
- •Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
- •Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы.
- •Банктік тәуекел сыныптамасы
- •1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
- •Несиелік тәуекел және оны басқару
- •2.1 Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы
- •Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
- •Var әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу
- •Коммерциялық Банк өтімділігі
- •Коммерциялық банк өтімділігі
- •3.2 Өтімділік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Var әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу
ХХ ғасырдың 90-жылдарында банк тәуекелін бақылау, тәуекелді өлшеу және есептеу әдістемесі саласына кірген жаңалықтар әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырады. Осының ішіндегі маңызды бір ноу-хау ло банк қызметіндегі тәуекелді өлшеудің жаңа әдіснамасы – VAR (Value at Risk – тәуекел асатындағы құн) деп аталады. VAR-ды банкті қадағалау жөніндегі Базель комитеті қаржы нарығындағы конъюнктураның жағымсыз жаққа өзгеруі нәтижесінде пайда болатын әлеуетті шығындар тәуекелін бағалау үшін кіргізді. Var әдіснамасының негізгі мәні – ол инвесторларға несие тәуекелінің көлемін өлшеуге, капиталдың жалпы табысындағы әр несиенің үлесін көрсетуге, банктің несие қоржынындағы әр жекелеген позицияны тәуекелдіктен қорғауын қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі капиталды анықтауға мүмкіндік береді.
Тәуекелдік құны актив қоржыны құнының өзгеруіне қатысты туындайтын мүмкін болатын жоғары шығындарды көрсетеді, аталған мерзім уақытында тәуекелдік жағдайдың мүмкін болуы туындауы мүмкін, ол банк активі құнының өзгеруі деп аталады.
Құн тәуекелдігі – шығынның жоғары мөлшері, оның х%-тен асуына мүмкін емес және алдағы n күндердің ішінде көтерілуі (100-x%) мүмкін емес.
Сенімді интервал 90, 95, 97, 5 немесе 99%-ға бағалануы мүмкін. Бұл мәселен 95%-ға тең сенімді интервалда, 95% залалды жағдайда позицияны қолдау кезінде VaR тәуекелдік құнынан аспайды, тек 5%-ға жоғары болуы мүмкін.
Бүгінгі күні несие тәуекелін өлшеу мен бағалау үшін әлемдегі ірі банкілерде VaR әдіснамасының мынадай моделдерді қолданылады: Credit Metrics; Credit Risk+; Partfolio Manager; Credit Partfolio View; Jarrow – Tumbull Model.
VaR моделінің көмегімен несие тәуекелін өлшеу процедурасына дефолттың болу мүмкіндігін талдау, банктің резервін жасауға қажетті және залалдың мөлшерін болжау, қоржынды құрайтын әр нәрсе бойынша күтілетін қалдық құнды талдау кіреді.
Аталған моделдердің арасында Credit Metrics банк несие тәуекелін өлшеу әдістемесі кеңінен тараған. Ол 1994 жылы пайдалануға енгізіліп, 1997 жылы несие нарығының жетекші операторы – J.P. Морган банкімен кейін жеке компания болған –Risk Metrics Croup (RMG Corporation) оның бөлімшесінде жетілдірілді. Бұл модел талдаудың статистикалық әдісіне, оның ішінде Монте Карло статистикалық сынақ әдістемесіне негізделген. Залалды бөлу несие миграциясы деп аталатын мүмкін мән негізінде анықталады.
Монте Карло әдісі қоржын бойынша залалдарды бөлуді активтердің айналымы мерзімі көлеміндегі кез келген уақытта есептеуге мүмкіндік береді. Әрбір қарыз алушы үшін несие рейтингі анықталып, сонан соң өтпелі матрица көмегімен дефолттың немесе рейтингінің өзгеру мүмкіндігі есептеледі. Бұл әдістеме себепті талдауға негізделмеген, ол тарихи статистикаға сүйенеді, сондықтан өткен деректерді бағытқа ұстау өзін–өзі ақтай ма деген сұрақ туады. Себебі олар болашақтағы несие тәуекелінің дамуын сенімділікпен нақты көрсетіп бере алмайды. Міне, осындай белгісіздік жағдай қаржы нарығы қарқындап дамып және оның қазіргі замандағы әлемдегі экономикамен тығыз қарым-қатынаста болуы кезінде тіпті өсе түсіп отыр.
