметтік-экономикалық кеңістікті білдіретін сақтандыру рыногында сақтандыру рыногын қалыптастырудың объективтік негізін күтпеген қолайсыз жағдайлар орын алғанда зәбір шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы қайта жаңғырту процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттігін білдіреді. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ете отырып сақтандыру рыногы сақтандыру өнімін сатып алу-сату жөніндегі барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл рынокта сақтандыру қызметін қоғамдық тану жүзеге асырылады және оның қызмет етуінің негізгі экономикалық заңдылықтары болып құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы табылады. Сақтандыру рыногы тауар шаруашылығының қалыптасу барысында құрылатындықтан, еңбектің қоғамдық бөлінісі және әр түрлі меншік иелері оқшауланған тауар өндірушілердің қызмет етуі ол екеуінің де пайда болу шарты болып табылады. Өздігінен бұл рынок рыноктық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметін сату-сатып алу жөніндегі олардың тең құқықтық әріптестігін білдіреді.

Сақтандырудың мәнін негізге ала отырып сақтандыру рыногының келесідей негізгі функцияларын көрсетуге болады:

  • Реттеуші- сақтандыру рыногы барлық басқа рыноктар сияқты мемлекеттік реттеуге жатады;

  • Коммерциялық- сақтандыру рыногы сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан пайда алуды қамтамасыз етеді;

  • Бағалық-сақтандыру рыногы компанияның сақтандыру қызметтеріне баға орнатуды қамтамасыз етеді;

  • Сенімділік функциясы- сақтандыру операциялары қолайсыз жағдайлар және тағы басқа пайда болған жағдайда сенімділікті қамтамасыз етеді;

Сақтандырудың келесідей түрлері бар.

  • өмірді сақтандыру рыногы (бұған сондай-ақ барлық ұзақ мерзімді сақтандыру түрлері: зейнетақы, денсаулық, неке, аннуитет және тағы басқа жатады)

  • мүлікті сақтандыру рыногы;

  • жауапкершілікті сақтандыру рыногы;

  • жазатайым жағдайдан сақтандыру рыногы;

Сақтандыру түрлері:

Міндетті сақтандыру - заң актілерінің талабы бойынша жүзеге асыра сақтандыру. Өз өмірін, денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа не заң актілерімен де, не шарттармен де жүктелуі мүмкін емес. Ерікті сақтандыру сияқты міндетті сақтандыру да шарттық негізде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

Ерікті сақтандыру- тараптардың ерік білдіруі негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру түрлері, шарттары және тәртібі тараптардың келісімімен анықталады. Сақтандыру объектісі заңсыз мүддені қоспағанда азаматтың немесе заңды тұлғаның кез келген мүддесі болуы мүмкін. Міндетті сақтандырудан айырмашылығы ерікті сақтандыру әрқашан шарттың әрекет ету мерзімімен шектеледі және сақтандыру жарналарын төлеген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Міндетті және ерікті сақтандырудың оңтайлы үйлесімі қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтандыру қорғанысының әмбебап көлемін қамтамасыз ететіндей сақтандыру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, өйткені сақтандыру оқиғасы қандай да болмасын әрқашан көптеген тұлғалардың мүдделерін қорғайды.

Жеке сақтандыру объектілеріне азаматтардың өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі жатады. Мүлікті сақтандыру жекелеген адамдар және шаруашылық субъектілерімен олар иеленетін немесе жалға алып отырған мүлікті тікелей немесе жанама зақымданудан қорғау ретінде жүзеге асырылады. Мүліктік сақтандырудың объектілеріне: жер, әуе және су көліктері жүктер және тағы басқа мүлік, сондай-ақ қаржылық тәуекелдер.

Мемлекеттік сақтандыру- сақтандырушы мемлекеттік ұйым болатын және ол заңмен реттелетін сақтандыру формасы. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізуге мемлекеттің абсолютті монополиясы, тек жекелеген сақтандыру түрлеріне ғана мемлекет монополиясы немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыру монополиясы болмайтын жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

Акционерлік сақтандыру - өзінің азғантай қаражаты жағдайында ақша ресурстарын тарту есебіне сақтандыру операцияларын жылдам жүргізуге мүмкіндік беретін акция арқылы өзінің жарғылық капиталын қалыптастыратын акционерлік қоғамдар қатысатын сақтандыру қызметінің формасы. Бастапқы капиталды құру тәртібіне байланысты ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ажыратылады. АҚ-ның мұндай типтері жалпы әлемдік тәжірибеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам нысанындағы сақтандыру ұйымдарын құру заңдармен анықталған.

Өзара сақтандыру - құрылу мотиві өзара көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылатын сақтандыру қорғанысының формасы. Бұл жерде сақтандырушы бір мезетте сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады.

ҚР-ның сақтандыру рыногында сақтандыру қатынастарының қатысушылары:

  • сақтандыру қызметтеріне сұранысты қалыптастыратын сақтандырушылар;

  • бұл сұранысты қанағаттандыратын тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандырушылар);

  • сақтандыру операциялары бойынша залалды бөлуді тұтастай алғанда сақтандыру рыногының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қайта сақтандыру компаниялары;

  • сақтандыру қызметінің сақтандырушыдан сақтанушыға жылжытылуына ықпалдасатын сақтандыру делдалдары;

  • сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары болып табылады.

Қаржы рыногындағы маңызыды делдал сақтандыру компаниясы болып табылады. Тура сақтандыру рыногының өзінде сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану процесі жүзеге асырылады, біреулері құрылады және екіншісі бір экономикалық қатынастар пайда болып жатады, жеке топтық және ұжымдық мүдделер тоғысады.

Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебіне қалыптастырады және жинақталған қаражатты инвестициялық салым салуға жұмсайды. Қазақстанда қандайда бір бағалы қағаздарға салым салу лимиттері көрсетілген сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін диверсификациялауды шектеу жөнінде белгілі бір талаптар бар.

ҚР-ның аумағындағы сақтандыру ұйымының қызметі “өмірді сақтандыру” саласы бойынша лицнезиялар немесе “жалпы сақтандыру” саласы бойынша лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

“Жалпы сақтандыру” саласындағы қызмет “өмірді сақтандыру” саласындағы қызметпен бірге жүргізіле алмайды және жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру сондай-ақ медициналық сақтандыруды қоспағанда жинақтаушы ұйым формасында жүзеге асырыла алмайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда лицензиялық қызметі 32 сақтандыру ұйымдары жүзеге асуда, олардың ішінде бір өмірді сақтандыру бойынша, бес ҚР-сы резидент еместердің қатысуымен, алты сақтандыру брокерлері, 28-актуарийлер және сақтандыру ұйымдарына аудит жүргізуге лицензиясы бар 34 аудиторлық ұйымдар.

Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден аса филиалдары мен өкілдіктері қызмет етеді, сақтандыру агенттігінің тармақталған желісі бар (агенттіктің реестрін сақтандыру компаниялары дербес жүргізеді, және олардың саны жөнінде толық мағлұмат жоқ). Көбі-46 филиал Шығыс Қазақстан облысында ашылған, бұл Казцинк АҚ, титан-магний комбинаты, Ульбин металлургия зауыты сияқты алпауыттардың қызмет етуімен байланысты. Сондай-ақ Қарағанды облысында-36 филиал және Ақмола обылысында-35 филиал бар. Қарағанды обылысында көмір өндіруші шахталар, испат кармет комбинаты жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың болуы бизнестің жолдануын туғызады, осыған сәйкес мүлікті жауапкершіліктері және т. б. сақтандыруға деген қажеттілік туады.

