
- •I. Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері
- •Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері
- •Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- •Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:
- •«Алтын жіп» ақ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ
- •2.1 Касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
- •«Алтын жіп» ақ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау
- •2.2. Кәсіпорынды қаржылай және экономикалық сауықтырудың негізгі бағыттары
- •Басқару Өндірістік Экономикалық
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер
III. Қорытынды
Республикадағы экономикалық жағдайдың даму денгейі кәсіпорынға тікелей әсер етеді, оның қаржы-экономикалық жағдайы мен банкроттық процесіне ықпал етеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін кісіпорынның бәсекеге қабілеттілігін аттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін арттырады. Осыған сәйкес кәсіпорындар шығарған өнімдерінің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықты тауарлардан сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылуда. Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкроттыққа ұшырайды.
Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтары бар, ол сыртқы жалпымемлекеттік мәселелермен (заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты. Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының диагностикасын үнеім жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның банкроттыққа қарсы басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмнің нормативті-құқықтық базасы ретінде заңдар мен қабылданған заңдалақ құжаттар пайдаланылады.Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады.
Банкроттық борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде кредиторлардың немесе «Банкроттық туралың Заңымен өкімет берілген тұлғалардың өтінші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішімен сотқы баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы болып табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін үш ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады. Ал егер де кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 АЕК тен жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, міндеттемелелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігіне байланысты жағдайда болады. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттық жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау керек. Сәйкесінше бұл жұмыстың нәтежиесінде сауықтырудың банкроттыққа қарсы механизмін қолдану арқылы кәсіпорынның санациялық бағдарламасы жүзеге асырылған, оның мәні бірпрофильді кіспорындарды біріктіріп, ірі ашық акционерлік қоғам құру. Түскен қаражаттар ескі құрал-жабдықтарды жаңартуға, жаңасын алуға, айналым құралдарын қаржыландыруға және кредиторлық міндеттемелерді өтеуге бағытталады.
Сонымен қорыта келе жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Банкроттық жағдайды жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.