Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби казяз - пд,рял.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

Ж үсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды.

Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

   Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.   Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.

3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3) Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Біз Ж.Аймауытұлы шығармаларынан не білеміз?

4. Төмендегі сөздерді қатыстырып ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемдер құраңыздар.

Бармысың?, қой қайдағыны айтып, шүкірлік ету керек,сөзің ірі ғой, анау-мынау әңгімені қайтесін?

5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық.

6. Диалогты жалғастырыңыз.

- Арман, сен қай университетте оқисың?

- ---------------------------------

- Қандай мамандықта оқисың?

- ---------------------------------

- Сен Ж. Аймауытұлының шығармаларын білесің бе??

- ----------------------------------

- Жазушының қандай романдары бар?

- ----------------------------------

- Жазушы шығармаларында нені суреттейді?

- ----------------------------------

-Ж.Аймауытұлы кімнің шығармаларын аударды?

- ----------------------------------

Ауызекі сөйлеу тілі стилі.

Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат әңгіме үстінде қолданылады. 2. Алдын-ала сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады. 3. Тақырыптың аясы өте кең. Адамдардың қарым-қатынасы қарапайым тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмірдің әртүрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында әдеби сөздер де көп кездеседі. Олардың қолданылу дәрежесі сұхбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне, инабатты, салихалы, салауаттылығына байланысты. Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады. Мұнда сөйлемнің толық айтылмай қысқарып, ықшамдалып, толымсыз түрде айтылуы жиі кездеседі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ш.Құрманбайұлы, М.Мамаева, А.Сыбанбай., Қазақ тілі. (ЖОО заң факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы) А.: «Білім», 2001.

2. Құрманбайұлы Ш., Әлімбек Г. Заңгерлерге арналған Қазақ тілі. Алматы, 2008 152б.

3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

4. А.С.Әділова, Б.О.Рахымбаева, Ж.А.Кенжебекова. Қазақ тілі (заң факультетінің студенттеріне арналған). www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.

5.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қосымша әдебиеттер:

1. Муса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі» (жоғары және арнаулы оқу орындарының экономика факультетінің студенттері мен кәсіби мектеп, колледж, лицей оқушыларына арналған оқу құралы). Алматы, «Экономика», 2001.

2. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев. «Қазақ тілі». Алматы, «Арыс», 2007

Сөздіктер

1.Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Заңтану. – Алматы: Рауан, 2000. – 360 б.

Тақырып 9 Тәуелсіздік мәңгі болу үшін не істеу керек?

Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліндегі әдеби тіл нормасы.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Тәуелсіздік мәңгі болу үшін не істеу керек?

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егеменідк ұстанымда-рын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республика-сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституция-лық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды са-лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Елімізді бұл күнге дейін жет-кізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз.

Біздің халқымыздың ата-мекенді ардақтау сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген қасиеті, ежелгі дәстүр. Бұл таным, біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өне-гелі істері – елін, жерін қорғау – бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу – парыз деген ізгі мұраты екен.

Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мү-шесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамудың берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.

Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Бүгінде Қазақстанның негізін қазақ халқы құрайды.

Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татарлар. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол – еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.

Тарихта талай-талай ауыртпалықты бастан кешірсе де, ешкімге басын имеген қазақ халқы қазір әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздігі нығая берсін, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

2-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма!

Тәуелсіздік мәңгі болу үшін қандай шарттар мен ұсыныстар айтар едіңіз?

Өркениетті елдердің қатарына кіру үшін қандай нақты істер атқарылу керек?