Сақтандыру рыногының дамуындағы маңызды сәт шетелдік сақтандыру ұйымының қызметіне қатысты мәселе Қазақстандық болып табылады. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен ҚР-ның аумағында ҚР-ның резиденті емес сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының филиалдарын, сондай-ақ резидент емес сақтандыру брокерінің филиалдарымен өкілдіктерін құруға тыйым салынады. Мұндай филиалдардың қызметін бақылау өте қиын, өйткені олар дербес емес және тек шетелге ақша аударудың көзі ғана болуы мүмкін.

Сақтандыру ұйымдарының көпшілік бөлігінде білікті мамандардың қажетті санының болмауы олардың қызметіндегі проблемалардың бірі. Бүгінгі таңда қаржы рыногындағы кәсіби сақтандыру делдалдарының рөлі елеусіз және ескерусіз. Сондай-ақ сақтандыру рыногының жаңа қатысушылары актуарийлер пайда болды. Осыған орай ҚР-да осы іске сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының қоғамдық бірлестіктерінің алдыңғы кезекте Қазақстан сақтандырушылар Одағының белсенді қатысуымен ұйымда тиісінше сақтандыру бойынша мамандарды оқыту жүйесінің болуына деген қажеттілік пайда болды. Сонымен қатар бұл жерде сақтандыру рыногына деген қызығушылықтың артуына қарай осы кәсіптер бойынша мамандандыруды жүргізетін жекеше институттар да елеулі рөл ойнай алады.

8-дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы

Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып отырғандардың бірі.. Олардың ішінде: еңбектен кейінгі кезеңде қалыпты өмір жағдайын қамтамасыз ету үшін зейнеткерлердің жинақ қаражаттарының жеткіліксіздігі, индерлік проблемалардың (өмір ұзақтығының әр түрлілігі, еңбек ақысындағы соның салдарынан еркектер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі теңсіздік); өндірістік мүгедектік және т.б. проблемалардың шешімін таппауы сонымен қатар мемлекет пен зейнетақымен қамсыздандыру проблемаларын жетілдіру шаралары қарастырылуда.

1997 жылдың наурызында ҚР-сы Үкіметімен “ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы” ұйғарылды және 20 маусым 1997 жылы “ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы қабылданды.

Зейнетақы жүйесін реформалауды жүзеге асыру мемлекеттің макроэкономикалық жай-күйіне оң әсерін тигізеді және мемлекеттік қорланған зейнетақы және жеке зейнетақы қорларын сызбасын енгізу Қазақстандағы капитал рыногының дамуына септігін тигізетін көлемді ұзақ мерзімді қаржы капиталының құрылуын қамтамасыз етеді деп күтілген. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандыру ставкаларын төмендету және оны әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізуге деген жеке тұлғалардың артқан қызығушылығы еліміздің экономика салаларындағы көлеңке экономиканың үлес салмағын азайтады.

Бұл ретте зейнетақы реформасын жүзеге асырудың аса маңызды ерекшелігі Қазақстан азаматтарының негізгі санасын қайта қалыптастыру болуы тиіс.

Зейнетақы нарығы – бұл зейнетақы активтерін жинақтау, сақтау және оларды орналастыру және басқарумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы білдіреді.

Қазақстанның зейнетақы рыногының құрылымына мыналар жатады

-Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (ЗТМО);

-Жинақтаушы зейнетақы қорлары

-Банктер - кастодиандар

-ЗАИБ ЖАҰ

-Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры

-Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған. Бұл органның негізгі қызметтері республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады; азаматтарға әлеуметтік жеке кодтарын беру; міндетті зейнетақы жарналарын жеке дара есепке алу; міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден ЖЗҚ-на аудару немесе т.б. болып табылады.

ЗТМО-дан басқа ҚР-да мемелекеттік емес ЖЗҚ-ры бар. ЖЗҚ-ры халықтың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады және осы ресурстарды бұл арада нақты ұстаушы болып тұрған кастадион-банктің есебіне қабылдайды. ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не тиісті лицензиясы болған кезде ЖЗҚ-ры дербес жүзеге асыра алады. ЗАИБЖҰ кастодиан банктің шотына зейнетақы жарналары түскен күннен бастап 3 күн ішінде бұл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.

Өз қызметінде зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және кастодиан-банк бір-біріне қатысты әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері және барлық пайда болатын қатынастар тыянақты түрде келісілетін үш жақты кастодиандық шарттың ережелерін басшылыққа алады.

Зейнетақылық қызмет көрсетудің осы үш заңды қатысушыларының арасындағы өзара әрекеттесетік келесідей сызба бойынша болады, зейнетақы қоры мен салымшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес алушы салымшының жарналары қормен кастодиандық шарт жасалған кастодиан –банкке бұл үшін арнайы ашылған қордың инвестициялық зейнетақы шотына түсіп отырады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражаттарын тарту есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. 20 маусым 1997 жылғы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы” Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі оның тиянақты жұмысына және ең бастысы – зейнетақы қорларының сақталуын кепілдендіреді.

1999 жылдың басында Үкімет қаулысымен міндеттің зейнетақы жарналарын төлеудің тәртібі өзгертілді. Ал аудару механизмі сақталды. Алайда, 10%-дық міндетті зейнетақы жарналары бұрынғыдай жұмыс беруші есебінен төленбей, жұмысшының табысынан ұсталып қалады. Жұмысшы табысынан ұстап қалудың дәл осы тәртібі басында-ақ “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңда ойластырылып, бекітілген, өйткені оның зейнетақылық жинақ ақшаларына меншік құқығын дәл осылай бекітуге болады. Сонымен қатар әрбір шарт бойынша салымшының Есеп кітапшасы толтырылады. Тағы бір кепілдіктердің бірі жұмыс беруші жұмысшының келісімінсіз зейнетақы шартын бұза алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін тарту бойынша қызметті, сондай-ақ ҚР заңдарымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарналарын жинауды жүзеге асырады және оларды әртүрлі бағалы қағаздарға айналдырады, осылайша қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары (МЖЗҚ-ГНПФ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы (МеЖЗҚ-ННПФ) қорлары болып бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардан міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізетін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға болып табылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары – бұл салымшылардың міндетті және ерікті жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру мен оларды инвестициялау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Міндетті жарналардан басқа жинақтаушы зейнетақының заңдармен және зейнетақы шарттарымен анықталатын тәртіп пен мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына өз бастамашылығы бойынша салымшылар салатын ерікті зейнетақы жарналарын да тартуы мүмкін.

Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету және төлеуге арналады. Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде ЖЗҚ инвестициялық табыс алады.

