Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКРОТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226 Кб
Скачать
☆

1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады.Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне:

- пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар

- міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .

Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:

-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;

-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өсуі, яғни кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;

-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;

Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:

-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;-кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі; -кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы; -кәсіпорынның зиян шегуі;

Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды.

Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар:

  1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

-инфляцияның аса жоғары деңгейі;

-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;

  1. Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:

-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;

-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

-өндіріс көлемінің төмендеуі;

-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

-ақталмаған жоғары шығындар;

-өнімнің төменгі рентабельдігі;

-өндіріс циклының өте көлемді болуы;

-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі мезанизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

-банкроттықты құқықтық реттеу;

-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету;

Ресейлік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық.

  1. Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты болжауға мүмкіндік беретін – «z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:

“Z есебі” = айналым капиталы/активтер * 1,2 + бөлінбеген пайда/активтер *1,4 + өндірістік пайда/активтер * 3,3 + акцияның нарықтық құны/активтер * 0,6 + сату көлемі/активтер * 1; (1)

Банкроттықтың ықтималдығы:

“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;

“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;

“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,

“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.

Z<1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;

Z>3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;

  1. Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:

-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;

-өнеркәсіптің құлдырауы;

-компания басшылығының тәжірибесіздігі;

-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;

-кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;

-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;

-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;

-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;

-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;

-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;

-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;

Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.

Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.

Банкрот болған Америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;

К2 = бөлінбеген табыс/активтер;

К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;

К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;

К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;

Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.

-активтердің рентабельбілігі;

-пайданың динамикасы;

-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;

-ағымдағы өтімділік коэффициенті;

-автономия коэффициенті;

-жиынтық активтер;

Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді:

Сыртқы факторлар:

1.Халықаралық факторлар.

2.Ұлттық факторлар.

3.Рыногтық факторлар.

Ішкі факторлар:

1.Фирманың бәсекелік ортасы

2.Қызметтің принциптері

3.Ресурстар мен оларды пайдалану

4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты

5.Қаржы менеджменті

Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы банкроттықтың субьективті және обьективті себептері көрсетілген:

Дағдарыс себептері

Субьективті

Обьективті

Сыртқы

Ішкі

Даму

қажеттіліктері

Білім деңгейі

Табиғат

өзгерістері

Жетілмеген

басқару

Қызмет

қателіктері

Жұмыстың

күрделенуі

Көзқарастардың

қарама-қайшылығы

Уақыт тығыздығы

Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға байланысты:

1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;

2. Төмен рентабельдік

3. Тұрақсыз табыс

4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;

5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;

6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;

7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың орны алуы;

8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік таныту

9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;