Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы-силлабус Г.С.Жугенбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
698.88 Кб
Скачать

4.2. Дәріс сабақтары

3-кесте. Модульдер бойынша дәрістік сабақтардың тақырыптық мазмұндары мен көлемі

К

у

р

с

С

е

м

е

с

т

р

А

п

т

а

Пәннің модульдері бойынша

дәрістемелік сабақтардың

тақырыбы мен мазмұны

Көлемдері,

сағаттар

Әдебиет

1

2

3

4

5

7

1

1,2

1модуль: «Ерте және ортағасырлардағы Қазақстан»

12

1

Тақырыбы: «Кіріспе. Қазақстан тарихының деректемелері және тарихнамасы»

Мазмұны:

«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері. Отандық тарихтың функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы әлемдік тарих контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.).

Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстан тарихын оқытудың әдіс-тәсілдері. Отандық тарихты танудың жаңа концептуалдық бағыттары.

Пәнннің деректік негіздері, деректану және тарихнама мәселесі.

1

І (1-4/1 т./)

1

Тақырыбы: «Ерте замандағы Қазақстан. Тас және қола дәуірі»

Мазмұны:

Тас ғасырының жалпы сипаттамасы және кезеңдері. Палеолит, мезолит, неолит. Ежелгі адамдардың өмір сүру ортасы және табиғи жағдайлары. Адамның пайда болуы және оның дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстан табиғатындағы өзгерістер. «Неолиттік төңкеріс». Қола дәуірінің кезеңдері және ерекшеліктері. Археологиялық зерттеулердегі Андронов мәдениетіне тән ескерткіштер. Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғамдық қатынастар. Металлургия. Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

1

І (1-4/1 т./); ІІ (1-6)

2

Тақырыбы: «Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекет құрылымдары (б.з.д. VIII ғ. – б.з.V ғ.»).

Мазмұны:

Сақтар (б.з.б.VІІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығы. Мәдениет пен өнер. Сақтардың тұрмысы мен қоғамдық құрылысы.

Үйсіндер мен қаңлылардың (б.з.д.ІІ ғ. – б.з. І ғ.) этникалық және саяси тарихы. Археологиялық ескерткіштері. Шаруашылығы, қолөнері мен саудасы.

Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпенді империя. Ғұндардың әскери өнері, материалдық, рухани мәдениеті, шаруашылығы.

1

І (1-4/1 т./); ІІ (7-18)

2

Тақырыбы: « Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI-X ғғ.)».

Мазмұны:

Түркі қағанаты (552-603) – тұңғыш еуразиялық көшпенді империя. Түргеш қағанаты (704-756). Түргештердің Тан династиясы мен Орта Азиядағы арабтармен күресі. Қарлұқ қағанаты (766-940). Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғғ.) Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен қала тұрмысы. Қимақ қағанаты (ІХ- ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақтардың сыртқы саяси байланыстары, шаруашылығы мен мәдениеті.

1

І (1-4/1 т./); ІІ (19-21;23-24)

3

Тақырыбы: «Кейінгі ортағасырлық мемлекеттер (ІХ-ХІІІ ғғ. басы)».

Мазмұны:

Қарахан мемлекеті (942-1210). Қазақстан территориясындағы тұңғыш мұсылман мемлекеті.

Қарақытайлар (1128-1213). Қарақытайлардың Шығыс Қарахан қағанатын жаулап алуы.

Найман және кереит ұлыстары (XII – XIII ғ. басы.). Орталық Азияда найман және кереит тайпалары конфедерациясының қалыптасуы, орнласуы.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ.басы – 1224 ж.). Қыпшақтардың тайпалық құрылымы және иерархиясы. Қыпшақ хандығында қазақ халқының этникалық ядросының қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.).

1

І (1-4/1 т./); ІІ (22;24-25)

3

Тақырыбы: «Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті (VІ-ХІІ ғғ.)».

Мазмұны:

Қазақстанның VІ-ХІІ ғғ. отырықшы және көшпелі мәдениеті. Шаруашылық-мәдени типтер; мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қалалар мен қоныстар. Дала және қала. Ұлы Жібек жолы. Сәулет өнері, қолданбалы өнер, кесенелер. Ертетүркі жазба мәдениеті. Ислам дінінің таралуы; христиандық, буддизм, манихейлік. Тіл, ғылым, әдебиет. Ұлы ойшылдар: әл-Фараби, М.Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи.