Жоғарыда көрсетілген түрлерінен басқа ашық және корпоративтік ЖЗҚ-н айтуға болады. Ашық ЖЗҚ алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент те, резидент емес те заңды және жеке тұлғалар жинақтаушы тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Дауыс беретін акцияларының 25% астамы жиынтық түрде;

  • ҚР-ның резиденті емес тұлғаның;

  • Акцияларының 50 %-нан астамы ҚР-ның резиденті емес тұлғаларының меншігінде немесе басқаруында болған ҚР-ның резиденті заңды тұлғаның;

  • ҚР-сы резиденті емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын ҚР-сы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған зейнетақы қорлары ҚР-ның резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.

Қазақстан аумағында жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті лицензия негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Қазақстан зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруға лицензияны қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі береді және зейнетақы қорлары тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруға мамандануын кепілдендіреді және мәселен, сауда-саттыққа немесе өндіріске алаңдамайды.

Зейнетақы қорының өз капиталы басқа ұйымдар құру үшін уақытша қаржылай көмек міндеттемені қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

Комиссиялық сыйақының шекті шамасын ҚР-ң Үкіметі:

  • инвестициялық кірістің 15%-нан;

  • айына зейнетақы активтерінің 0,05 % -нан аспайтын шекте белгілейді.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін.

Зейнетақы қорының қызметі келесідей принциптерге негізделеді:

  • қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды ерікті таңдау мүмкіндігі;

  • қарапайымдылық, сенімділік және ашықтық;

  • уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қатаң реттеу және қадағалау;

  • операциялық тиімділік;

  • олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат беру.

ЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру процесінде зейнетақы жарналарын жинауға; өз қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар алуға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасасуға, зейнетақы шарттарының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары:

  • алушыларға зейнетақы төлеуге;

  • жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

  • алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

  • зейнетақы заңдары және зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;

  • алушының өтініші бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға;

  • бір,үш, бес, он күнтізбелік жылда стандартты уақыт аралығында есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

  • ҚР-сы заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Әдебиет: 11 негізгі [43-60] 21 қосымша [112-135]

Бақылау сұрақтары:

  1. Зейнетақы рыногы дегеніміз не?

  2. Қазақстанның зейнетақы рыногының қатысушылары кімдер?

  3. Жаңа зейнетақы жүйесінің КСРО кезінде болған бұрынғы жүйеден айырмашылығы неде?

  4. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмыс механизмі қандай?

  5. ҚР-сы зейнетақы рыногының құрылымы қандай?

9-дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл жүйедегі маңызды орынды банктер алады. Банк - ҚР-ның заңдарына сәйкес депозиттік, кассалық, аударым, есепке алу, ссудалық және т.б. операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің анықтамасынан көріп отырғанымыздай оның негізгі тағайымы-ақша қаражаттарының несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға өтуіндегі делдалдық. Банктермен қатар рыноктарда ақша қаражаттарының алмасуын өзге де қаржы және несие мекемелері: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. жүзеге асырады. Бірақ қаржы рыногының субъектісі ретінде банктердің екі негізгі ерекшелейтін белгілері бар:

Қарыздық міндеттемелердің екілік айырбасы яғни олар өздерінің жеке қарыздық міндеттемелерін (депозиттерін, жинақтаушы сертификаттарын т.б.) орналастырады, ал осы негізде жұмылдырған қаражаттарды басқалар шығарған қарыздық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға орналастырды. Қаржы рыногында қызметін өзінің қарыздық міндеттемелерін шығармай жүзеге асыратын қаржы брокерлері мен дилерлерінен банктерді міне осы ерекшелейді.

Заңды және жеке тұлғалардың алдында өзіне қарыз сомасы бекітілген шартсыз міндеттемелер алу. Бұл мәселеге клиент қаражаттарын шарттарға және салымдарға орналастыру кезінде депозиттік сертификаттар шығару кезінде және т.б. көрініс табады. Бұл банктерді ресурстарын өз акцияларын шығару негізінде жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан ажыратады. Қарыз сомасы бойынша белгіленген міндеттемелерде банк үшін едәуір тәуекел болады, өйткені олар ештеңеге қарамастан толық көлемде төленуі тиіс, ал инвестицтялық қор оның активтері мен пассивтері құнының өзгеруімен байланысты барлық тәуекелдерді өзінің акционерлері арасында бөледі.

Жаңа міндеттемелерді туындату және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне алмастыруымен байланысты бұл процестің түгелі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Осы секілді трансформация нарықтық экономикада ерекше маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалардың, мерзімдердің, табыстылықтың т.б. сай келмеуінен пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың арасындағы тікелей қарым-қатынастың қиындықтарын өткеруге мүмкіндік береді.

Банктердің ерекшеліктеріне байланысты оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық банктер – ақша белгілерін айналымға шығаруға деген айрықша құқыққа ие болған орталық банктер. Әртүрлі елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ұлттық Банктің басты міндеті айналымға ақша шығару, банктер арасында ақша тауарын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысушылық қызметін басқару болып табылады. Ол еліміздің банк жүйесінің ең жоғарғы деңгейі.

Эмиссиялық банк ешбір басқа банктердің бірігуіне иелік ете алмайтындай ірі көлемдегі қаражатқа иелік етеді. Бұл оған барлық басқа банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметіне басшылық етуге мүмкіндік береді. Барлық қалған банктер эмиссиялық емес, өйткені айналымға ақша шығаруға құқылы емес.

Ұлттық Банктің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:

  • Эмиссиялық қызмет – бұл орталық банктің неғұрлым маңызды қызметтерінің бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақша қолма-қолсыз ақшаға қарағанда маңызды болмаса да банкноттық эмиссия өз мәнін сақтайды, өйткені қолма-қол ақша баяғыдай төлемдердің едәуір бөлігі үшін және қарыздық міндеттемені толық өтеу қаражатын иеленуі тиіс несие жүйесінің өтемпаздығын қамтамасыз ету үшін қажет.

  • Аккумуляциялау және коммерциялық банктер үшін кассалық резервтер сақтау қызметі, бұл дегеніміз ұлттық несие жүйесінің қатысушысы болғандықтан әрбір коммерциялық банк Ұлттық Банктің резервтік шотында өз салымының мөлшеріне белгілі бір арақатынаста болатын соманы сақтауға міндетті.

  • Дәстүрлі қызмет – елдің ресми алтын-валюта резервтерін сақтау.

  • Несие беру және үкіметтік органдар үшін есеп айырысу операцияларын орындау. Мемлекеттік бюджетте елдің ЖІӨ-ң жартысына дейінгі және одан да көп бөлігі шоғырланады. Бұл қаражаттар Ұлттық Банктегі шоттарда жинақталады және олардан жұмсалады. Сондықтан Ұлттық Банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті билік органдарының есеп шотын жүргізеді, осы шоттарға қаражаттарды шоғырландырып, төлемдерді солардан жүргізеді.

  • Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

  • Тікелей қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ссудалар мен мемлекеттік облигацияларды сатып алу формасында мемлекетке несие беру.

  • Үкіметтік органдардың тапсырысы бойынша алтын және шетел валютасымен операциялар жүргізу.

  • Ақша саясатының (ең алдымен ақша массасының өзгеруін реттейді) және несие саясаты (кредит көлемін, пайыздық ставкалардың деңгейін және ссудалық капитал рыногының өзге де көрсеткіштерін реттеуге бағытталған) іс шараларының жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асыру.

