Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
273_o.kh._jarmakin_khurast._til_bilimine_kirisp...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
792.58 Кб
Скачать

11.2 Диалектологиялық сөздік

Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.

Қазақ тілінде «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика)» деген атпен 1965 жылы жергілікті диалект сөздердің жинағы шықты.

Ж. Досқараевтің диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған еңбегінен бінеше мысал:

«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады (Кег. АЛОМ). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско - русский словарь, 1940); түрікменше далан - үй алды (веранда, баллон) (Туркменско - русский словарь, 1940) және т. б.»

«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу ШҚОМ). Мият сөзі қырғыз тілінде де көрсетілген мағынада қолданылады (Киргизско - русский словарь, 1940). Бұл сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятка шақыру т. б.»

Сөздіктегі шартты түрде қысқартылып алынған сөздерге түсінік:

Кег. АЛОМ. - Кеген, Алматы отрядінің материалы.

Шу. ШҚОМ. - Шу, Шу - Қараал отрядінің материалы.

11.3 Этимологиялық сөздік

Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқыдап көрсетуді мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму барысында ондағы сөздердің семантикалық жақтан қандай өзгеріске түскендігін айқындайды.

Этимологиялық сөздік жасау - өте - мөте күрделі және қиын жұмыс. Оны жасау туыстас тілдердің лексикасына тарихи тұрғыдан келіп терең бойлауды және салыстыра зерттеуді қажет етеді.

Тілдің лексикасының тарихы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, ол халықтың кәсібі, күн көрісі, шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Мұның өзі этимологиялық сөздікті жасаушылардан халықтардың ежелгі тарихын, олардың күллі материалдық - рухани мәдениетінің тарихын жете білуді талап етеді. Демек, этимологиялық сөздік жасау жұмысы - білім салаларының өз ара ұштасуын қажет ететін өте күрделі жұмыс.

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі тұңғыш рет 1966 жылы жарық көрді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі орыс тілінің сөздігіндей сөздердің шығу тегі, алғашқы мағынасы қандай болды деген түрде келмей, әдеби тілде жиі қолданылатын, бірақ мағынасы күңгірттеніп кеткен жеке сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, реестрге алынып, одан кейін іле - шала көркем әдебиеттен немесе ауыз әдебиеті шығармаларынан мысалдар келтіріліп, көпшілікке түсініксіз болғанда ғана немесе оның тарихын алуға қажет болған жағдайда ғана сол сөздердің түсіндірмесі берілген.