
- •Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
- •Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы.
- •Банктік тәуекел сыныптамасы
- •1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
- •Несиелік тәуекел және оны басқару
- •2.1 Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы
- •Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
- •Var әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу
- •Коммерциялық Банк өтімділігі
- •Коммерциялық банк өтімділігі
- •3.2 Өтімділік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Елдегі
экономикалық саяси жағдай
Мемлекет тарапынан
қолдау
көрсету
мүмкіндігі
Мемлекеттік
реттеу мен бақылаудың
тиімділігі
қаржы
нарығы
сегментінің
тиімділігі мен дамуы
Коммерциялық Банк өтімділігі
5-сызба. Банк өтімділігіне әсер ететін макроэкономикалық факторлар
Банк қызметін
басқарудың
сапасы
Меншік капиталының
жеткіліктілігі
6-сызба . Банк өтімділігіне әсер ететін микроэкономикалық факторлар
Коммерциялық банк өтімділігі
Қарыз алудың сыртқы көзіне тәуелділік деңгейі
Активтер құрылымы мен диверсификация
Ресурстық базаның тұрақтылығы мен сапасы
Банк активтерінің табыстылығы
Банк активтерінің тәуекелділігі
Кез-келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды міндет - өтімділіктің адекваттық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттемелерін өз уақытында орындай алу қабілеттігімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі банк өз міндеттемелерін кешіктірмеуі кезінде орындай алмаған жағдайда және өз активтерінің құрылымында күрделі түзетулер болмаған жағдайда көрінеді.
3.2 Өтімділік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты – міндеттемелерді орындау мерзімі жеткен кейде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі, экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша қаражатының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың міндеттері - өтімділіктің шамасын өлшеу мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілетін жағдайлар бойынша келесі шараларды жүзеге асыруға байланысты:
баланстандырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу
қаржы нарығының әртүрлі құралдар бойынша ашық позицияны ұстану арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру
еншілес банктерді несиелік ресурстармен қамьамасыз ету үшін тапсырысты орындау
ресурстарды тиімді пайдалану
тәуекел көздерін анықтау
ҚР-сы Пруденциалды норматив бойынша өтімділік келесідей коэффициенттермен анықталады:
К41>1
К42>0.9
К43>0.8
К41 – 7 күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімінен мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К42 – 1 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімінен мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К43 – 3 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімінен мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
Банк өтімділігін талдаудың кезеңдері:
Банктің қаржылық жағдайын өтімділігі тұрғысынан бағалау
Өтімділікке әсер ететін факторларды талдау
Пассивтерді құрылымдық талдау
Активтерді құрылымдық талдау
Өтімділік коэффициентін есептеу мен талдау
Өтімділікті ары қарай басқаруды ұсыныстар дайындау
Несиелендіру – нарықтық экономикадағы банк қызметінің маңызды және ең тиімді түрлерінің бірі болып табылады.
Банктер қаржы саласының делдалдары ретінде шаруагерлік субъектілердің, тұрғындар қорының, басқа еркін айналыстағы қаражат есебінен капитал жинайды және оларды алымшыларға уақытша заемға берді, ақшалайесеп айыру және де басқа көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Түрлі қаржы көздерінің капиталын тоғыстыра отырып, банктер қолма-қол емес қаржы қорларын құрады, сөйтіп оларды әрекет етуші капитал қорына айналдырады, өз бетінше несие саясатын жүргізе отырып, әр түрлі шарттар бойынша несиелік талаптарды қанағаттандырады.
Соған байланысты банк секторлары – экономика саласнда қаржы дағдарысына тез ұшырайтын әлсіз секторға жатады. Банктердің төлемге қабілетсіз тұтынушыларға несие беру саясатының нәтижесінде, тұтынушылардың банк қаражатын қайтармау қаупі туындайды, бұл – тек банктер үшін ғана емес, банк салымшылары мен акционерлері үшін, сондай-ақ банк жүйесі үшін де қауіпті жағдай.
Несиелік қауіп-несие алушының банкке негізгі қарызы мен несие шартында көрсетілген пайыздық өсімақыны уақытылы төлемеуінің салдарынан туындайтын қауіп. Соған сәйкес несие қаупінің болуы немесе оның болу ықтималдығы тек несие алушы өтімділігінің жоқтығының әсерінен де туындауы мүмкін.
Банктердегі жекелеген активтердің көлемі жекелеген міндеттердің мөлшерінен асып кетеді; тұтынушылардың қаржылай талаптарының өтімділік активтердің өтімділігінен де жоғары болады, ал банк активтеріне байланысты қауіптер оның міндеттеріне байланысты қауіптен де жоғары болып жатады.
