
- •1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Пәннің мақсаты:
- •7. Пәннің саясаты мен жүргізілуі:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Пәннің тақырыптық жоспары
- •10. Сөж және соөж тапсырмалары және оларды орындау кестесі
- •Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік. Кәсіби тілді дамытудың тетіктері мен бағыттары.
- •1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар. Мазмұнын қазақша айт.
- •Татар мақал-мәтелдері.
- •Тіл туралы толғаныс.
- •Мемлекеттік ту.
- •Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
- •Қазақстан Республикасының Әнұраны.
- •Тапсырмалар
- •Мақтанышым – Елбасы
- •Мәтін қай стильде жазылған, лексикасына мән беріңіз.
- •Мәтінді баяндаңыз, ой бөлісіңіз.
- •Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •Ш. Құдайбердіұлының ғылым туралы ой-толғауларын пайдаланып, ғылымның пайдасы туралы әңгімелеңіз. Ғылымсыз адам – айуан
- •2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі сөздерді қатыстырып ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемдер құраңыздар.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •Қазақ тіліндегі әдеби тілдің нормасы
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді қазақша аударыңыз, қай стильге жататындығын анықтаңыз.
- •Ұлылық үлгісі
- •1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құраңыздар
- •Қазақстан - әлемдік кеңістікте
- •Тапсырмалар.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қазақ тіліндегі әдеби тілдің нормасы
Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ.
Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтиже-сінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.
Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” теминдері қалыптасты.
Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д -
Әдеби тілде (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.
“Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті.
Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді”,— дейді.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты, болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
3-тапсырма. Әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сөйлем құраңыз.
Дүние дидары,ерен еңбегі, жүрекжарды қуанышқа толы,сөз бостандығы, асқақ абырой.
4-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.
Сөз бостандығына кепілдік берілген...
Ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар...
Отанды сүю – әрбір ет-жүрегі,қан-тамыры қазақ деп соғатын ұландардың баға жетпес борышы...
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс...
Еңселі еліміздің ертеңі жастардың қолында...
Тақырып 10 Шәкәрім аудармашы.
Грамматикалық тақырып: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста колданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.
1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады, көбіне сөйлемнін бас жағында болады да, баяндауыш сөйлемді аяқтап тұрады. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты (Мұстафин). Тек кейде төл сөзді сөйлемнің автор сөзінде (-деді ол дегенде) бастауыш баяндауыштан кейін келуі мүмкін.
2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: Қаражанның ашуы көздің жасына да айналды (М. Әуезов). Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес. (Мұстафин). Берілген сөйлемдерде Қаражанның (кімнің?), көздің (ненің?) деген анықтауыштар ашуы, жасына деген анықталушы сөздерінен, жасына (неге?) деген толықтауыш айналды деген толықтайтын сөзінен, еш уақытта (қашан?), мұндай (қалай?) деген пысықтауыштар өздері пысықтайтын қуанған емес деген сөзінен бұрын тұр.
3. Бір ғана анықталушы сөзге қатысты бірнеше анықтауыш сөйлемде былай орналасады: анықталушы сөзге ең жакын анықтауыш зат есімнен болған, одан әрірек сын есімнен, есімшеден және сан есімнен болған анықтауыштар, ең әріде ілік септікті сөзден болған анықтауыш тұрады. Мысалы: Жұмысшылардың жалаңдаған өткір темір күректері жерді қояр емес.
Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өлеңде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!— Дала, Жамбылды тында. Тарт қолыңды Вьетнамнан! - Қолыңды Вьетнамнан тарт. Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.