Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ ФРИП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
402.43 Кб
Скачать

«ЭКОНОМИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

Қаржы нарығы делдалдары.

Алматы, 2011 ж.

1-дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы

Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардың өзіндік айналымын түзеді(қаржы нарығын). Нарық қатынастары жағдайда қаржы нарығы елдің тұтас нарықтық қатынастар жүйесінің құрам бөлімі болып табылады. «Қаржы нарығы» түсінігі әр мемлекеттің экономикалық даму өзгешелігі мен әлемдік тәжірибеге байланысты түрліше түсіндіріледі.

Қаржы нарығы – ақша, депозит, несиелік валюталық, сақтандыру зейнет нарығының қаржы инструменттерінің ұйымдасқан сауда жүйесін құрайды. Мұнда қаржы институттары негізгі рөлге ие(ақша құралдарының ағынын меншік иесінен заемщиктерге қарыз алушыларға бағыттайтын), мұнда төлем инструменттері мен бағалы қағаздар тауар ретінде жүреді. Кез келген нарық сияқты қаржы нарығы қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы байланысты орнатуға арналған.

Сөйтіп, қаржы нарығы – бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы делдалдардың көмегімен капиталға деген ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру аясында капиталды қайтабөлу механизм жүйесі. Тәжірибе жүзінде ол меншік иелері мен қарыз алушылардың арасындағы ақша құралдарының ағынын бағыттайтын қаржы – несиелік институттардың жиынтығын көрсетеді.

Қаржы нарығының негізгі қызметі мыналар:

- реттеу -мемлекет органдары тарапынан және өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан нарықты регулярлы реттеу,

-ақпараттық - қаржы нарығының барлық қатысушыларын толық және теңдей ақпаратпен қамтамасыз ету;

-бөлу – қаржы нарығы интсрументтерінің айналымы ақша құралдарын бір экономика саласынан екінші экономика саласына құйылуын қамтамасыз етеді, бір нарық қатысушыларының екіншісіне, бір анйалым саласынан екіншісіне, сол арқылы қаржы ресурстарының бөлінуіне ықпал етеді.

-коммерциялық - қаржы нарығында іске асатын операциялар арқылы мәмілеге қатысушыларға табыс әкеледі.

-бағалау – қаржы нарығының бағасы нарықта сұраныс пен ұсыныс есебінен, бәсеке бостандығы жағдайында қалыптасады.

Егер аккумуляция үрдісіндегі және қаржы ресурстарын орналастырудағы қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелері мен қарыз алушыларға қаражатты тиімді ауыстыру болып табылады, қаржы нарығының міндетіне қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы қаржы активтері мен міндеттемелерінің саудасын ұйымдастыру жатады. Қаржы нарығында сатушы мен сатып алушылар ретінде үш экономикалық субъекті топтары болады:

- үй шаруашылығы (жеке тұлға);

- меншік нысанына тәуелсіз шаруашылық субъектілері;

  • мемлекеттік басқару органдары.

Нақты уақыт кезеңінде кез келген көрсетілген субъектілер өз бюджетінің тепе-теңдік жағдайында немесе тапшылық немесе артықшылық жағдайында бола алады. Фирманың немесе мемлекеттің қаржы құралдарын қарызға алуға немесе өщзіне пайдалы жағдайда бос қаражаттарды уақытша орналастыру мүмкіндігі туады. Қаржы анрығы өз мәні бойынша потенциалды сатып алушылар мен сатушылардың, сондай-ақ – институттың делдалдық мүдделері ескеріледі және іске асуының тиімділігіне арналған.

Нарықтық экономика - өндірісті ұйымдастырудың тиімді нысаны болып табылады. Бұл әлем елдерінің көпшілігінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан республикасы үшін жаңа шаруашылық әдіс әдістеріне көшу дербес нарыққа көшуді білдірді, оларды іске қосу әдістері қаржы нарығының потенциалды мүмкіндіктерін қолдануды талап етеді, ең алдымен елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ету үшін.

Бұл мағынада, елдің қаржылық рыногы қоғамдық барлық әл-ауқаттылықтың қажетті деңгейіне жету және экономикалық өсуге арналған экономиканың барлық саласын ресурстармен қамтамасыз етуге жағдайлы, жеке бастама және бәсекелестік үшін қоғамдық өндіріс және олардың кеңістігімен ұйымдастырудың прогрессивтік формасы, ғылыми-техникалық базада өтетін даму.