Коммерциялық банктер өнеркәсіптік, сауда және т.б. кәсіпорындарды негізінен өздері салымдар түрінде алатын ақша капиталдары есебінен несиелеу бойынша әмбебап операцияларды жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік банктер болып табылады.

Коммерциялық банктер қызметіне мыналар жатады:

  • мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктерге жазып берілген чектерді төлеу;

  • кәсіпкерлерге несие беру;

  • барлық ұлттық шаруашылықтар масштабында есеп айырысуды жүзеге асыру және төлем айналымын ұйымдастыру және т.б.

Коммерциялық Банк – шаруашылық есеп айырысу негізінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылатын дербес шаруашылық субъект. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік және байланысқа қарағанда банктер өндіріс сферасында емес, айырбас сферасында қызмет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни қайта бөлу сферасында қызмет етеді, тауарлар айырбасына септігін тигізеді.

Банктер орындайтын қызметтердің көлеміне қарай әмбебап және мамандандырылған коммерциялық банктер болады.

Әмбебап коммерциялық банктер – бұл көптеген қаржы операциялары мен қызметтерін орындайтын несие мекемелері. Бүгінгі таңда коммерциялық банк өз клиенттеріне 200-ге дейінгі алуан түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Мұндай кең ауқымды операциялардың болуы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтауға және қолайсыз конъюктура жағдайында да табысты болуына мүмкіндік береді.

Мамандандырылған банктер – банктің бір немесе бірнеше қызметтерін орындайтын, сондай-ақ өз қызметін белгілі бір экономика сферасында жүзеге асыратын несие мекемесі.

Функционалдық мамандандыру негізінде банктерді: инвестициялық, иннновациялық, ипотекалық деп бөлуге болады.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімді ссудалар беруге және ұзақ мерзімге соның ішінде облигациялық заемдар, акциялар мен өзге де бағалы қағаздарды шығару арқылы ақша қаражатын шоғырландыру ісіне маманданды. Көбіне-көп инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымдарға қаражаты жеткіліксіз кәсіпорындар мен ұзақ мерзімге қаражат салатын салымшылар арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер бұл да инвестициялық банктер, бірақ та тек технологиялық жаңалықтарды (инновацияны) жасау мен игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала тоырып ұзақ мерзімдік негізде қаражаттарды тарту мен орналастыру жөніндегі несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктердің пассивінде едәуір үлесті ипотекалық облигациялар, акциялар мен бағалы қағаздар құрайды.

Салалық және аймақтық банктердің мамандану дәрежесі, олардың активтері мен пассивтерінің қалыптасуындағы өзгешелік айтарлықтай шекте олардың қызмет сферасына сондай-ақ сала ұйымдарының ерекшеліктерімен, өндіріс процесінің өзге де ауытқушылықтарымен байланысты айырмашылықтарға тәуелді.

Аймақтық белгісі бойынша банктер: жергілікті (аймақтық) және бірқатар аймақтардың қажеттіліктеріне қызмет көрсететін, жалпы бір елдің, халықаралық деп бөлінеді. Әрине, іс жүзінде таза күйінде қандай да бір банкті кездестіру қиын, өйткені іс жүзінде тек қысқа мерзімді несие беретін, тек өнеркәсіптік кәсіпорындарға несие беретін, жекелеп алынған аймақтық клиенттеріне ғана несие беретін банк табыла қоймас. Қазіргі экономикада қызметінің басты бағыттарын сақтау жағдайында банк орындайтын операциялардың комбинациясын табу жеңілірек. Міне осы бізге олардың жекеленген типтерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Меншік сипаты бойынша банктер мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жекеше, муниципалды, аралас болуы мүмкін. Мемлектетік типтегі банктерде банк капиталына меншік тұрғысынан мемлекеттілік белгісі негіз болып табылады. Мұндай банктер қызметінде негізгі белгісінен бастау алатын белгі оның мемлекеттік ұлттық мүддеге бағынушылығы болады. (Мәселен, эмиссиялық банктердің жүйесі арқылы ақша айналымының тұрақтылығын қолдау коммерциялық банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да болмасын салаларды не аймақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру). Бұл банктердің ерекшеліктері сонда, олардың бастапқы капиталы меншіктің басқа формаларына жататын өзге де бөліктерден тұруы мүмкін болғандықтан акционерлік болып табылады. Алайда, бұл осы банктердің қызмет сипаты бойынша мемлекеттік болып табылуына кедергі қылмайды.

Қазіргі банк ісінде меншіктің неғұрлым кең тараған формасы - акционерлік. Әртүрлі заңды және жеке тұлғалар акционерлер бола алады. Меншіктің мемлекеттік формасының басым болуы табиғи нәрсе болып табылатын мемлекеттік банктердің құрамында да өзінің құрылтайшылары ретінде өзге де заңды тұлғалардан, мәселен, басқа банктерден тұруы мүмкін. Мұндай мемлекеттік банктің капиталы акционерлік болып табылады.

Әдебиет: 6 нег. [33-52]; 26 [45-56].

Бақылау сұрақтары:

  1. Банк дегеніміз не?

  2. Банктердің негізгі түрлері қандай?

  3. ҚР-да банктердің қандай түрлері қызмет етеді?

  4. Коммерциялық банктің делдалдық қызметінің мәні неде?

  5. Банктердің лизингілік, факторингілік, консалтингілік қызметтері нені білдіреді?

10-дәріс. Кредиттік серіктестіктер делдалдық қызметі

Қаржы делдалдарының ажырамас бөлігі болып мамандандырылған қаржы институттары табылды. Олар бір-екі операцияларды орындауға не экономиканың белгілі бір сфераларда қызмет етуге маманданады. Мұндай қаржы институттарына кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, қаржы компаниялары және т.б. жатады.

Кредиттік серіктестіктер өз қызметін ссудалық және басқа да банк операцияларын жүргізуге тиісті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде жүзеге асырды. Көбіне көп мұндай уәкілетті мемлекеттік орган елдің орталық банкі болды. Қазақстанда ол- ҚР-сы Ұлттық Банкі. Кредиттік серіктестіктер аса жоғары емес проценттермен жеке тұлға салымдарын тарта алады, сондай-ақ салыстырмалы түрде ұзақ емес мерзімдерге жеке тұлғалар мен шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне аса ірі емес сомада несиелер береді.

Кредиттік серіктестік ҚР-ның қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі берген лицензия негізінде банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырылатын коммерциялық ұйым болып табылады. Кредиттік серіктестіктердің мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі немесе қатысушыларының міндетті салымдары мен қосымша жарналары, кредиттік серіктестіктердің алған кірістері, сондай-ақ ҚР-сы заңдарын тыйым салынбаған өзге де көздерден құрылады.

“Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңына сәйкес, несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

  1. несиелік-депозиттік серіктестік - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.

  2. ауыл несиелік серіктестігі - өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

  3. несиелік серіктестік – коммерциялық ұйым.

Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады:

  • коммандиттік серіктестік;

  • толық серіктестік;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • акционерлік қоғам.

