Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби казяз - пд,рял.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.

Ш әкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).

1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).

Шәкәрім орыс әдебиетінің ірі тұлғалары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой туралы жыр өрнектер жасады. Ғұмыр бойы ұстазы санап өткен Толстойға жыр өрнектерін арнап, оларды халыққа үлгі-өнеге ретінде ұсынды. Олардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Пушкин шығармашылығының сюжетін қазақ топырағына, қазақиландырып, нәзира үлгісімен еркін жеткізген.

Шәкәрім Пушкиннің 1908-1912 жылдарда “Дубровский” мен “Боран” әңгімесін өлеңмен аударған.

Семейде 1924 жылы “Дубровский” басылып шыққан. “Метельді” “Боран” деген атпен “Әдебиет майданы” журналының 1936 жылғы 2-санында шығады.

Шәкәрім Пушкин шығармашылығын аударғанда өте сақ және әрбір сөздің байыбына барып, әрбір жолына айрықша мән береді. “Дубровский” дастанында ақынның көркемдік шеберлігін тануға болады. Ұлттық дүниемізге сәйкес баламалар мен әдіс-тәсілдер арқылы өзіндік жаңашылдық, жаңаша сөз қолданыстарын танытады. Мәселен Пушкиннің “Дубровский” романы мен “Боран” повесі стильдік, жанрлық тұрғыда айрықша бағаланады.

Пушкиннің көтерген мәселесіне, шығармаларының идеясына, ішкі қалпына терең түсінікпен қарайды. Ал екі ақынның да шығармашылық тақырыбында, ойларында да ұқсастық пен үндестік бар. Бұдан өзге Толстой өлеңдерінен “Үш сауал”, “Ассихардон патша” сынды аудармалар жасаған. Қазақ әдебиетінен көрнекті орын алатын Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымына орыстың классикалық әдебиетінің әсер еткендігі белгілі. Ол қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланыста дамуына үлкен ықпал жасаған. Ол қазақ халқын рухани надандықтан арылтып, қараңғылығын сейілтуді көздей отырып, ағартушылық бағытты ұсынды. Яғни осылай дін қалдығына шырмалып, ескі салт-дәстүрге оралып қалуына себеп халықтың надандығы деп есептеген. Осы жолда алдағы озық елдермен иық теңестіруге шақыра отырып, оқу-білімге үндейді. Толстойды ұстазы санап “Танбаймын шәкіртімін Толстойдың” деп баршаға жар салуы тегін болмаса керек. Шәкәрім аудармаларының тағылымдық мәні зор.

Шәкәрім Пушкиннің 1908-1912 жылдарда “Дубровский” мен “Метель” әңгімесін өлеңмен аударған.

Пушкиннің көтерген мәселесіне, шығармаларының идеясына, ішкі қалпына терең түсінікпен қарайды. Ал екі ақынның да шығармашылық тақырыбында, ойларында да ұқсастық пен үндестік бар.

Шәкәрімнің өмірлік талаптары мен алдына қойған шығармашылық мақсаттарымен Пушкинмен ұқсастық тапқан. Өйткені рухани әлем, рухани құндылықтар адамның ішкі қалпын айқындауда байқалады. Екі ақынның да көздеген шығармашылық міндеттері мен мақсаттары - адамтану, адам жанының терең де, ізгі әлемін суреттеу. Сондықтан екі ақынды да шығармашылық ортақтастықтың болуы айғақ дүние.

Шәкәрім түпнұсқадан алшақ кетпей, ұлттық сипатқа, ұлттық ұғымға сай еркін аударған. Сонымен қоса ақын, Пушкин еңбегін өз жүрегінен, өз талғамынан өткізе білген.

Пушкин туындысын қазақ поэзиясына тән, шынайы да, шыншыл түрде, төл туынды етіп, сенімді сөйлетеді. Поэтикалық шығарманы ақын сөзбе сөз аудармаған, негізгі дүниені тұтастай жеткізген.

Шәкәрім Пушкин шығармашылығының идеяларына ғана емес, оның әділетсіздік, надандық пен зұлымдық, сонымен қатар, адамгершілік, әділет, махаббат, ар сияқты адам жан дүниесіне терең үңілуіне қызыққан болатын. Яғни адам мен қоғам, өмір мен өлім, жан мен тән сияқты аса күрделі дүниетанымдық мәселелерде ой ортақтастығы, таным ортақтастығы екі ақында да үндестік тапқан.

Шәкәрім түпнұсқадан мазмұн мен мәнді сақтай отырып, өзіндік сөз мәнерін, ұлттық қолданысқа сәйкес тамаша сөз кестесін де жасай білген.

Шәкәрім орыс әдебиеті, орыс мәдениетінің озық үлгілерін Пушкин шығармашылығы арқылы қазақ даласына қазақ жұртының рухани әлеміне, қазақ халқының поэзиясын дамытып, жаңа арнаға түсірді.