- •1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Пәннің мақсаты:
- •7. Пәннің саясаты мен жүргізілуі:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Пәннің тақырыптық жоспары
- •10. Сөж және соөж тапсырмалары және оларды орындау кестесі
- •Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік. Кәсіби тілді дамытудың тетіктері мен бағыттары.
- •1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар. Мазмұнын қазақша айт.
- •Татар мақал-мәтелдері.
- •Тіл туралы толғаныс.
- •Мемлекеттік ту.
- •Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
- •Қазақстан Республикасының Әнұраны.
- •Тапсырмалар
- •Мақтанышым – Елбасы
- •Мәтін қай стильде жазылған, лексикасына мән беріңіз.
- •Мәтінді баяндаңыз, ой бөлісіңіз.
- •Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •Ш. Құдайбердіұлының ғылым туралы ой-толғауларын пайдаланып, ғылымның пайдасы туралы әңгімелеңіз. Ғылымсыз адам – айуан
- •2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі сөздерді қатыстырып ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемдер құраңыздар.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •Қазақ тіліндегі әдеби тілдің нормасы
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді қазақша аударыңыз, қай стильге жататындығын анықтаңыз.
- •Ұлылық үлгісі
- •1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құраңыздар
- •Қазақстан - әлемдік кеңістікте
- •Тапсырмалар.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мәтін қай стильде жазылған, лексикасына мән беріңіз.
Мәтінді баяндаңыз, ой бөлісіңіз.
3-тапсырма. Сұраққа берілген сөз тіркестерін қатыстырып жауап беріңіз.
мемлекет басшысы
тіл жанашыры
1
.
Елбасы кім?
мемлекет тірегі
ертеңгі басшы
3. Елбасы жайлы репортаж дайындаңыз және шығарма жазыңыз.
Тақырып 5 Жарнама – ақпараттың бір түрі. Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліндегі ресми стиль, жанрлары, тілдік-стильдік белгілері. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
Жарнама – ақпараттың бір түрі
Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – «жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауық туралы хабарландарудың бір түрі».
Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді:
- сыртқы жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар)
- теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер)
- парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштері)
- газет жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері)
Түсініктеме!
Хабарлама- ауызша немесежазбашатүрде қысқашабаяндалатын мәлімет;
Насихаттау – белгілі бір жаңа идеяны не ғылым жетістіктерін елге айтып түсіндіру, үгіттеу;
Бәйіт - ораза кезінде айтылатын жарапазан сарынындағы жыр-өлең;
Жарапазан – рамазан айында айтылатын өлең-жыр;
Дастан –әдебиеттегі сюжеті ұзақ жыр, эпикалық жанр;
Жапсырма – көлемі әр түрлі металдан істелген жұқа бастырғы;
Мағлұмат – жария ету,мәлімдеу;
Үнқағаз – бір нәрсе жайлы мәлімет жазылған қағаз;
Көрме – қоғамның немесежеке адамныңматериалдық я рухани жетістіктерін жұртқа көрсететін орын.
Ресми іс қағаздар тілінің стилі.
Ресми стиль – лексикасы қатаң нормаланған типтік үлгідегі құжаттардың тілі. Ресми стильде іскери, әкімшілік, заңнамалық, ресми кеңсе, іскери шешендік, әскери, елшілік құжаттар жазылып жүр. Дегенмен бұл стильде тек баяндамалар мен құжаттар жазудан басқа, ауызша сөз сөйлеу тілі деп бағалауымызға болады. Мәселен, мінберден сөйленген сөз, ресми сұхбат т.б.
Ресми стильдің жанрлары басқа стиль түрлеріне қарағанда тақырыбы тұрақты мәтіндерден тұрады. Бұлар негізінен іс-қағаздарындағы құжат түрлері. Оған ресми хаттар да, қызметтік нұсқаулықтар мен жазбалар да кіреді. Лексикасына келер болсақ, қатаң нормаланған, стандарт түріндегі типтік, трафареттік сөздер мен сөз тіркестері, айналымдар мен клишелер. Іс қағаздарында орын-орнымен жазылатын реквизиттер қолданылады, олар жекелеген сөздерден, сөйлемдерден тұрады. Басты ерекшелігі олардың не бір әріпі, сөзі өзгертілмей қолданылады. Мәселен, бұйрықта жазылатын, «жұмыстан босату туралы», «негіздеме», «бұйрықты дайындаған», «мақсатында», «бұрыштама» т.с.с. реквизиттерді атауымызға болады.