Біздің көзқарасымызша, қаржы рыногы елдің барлық ақшалай ресурстарының, оның ішінде тұрақты айналыста болатын ресурстар, яғни экономиканың әртүрлі субъектілер тарапынан сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін ресурстар жиынтығы. Алайда, ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілер – бұл әлі қаржы рыногы емес. Рыноктың өзі тікелей ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілері арасында қатынас пайда болған жағдайда туындайды. Сөйтіп, қаржы рыногы – бұл ең әуелі әртүрлі экономикалық субъектілердің арасында мәмілелер жасасу жолдарымен қосалқы ақша қаражаттарын ауыстыру және қайта бөлу мүмкіндіктері бойынша ақшалай қатынас.

Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, қаржы рыногының шарттастырылған қызметі төмендегідей факторлар болып табылады:

- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекет рөлінің ең жоғары деңгейде қысқартылуы;

- монополизмді шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатымен меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық субъектілерінің толық дербестігі;

- облигация және басқа да міндеттемелер айналымымен мемлекеттік займдар шығарылымы арқылы шешілетін мәселелерді, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтату;

- бағалы қағаздарды инвестициялауға болатын, тұрғындар мен шаруашылық субъектілерінде ақша табыстарын тұрақты өсіру.

Әр елде қаржы рыногының мазмұнын мен өзгешелігі неғұрлым толығырақ көрсетілген өзіндік құрылымы сипатталған. Қаржы рыногының құрылымына қатысты экономист-ғалымдардың пікірлері тоғыспай жатады. Сондықтан ғалымдар ұсынған қаржы рыногы құрылымының бірнеше түрін қарастырайық және сосын ҚР арналып сипатталынған қаржы рыногы құрылымын анықтаймыз.

ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Г.С. Сейткасимованың трактовкасына сәйкес өз құрылымы бойынша бір-бірін толықтырушы және өзара байланысты, бірақ жеке дара қызметтенетін рыноктардан тұратын қаржы рыногы:

1. Қолма-қол ақша айналысындағы және қысқа мерзімді төлем қаражаттарына (вексельдер, чектер және т.с.с) ұқсас қызметтерді орындайтын рынок. Ақша рыногы болған соң инфляция ықпалында болатыны бізге мәлім және ол ақырында белгілі бір шекарадан шықпаса оң нәтиже беруі мүмкін. Солай, ЖҰӨ жыл сайын 5% өссе, ал айналымдағы қша көлемі 6-7% ұлғайса, онда бұл өспелі ЖҰӨ жүзеге асырылуын жеңілдетеді және экономиканы оң процестермен қабілеттендіреді. Егер жыл сайынғы ЖҰӨ өсімі 5% болса, айналыстағы ақша көлемі 10 және одан да көп пайызға ұлғаяды, онда қалыпты экономикалық процесті бұзып, инфляцияға өтеді.

2. Ссуда капиталының рыногы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік кредиттер. Бүгінге дейін арзан, қысқа мерзімді кредит Қазақстанда болмады. Елімізде жұмыс істейтін коммерциялық банктер тек сенімді қамтамасыздандырылған және жоғары пайызды кредит ұсынған. Негізгі қорларды модернизациялау және құруға қажетті ұзақ мерзімді кредитті тек құбылмалы (мерзімді қаралатын) пайыздық ставка бойынша алуға болады.

3. Көптеген жылдар бойы Қазақстанда болмаған, 90 жылдардың басында басталған бағалы қағаздар рыногы және оның дамуы, мемлекеттің қаржы саясатының барлық тұрпатының өзгеруімен және меншік қатынастарының қайта құрылуымен (ең әуелі мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерленуі) тікелей байланысты болғандықтан белгілі бір уақытты талап етеді. Қазіргі кезде мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін ақша белгілерінің эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымына жақындауда, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелер.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы рыногы дегеніміз не?

  2. Қолданыстағы қаржы рыногының қызметі қандай?

  3. Қаржы рыногының коммерциялық қызметі немен тұжырымдалады?

  4. Қазақстан қаржы рыногының құрылымы қандай?