1

І (1-4/1 т./); ІІ (26-29)

4

Тақырыбы: «Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде. Алтын Орда»

Мазмұны:

Қазақстан моңғол шапқыншылығы тұсында (ХІІІ ғ.). Моңғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулап алуы. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың бағындыруы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында. Батыйдың Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың құрылуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы. Алтын Орданың әлсіреуі және құлауы. Ұлыстық соғыстар. Шағатай мемлекетінің құрылуы.

1

І (1-4/2 т./); ІІ (15-16;30-36)

4

Тақырыбы: «Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер (ХІV-ХV ғғ.)».

Мазмұны:

Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері (ХІІІ ғ. соңы – ХV ғ. басы). Көк Орда – жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш мемлекеттік құрылым. Сырдария қалалары үшін күрес. Орта Азия және Хорезммен байланыс.

Моғолстан (ХІV ғ. ортасы – ХVІ ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Территориясы және этникалық құрамы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Әбілхайыр хандығы (1428-1468). Территориясы және этникалық құрамы. Әбілхайыр ханның Орта Азияға әскери жорықтары.

Ноғай Ордасы (ХІV ғ. соңы –ХІ ғғ.). Территориясы және этникалық құрамы. Шаруашылық түрлері. Мәдениеті.Ноғай Ордасының билеушілері.

1

І (1-4/2 т./); ІІ (39-43)

5

Тақырыбы: «Қазақстан территориясындағы этникалық процестер. Қазақ халқының қалыптасуы».

Мазмұны:

Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Ерте, ерте орта және кейінгі ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері.Этникалық территорияның қалыптасуы, біртұтас тілдік айқындық. Қазақ жүздері және ру-тайпалары. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.

1

І (1-4/2 т./); ІІ (36-38;43)

5

Тақырыбы: «Қазақ хандығы ХV-ХVІ ғғ».

Мазмұны:

Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси үстемдігінің нығаюы. Тұңғыш қазақ хандары Жәнібек пен Керей. Мұрындық пен Қасымның Мұхаммед Шайбани мен Ноғай мырзаларына қарсы күрестері. Қазақ хандығының Сырдария қалалары үшін күресі. Қазақ хандығының күшеюі. Шаруашылығы. Сырдария қалаларының саяси және экономикалық маңызы. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясы. Қазақ хандығы Хақ-Назар хан тұсында (XVI ғ.).

1

І (1-4/2 т./); ІІ (39-42)

6

Тақырыбы: «Қазақ хандығы ХVІІ-ХVІІІ ғғ. басында».

Мазмұны:

Қазақ хандығы XVI ғасырда. Есім ханның Сырдария қалалары үшін күресі. Қазақ және Бұхара хандықтарының қарым-қатынастары. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістан. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары. Жоңғар хандығының құрылуы. Оның агрессиялық саясаты.. ХVІІ ғ. 2-ж. қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Батырлар мен билердің ықпалы. Қазақ хандығы Жәңгір хан тұсында. Тәуке ханның билігі. Қазақ-жоңғар қатынастарының ушығуы. «Жеті жарғы». Төле би, Казыбек би, Әйтеке билердің қазақ қоғамындағы рөлі.

1

І (1-4/2 т./); ІІ (39-42;52)

6

Тақырыбы: «Қазақ халқының XV-XVIII ғғ. мәдениеті».

Мазмұны:

Қазақтардың дәстүрлі көшпенді мәдениеті. Еңбек құралдары және қару-жарақтар. Қолөнері. Қолданбалы өнер. Үй кәсіпшілігі, киім-кешектер. Дін, ауызша және жазба әдебиет. Дәстүрлі ауызша тарих. Жазба тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулати. Қадырғали Жалайыр. Музыкалық мәдениет. Жыраулар, ақындар шығармашылығы. Толғау өнері.

1

І (1-4/2 т./); ІІ (46-51)

2модуль: «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»

18

7

Тақырыбы: «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуы».

Мазмұны: Қазақстанның жаңа дәуірге енуі. Теориялық аспектілер мен проблемалар. Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. Қазақстанның ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақ орыс-қарым қатынастары (ХV-ХVІІ ғғ.). Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы: тарихнама және деректемелер.