Ресми стильдегі лексикада эмоционалдық, экспрессивтік мән болмайды. Олар мейлінше бейтарап, мағыналары нақты болып келеді. Белгілі заң тәртібіне, құжатқа сүйене жазылады. Осыған байланысты, мақсатында, сәйкес, көрсетілгендей, орындау үшін, сай, байланысты сияқты сөздер қолданылады. Атау мәндегі сөздер көп жағдайда анықтауыш сөзсіз (эпитет, теңеу секілді), көркемдеу элементісіз қолданылады. Етістіктер нақты үдерістің атауын беріп, тиянақты формада қолданылады. Негізінен өткен жақта және осы шақта қолданылады. өткен шақта өзгелік етіс арқылы жоспарлады, тексерді, қадағаланды т.б. және ырықсыз етіс арқылы жеткізілді, қамтамасыз етілді, белгіленді т.б. сол секілді есімше формасында (тексерілген, қадағаланған) беріліп отырады. Ал келешекте істелетін істер болса, жоспарларда, бағдарламалар тілінде тұйық етістік формасында беріледі: реттеу, бағалау, саралау т.б. Әмір ету, талап қою, ұсыну мәніндегі құжаттарда қолданылатын етістіктер бұйрық рай формасын ұстанады: ұйымдастырылсын, есепке алынсын, енгізілсін, тіркеуге алынсын т.б. Осы шақтағы әрекеттер отыр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің көмегімен (тексеріліп отыр, жоспарланып жатыр, тексеріліп жүр) және қарастырылуда, реттелуде, бақылаға алынуда секілді тиянақсыз етістіктер арқылы танылып отырады. Бұл ретте ресми стилде әрекет етуші субъектіні таныту үшін құзіретті органдар тарапынан, тиісті органдар, жергілікті атқарушы орган деген сияқты атау тұлғадағы сөздер қолданылады.
1. Көрсетілген лексикалық бірліктерді қолданып сөйлемдер жазыңыз. Болып отыр, мәселе болып тұр, шешімді қажет етеді, қарастыруыңыз сұралады, сәйкес, орын алған жағдайға байланысты, енгізілсін.
2. Мекемеде жазылған бұйрықтың мәтінінен үзінді келтіріңіз, лексикасына талдау жасаңыз.
3.Іс қағаздар тілінде кездесетін реквизиттердегі лексикалық бірліктерге мысал кетіріңіз, талдауға алыңыз.
4. «Мен болашақ маманмын» тақырыбына жарнама жасау.
Тақырып 6 Абай – аудармашы. Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліндегі ғылыми стиль және оның ерекшеліктері. ҒС лексикасы.
Ақынның әдеби мұралары ішінде аударма үлгілерінің де ӛзіндік орны мен салмағын сандық тұрғыда жүйелесек: аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу ӛлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 ӛлең шамасында аударған.
Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай кӛркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық-кӛркемдік мағынасын ӛзінше береді. Ақын Пушкиннің түп нұсқасынан алшақтау кетсе оны Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды кӛрініс деп білу керек деп ойлаймын. Осындай ізденудің арқасында Абай еркін шығармашылық аударманың тамаша үлгілерін жасаған.
Абайдың ерекше сүйіп аударған ақыны - М.Ю. Лермонтов. Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен Абайдың етене жақын екенін және оның жеке ӛлеңдерімен бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын білеміз.
Абайдың аса кӛңіл бӛліп аударған ақындарының бірі орыстың атақты мысалшысы - И.А. Крылов. Аударма ӛнері жолға қойылмай тұрған шақтың ӛзінде И.А.Крыловтың бір мысалын ("Қарға мен түлкі") тұңғыш рет Ыбырай Алтынсарин қазақшалаған болатын. Содан кейін Абай оның он екі мысалын қазақ тіліне аударады. Крыловтың сатиралық мысалдарын қазақшалауға бармай, оның ӛсиетшілдік бағыты басымырақ мысалдарын Абай ден қоя аударған. Бұл аудармаларында да Абай шеберліктің, дәлдіктің, авторды терең түсінудің үлгілерін кӛрсете алған. Соншалық шабытты жолдар орыс елінің ұлы мәдениетімен қазақ ақынының танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу сәтінде туған. Сол себепті, Абай, бір жағынан, ақындық ӛнерін шырқау биікке кӛтерсе, екіншіден, сол кездегі қазақ жұртшылығын тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа ӛнеге боларлық ұмытылмас еңбек жасады.
