Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практические занятия_ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
257.54 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар

Пән: Жалпы хирургия

Мамандық: 051301 – «Жалпы медицина»

Курс III

Семестр V – VI

Дәріс - 6 сағат

Тәжірибелік сабақ - 30 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы - 36 сағат

Студенттердің мұғаліммен бірге

өзіндік жұмысы - 36 сағат

Барлық сағаты - 108 сағат

Алматы, 2012 ж

Кафедра мәжiлiсiнде талқыланып бекітілген. 14.05. 2012 ж. № 16-шы хаттама.

Кафедра меңгерушісі, профессор Мұканов М.Ө.

1. Тақырып № 1: Антисептика. Антисептиканың анықтамасы, түрлері. Хирургиялық деонтологияныі негізгі қағидалары. Десмургия.

2. Мақсаты: Студенттерді хирургиялық инфекцияның маңыздылығымен және күресу әдістерімен, танғыштарды қасиеттерімен, олардын салудың жалпы ережелерімен таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Білім

  • Студенттерде хирургиялық инфекцияның маңыздылығының, этиологиясы, даму және тарау жолдарыны, жергілікті және жалпы ем қағидалары туралы білімін қалыптастыру.

Тәжірибелік дағдылар

  • Халыққа медициналық көмек көрсету кезіндегі емдеу – алдын алу шараларын өткізу, хирургиялық инфекция, этиологиясы, олардың таралу жолдары туралы студенттердің білімін қалыптастыру;

  • Антисептиканың әртүрлі әдістерін қолдану дағдыларын дамыту және қалыптастыру;

  • Бинттік таңғыштарды салу қағидаларын дамыту және қалыптастыру.

Коммуникативті дағдылар

  • Ауруды анықтау мен емдеу үрдісін ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу икемін, тіл табысу дағдыларын қалыптастыру;

  • Науқастар мен олардың туыстарымен тілдесу дағдыларын жетілдіру мен қалыптастыру;

Денсаулығын қорғау

  • Жанұя мен адамның салауатты өмiр салтын қалыптастырудың қағидалары және әдiстерiн бiлуді жетiлдiру;

  • Адамның адамға қатынасын реттейтiн, әдеп пен құқықтық ережелерін, денсаулық сақтау жүйесiн ұйымдастыру және әлеуметтiк ғылымдар, Қазақстан Республикасы заңдарының негiздерiн бiлуді қалыптастыру;

  • Дәрiгерлiк қызметкер мен науқастың құқығын білуді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру

  • Барлық кәсiптік қызметi бойынша өз бiлiмдерi және дағдыларын жетілдіру мен үздiксiз кәсiптiк оқыуға қажеттiліктi дағдыландыру;

  • Ғылыми-зертеу жұмыстарының дағдыларын дамытуға мүмкiндiк туғызу.

4. Негізгі сұрақтар:

1. Хирургия дегеніміз не? Мақсаты және міндеттері.

2. Хирургияның даму тарихы.

3 Жедел хирургия қабылдау бөлімінің жұмыс ережелері.

4. Емханадағы хирургиялық бөлме және операциялық бөлімінің жұмыс ережелері.

5. Антисептика туралы түсінік.

  1. Антисептиканың даму тарихы

  2. Антисептиканың түрлері.

  3. "Десмургия" дегеніміз не?

  4. Таңғыш түрлері

  5. Танғыш материалдар және оның қасиеттері;

  6. Бинтсіз танғыштар;

  7. Бинтті танғыштың салу ережелері;

  8. Бинтті танғыштардың негізгі түрлері: басқа, мойынға, қолға, аяққа.

5. Оқыту әдістері:

Хирургиялық, операциялық және жара таңу бөлімдерінде жұмыс істеу. Оқу бөлмеде жұмыс істеу. Залалсыздандыру бөлмеінде жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия. 2006.

2. Петров В.С. «Общая хирургия». С-Пб. 2004, 2007.

3. Жалпы хирургия кафедрасының қызметкерлерінің дәрістері.

6. Катушев Д.Х. Учение о повязках. – Ленинград, Медицина, 1971.

7. П.Н.Зубарев Практикум по курсу общей хирургии. С-Пб. 2004.

7. Бақылау:

  • Тақырып бойынша ауызша сұрау

  • Тестілеу

  • Жағдайлық есептерді шешу

  • Жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау

  1. Тақырып № 2: Асептика. Залалсызданудың бақылау. Хирургиялық құрал-саймандарды, тігіс жіптерді, дренаждарды залалсыздандыру. Операциялық алаңды және қолды операцияға дайындау. Автоклав.

2. Мақсаты: Студенттерді хирургиялық инфекцияның алдын алу маңыздылығымен таныстыру. Хирургиялық бөлімшенің құрлысымен жұмысына байланысты асептиканы қолдануды көрсету.