1

І (1-4/3 т./); ІІ (45;53-54)

7

Тақырыбы: «Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайы (ХVІІІ ғ. орт.)».

Мазмұны:

Қазақcтанның XVIII ғ. екінші ширегіндегі экономикалық және әлуеметтік-саяси жағдайы. Қазақ қоғамы XVIII ғасырда. Қазақтардың шаруашылығы. Көшпенді шаруашылық. Қазақстанның Абылай хан тұсындағы мемлекеттілігі. Ішкі және сыртқы жағдайлар. Аблай хан қайраткер және мемлекеттік тұлға. Абылайдың Ресей және Цин империясымен қарым-қатынастары. Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.

1

І (1-4/3 т./); ІІ (53; 55-56)

8

Тақырыбы: «Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық күресі».

Мазмұны:

ХVІІ-ХХ ғ. басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. Негізгі кезеңдері, нәтижелері мен проблемалары. Ұлт-азаттық қозғалыстың бірінші кезеңі. (1731-1837 жж.). С. Датов, И.Тайманов, М. Өтемісов, Қ.Абылайханов, С: Қасымов, Ж. Тленшиев бастаған көтерілістер. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бастапқы кезеңінің ерекшеліктері және идеологиясы. Қазақстанның мемлекеттілігін және территориялық тұтастығын сақтау үшін күрес. Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі (1837-1870 жж..). Кенесары Қасымов – қолбасшы, патриот, билеуші. Халықтық соғыс 1837-1847 жж. Ж. Нұрмухамедов, Е. Көтібаров бастаған көтерілістер.

2

І (1-4/3 т./); ІІ (57-63)

9

Тақырыбы: « ХІХ ғ. екінші жартысындағы Ресей империясының Қазақстанға жүргізген саясаты».

Мазмұны:

Патша үкіметінің Қазақстанға жүргізген реформалары( XIX ғ. 2-ж..). Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы. Отаршылдық басқару аппаратын орталықтандыру. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жер реформасы. Қазақ жерлерінің Ресей мемлекетінің меншігіне айналуы. Қазақтанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстан – Ресей империясының отары. Қоныс аудару саясаты. Егін шаруашылығының дамуы. Сауда, жәрмеңекелер. Кәсіпшілік, өнеркәсіптің дамуы.

1

І (1-4/3 т./); ІІ (42;63)

9

Тақырыбы: « Қазақстан ХХ ғасырдың басында».

Мазмұны:

1905-1907 жж. Орыс төңкерісінң халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері. Патша үкіметінің Қазақстанға отаршылдық саясатының күшеюі. Жұмысшы қозғалысы, қазақ шаруаларының оппозиялық көңіл-күйлері. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. I – III мемлекеттік Думаға қазақтардың қатысуы. Ұлт-азаттық қозғалысқа қазақ зиялыларының тартылуы. Парламентаризм және ұлттық автономия мәселесі. Социл-демократиялық және кадет топтарының қалыптасуы. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің көтерілу мәселелері.

1

І (1-4/3 т./); ІІ (65-67)

10

Тақырыбы: «Қазақстанның XIX ғ. соңы- XX ғ. басындағы мәдениеті».

Мазмұны:

Мұсылмандық және ақсүйектік білім беру жүйесі. Қазақстанның орыс тарихнамасы. Материалдық мәдениет. Қазақтардың үй кәсіпшіліктері қолөнері. Ағартушылық ұйымдар мен ғылыми қоғамдар. Өнер және музыкалық мәдениет. Демократиялық әдебиет. Ұлттық қазақ баспасөзі. Ағарутшылық. Ш.Ш. Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин мұралары.

1

І (1-4/3 т./); ІІ (64-65;68)

10

Тақырыбы: «Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында».

Мазмұны:

Ресей метрополиясы және отар аймақтар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1916 ж. көтеріліс: себептері, сипаты және сабақтары. Казақстан 1917 жылғы тарихи кезеңде. Ұлт-азаттық және ұлттық-демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Кеңес үкіметі органдарының құрылуы. В.И. Ленин. 1917 ж. көктем және жаз айларындағы саяси ағымдар.Большевиктер, кадет, эсер партиялары.. «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-Исламия», «Широ-и-Улемия». Қазақ халқының ұлттық сана сезімінің өсуі.