  5. Қаржы нарығының делдалдары кімдер?

  6. Қаржы қатысушылары үшін бұл ұйымдарда рейтинг қандай роль атқарады?

2-дәріс. Ақша нарығының құрылымы мен құралдары

Экономикалық субъектілердің қаржы қызметінде олардың ағымдағы төлмқабілетін қамтамасыз ету үшін ақша нарығының қаржы құралдары маңызды рөл атқарады. Ақша рыногы қаржы институттары көмегімен тауарлар мен көрсетілетін қызметті сатушы мен сатып алушының арасындағы ақша қаражатын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз етеді. Кез келген қаржы құралдарының негізі ақша екені белгілі.

Ақша рыногының негізгі қызметіне мыналар жатады:

  • төлем қызметі – операцияларды жүзеге асыру барысында рынокқа қатысушылар арасындағы әртекті есеп айырысулардың жүзеге асырылуын білдіреді;

  • коммерциялық несие беруді қамтамасыздандыру – ақша міндеттемесі, яғни векселмен рәсімделген төлемді кейінге қалтыру, шаруашылық субъектілерін коммерциялық несиелеуді жүзеге асырады;

  • есеп қызметі және басқа.

Қаржы рыногына қатысушылар арасындағы ақша айналым процесінде ақша қатынасы деп аталатын жүйені құрастыратын, ақша қаражатын қайта бөлуге байланысты белгілі қатынастар пайда болады. Ақша қатынасы төмендегі қаржылық қатынастар жүйесін құрайды:

- шаруашылық субъектілері және соларда жұмыс істейтін халықтар;

- кәсіпорындар мен салалар ішіндегі бөлімшелер;

- жеткізушілер және төлемшілер;

- мемлекет және шаруашылық субъектілері;

- мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс қорлар;

- шаруашылық субъектісі мен несие жүйесі;

- биржалар, сақтандыру ұйымдары, мүліктік қорлар және басқа құралдар мен қаржы-несие жүйесінің лектері және шаруашылық субъектілері;

- халық және мемлекет, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар және қаржы инфрақұрылымының құралдары.

Қазақстандағы ақша нарығының құрылымына қолма-қол ақша нарығы мен қолма қолсыз ақша нарықтары жатады.

Қолма-қол ақшалар нарығы – бұл нақты ақшалар айнылыс және төлем қызметін атқаратын нақты ақшалардың айналысын. Оларға, банкотоа мен монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Дамыған елдерде нақты ақшалар нарығының едәуiр бөлiгiн Орталық банктерден шығарылған банктiк билеттер құрайды. Ақша шығарудың кiшкене бөлiгi (10-ға жуығы) қазыналық билеттердi шығарушы қазынашылықтың үлесiне тиедi.

Қолма-қолсыз ақшалар нарығы – ақшаның төлем құралы қызметін атқаратын қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегiмен пайдаланылатын клиенттердiң шоттардағы сақтаған ақшалары.

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелдiлiк бар. Ол ақшаның үнемi бiр айналыс сферасынан екiншi бiрiне ітiп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегi депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын бiлдiрсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшiн ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Мұның барлығы әлеуметтік және экономикалық дамуды бағалау және пайдалану, қорларға ақша ресурстарының құйылу, капиталдың қалыптасуы және оларды бөлу процесінде көрініс табады.

Қазақстан қаржы рыногының ерекшеліктерін есепке ала отырып және ақша рыногының бар құралдарын негіздей келе келесідей түрлергі бөліп қарауға болады:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талап – тапсырмасы;

  • вексель,

  • Чек;

  • Төлем карточкалары.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер.

Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы тілеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы ізiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы.

Чектiң мынадай түрлерi бар:

ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған тілем құралы.

атаулы чек - аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;

ордерлi чек - бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индоссамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;

мәлiмдеушi чек - чектi мәлiмдеушiге ондағы кірсетiлген сомасы тіленедi;

есеп айырысу чегi - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегi – туристiк сапарларға арналған тілем құралы;

кеплiдендiрiлген чек – банктiң чекте кірсетiлген соманы тілеуге кепiлдендiруiн сипаттайын тілем құралы.

Чектiң экономикалық жаратылысы мынадай:

  • бiрiншiден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етедi;

  • екiншiден, ол айналыс және тілем құралы қызметiн атқарады;

  • үшiншiден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

сатушы белгісіз болған жағдайда.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:

1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;

2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.

Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты.

Төлем карточкаларымен есеп айрысулар слиптің комегімен жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) - төлем карточканы пайдаланып операция жаслғандығын растайтын есеп айрысу құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

  • Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;

  • Операцияның жасалған күні;

  • Операция сомасы және валютасы;

  • Эмитент банктің операцяиларды авторизациялауды растайтын коды;

  • Банктік карточканың өзіне тән белгілерері;

  • Слипте карточканы ұстаушының қолы.

Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» режимі (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді

Әдебиет: нег. 6 [56-98]; 8[23-36], қос. 5[56-70]; 18[89-92].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақша рыногы нені білдіреді?

  2. Ақшы рыногы қандай қызметтер атқарады?

  3. Ақша рыныогының негізгі қаржы құралдары қандай?

  4. Ақшалай чектер есеп айырысу чектерінен несімен ажыратылады?

  5. Чектердің қандай түрлерін білесіз?

  6. Вексель дегеніміз не?

  7. Төлем карточкаларының қандай түрлері болады?

3-дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы

Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалық қатынасты сипаттайды.

Депозиттік нарық - ақша нарығының бір бөлігі ретінде банктің депозттік қызметін ұсынушылар мен тұтынушылардың жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтық қалыптасуы 1995 жылдан басталады. Себебі, оған дейін депозиттік нарық тұрақсыз дамыды. Оған кейбір елдегі экономикалық тұрақсыздық, құқықтық жағынан жіберілген кемшіліктер, Кеңес үкіметіндегі халықтың жинаған салымдарының жоғары инфляция жағдайында құнсыздануы, жұмыссыздықтың орын алуы, халық салымдарын тартып кейбір компаниялардың алдап қайтармай кетуі, кейбір банктердің аяқ асты жабылуы және т.б. факторлар әсер етті. Бұл факторлар негізінен халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімсіздік көзқарасының туындауына ықпал етті.

Ең бастысы депозиттік нарықтың қалыптасуына себеп болған бұл жаңа банктік заңдылықтардың, соның ішінде: ҚР банктер және банк қызметі туралы заңының және“ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)” ережесі қабылдануын жатқызамыз. 2000 жылдан бастап, Халық салымдарын сақтандыру қорына банктеріміздің мүше болып, соның нәтижесінде банктерге деген халықтың тұрақты сенімдерінің артуымен жалғасады.

Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады:

  • Қор активінің 80-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;

  • Ұлттық банктегі салымға (депозиттер).

Бұл Қордың мақсаты - “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.

Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:

  • жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;

  • жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйақыз;

  • жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақыз.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады. Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайыны байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 -дан 0,375 -ға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.

Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.

Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:

  • теңгедегі мерзімді салымды - 400 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;

  • АҚШ доллары және еуродағы салымды - салынған салымның (депозиттің) 360 теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;

  • Теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспатын салынған салым көлемінде сыйақысыз.

Қорыта айтқанда депозиттік нарықтың тұрақты дамуына Қазақстан халық салымдарын сақтандыру қорының үлесі зор.

Депозиттік нарықта үлкен үлесті алатын отандық банктер қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  1. ТұранӘлем банкі АҚ - 22;

  2. Қазкоммерцбанк АҚ - 21;

  3. Халық банкі АҚ -20;

  4. АБН АМРО Казақстан банкі - 5;

  5. өзге банктер - 32.

Депозиттік нарықтың құрылымына талап етілетін депозиттер нарығы, мерзімді депозит нарығы және жинақ салымдарының нарығы жатады.

ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңына сәйкес, депозит - бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын-ала келісім бойынша депозиттордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Депозит - бұл салымшылардың (заңды және жеке тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етілетін депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

  • бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

  • есеп айырысудағы қаражаттар;

  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

  • банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

  • талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

ҚР Ұлттық банкі өзінің нормативтік актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай жіктейді:

Аудармалы депозиттер – 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер – негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 13-21, 2 . 15-27, 3. 11-24 бет],

Қосымша: [ 3. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары

  1. Депозиттік нарық дегеніміз не

  2. Депозиттің қандай түрлері болады

  3. Депозиттік нарық құрылымына не жатады

  4. Депозит нарығының қатысушылары кімдер?

