Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби казяз - пд,рял.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Шоқан Уәлиханов, М. Әуезов қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Шоқан Уәлихановтың, М. Әуезовтің орны қандай?

3) Шоқан Уәлиханов және М. Әуезовтің еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Шоқан Уәлиханов пен М. Әуезовтің шығармаларынан не білеміз?

2. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құраңыздар

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық, ғылым қайтаркері, сауатты кісілер, жатқа оқу, киіз үй сахнасы, ғылыми зерттеулер, ұлттық дәстүр.

3. «Шоқан және Мұхтар» тақырыбында сұхбат жүргізіңіздер.

  1. «Ұлт мақтаныштары» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

Тақырып 13 Қазақстан - әлемдік кеңістікте. Пунктуациялық емле ережелер.

Грамматикалық тақырып: Пунктуациялық емле ережелер.

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысып, дұрыс қолданып үйреніңіз.

дүние жүзі – вовсем мире

әлемдік қауымдастық –мировое сообщество

тең мүшесі – равноправный союзник

қарым- қатынас – общение

тәжірибеде – в практике

елшілік –миссия

таяу –ближний

шалғай – дальний

сыртқы саясаты – внешняя политика

ғылыми -техникалық – научно-технический

қолайлы – удобный

беделді - авторитетный

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап өзіңіз білетін сөздерді аудармасымен қайталаңыз.

Қазақстан - әлемдік кеңістікте

Бүгін Қазақстан дүние жүзі мойындаған әлемдік қауымдастықтар мен ұйымдардың тең мүшесі. Олармен қарым – қатынас халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіпке негізделген. Қазақстан әлемдегі 215 елдің 170-тен астамымен сауда-саттық қатынаста. Оның тәуелсіздігін 180 ел мойындады, 130 елмен мәмілегерлік қатынас орнатты. Қазір Алматы мен Астанада 70-тен астам елдің елшіліктері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның көптеген таяу және шалғай шетелдерде елшіліктері мен консулдары бар.

Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми техникалық, қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық сахнадағы жағдай республика үшін өте қолайлы.

Беделді халықаралық ұйымдармен Қазақстанның халықаралық қатынасы барған сайын ұлғая түсуде. Олар : Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам конференциясы ұйымы т.б.

Бұл қатынастар шекараның бұзылмауы, басқа елдің ішкі ісіне қол сұқпау, оларды мойындау және құрметтеу сияқты маңызды ұстанымдарды басшылыққа алады

3 - тапсырма. Мәтінді аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанның әлемдік кеңістікте беделі қандай?

  2. Қазақстан 215 елдің қаншамасымен сауда- саттық қатынаста?

  3. Оның тәуелсіздігін неше ел мойындаған ?

  4. Алматымен Астанада қанша елдің елшіліктері жұмыс істейді.

  5. Қандай беделді халықаралық ұйымдармен қатынас орныққан.

4 - тапсырма. Сұхбатта қамтылған сұрақтарға толық жауап беріңіз.

-Достым, егеменді елге басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жасау керек пе ?

-........................................................

- Қарым- қатынас нәтижесінде әр мемлекет нені көздейді?

-........................................................

- Қазіргі деректер бойынша Қазақстан неше елмен мәмілегерлік қарым-

қатынас орнатты?

-.......................................................

- Таяу шетелде Қазақстанмен тығыз байланыс жасайтын қандай

мемлекетті білесің?

-......................................................

- Алыс шетелде қандай мемлекеттермен достық, экономикалық қатынас

орнықтырдық?

5 - тапсырма. Есімше жұрнақтарының қызметіне қарай төмендегі кестені толтырыңыз.

Қуанатын, жүгірген, жүрген, сөйлер, тазаламақ, оқыған, құлаған, сезетін, алатын, қозғалмақ, ашуланатын, қызығатын, құрайтын, жазар, басар, жуынар, байлаған.

өткен шақ есімше келер шақ есімше

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

ауыспалы шақ есімше

----------------------------

----------------------------

----------------------------

----------------------------

6 - тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, есімше, көсемше жұрнақтарын табыңыз. Мақал-мәтелдердің мағынасын талдаңыз.

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

2. Ұрыс - ырысты қашырар,

ынтымақ халықты асырар.

3. Ақылдассаң, шешерсің

Ақылдаспасаң, кең кесерсің.

4. Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас шығар

10-тапсырма. «Қазақстан Республикасы озық дамыған 50 елдің қатарында» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.

