Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhospary_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.48 Кб
Скачать

1.2 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуіне аз қамтылудың әсері

Аз қамтылған этникалық топтардың мәселесі кедейлікпен тікелей байланысты. Кедейлік дегеніміз - жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады[4].

Әл ауқаты нашар аз қамтылған, кедейшілік шегінде тұрған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға бейімделуі күрделі болады. Ен басты себептерінің бірі бұл жасөспірімдердің кедей топтан шыққандығы болса, екіншісі жасөспірімдерге тән психологиялық тұрақсыздық күйі, қоғамның ауыр соққыларына төтеп бере алмайтындығында. Жасөспірімдер - 16-18 жас аралығындағы балалар. Бұлар ересек жасқа әлі жетпегендігімен, жеткіншек жастағы қылықтарын қойып, өзгелерге дұрыс қатынаса бастайды. Сырттай қарағанда мәдениетті, көмектесуге даяр тұрады. осы уақытқа дейін ойнап, тапсырмаларды дұрыс орындамай жүрсе, осы жаста келешегін ойлап, мамандық таңдауға кіріседі, оқуға салмақты қарайды. Жақсы оқуға тырысады. Ақыл-ойы едәуір дамып, өз ісіне, ойына дәлелді талдау жасап, рефлексиясы дамиды. Негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Кейбіреулері мектепте қалса, енді біреулері мамандық таңдап, қалаған оқу орындарына барып оқиды. Жауапершілігі ұлғаяды, өздері, туғандары және өззгелер жайлы ойлап, қамқоршы болады. Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасы жеткіншек жасқа қарағанда түзеле түседі. Өзгеру себебі мынада: егер жеткіншектердің үлкендермен келіспеушілігі көбіне оны ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын билікті өзіне беруін қалауы. Ал есейген сайын осының қате екенін түсініп, үлкендермен қатынасы қзгере түседі. сонымен қатар, өспірімдердің үлкейген сайын есі, ақылы толысады. Осының нәтижесінде, жасөспірім мен туыстарының арасында бұрынғы түсінбеушілік жойылып, түзеле түседі. Қарым-қатынастағы өзгерістермен бірге баланың өзбеттілігі де дами түседі. Бірақ тлпынудың мазмұны өзгереді: бала үлкендер сияқтықызмет ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екендігін, өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру оңайға түспейтінін сезе бастайды. Осындай өзбеттіліктің түріне ұмтылу - әке-шешесінің қамқорлғынан, соның ішінде экономикалық жәрдемнен, бірте-бірті босану деген сөз. осындай қамқорлықты жөн көрмегенімен, қол үзгісі де клмейді. Өзбеттілікке бірден енеалмайды, себебі барлық өмірлік мәселелерді өздері шеше алмайды. Оларға демеу болу қажет. Бұл жағдайда баланың еңбекке ерте араласуы оның дамуына, азамат болуына бірден-бір жол аша алады. Ал өз құрбыларымен қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері жеткіншекитерге қарағанда ірі өзгерістерге ұшырайцды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді, болашағы туралы толғанады, достарынан пікірлесуді қалайды. Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды. ОЛар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа әкеледі [5.55 б].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]