  5. Салымдарды сақтандыру қорының қызметі туралы не білесіз?

  6. ҚР депозиттік нарықтың дамуына қандай факторлар ықпал етуде?

4-дәрiс. Несие нарығы және оның құрылымы

Несие рыногы – оның көмегімен шаруашылық субъектілер мен қаржы-қаражатқа зәру халық және шаруашылық субъектілер мен оны белгілі бір талаптарға сай бере алатын (қарызға бере алатын) халық арасында өзара қарым-қатынас орнатылатын механизм. Несие рыногы арқылы экономика сфераларының арасында қарыз капиталын жинақтау, бөлу және қайта бөлу жүзеге асып қайта өндіру процесінде ақшалай капитал босатылады. Ол онда рынок арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады. Содан соң несие берушіге банктер мен өзге де қаржы-несие институттарына қайта қайтып келеді.

Несие рыногының мәні онда қандай: өзінің немесе бөтеннің, жиналған ақша капиталының пайдаланылғанына байланысты емес, яғни банкир өз ісін тек өз капиталының көмегімен немесе тек оған депозитталған капитал көмегімен жүргізе ме оның маңызы жоқ.

Несие рыногы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, капиталдың ел ішінде қозғалуы, ақшалай жинақтардың капитал сомасына трнасформациялануы, негізгі капиталдың жаңартылуы, ғылыми-техникалық революцияны іске қосу жүзеге асырылды. .

Қаржы рыногының құрамдас бөлігі ретіндегі несие рыногының маңызды рөлі ұсақ, ақша қаражаттарын біріктіруде, бұл рыноктың өндіріс пен капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына белсенді әсерлесуіне мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізіне ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады, осыған орай бұл жинақтау оқшауланған процесс ретінде емес, ең алдымен оның бүкіл қайта жаңғырту барысына әсер ету тұрғысынан маңызды. Ақша капиталын жинақтау макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан нақты жинақтаумен тығыз әрекеттеседі. Ақша капиталының негізінен халықтың жинақ ақшасы есебінен қалыптасатыны, ал олардың мөлшері еліміздің жалпы ұлттық өніміндегі капитал салымының үлесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайтындығы белгілі.

Несие рыногының мәні мен рөлі оның қызметтерін анықтайды. Несие теориясында несие қызметінің мазмұны мен санына қатысты біркелкі көзқарас жоқ. Алайда, барлық несие мәнінің қайта бөлу, яғни айналымның несиелік құралдарын құру қызметтерінен көрініс табуын басшылыққа алып және кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарын ұстана отырып, біз қазақстандық несие рыногына тән төрт қызметті көрсетеміз:

- несие арқылы тауар айналымына несиелік қызмет көрсету;

- шаруашылық субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің ақшалай жинақтарын (жинақ ақшаларын) тарту;

- ақша қорларын тікелей ссудалық капиталға жинақтау және оны өндіріс процесіне қызмет көрсету үшін капитал салымы түрінде пайдалану;

- мемлекет пен халыққа мемлектетік және тұтыну шығыстарын жабуға арналған капитал көзі ретінде қызмет көрсету, сондай-ақ күшті қаржы-өнеркәсіптік топтар құруға әрекеттесу.

Несие рыногының ақшалай формадағы құн қозғалысымен, несие ресурстары және бағалы қағаздар түрінде әр түрлі акция қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты екендігі белгілі. Несиелік рынок деңгейімен қоғамдық жаңғыртуды дамытуға кететін ақша қорларының қозғалысы көлемі бағыты, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынастарға ықпалы өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының құрылымына мыналар жатады:

  • тұтыну несиесі нарығы,

  • ипотекалық несие нарығы

  • корпоратвтік несие нарығы.

  • Коммерциялық несие нарығы

  • Микрокредиттік несие нарығы

  • Ломбардтық несие нарығы

  • Банкаралық несие нарығы.

  • Мемлекеттік несие нарығы.