Кредиттік серіктестіктері мемлекеттік қорғау ауылшаруашылық өндірісін несиелеу үшін, тиісті жылға арналған бюджетте көзделген сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Құрылтай шарты және жарғы, кредиттік серіктестіктердің құрылтай құжаттары болып табылады.

Кредиттік серіктестіктердің құрылтай шартында ҚР-сы Заң актілерімен қарастырған мәліметтерден басқа да:

  1. Кредиттік серіктестіктеріне кіру кезінде төленуге жататын міндетті салымның ең аз мөлшері

  2. Кредиттік серіктестіктердің қатысушыларының міндетті салымдарды енгізуді тәртібі мен шарттары;

  3. Кредиттік серіктестіктердің таза пайдасын бөлу тәртібі қарастырылуы керек.

Кредиттік серіктестіктердің қатысушылары мыналарды істей алады.

  1. Кредиттік серіктестіктің қызметтерін пайдалану;

  2. Кредиттік серіктестіктің істерін басқаруға қатысу;

  3. Кредиттік серіктестіктің органдарына сайлау немесе сайлану;

  4. Заң мен серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттік серіктестіктің қызметінен пайда алу;

  5. Заң мен кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделген тәртіпте кредиттік серіктестікке қатысуды тоқтату;

  6. Кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу, серіктестіктің жарғысымен көзделген тәртіпте оның бухгалтерлік және өзге де құжаттарымен танысу;

Кредиттік серіктестіктерге қатысу қатысушының кредиттік серіктестік алдында, өзіне алған мүліктік міндеттемелерін орындағаннан кейін өз еркімен шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Кредиттік серіктестік қатысушысы кредиттік серіктестіктің құрылтай және өзге де құжаттары бойынша міндеттерін бұзған кредиттік серіктестік алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сондай-ақ кредиттік серіктестікке зиян келтірген жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот арқылы осындай қатысушының үлесін мәжбүрлі түрде сатып алуды және оның қатысушылар қатарынан шығарылуы талап етуге құқылы.

Кредиттік серіктестіктің қатысушысы үлесті мәжбүрлі түрде сатып алу және шығару туралы шешімге сот тәртібімен шағым келтіре алады.

Кредиттік серіктестіктің ұйымдық құрылымын келесідей қылып көрсетуге болады:

Кредиттік серіктестіктің ұйымдық құрылымы

Сызбадан көріп отырғанымыздай кредиттік серіктестіктердің органдары:

  1. Жоғарғы орган - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы;

  2. Атқарушы орган – басқарма;

  3. Қадағалаушы орган - ревизиялық комиссия (ревизор), кредиттік серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі кредиттік серіктестіктің жарғысымен қарастырылады.

Жалпы жиналыс кредиттік серіктестіктің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес шешімдерді қабылдайды, басқарманың шешімдерін бұзады не бекітеді.

Кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне:

1.Кредиттік серіктестік қызметінің бағыттарын анықтау;

2.Кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясаты жасау;

3.Басқарма, ревизиялық комиссия (ревизор) мүшелерінің және кредиттік серіктестіктердің басқа да қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшерін анықтау тәртібін бекітіу;

4.Қатысушылардың қосымша жарналар енгізу тәртібін белгілеу;

5.Кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі бектіу;

6.Кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау мен шығарудың тәртібі;

7.Кірістер мен шығыстардың жылдық сметасын бекітуге және оның орындалуы туралы есебі;

8.Есеп саясатын қалыптастыруға;

9.Жылдық қаржы есептілігін бекітуге;

10.Өзге де мәселелерге қатысты ішкі ережелер мен өзге де құжаттарды бекіту жатады.

Жалпы жиналыс оған кредиттік серіктестік қатысушыларының 50%-нан көбі қатысқан жағдайда заңды болады. Күн тәртібіне енгізілген мәселесі бойынша шешім қабылдаушыларының білікті көпшілігімен немесе бірауыздан қабылдануы тиіс болған жағдайда, жиналыс оған барлық қатысушылардың 2⁄3-тен артығы қатысса шешім қабылдауға құқылы.

Әдебиет: негізгі13 [56-77]; 9 [59-70]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кредиттік серіктестік дегеніміз не?

  2. Несиелік сркітестікті құрудың тәртібі қалай?

  3. Кредиттік серіктестіктің қызметі неде?

  4. Кредиттік серіктестіктердің басқару ұйымы қалай?

  5. Қазақстанда қандай кредиттік серіктестіктер қызмет етеді?

11-дәріс. Ломбард және өзге қаржы делдалдық ұйымдардың қызметі

Қаржы нарығындағы өзге делдалдық ұйымдарға ломбардтар, пошта-жинақ мекмелері, микрокредиттік ұйымдар мен ипотекалық компаниялар жатады.

Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі ҚР-сы Заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтар қызметтеріне тексеріс жүргізеді.

ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 “Ломбард туралы” ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға мыналар жатады:

  • ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды;

  • бағалы металлдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металлдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

  • сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;

  • келісім-шарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;

  • заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.

Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.

Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлік қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

Ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер құруы мүмкін. Филиалдар не өкілдіктер ашқан ретте әділет органдарында филиалды есептік тіркеуден өткізілгеннен кейін 14 күндік мерзімде ломбард қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігіне филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы әділіт органдарының куәлігімен қоса филиал ашылғаны туралы хабарлама береді.

Ломбард келесідей жағдайда таратылуы мүмкін:

  1. ерікті тарату кезінде қатысушылардың шешімі бойынша;

  2. мәжбүрлеп тарату кезінде ҚР-сы заң актілерімен көзделген жағдайда сот шешімі бойынша;

Ломбардты ерікті түрде таратуға қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу немесе қадағалау Агенттігінен келісім алудың міндетті шарты оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға ломбард қаражаттарының жеткіліктілігі болып табылады.

Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне - пошта-жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері – ұсақ салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің ролін атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жсауда.

Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.

Ипотекалық компанияларда Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран-Әлем банктің ипотекалық компаниясы бар және т.с.с

Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдарды болып табылады.

Мұндай микрокредит сомасы 1000 айлық есеп көрсеткішінен аспайтын мөлшерде беріледі.

Әдебиет: негізгі13 [56-77]; 9 [59-70]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кредиттік серіктестік дегеніміз не?

  2. Несиелік сркітестікті құрудың тәртібі қалай?

  3. Кредиттік серіктестіктің қызметі неде?

  4. Ломбард дегеніміз не?

  5. Ломбардтың қызметі неде?

12-дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.

Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл проблемаларды шешу үшін олардың қатарында инвестициялық қорларды атауға болатын тиісті қаржы институттары құрылды.

Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқығын қорғау және ақша қаражаттарын тарту және артынша диверсификацияны есепке ала отырып бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен инвестиция тәуекелін төмендету мақсатында қаржы рыногында қызмет етеді. Олар инвестициялық процесте маңызды рөл ойнайды, өйткені ақыр соңында өндірісті дамытуға бағытталатын шағын салымшылардың едәуір қаражаттарын өз қолдарына шоғырландырды. Инвестициялық қорлар өз қаражаттарын тікелей акцияларға, облигацияларға, оларды банк депозиттеріне сала алатын және т.б. инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салу көзі болып табылады.

