Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhospary_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.48 Кб
Скачать

1. Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу мәселесін зерттеудің теориялық – әдістемелік негізі

1.1 Әлеуметтік бейімдеу мәселесін қатысты шет елдік және отандық ғалымдардың зерттеулері

Бейімделу (ағыл. аdaptation, орыс. адаптация) – алғашында биологияда пайда болған термин, құрал мағынасын беріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасты. Кейін әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың жаңа идеяларымен толығып, жаңа мағынаға ауысты (физиология, медицина, биология, психология т.б.). Әлеуметтік бейімделудің теориялық жақтары А.А. Налчаджян, И.А. Милославованың, Д.А. Андрееваның зерттеулерінде қарапайым бейімделу үдерісі көп жағдайда ортаның белсенді реттеуші үдерісі жағдайында сипатталады. Әлеуметтік бейімделу үдерісінің басты идеясы – жеке тұлғаның жаңа әлеуметтік ортамен формалды және формалды емес әлеуметтік қатынас барысында ондағы қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жүйесін қабылдауы. И.Я. Зимняяның пікірінше, тұлғаның бейімделу үдерісі обьективті ортаны өзінің тұрмыстық болмысын саналы түрде сезінуі, айыра алуына байланысты туындайды, екіншіден, адамның еңбек қызметі бейімделуші ортада қашанда маңызды, үшіншіден, адам өзінің өмір сүру салтына қарай бейімделу үдерісін пассивті түрде қабылдап қана қоймай, мақсатты түрде өзгерте алады.

Ғылыми әдебиеттерде бейімделу қашанда жеке тұлғаның әлеуметтік рөлге енуі мен жаңа режимге көшуімен байланысты екені айтылады. Осы ұғымды ары қарай қарастыруымыз арқылы бейімделу – үдеріс пе әлде нәтиже ме деген сұрақ жайлы әлі нақты көзқарастың жоқ екенін аңғартты. К.Е. Бекмаханованың пайымдауынша, бейімделу – жеке тұлға мен әлеуметтік орта арасындағы белгілі қарым-қатынас үдерісі және нәтижесі .М.И. Иванова, А.В. Черемнов бейімделу үдерісі – «қандай да бір кезеңдегі құбылыстың пайда болуының, оның уақытқа тәуелді дамуын, өзгеруін, бірте-бірте ретімен бейімделу элементтерінің жиынтығын қамти тұрып, жаңа кезеңге өтудің сапалы нәтижесін береді»[1].

Әлеуметтік бейімдеу адамның жағдайын ғана көрсетіп қана қоймай , әлеуметтік ортаның ықпалы мен әсеріне әлеуметтік организімнің тұрақтылық пен тепе теңдікке ие болу процесін бейнелейді. Әлеуметтік бейімделу адам өміріндегі өтпелі кезеңдерінде , рационалды экономикалық және әлеуметтік реформалар кезеңінде де көрініс табады. Қазіргі уақытта бүл мәселені қарастырудағы баса назар аудару адамдардың өмірінің әртүрлі салаларындағы бейімделу процесінің тездетілуімен байланысты, тәжірибелік міндеттерді шешу қажеттілігімен айқындалып отыр, олар кәсіби, тұрмыстық, саяси- құқықтық және т.б. Әлеуметтік бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік орта өміріне белсенді түрде қалыптасу процесін айтамыз.Әлеуметтік бейімделу процесінде адам әлеуметтік ортаның ықпал ету объектісі және осы ортаның ықпалына жауап беретін субъектісі болып табылады. Бейімделу процесі бұл әлеуметтік құндылықтарды әлеуметтену арқылы игеру. Адам белсенді субъект ретінде өзінің өмір сүру барсында басқарушылық, экономикалық, психологиялық , педагогикалық технологиялар мен әдістерді, яғни адамдық өркениет өнімдерін меңгереді және қолданады.Іс жүзінде адамдық мәдениеттің барлық элементтері бейімделу механизмі арқылы тұлғаның қалыптасуына қатысады [2, 42-43 б].

Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды. Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды [3].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]