Тақырып 14 Қазақстанның әсем табиғаты

Грамматикалық тақырып: Орфография ережелері

1 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, орыс тіліне аударыңыз.

Бурабай табиғаты

Біздің республикамызда табиғаты таңғажайып жерлер өте көп. Соның бірі – Көкшетаудағы Бурабай мекені. Бұл жердің табиғаты жылдың төрт мезгілінде де керемет көрінісімен қызықтырады. Бой сергітер таза ауасы дертке дауа. Бурабайдың таза ауасын, әдемілігін Швецария табиғатымен салыстырады. Бүгінде бұл аймақты «Қазақстанның Швецариясы» деп атау орын алған.

Бурабайда сан ғасырлық тарихы бар «Жұмбақтас», «Оқжетпес» шыңдары орналасқан. Бұл шыңдарды қызықтаған адам таудың әр қырынан әр түрлі бейнені көре алады. Бурабайға саяхатшылар, дем алушы Қазақстан, шетел азаматтары үнемі барады. Осындай тарихи жерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін, қорғай білуіміз керек.

2 - тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанның «Швецариясы» деп қай жерді атаймыз?

  2. Бурабайдың табиғаты қандай?

  3. «Жұмбақ-тас» деп аталатын шыңның көрінісін сипаттаңыз.

  4. «Оқжетпес» шыңы туралы қандай аңыз білесіз?

3 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, ауызша сөйлесіңіз.

-Достым, мен жазда саяхатқа барғанды ұнатамын.

Жаныңа шипа болар көрікті жерлерді көп адам шетелдерден іздейді. Мен Қазақстанда саяхаттауды ұнатамын. Мысалы: «Бурабай», «Шортанды», «Оқжетпес» басқа да орындар. Сенің ойың қандай?

-...

-Сен көрген жерлердің ерекше табиғаты туралы айтып берші?

-...

-Ол жерде ауа-райы қандай екен?

-...

-Қазақстанда табиғат ана сыйлаған қаншама демалатын орындар бар? Осы табиғи орындарды атап бере аласың ба?

4 - тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Айдос, сен демалыс күні Бурабайға барғың келе ме?

2. Бурабайдың табиғатын бұрын көрдің бе?

3. Биші қайыңдар қай жерде көп кездеседі?

4. Сұлу Көкше туралы поэманы кім жазған?

5 - тапсырма. Берілген сөздердің қазақша аудармасын жазыңыз.

Земной рай - …

Необычная природа - …

Танцующие березы - …

Оздоровительные центры - …

Прекрасное Кокше

6- тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, оқыңыз.

Бурабай – (вторая Швейцария) деп аталады. Тамыз айында біз Бурабайға (поедем отдыхать). Демалушыла Бурабайға (приезжают из зарубежа). Бурабай, Зеренді, Шалқар жерлерінің (Удивительная природа). Ғажайып табиғат баурайында (оздоровительные центры) орналасқан. Жолдың екі жағында биік қарағайлар (выстроились в ряд) Көкшетау жерінде (восемьдесят озер) бар.

7 - тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

табиғат- природа

таңғажайып – удивительный, изумительный

ауа - воздух

керемет - необычный

бейнелі – образный

сұлулық - красота

тарихи - исторический

шыңдары - вершины

саяхатшы - путешественник, турист

8- тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын тауып, жалғастырыңыз.

Үлгі: Біз Бурабай көлінде қайықпен жүземіз.

балық

жүзу

қайық

шомылу

Біз

Бурабай

саңырауқұлақ

теру

Балалар

орман

жидек

аулау

көл

Катараман

серуендеу

Жұмбақтас

кеме

міну

Оқжетпес

көру

Ұйқыдағы батыр

машина

суретке түсу

Биші қайың

қыдыру

9- тапсырма. Бурабай табиғаты тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.

Тақырып 15 Білім де бәсекеге түседі

Грамматикалық тақырып: Орфоэпиялық заңдылықтардың қолданылу аясы.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым пен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

XXI ғасыр-технологиялық ғасыр. Технологиялармен жұмыс істеу адамдардан білімді болуын қажет етеді. Сондықтан Қазақстанның қазіргі ең басты мақсаты- жастарға жақсы жоғарғы білім беру. Данышпан ойшыл әл-Фараби: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Сондықтан, үкімет жастарға арнайы көптеген пайдалы жағдайларды істеп жатыр. Біз жастарда білімге және индустрия саласына қызығушылықты танытсақ, болашақта жастар мемлекетті өз біліммен және сенімділікпен жоғарғы деңгейге көтереді.