
- •Мазмұны
- •1. Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу мәселесін зерттеудің теориялық – әдістемелік негізі
- •2. Алматы қаласының негізінде , аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдЕудің мәселелерін әлеуметтік зерттеу.
- •1. Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу мәселесін зерттеудің теориялық – әдістемелік негізі
- •1.1 Әлеуметтік бейімдеу мәселесін қатысты шет елдік және отандық ғалымдардың зерттеулері
- •1.2 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуіне аз қамтылудың әсері
- •1.3 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу технологиялары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................4 -5
1. Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу мәселесін зерттеудің теориялық – әдістемелік негізі
1.1 Әлеуметтік бейімдеу мәселесін қатысты шет елдік және отандық ғалымдардың зерттеулері...................................................................................6- 7
1.2 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуіне аз қамтылудың әсері..................................................8-9
1.3 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу технологиялары..............................................................9-10
2. Алматы қаласының негізінде , аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдЕудің мәселелерін әлеуметтік зерттеу.
қОРЫТЫНДЫ..............................................................................................11- 12
пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................13
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бітіру жұмысында Алматы қаласының мысалында, аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу және ондағы туындайтын қиындықтарды жеңе білу мәселелері кеңінен қарастырылып, зерттелген. Сонымен қатар, «кедейлік», «этнос», «әлеуметтік бейімделу» ұғымдары ауқымды қарастырылған.
Кедейлік дегеніміз - жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.
Этнос - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
Әлеуметтік бейімделу деп – адамның жаңа әлеуметтік орта өміріне белсенді түрде қалыптасу процесін айтамыз.
Сондай-ақ, түрлі этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуіне олардың аз қамтылуының әсері қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда, аз қамтылған топтардағы индивидтердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуі көптеген қиындықтар тудыруда. Соның ішінде, аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдер құбылмалы кезеңді бастан өткізу барысында қоғамға дұрыс бейімделе алмауы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысында зерттеліп отырған мәселенің әлі күнге дейін көптеген толық зерттелмеген тұстары мен аспектілері , кейбір мәселелер боынша өзінің нақты шешімін таппаған және осыған байланысты талас тудырып отырған жақтары көп.
Ресейлік ғалымдар арасында әлеуметтік бейімделу мәселесін зерттеген ғалымдар: А.А. Налчаджян, И.А. Милославова, Д.А. Андреев, М.И. Иванова, А.В. Черемнов, И.Я. Зимняя, В.П. Зинченко, Б.Г. Мещерякова.
Зерттеу пәні: Алматы қаласының негізінде , аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуін зерттеу.
Зерттеудің мақсаты: Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу кезіндегі кедергілер және құндылықтарды анықтау.
Зерттеудің міндеті: Қойылған мқсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталады:
- Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің құндылықтарын анықтау:
-Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеудің технологияларын көрсету;
-дердің құндылықтарын анықтау:ау.асөспірімдердің құндылықтарын анықтау: ды:оғамға әлеуметтік бейімделуін зерттеу зерттеу.әселАз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделуіне аз қамтылудың әсерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: Дипломның құрылымы екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім үш тақырыпшадан тұрады, екінші бөлім төрт тақырыпшадан тұрады.