Инвестициялық қор- өз акцияларын шығару және ашық орналастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту және тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қазақстанда инвестициялық қорлар кез келген заңды және жеке тұлға акционерлері бола алатын акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл қорлардың барлық қызметі сәйкесінше кіріс алу мақсатымен әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдар жасауға және қалыптасқан портфельді басқаруға негізделеді. Инвестициялық қор негізінен шағын жеке инвесторлар есебінен акция шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Түскен қаражаттарға қор кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және салымшыларын акция бойынша белгілі бір кірістермен қамтамасыз етеді.

өз қызметін жүзеге асыру барысында инвестициялық қор белгілі бір принциптерді басшылыққа алады:

  • Инвестициялық салымдардың диверсификациясы;

  • Бағалы қағаздармен тәуекелі жоғары операциялар жасауға тыйым салу;

  • Бағалы қағаздарды сатып алуға деген кәсіби амал;

  • Жеке инвесторға қарағанда қаржы қаражаттарының көп болуы.

Қызмет барысында инвестициялық қор өндірістік және сауда-саттық қызметін (бағалы қағаздармен қаржы құралдарынан басқа) жүзеге асыра алмайды, кез келген түрдегі кепілдіктер бере алмайды, басқа инвестициялық қорлардың сондай-ақ кастодианның регистратордың және аффилииирленген тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын акцияларын сатып ала алмайды, 6 айдан асатын мерзімге банктерде заем қаражаттарын тарта алмайды, бағалы қағаздармен кепіл мәмілелерін жасай алмайды, кез келген тәсілмен заем бере алмайды, сондай-ақ опциондармен жасалатын мәмілелермен, “қысқа сатумен” айналыса алмайды.

Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымын келесідей көрсетуге болады:

  • Акционерлердің жалпы жиналысы

  • Басқарма

  • Инвестициялық қорды басқарушы

Кез келген Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының құзіретіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда ол сол сияқты инвестициялық қордың типі қайта ұйымдастыру; инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бағалы қағаздар портфелін басқарушымен сондай-ақ регистратор және кастадианмен жасалған шарттарды бекіту жөніндегі мәселелерді шешеді.

Инвестициялық қордың атқарушы органы басқарма болып табылады. Басқарманың заңмен белгіленгеннен басқа да жеке құзіреттері болады, мәселен басқарушының қызмет нәтижелері туралы және инвестициялық қордың қызметімен қаржылық жай күйіне қатысты есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялауды жүзеге асыру.

Басқарма мүшелері брокер, осы қор басшысының лауазымды тұлғаларының қызметтерін жүзеге асыра алмайды.

Инвестициялық қорды басқарушы- бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын және оны басқару туралы инвестициялық қормен жасалған шарт негізінде қызмет ететін заңды тұлға.

Қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға тиісті лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Басқарушы бағалы қағаздар портфелін басқаруға шарттарын бір мезетте екі және одан да көп инвестициялық қорлармен жасаса алады, бірақ бұл ретте осы қорлардың мазмұны мүлдем әр түрлі декларациялары болуы тиіс.

Инвестициялық қордың қызметі ҚР-ның қолданыстағы заңдарын жүйелі түрде бұзған жағдайда; басқарушының лицензиясы тоқтатылғанда немесе кері шақыртылғанда, сондай-ақ өзара қор өз акцияларын қайта сатып алуға қабілетсіз болған жағдайда тоқтатылады.

Қазақстан заңдары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерінің құрылуы мен қызмет етуін анықтайды.

Инвестициялық қорлардың 2 негізгі типін көрсетеді: өзара қор және инвестициялық компания.

Өзара қор ниет білдірген барлық инвесторлардың қаражаттарын тартатын және өзі эмиссиялаған акцияларды өзінің акционерлерінен қайта сатып алу міндеттемесі бар ашық инвестициялық қор . Мұндай қор акциялардың шексіз көлемін шығаруы мүмкін және қажет болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз қосымша эмиссиялауды жүзеге асырады. Өзара қор артықшылықты акциялар шығара алмайды.

Инвестициялық компания- осы қордың құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарта алатын жабық инвестициялық қор. Бұл қор өзі шығарған акцияларды акционерлерінен қайта сатып алуға міндетті емес, ал оның жарғылық капиталы қосымша акция шығару арқылы арттырылуы немесе акция бөліктерін акционерлердің жалпы жиналысының рұқсатынсыз өтеу арқылы кемітуі мүмкін емес.

Сондай-ақ пайлық (келісім шарттың) және акционерлік (корпоративтік) инвестициялық қорлар болады.

Пайлық инвестициялық қор оның жарғылық қорының үлестер құру арқылы қалыптастырылатындығын білдірсе, акционерлік жарғылық қордың акция эмиссиялау арқылы қалыптастырылуын білдіреді. Инвестициялық қордың акционерлік нысанының артықшылығы мынада: пайлауға қарағанда акцияларды рынокта сату жеңілірек, сондай-ақ қор акционері әдеттегі АҚ-дай акцияны қайта сатып алуды талап ете алады. Пайлық және акционерлік инвестициялық қорлардың негізгі сипаттамалары суреттерде көрсетілген.

Әдебиет:12 негізгі [99-112]; 19 қосымша [23-45]

Бақылау сұрақтары:

  1. Инвестициялық қор дегеніміз не?

  2. Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

  3. Инвестициялық қорлардың қандай түрлері бар?

  4. Өзара инвестициялық қор дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде?

  5. Пайлық инвестициялық қор дегеніміз не?

  6. Инвестициялық қордың қызметі неде?

Қазақстанда қанша инвестициялық қор қызмет етеді?

13-дәрiс. Қор биржасының қызметі

Мәні бойынша қор биржасы рыноктағы онын алмастырылмайтын қаржы делдалы болып табылады. Қаржы құралдарының негізгі массасы қордағы айналымда болды. Ол ресурстардың қаржы рыногының бір субъектісінен екіншісіне қарай қозғалуына делдалдық етеді.

ҚР-ның ”Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңға сәйкес қор биржасы – бұл қызметі өзінің шығынын өзі өтеу принципіне негізделетін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларымен акционерлік қоғам нысанда құрылатын өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.

Өз қызметінде қор биржасы ҚР-ның мемлекеттік органдарына тәуелді емес, ал оның қызметі ерекше және қызметтің басқа кез келген түрлерімен үйлеспейді. Ол басқа биржалардың қызметтерін орындамайды және өз қызмет лицензия негізінде жүзеге асырылады. Қор биржасы бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуге қызмет көрсететін қосымша құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы белгілі бір функцияларды орындайды:

  • Бағалы қағаздар мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін өз клиенттеріне арнайы жабдықталған сауда-саттық алаңдарын беру;

  • Бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру;

  • Бағалы қағаздар катеровкасын жүзеге асыру;

  • Өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсету;

  • Өздерінің аналитикалық зерттеулерін жүргізу;

  • Құқықтық қатынас субъектілерінің арасында клиринг жүргізу;

Экономикалық тұрғыдан қор биржасы келесідей функцияларды орындайды:

  • Баға қалыптастырушылық-биржа экономикалық негізделген бағаларды белгілеуге мүмкіндік береді.

