Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практические занятия_ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
257.54 Кб
Скачать
    1. Тақырып № 3: Жалпы жансыздандыру. Жергілікті жансыздандыру. Терминалды жағдайлар. Реанимация.

2. Мақсаты: Студенттерді жалпы жансыздандыру (наркоз) туралы түсінікпен таныстыру. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоздың әдістерінің ерекшеліктерімен, жергілікті жансыздандыру әдістерімен, терминалды жағдайлармен және реанимация негіздерімен таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Білім

  • Наркоздың клиникалық сатылар ағымы туралы білімін қалыптастыру.

  • Жергілікті жансыздандыру, терминалды жағдайлармен және реанимация негіздері туралы білімін қалыптастыру.

Тәжірибелік дағдылар

  • Наркозды өткізу және дәрігердің наркоздық кестені толтыру дағдыларын қалыптастыру;

  • А.В. Вишневскийдің инфильтративті, Лукашевич-Оберстың өткізгіштік жансыздандыру дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

  • Жүректің жабық массажы, өкпенің жасанды желдету дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Коммуникативті дағдылар

  • Ауруды анықтау мен емдеу үрдісін ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу икемін, тіл табысу дағдыларын қалыптастыру;

  • Науқастар мен олардың туыстарымен тілдесу дағдыларын жетілдіру мен қалыптастыру;

Денсаулығын қорғау

  • Жанұя мен адамның салауатты өмiр салтын қалыптастырудың қағидалары және әдiстерiн бiлуді жетiлдiру;

  • Адамның адамға қатынасын реттейтiн, әдеп пен құқықтық ережелерін, денсаулық сақтау жүйесiн ұйымдастыру және әлеуметтiк ғылымдар, Қазақстан Республикасы заңдарының негiздерiн бiлуді қалыптастыру;

  • Дәрiгерлiк қызметкер мен науқастың құқығын білуді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру

  • Барлық кәсiптік қызметi бойынша өз бiлiмдерi және дағдыларын жетілдіру мен үздiксiз кәсiптiк оқыуға қажеттiліктi дағдыландыру;

  • Ғылыми-зертеу жұмыстарының дағдыларын дамытуға мүмкiндiк туғызу.

4. Негізгі сұрақтар:

  1. Наркоз туралы түсінік.

  2. Наркотикалық заттардың әсер механизмдері.

  3. Наркоздың сатылары.

  4. Газды және суйық наркотикалық заттардың айырмашылықтар

  5. Наркоздық аспаптар туралы түсінік.

  6. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоздың айырмашылықтары.

  7. Наркоз кезіндегі асқынулар, алдын алу және олармен күресу.

  8. Жергілікті жансыздандырудың түрлері.

  9. Анестетиктердің жіктелуі.

  10. Терминалды және инфильтративті жансыздандырудың айырмашылықтары.

  11. Өткізгіштік, эпидуралды, жұлындық жансыздандырудың ерекшеліктері, көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, асқынулар.

  12. Новокаинді қоршаулардың түрлері.

  13. Терминалды жағдайлар.

5. Оқыту әдістері:

Хирургиялық, операциялық және жара таңу бөлімдерінде жұмыс істеу. Залалсыздандыру бөлменің жұмыс істеу ережелерімен танысу. Оқу бөлмеде жұмыс істеу: қолды жуу, залалсыз халатты кию. Бикске заттарды орналастыру.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия. 2006.

2. Петров В.С. «Общая хирургия». С-Пб. 2004, 2007.

3. Жалпы хирургия кафедрасының қызметкерлерінің дәрістері.

Қосымша:

  1. Стручков В.И. "Хирургическая инфекция", М., 1991

  2. Кузин М.И., Костюченок Б.М. "Раны и раневая инфекция", М., 1990

  3. Курбангалиев С.М. "Гнойная инфекция в хирургии", М., 1985

7. Бақылау:

  • Тақырып бойынша ауызша сұрау

  • Тестілеу

  • Жағдайлық есептерді шешу

  • Жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау

1. Тақырып № 4: Қансырау. Уақытша және нақты тоқтату әдістері. Қан топтары. Резус фактор. Қан сайкестілігі.

2. Мақсаты: Студенттерді қансырау түсінігімен, жіктелу қағидаларымен және қансыраудың дәрежесінің диагностикасының өлшемдерімен, қансырауды тоқтату әдістерімен таныстыру. Қан топтарды, резус-факторды анықтау әдістерімен таныстыру. Сәйкестік түрлерімен: топтық, жеке аралық, резус-фактор бойынша және биологиялық сәйкестіктермен таныстыру.