Несие рыногының негізгі қатысушыларына мыналар жатады:

  • несие берушілер (банктер мен банктік емес ұйымдар)

  • қарыз алушылар (заңды және жеке тұлғалар)

  • Мемлекеттік ұйымдар

Несие беруші – ссуда беретін несие мәмілесінің тарапы. Тауарлық өндірістің бастапқы сатыларында несие берушілер өсімқорлар болады. Бұның одан ары дамуымен ақшалай несие берушілер ретінде банк мекемелері қатысты. Ал тауарларды ссудаға беру кезінде тауар өндірушілер несие беруші болады. Ссуда беру үшін несие берушіде белгілі бір қаражат болуы тиіс. Оның көзі өзінің жинақ ақшалары, өз кезегінде қайта өндіру процесінің басқа субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар болуы мүмкін. Қазіргі нарықтық шаруашылық жағдайында несие беруші банк тек өзінің жеке ресурстары есебінен ғана емес, оның өз шоттарында сақталатын, тартылған, сондай-ақ бағалы қағаздарға орналастыру арқылы жұмылдырылған қаражаттар есебінен де ссуда бере алады.

Қарыз алушы – несие алушы және алынған ссуданы белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несие қатынастарының тарабы. Өсімқорлық кезеңінде несиені ұсақ шаруалар, шебер қолөнершілер, сондай-ақ ірі жер иелері немесе жалпы бай адамдар пайдаланған. Банктердің пайда болуымен ол олар үшін ұжымдық несие беруші болатын қарыз алушылар шоғырланады. Несие берушіге қарағанда ссудалық мәміледе қарыз алушы келесідей ерекшеліктерге ие болады. Біріншіден, ол қарызға алынатын қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, ол оның уақытша иесі болады, өзіне теисілі емес бөтен ресурстармен жұмыс жасайды. Екіншіден, қарыз алушы қарыз ақшаны айналым сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Несие беруші өндіріске тікелей кірместен айырбас фазасында ссуда береді. Үшіншіден, қарыз алушы оны шаруашлығындағы айналымын аяқтап қарыз ресурстарын қайтарады. Қайтарымды қамтамасыз ету үшін қарыз алушы өндіріс процесін несие берушімен есеп айырысу үшін жеткілікті ақшаны босауын қамтамасыз ететіндей етіп құруы тиіс. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған соманы қайтарып қана қоймайды, пайыз төлейді. Бұл жерді қарыз алушының оған еркін өктемдейтін несие берушіге тәуелді екендігін байқауға болады.

Несие қозғалысының заңдылығы несие рыногындағы несие беруші мен қарыз алушы арасындағы пайда болатын қатынастарды толыққанды түсінуге мүмкіндік береді.

Несие қатынастарына түсе отырып, несие беруші мен қарыз алушы өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несие қатынастары тегінде несие беруші мен қарыз алушы орын алмастырулары мүмкін, несие беруші қарыз алушыға, қарыз алушы несие берушіге айналады.

Өзімізге белгілі несие рыногының құралы құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін, ссудалық мәміленің нысаны болатын, айырбас сатысында пайда болатын несие болады. Соңғысы несие қозғалысының ядросы болып табылады.

Несие мүмкіндігі шынайы болу үшін белгілі бір талаптар қажет. Біріншіден, несие беруші де, қарыз алушы да – экономикалық байланыстан туындайтын міндеттеменің орындалуына материалдық кепілдік беретін заң тұрғысынан дербес субъектілер ретінде қатысуы керек. Екіншіден, несие беруші тек қарыз алушы мүддесі сәйкес келгенде несие қажет болады. Несие мәмілесі жасалу үшін оның қатысушылары несиеге деген ортақ мүдде білдіруі тиіс, бір жақтан – ақша қаражатын ссудаға беруге, екінші жағынан – оны алуға деген несие қатынастарының субъектілері арасындағы өзара мүддеге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылықпен, беріктілігімен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шегімен анықталады.

Сатып алу-сату барысында тауарларды жүзеге асыру сатушылардың олардың ақшалай эквивалентін дереу алуға әркез әкеле бермейді. Сатып алушы тауарға ақыны белгілі бір мерзім өткеннен кейін төлей алады. Сатушы – несие берушіге, ал сатып алушы – борышқор болады. Несие беруші мен қарыз алушы бір полюсте өтемін алу мерзімі кейінге қалдыру, екіншісінде – оны төлеу орын алған жағдайларда қатысады.

Несие нарығының құралдарына несиенің мынадай түрлері жатады:

  1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.