Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКРОТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.3 Кб
Скачать

Мазмұны

Ι.Кіріспе: Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері

1.1.Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен

мәні................................................................................................5

1.2.Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері............................................................................................7

ΙΙ.Негізгі бөлім: «Алтын Жіп» АҚ-ның шаруашылық қызметі мен

банкроттық мүмкіндігіне талдау

2.1.«Алтын жіп» АҚ–ның банкроттыққа ұшырау қаупі мен оның алдын-алу жолдары...............................................................................................................12

2.2. Кәсіпорынды қаржылай және экономикалық сауықтырудың негізгі бағыттары..............................................................................................19

III.ҚОРТЫНДЫ...................................................................................24

IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................26

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның мақсаты, Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алғандығы. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.

Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың рөлі мен маңызын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:

-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;

-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;

-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;

-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;

Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.

I. Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері

    1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық – ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен қызмет болып табылады. Жалпы кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады :

1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.

2) Бизнес-жоспарды құру.

3) Қажетті ресурстарды табу.

4) Құрылған кәсіпорынды басқару.