Суреттерді пайдалана отырып «Абай – аудармашы» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Ғылыми – көпшілік әдебиеттер стилі.
Ғылыми стиль – функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі.Ғылыми стиль (ҒС) жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми еңбектер жатады: диссертация, монография, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы. Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис, рецензия, аннотация жатады.
Ғылыми стильде тілдік нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды. Сөздер дәл заттық мағыналарында жұмсалады. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішінде мамандық терминдерінің қолданылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық нормасы болып табылады.
ҒС сыртқы элементтері қалыптасқан арнайы тақырыптан тұрады. Онда ғылыми еңбектің жалпы мақсаты, негізгі идеясы, ғылыми пікірдің негізі көрініп тұруы тиіс. Мәселен атауы, яғни тақырыбы хабарлама түрінде беріледі. Мысалы, «Стиль табиғаты», «Стиль мәселесінің зерттелу жайы» т.б.
Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тарихын, жазылу себептерін, жаңалығын қысқаша баяндап береді. ҒС негізгі тарауы зерттеу нысанымен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Бұл стильде жазылатын еңбек өзінің мағлұматтарын ғылыми тәжірибеден алады. Мағлұматтарды салыстырады, талдауға алады, бір тұжырымға келтіреді. ҒС-ге мәтіннің сыртқы элементтерінің бірі – қорытынды. Қорытынды бөлімде зерттеудің толық сипатын жан-жақты қорытындылап, зерттеудің негізгі мақсат-міндеттерінің нақты мәнін қысқаша мазмұндайды.
ҒС метафоралар да кездеседі, алайда оның бейнелік, көркемдік қасиеті төмен болады. Мысалы, Франция – көне мәдениет ошағы, философия – барлық ғылымдардың түп атасы. Әдеби тілді байытып, қорландырып отыратын нәрлі бастаудың бірі – халық тілі.
ҒС зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу секілді сөз таптарының барлығы дерлік қолданылғанмен одағай сөздер, демеулік шылаулар (кейбіреуі болмаса) қолданылмайды. Мысалы, көлем, мөлшер, санат, жұп, жүз, елу, жақсы, жаман, үлкен, кіші, үдеу т.б.
ҒС-де кейбір етістіктер байланыс қызметін атқарып келеді: сәйкес келеді (сәйкес сөзінің орнына), көруге болады (көреміздің орнына), сөз қозғайды (айттының орнына), толық жауап береді (іс-әрекеттің жүзеге асқандын білдіреді) т.с.с.
ҒС-де есімді сөйлемдер жиі кездеседі. Олардың қолданысы ықшамдылық пен дәлдікке, нақтылық пен деректілікке әкеледі. Мысалы, бірқатар ғалымдар көрсеткендей, мәтін – тілдік қарым-қатынасты іске асырудың құралы әрі соның туындысы т.б. ҒС-дегі жай сөйлемнің күрделенген түрі бағалаушы сөздер ретінде қолданылатын анықтайтын, бағалайтын, сипаттайтын, толықтыратын деген сөздер жиі қолданылады. Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемдерді байланытыруда шылаулар жиі қолднылады: себебі, бірақ, дегенмен т.б. Сөз сабақтауда, тізбектеп көрсетуде біріншіден, екіншіден, сонымен, соған байланысты, бір жағынан секілді қыстырма сөздер де қолданылады. ҒС-де рай категориясы да стильдік мәнде жиі қолданылады.
«Ғылым» және «ғылымның дамып келе жатқан салалары» деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып, ой бөлісіңіздер.
Мысалы, валеология, өзін-өзі тану, салауатты өмір салты......
Жағдаяттық тапсырмалар!
Егер сіз білім министрі болсаңыз, білім саласына жаңа реформа енгізер ме едіңіз...
Сіз өз салаңыз бойынша белгілі ғалым болсаңыз, еліміздің көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз...