  • Баға болжаушылық және ақпараттық аналитикалық-биржа қандай да бір шекте сұраныс пен ұсыныстың дамуының мүмкін тенденцияларын анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

  • Тәуекелдерді сақтандыру - бұл тек мерзімді биржалық мәмілелерге тән қызметтер.

  • Баға тұрақтандырушылық - биржада күн сайын шектен шығуы мүмкін емес ауытқуының белгілі бір амплитудасы бар бағаның жол берілген құбылуы белгіленеді.

Кез келген заңды тұлға секілді қор биржасы өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілік көтереді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектісінің келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті, және өз қызметтерін тиісінше орындамаған, биржалық сауда-саттықтың ережелері мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық құпияны жариялағаны үшін жауап береді.

ҚР-да бүгінгі таңда тек бір ғана қор биржасы бар. Ол-Евроазиаттық қор биржасы федерациясының (FEAS) мүшесі және халықаралық қор биржасы федерациясының (FJBV) корреспонденттік мүшесі болып табылатын қазақстандық қор биржасы. Техникалық прогеске қор биржасының ұдайы жетілдірілуіне қарамастан қор биржасының, биржалық сауда-саттықтың жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалады.

1997 жылдың басына қарай Қазақстанда 3 қор биржасы болды: Орталық азиялық қор биржасы, Қазақстандық қор биржасы, Банкаралық Қазақстандық қор биржасы, 1996 жылдың желтоқсанында үлгілік қор биржасын таңдау бойынша жарияланған тендерде жеңімпаз деп Қазақстанның қор биржасы мен БҚҚБ-н біріктіріп, соңғысының қызметін тоқтату шешімі танылды.

1998 жылдың жазында Қазақстанның қор биржасы Қазақстандағы биржалық рыноктың баға белгілеу ұйымын құру проблемасын шешкен тікелей баға белгілеу әдісі бойынша листингілік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға арналған сауда жүйесін қолданысқа жіберуді жүзеге асырды.

“Бағалы қағаздар рыногы туралы” ҚР Заңына сәйкес қор биржасында орны бар және осы қор биржасының листингісіне қосылған бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысатын кәсіби қатысушылар ғана қор биржасының мүшелері бола алады. Қор биржасының арасында ҚР-ң бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да бар оннан кем емес мүшесі болуы тиіс. Биржа мүшелігіне қабылдау туралы шешім биржалық кеңеспен қабылданады. Қазақстандық қор биржасының Ережесі (KASE) биржа мүшелерінің санаттарын, оларға қойылатын талаптар, биржа мүшелігіне қабылдау тәртібі, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату, сондай-ақ қор мүшелерінің құқықтары мен міндеттері анықталады.

“С” санаты бойынша биржа мүшелігіне кіретін мүшелерді қоспағанда қаржы рыноктарында кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына ие, ҚР-ң шегінен тыс заңды тұлғалар ретінде тіркелген ұйымдар да қор биржасының мүшесі бола алады.

KASE мүшелері сауда-саттықтарын қор биржасының мүшесі қатыса алатын қаржы құралдарының түрлеріне байланысты келесідей санаттарға бөледі:

      • "Р" – ресми тізімге қосылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

      • "Н" – қор биржасы сауда жүйесінің “листингілік бағалы қағаздар” секторында айналымына (сауда-саттығына) жол берілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың және жекешелендірілетін ұйымдардың мемлекеттік акция пакетінің сауда-саттығына қатысу құқығымен;

      • "К" – қор биржасының айналымындағы (сауда-саттықтағы) мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

      • "С" – қор биржасының айналымындағы (сауда-саттықтағы) мерзімді келісім-шарттардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

      • "В" – шетелдік валютаның сауда-саттығына қатысу қүқығымен. Бір ұйым қор биржасында бірнеше санат бойынша мүшелік болуы мүмкін.

Қор биржасының мүшесі өзіне берілген мүшелік санатына сәйкес қаржы құралдарының сауда-саттығына қатыса алады; қор биржасындағы қызметі үшін қажет және жеткілікті ақпарат алуға; Биржалық Кеңестің, валюталық рынок бойынша Биржалық Кеңес комитетінің биржа мүшелерінің жалпы жиналысы және оның секцияларына сауда, есеп айырысу, ақпараттық және өзге де қызметтер бойынша ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ өзіне берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналасының және оның секцияларының жұмысына қатысуға құқылы.

Сонымен қатар қор биржасы мүшесінің белгілі бір міндеттері бар:

  • қолданыстағы заңнаманың, жарғының, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын сақтау;

  • биржада белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте, оған берілген мүшелік санатына сәйкес мүшелік жарналарды және биржалық жинақтарды төлеу;

  • қор биржасында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерден туындаған міндеттемелерді, сондай-ақ қор биржалары мүшелерінің және оның трейдерлерінің қызметін реттейтін қолданыстағы заңдардың, жарғының, өзге де ішкі құжаттардың талаптарына негізделген өзге міндеттемелерді дер кезінде, толық көлемде және неғұрлым оңтайлы тәсілмен орындау;

  • қор мүшесінің биржадағы мүшелігіне қарай алған және биржаның ішкі құжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе конфиденциалдық ақпарат снаатына жатқызылған ақпаратты ерекше рұқсатсыз жарияламау және үшінші тұлғаларға бермеу;

  • биржа мүшесінің құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дереу өзгертулер мен толықтырулардың нотариалды куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға сәйкес мұндай тіркеу талап етілсе өзгертулер мен толықтырулардың мемлекеттік тіркелімін растайтын құжаттарды ұсыну;

  • оған қатысты, оның қызметкерлеріне және аффиирленген тұлғаларына қатысты уәкілетті мемлекеттік орган қолданған кез келген тәртіптік әрекеттер туралы дереу хабардар ету;

  • Өз трейдтері құрамында болатын кез келген өзгерістер туралы мағлұмат беру және мұндай мағлұматты бермеудің немесе дер кезінде бермеудің салдары үшін толық жауап береді және т.б..

Қор биржасныың мүшелеріне тиісті санаттық мүшесі болып табылмайтын тұлғаларға биржадағы өз орнын пайдалануға беруіне тыйым салынады.

Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына қатысты айтатын болсақ, оны келесідей етіп көрсетуге болады:

Қазақстандық қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымы

Әдебиет: нег. 14 [23-45]; 19 [40-56].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қор биржасы дегеніміз не?

  2. Қор биржасын құрудың тәртібі қандай?

  3. Қор биржасы қызметінің мәні неде?

  4. Листинг және делистинг дегеніміз не?

  5. ҚР қор биржасында қандай бағалы қағаздар сауда-саттыққа жіберіледі?

  6. Қазақстандық қор биржасының қызметі қалай жүзеге асырылады?

  7. Қазақстандық қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

  8. Қазақстандық қор биржасының құрамы қандай?

14 - дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары

Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрылған ҚР-ң қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын реттеу және қадағалау Агенттігі болып табылады.

Осы уәкілетті органның міндетіне:

  • қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу бойынша шараларды жүзеге асыру;

  • адал бәсекелестік қағидаларының негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерін қаржыландыру үшін тең жағдайларды жасау;

  • қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалаудың сатандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, олардың өзіне қабылданған міндеттемелері дер кезінде және толық көлемде орындауын қамтамасыз ету шараларын пайдалану кіреді.