Активтерге байланысты қауіптілік оларды тез жүзеге асырып, қолма-қол ақшаға айналдыруға сенімділіктің жоқтығымен да байланысты туындайды, яғни активтерге байланысты қауіп көбейген сайын, олардың өтемпаздығы төмендейді. Осындай өтемпаздық пен пайдалы табыс арасындағы тартыс –ьанктердің өз қаражаттарын орналастырудағы өзекті мәселелердәің бірі болып табылады. Банк басшылары, бір жағынан, өз қаражаттарын құнды қағаздар мен инвестицияларға айналдыру арқылы жоғары табыс табуды көздейтін акционерлерге қатысты күрделі мәселелерді талдайды, екінші жағынан, бұл әрекеттердің бәрі банктің өтімділік жағдайын нашарлататын да жақсы түсінеді.
Көп жағжайда несиелік қауіп жүйелі түрдегі қауіпке айналып кетуі мүмкін, яғни бір қатысушының несиелік міндеттерін өтемегендігінің кесірінен, қаржы нарығында төленбеген қарыздар тізбегінің пайда болуы ықтимал.
Сондықтан да коммерциялық банктердің несиелік саясатын реттеу аясында несиелік қауіпті басқару мәселесі – мемлекеттік маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.
Несие беруші ұйымдардың ссудалардың шығынына байланысты, валюталық, пайыздық, және де басқа қаражатқа, сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына байланысты қауіпті жағдайларға қажетті қор құру – несиелік қауіпті төмендету тәсілдерінің бірі. Әрекет етуші заңнамада несиелендіру ұйымдарының банк қаражатының сенімділігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мұндай қорды міндетті түрде құру қажеттілігі қарастырылған.
“ҚР Банк және банк қызметі туралы” Заңында несиелік қауіпті жабу үшін банк ұйымдарының міндетті түрде резерв құру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, аталмыш қорларды құру және пайдалану ретін Ұлттық банк тағайындайды және банктер құратын қаражат қорының минималды көлемін анықтайтын да Ұлттық банк болып табылады. Несиелік ұйымдарға активтерді топтастыру, күдікті және сенімсіз несиелерді анықтау шаралары жүктелген.[8]
Ссуда бойынша болжалды шығындарды жабуға қажетті резерв құру, біріншіден, коммерциялық банктердің ссудаларының нақтылы бағасын қаржы есебінде көрсетуге, екіншіден, болашақта түскен кірістің қандай да бір бөлігін ссуда бойынша шыққан шығынды жабуға жұмсаудың алдын алуға ықпал етеді.
Ссудалық қарыздар қамтамасыз етілуіне және уақтылы төленбеген күндеріне байланысты төрт топқа бөлінеді: стандартты, субстандартты, күдікті және сенімсіз.
Қамтамасыз етілген нақтылы ссудаларға өтімділік активтер кепілдікке алынатын ссудалар жатады, ондағы активтердің бағасы берілетін қарыздың құнына тең немесе одан жоғары болуы тиіс, сондай-ақ сақтандырылған ссудалар мен кепілдіктер арқылы берілген ссудалар жатады. Сонымен қатар, ссуда бөлу барысында берілетін кепілдіктерге – басқа банктер беретін кепілдемелер, Қазақстан Үкіметі және ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен республикадағы басқа субъектілер беретін кепілдіктер жатады.
Егер ссуданы қамтамасыз ету құны оны беру кезіндегі ссуданың өзіндік құнының 60 %-нан аспаса, бірақ нәтижесінде оның нақтылы құны төмендеп немесе қамтамасыз етілуі қиындап кетсе, онда ссуда жеткілікті түрде қаматамасыз етілмеген болып есептеледі.
Егер ссуда қамтамасыз етілмеген болса немесе оның қамтамасыз ету құны өзіндік құнының 60%-нан төмен болса, ондай ссуда қаматамасыз етілмеген болып есептелінеді.
Сөйтіп, ссуданың қамтамасыз етілу деңгейін анықтау барысында назарға алынатын басты нәрсе – қамтамасыз етілу фактісі емес, кредитордың несие қайтарылмай қалған жағдайда, заем алушы қамтамасыз ету арқылы өз шығынын толық жабуы.
Тәжірибеде түрлі себептерге байланысты ссуданың қамтамасыз етілу деңгейін анықтау және нақтылы қамтамасыз етілген ссудалар мен жеткілікті қамтамасыз етілмеген ссудалар арасындағы айырмашылықты айқындау күрделі мәселе болып табылады, бірақ мұндай классификация жасау үшін қажетті алғышарттарды таңдап алу – мәселені шешудің неғұрлым тиімді жолы деуге болады, себебі ол алғышарттар әлемдік банк қызметі тәжірибесінде белгілі бір дәрежеде қолданылған, дәлелденген.
Несиелік қауіптілікті бағалаудың жоғарыда аталған негіздімелеріне сүйене отырып, Қазақстан Ұлттық банкі бірінші қауіпті ьопқа стандартты ссудаларды жатқызады.
Қарыз алушы негізгі қарыз бойынша төлем міндеттерінен дер кезінде құтылса, банктер ссуда қайтарылмай қалған жағдайда шығынды толтыруға қажетті резервтерге қаржы құю міндетінен құтылады.
Қарыз алушы негізгі қарызды қайтармаған жағдайда, шығынды жабу үшін пайдаланылады.