Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби казяз - пд,рял.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Б...зд...ң Елтаңбам...з – шеңбер ...ш...нде. Шеңбер мағ..нас... – т...рш...л...к, шекс...з өм...р дегенд... б...лд...ред.... Елтаңбадағ... ең нег...зг... белг... – шаң...рақ. Шаң...рақ – үй, Отан деген ұғ...мд... б...лд...ред.... Қазақ халқ...нда «Отан отбас...нан басталад...» деген мақал бар. Отбас... – шаң...рақ, с...зд...ң үй...ң...з. Шаң...рақ – қазақ ел...н...ң белг...с..., рәм...з....

Шаң....рақ әлемд...к геральдика тарих...нда тұңғ...ш рет пайдалан...л...п от...рған бейне. Шаң...рағ... бар елтаңба тарихта болған емес.

Елтаңба композицияс...нда – ай мүй...зд..., алт...н қанатт... п...рақ бар. Ұлтт...қ өрнек қазақ халқ...н...ң тұрм...с...мен өте байлан...ст..., ал ат, ж...лқ..., тұлпар – қазақ тұрм...с...н...ң нег...з.... Елтаңбадағ... ең баст... белг...н...ң б...р... – бес бұр...шт... жұлд...з бен елд...ң ат.... Елтаңбан...ң нег...зг... бояу... – алт...н түстес.

(«Қазақ елін...ң рәм...здері»)

8. Мәтінді оқып, аудар. У дыбысы бар сөздерді жазып, ондағы

У дыбысының дауысты-дауыссыз дыбыс болуын түсіндір.

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға үндейтін, бірлескен іс-қимылға шақыратын, сана-сезімге психологиялық әсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл.

Қазақ халқының тарихында ол әртүрлі болған. Соғыс кезінде, жауға қарсы күресте батырлар атын да ұран ретінде қолданған, аруақты аталар мен аналардың атына құрылған ұрандар да болған. Өте көп тараған, барлық қазаққа ортақ ұран – «Алаш» сөзі болған, сондай-ақ «Аруақ» сөзі де ортақ ұран болған.

Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұранның музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Зат емлесі жоқ

Негізгі әдебиеттер:

1.Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі. Оқулық. Алматы , 2012

2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

4. А.С.Әділова, Б.О.Рахымбаева, Ж.А.Кенжебекова. Қазақ тілі (заң факультетінің студенттеріне арналған). www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.

5.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қосымша әдебиеттер:

1. Муса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі» (жоғары және арнаулы оқу орындарының экономика факультетінің студенттері мен кәсіби мектеп, колледж, лицей оқушыларына арналған оқу құралы). Алматы, «Экономика», 2001.

2. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев. «Қазақ тілі». Алматы, «Арыс», 2007

Сөздіктер

1.Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Заңтану. – Алматы: Рауан, 2000. – 360 б.

Тақырып 2 Асан қайғы. Грамматикалық тақырып: Кәсіби сөйлеу лексикасының негізгі бөліктері: жалпы қолданылатын сөздер, жалпы кәсіби және терминологиялық лексика»

Мақсаты:

Кәсіби сөйлеу лексикасының негізгі бөліктері: жалпы қолданылатын сөздер, жалпы кәсіби және терминологиялық лексика

Жалпылама лексика

Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекске түскенде ғана әртүрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді дегенде кір сөзі екі түрлі мағынада жұмсалып тұр. Алғашқы сөйлемдегі кір таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемдегі кір метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе реніш дегенді білдіріп тұр. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға-тұйық сөздер емес, бұлар да басқадай синтаксистік құрылым мен өзгедей грамматикалық тұлғаларға ие болғанда, солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше экспрессивті мән алып отырады. Жалпылама лексикаға тілдегі қолдану өрісі тар, өзіне тән белгілі стильдік мәні бар сөздерге қарама-қарсы қойылып қаралады.

Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары. Диалектизмдердің шектелуінде территориялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектелуінде әлеуметтік сипат бар. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді:

а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер

1. Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс, т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т.б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.

Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіндіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді. Сонымен қатар өз мәнінде терминдерге стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан терминдер жалпылама ортақ сөздерден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады.

Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан-жақты қарастырылып, қауырт жиналып терілуде. Терминдердің отыздан аса сөздігі басылып, шықты. Дегенмен, қазақ терминологиясы әлі де байсалды түрде үңіле қарап, тереңірек зерттеуді қажет етеді.

2. Кәсіби сөздер. Қазақ тілінде кәсіби сөздер мол кездеседі. Оларды кәсіби өндірістік мәніне қара, екі үлкен салаға бөлуге болады. Бір түрі әртүрлі шағын кәсіпке (балташылдық, ұсташылық, өрімшілік, тоқымашылқ, зергерлік, ою-өрнек т.б.) байланысты сөздер. Мысалы, темір ұстасының құрал атауларпы: тарақ балта (жүзі кедір-бұдыр балта), керме ара (ара жүзінің ортасында тірегіші бар ара). Кәсіби сөздердің екінші саласы ірі кәсіпшілікке байланысты. Оған: мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, күріш, темекі, мақта, қызылша, шаруашылықтарына байланысты сөздер жатады. Мысалы, мақтаға байланысты сөздер: қоза (мақта өсімдігі), шиіт (мақтаның тұқымы), терімші (мақта теруші) арам шақа (мақта бермейтін бұтақ), балдақ (мақтаның сабағы), көсек (мақта дәнінің қабығы) т.б.

Асан қайғы (XIV - XV ғғ.)

Асанқайғы Сәбитұлы – жырау, суырып салма ақын. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген философ-ақын, қазақтың жырауы, XV ғасырдың 60-жылдары қайтыс болған. Оның шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.

Асанқайғы Алтын Орда хандығының, сонан кейін Қазақ хандығының негізін салған Ұлығ Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезеңінде Әбілқайыр ханның қарсыластары – 1456 жылы Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды. Сонымен бірге, бұл хандықтың идеологы, барлық қазақ руларының бір мемлекетке бірігуін құптағандардың бірі.

Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұқсан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай, Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін жерұйықты іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. XV ғасырдың орта шенінде Ақ Орда күйреген соң, қазақтардың руларының Шығыс Дешті-Қыпшақтан Шу мне Талас өзендеріне үдере көшуін тудырған өзара феодалдық қырқысулар аңызда айқын суреттелген.

Асанқайғы – қазақ халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен дала абызы. Осыған байланысты, Желмаясымен жер жаннатын іздеген жырауды Асанқайғы деп атап кеткен. Тұла бойы ізгілікке толы, халқын сүйген дананы Ш.Ш. Уәлиханов «көшпенділер философы» деп атайды.

Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш «Асан ата күмбезі» деп аталады, Қызылорда облысында орналасқан, бұл ескерткіш 1982 жылдан бері мемлекет қорғауында.

Сөздік

суырып салма ақын – поэт-импровизатор

аркау еткен – в которых поднимались

толғау – стихотворение-размышление

терме – нравоучительные песни

негізін салу (= қалау) – основать

ең беделді – самый авторитетный

кеңесші – советник

өрбіген – возрастающая

құптағандардың бірі – один из тех, кто поддержал

жұт – джут - (массовый падеж скота)

табиғи апаттар – природные бедствия

нұқсан келтіру – нанести вред

жете сезу – основательно (детально) чувствовать

осыған орай – в связи с этим

жері нулы – плодородные земли

жерұйық – рай

кең тараған – широко распространилось

күйреген соң – после падения

үдере көшуін тудырған – кочевать с насиженных мест

өзара феодалдық қырқысу – межфеодальная вражда

айқын суреттелген – ярко изображен

ертеңін ойлау – думать о завтрашнем дне

еңсе көтеру – приободрять, поднимать дух

дала абызы – степной мудрец