ҚР-ң қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің негізгі қызметтері:

  • қаржы ұйымдарын ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру мен таратуға рұқсат беру және кері қайтарып алу, қаржы ұйымдарының бөлімшелерін ашуға келісім береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды беру тәртібін анықтайды;

  • қаржы ұйымдарын басқару қызметкерлер лауазымына адамдарды сайлауға келісу немесе бас тарту, сондай-ақ аталған келісімді беруді немесе тартудың тәртібін анықтайды;

  • қаржы рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, тоқтата тұру және кері қайтраып алудың ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу тәртібін белгілейді, осы лицензияларды береді, тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

  • қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерін тұтынушылардың, ҚР аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығару ;

  • пруденциялық нормативтерді және консалидациялық негізде де қаржы ұйымдарының орындауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекіту;

  • ҚР ҰБ-мен бірге халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық және өзге де есептіліктің формалары, сондай-ақ олардың қаржы тізімі мен ұйымдары және оның аффилиирленген тұлғаларының беру мерзімдерін белгілеу;

  • Қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептемелік туралы ҚР заңдарымен және бухгалтерлік есеп стандарттарын сақтауына бақылау жасау;

  • ҚР заңдарымен көзделген жағдайда, шектерде қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметін тексеру;

  • ҚР заңдарымен көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларын қолданылуының тәртібін анықтау;

  • ҚР Үкіметімен келісе отырып ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп қайта сатып алу туралы шешім қабылдау;

  • ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылау;

  • Қаржы ұйымдары туралы мағлұматтарды жариялау.

ҚР Қаржы Министрлігі бір жағынан мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялайтын орган ретінде, екінші жағынан қаржы рыногын мемлекеттік реттейтін орган ретінде қаржы рыногына қатысады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қаржы рыногын реттеу саласындағы маңызды қызмет валюталық-қаржылық бақылау комитетімен жүзеге асырылатын қаржылық бақылау болып табылады. Ол салық жеңілдіктерінің ұсынылуын, мемлекеттік резервтерді, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар ақуалын, валюталық және несиелік ресурстарды пайдалануды, ақша айналымының ұйымдастырылуын, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын бақылап, ревизия және тексерісті өз бетінше ұйымдастырып, жүргізе береді.

ҚР Қаржы министрлігінің келесі бөлімшесі – мемлекеттік қаражатты мақсатты және үнемді пайдалануды жүзеге асыратын қазына мекемесі және оның аумақтық жергілікті органдары. Қаржылық тәртіпті нығайту мақсатында оған келесідей құқықтар берілген:

  • министрлік, ведомства, кәсіпорын, мекеме және ұйымдарда ҚР республикалық бюджет қаражаттарын есептеу және пайдалануға байланысты ақша қаражаттары, бухгалтерлік есеп, тізбектер, жоспарлар, есептер, смета және басқа құжаттарды тексеру;

  • ҚР-сы республикалық бюджет қаражаттарын пайдаланушы ұйым, мекеме, кәсіпорын шоттары бойынша операцияларды тоқтату;

  • Кәсіпорын, мекеме және ұйымдармен алынған бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды мақсатсыз пайдаланған жағдайда айыппұл салумен өндіріп алуға;

  • Қаржылық тәртіптерді бұзғаны туралы қазына мекеменің лауазымды тұлғаның жазбаша қаулысының негізінде куәландырылған құжаттарды алуға;

  • Тексерген органдарының басшылары және басқа лауазымды тұлғалардан анықталған бұрмалаушылықтармен бюджетті орындау тәртібіндегі кемшіліктерді жоюды талап етуге;

ҚР Ұлттық банкі қаржы рыногындағы өзіндік рөлін атқаратын, сонымен қатар қаржы құралдарымен операцияларды белсенді жүргізетін оның мамандандырылған делдалы, ал келесі жағынан – қаржы рыногын реттеуші мемлекеттік органы болып табылатын еліміздің бас банкі.

ҚР Ұлттық Банкі мемлекеттік заемдарды орналастыратын, ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік заемдар айналымын реттеуге қатысатын, сонымен қатар ҚР Үкіметімен шығарылған бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын мемлекет агенттігі. Ол сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздың жекелеген түрлерімен операция бойынша клиринглік және есеп айырысу орталығының депозитария қызметін атқарады. Одан басқа акционерлік банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының анықтамалығына олардың қаржы ұйымдары мен қаржы рыноктарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттікке тіркелгенге дейін міндетті сараптама жүргізеді.

ҚР Ұлттық банк реттеу саласында мыналарды жүзеге асырады:

  • Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграция және оның экономикалық даму мақсатына жетуге септігін тигізетін банктік есеп айрысулар мен валюталық қатынастарды ұйымдастыру, кредит, ақша айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және өткізуді;

  • Тұрақты ақша, несие және банк жүйесін қамсыздандыруға ықпал етуді.

ҚР Ұлттық Банктің қызметін іске асыру үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және жергілікті жердегі облыстық басқармалары бар.

ҚР Ұлттық банктің жедел басқару органы – ҚР Ұлттық Банк қарамағындағы ҚРҰБ басқарма және төрағасының құзіретіне енетіндерді қоспағандағы барлық мәселелердің шешімін қабылдайтын директорлар кеңесі (директорат) болып табылады. Директорат құрамына: төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары: ақша-несие департаменті, банкілік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялы-кассалық операция, бухесеп және бюджет, төлем жүйелері және т.б. кіреді.

ҚР Ұлттық Банк өзінің барлық қызметін жергілікті жердегі аумақтық бөлімшелері арқылы атқарады.

Әдебиет: нег. 8 [33-45]; 21 [77-80].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы рыногын реттеу саласындағы қаржы рыногы қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі қызметі қандай?

  2. Қаржы рыногын реттеу саласындағы ҚР Қаржы Министрлігінің негізгі қызметі?

  3. Қаржы рыногын реттеу саласындағы ҚР Ұлттық Банкінің негізг

15-дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.

Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады:

  • Халықаралық қор нарығы

  • дүниежүзілік валюта нарығы;

  • халықаралық несие нарығы;

Қазіргі халықаралық бағалы қағаздар рыногы әзірше алғашқы орналастыру ретінде орын алуда. Екінші рынок әзірше әлі дами қойған жоқ. Сондықтан халықаралық бағалы қағаздар рыногы қандайда бір эмиссияны ұлттық реттеу шеңберінен тыс эмитенттермен жүзеге асыратын еуровалюталық деп аталынатын соңғы шығарылыммен түсіндіріледі. Халықаралық бағалы қағаздар рыногы неғұрлым кеңірек жоспарда шетелдік эмиссия және халықаралық эмиссия меншік жиынтығы, яғни басқа елдердің ұлттық рыногында шетелдік эмитенттермен бағалы қағаздар шығару ретінде қарастырылады.

Қазіргі кездегі әлемдік рынокта борышқорлық бағалы қағаздар алуан түрлі қаржы құралдарының көп мөлшеріне, оның ішінде неғұрлым көлемдірек орын алатын шетелдік облигацияларға айналады.