1

І (1-4/4 т./); ІІ (65-72)

11

Тақырыбы: «1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы».

Мазмұны:

Қоғамның түрлі топтарының төңкеріске қатысты ұстанымдары. Қазан төңкерісінң қозғаушы күштері және әлеуметтік негізі туралы пікірталастар. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі әлеуметік-саяси жағдайлар. ІІ жалпықазақ съезі. Ұлттық автономияның құрылуы. Алаш партиясы. «Түркістан автономиясын» талқандау. Кеңес үкіметінің алғашқы қадамдары. Қазақ өлкесін басқару туралы революциялық комитет. 1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (қазақ) социалистік кеңес республикасын құру жөніндегі» декреті.

1

І (1-4/4 т./); ІІ (65-72)

11

Тақырыбы: «Қазақстан азамат соғысы жылдарында».

Мазмұны:

Азаматтық қарсыластықтың белең алуы. Азамат соғысы – халық трагедиясы. Әскери қақтығыстар кезіндегі Қазақстан. Кеңес үкіметінің солтүстік, солтүстік-шығыста құлатылуы. Жетісу, Орал, Шығыс, Ақтөбе және Түркістан майдандары. Ақ және қызыл террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қоғалыстар. «Революциялық» және «контреволюциялық» үкіметтің идеологиясы, саясаты.Саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдай.

1

І (1-4/4 т./); ІІ (65-72)

12

Тақырыбы: «Қазақстан 20-30- жж. Кеңестік модернизациялау тұсында».

Мазмұны:

Қазақстандағы жэс. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы. Кіші қазан саясаты және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру. Ф.И. Голощекин және оның идеясы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру зардаптары. Индустрияландыру: сипаты, барысы, ауқымы. Қоғамдық-саяси жағдай. Халық ағарту. Білім беру. Кеңестік мәдениет.

.

1

І (1-4/4 т./); ІІ (71-79)

12

Тақырыбы: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 )».

Мазмұны:

Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстан территориясы фашистік Германияның жоспарында. Қазақстандықтар майданда. Қазақстанның экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру. Қазақстандықтардың партизан соғысына, Еуропадағы Қарсыласу соғыстарына қатысуы.

Соғыстан кейінгі жылдардағы ел экономикасы, республиканың қоғамдық-саяси жағдайы. Саяси репрессиялардың дамуы. «Е. Бекмаханов» ісі және «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг және т.б.).

1

І (1-4/4 т./); ІІ (80-82;84)

13

Тақырыбы: «Қазақстан 1950-ж. екінші жартысында және 1980-ж. бірінші жартысында».

Мазмұны:

Ауыл шаруашылығын реформалау (қыркүйек пленумы, 1953 ж.). Партияның ХХ съезі. Сталиннің жеке басына табынуын әшкерелеу. Эконмиканы реформалау және басқару. Тың және тыңайған жерлерді игеру.Техникалық прогресс. Шаруашылық реформалар. Әкімшілік-әміршілдік жүйенің орнығуы.

1

І (1-4/4 т./); ІІ (83-84)

13

Тақырыбы: «Қазақстандағы қайта құру саясаты 1985-1991 жж.».

Мазмұны:

«Қайт құру» саясаты және оның негізгі кезеңдері. КОКП Орталық комитенің 1985 ж. сәуір пленумы. Кеңестік қоғамды демократияландыруға бағыт. Қазақстан компартиясының ХVІ съезі. 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы..Кеңестік биліктің басқаруының дағдарысы.

1

І (1-4/5 т./); ІІ (83-86)

14-15

Тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында».

Мазмұны:

Қазақстан тәуелсіздік жолындағы күресте. Тәуелсіздіктің жариялануы. ТМД құрылуы. Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылысы. Экомикалық дамуы. 2030- бағдарламасы. Қоғамдық-саяси және рухани өзгерістер. Мәдени мұра. Сыртқы саясаттың басым бағыттары.

4

І (1-4/5 т./); ІІ (88-96)

1-семестрдегі ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

30

Пән бойынша БАРЛЫҒЫ:

30