Credit Partfolio View моделін 1997 жылы Credit Suisse инвестициялық тобының мамандары ойластырып жасады. Ондағы несие тәуекелін өлшек әдісінің негізінде белгілі рейтингілік топтағы өзге көрсеткіштермен салыстырғанда дефолт болу мүмкіндігінің көрсеткіштері жатыр.
Бірінші дәрежелі комплексті бағалау деректер бойынша және «Moody’s», «Standart & Poor’s» халықаралық рейтингілік агенствалардың рейтингілері негізінде пайданы жоғалту статистикасын зерттеп үйренуді қарастырады.
Бастапқы
ереже: әр тәуекелді актив үшін тәуекелдікке
ұшыраған соманы анықтау
VaR
әр жеке тәуекелді актив: Құн
рейтингісінің жоғарлауына және
төмендеуіне байланысты ауытқуының
және несие шығынының есебі; Бүгінгі
күннің позициясынан рейтингтің болашақта
өзгеруінің барлық мүмкіндігін дисконттау; Қажетті
деректер: Несие
рейтингілері өзгеруінің өтпелі
матрицасы. Форвардты
қисық пайыздар және несие құнын
дисконттау үшін Credit Metrics қалыпты бөлу
деп аталатын пайдаланылады.
Нарықтық
VaR – қоржынның құны: VaR
жекелеген көрсеткіштерінің корреляцияны
есепке ала отырып бірігуі. Әдістеме
Monte
Carlo Simulation
Арақатынасы: Маңызды
ықпал ету факторлары арасындағы
қатынастың есебі Акция
курсының индексі
4-сурет
Credit
Metrics әдістемесі бойынша VaR бағалаудың
процедурасы
Екінші дәрежелі комплексті бағалау барлық қарыз алушыларды топтарға бөлу мүмкіндігін қарастырады. Мәселен салалар бойынша, және әр топ үшін пайданы жоғалту үлесі көрсеткішін көп факторлы талдауға негізделген.
Бұл модельде Пауссон бөлінісі қолданылады, Пауссон бөлінісі аз ықтималдықтағы кездейсоқ оқиғаның болу мүмкіндігін белгілі уақыт кезеңінде және өте үлкен санды қайталану талпынысымен қарастырады. Сондықтан Credit Risk+ моделі фефолттың себебін зерттеуге емес, кездейсоқ оқиға сияқты көрсеткіштерді талдауға арналған. Мұнда пайдаланылатын математикалық әдістер өзінің мазмұны жағынан сақтандыру тәуекеліндегі қолданылатын актуарийлік есеп әдісіне ұқсастыру.
Шығын деңгейін бағалау кешенділік деңгейінің үшеуінің бірінің негізінде жасалады.
Бастапқы
ереже: әр тәуекелді актив үшін тәуекелдікке
ұшыраушы
соманы
анықтау
5-сурет.
Credit Risk+ әдістемесі бойынша VAR бағалаудың
процедурасы
Шығынның
үлесін және пайда шығынның үлесін
бағалау Бұл
жерде кешенділіктің үш дәрежесінің
бірін таңдауға болады.
Дәрежелі:
халықаралық рейтинг агенствалары
рейтингісіне тәуелді, пайда шығынының
үлесінің статистикасы; Дәрежелі:
бір факторлы байлам: Қарызгерлерді
тәуекелдік дәрежесі бойынша бөліп
тастау және әр топ үшін
пайда шығынының үлесін анықтау; дәреже:
көпфакторлы талдау: а)
қарызгерлерді тәуекелдік тобы қатары
бойынша бөлу
б)
әрбір тәуекелдік тобы үшін шығын үлесін
бағалау; в)
тәуекелдікке сәйкес біріктіру. Пайданың
шығын үлесі және осы мөлшердің ауытқуының
интенсивтілігі осылайша анықталады.
VaR
жекелеген тәуекелді активтікі: Мүмкін
болатын шығындар = Exdrx (1-rr) Var
=dr және rr факторларын олардың мөлшерінің
ауытқуы негізінде
және Пуассон бөлінісінің көмегімен
есептеу негізінде талдау кезіндегі
мүмкін болатын шығындар
Қоржын
VAR VAR-дың
жекелеген көрсеткіштерін біріктіру.
Credit Risk+ дефолт тәуекелінің абсолютті деңгейі пайдаланылмайды. Несие рейтингісін беру үшін негіз бола отырып, олар уақыт ағынымен өзгеріп отырады, ал олардың сандық мәнінің өзгеруі стандарттық ауытқуы ретінде қарастырылады. Credit Risk+ үлгісінің ерекшелігі мынада, ол шығынның жалпы деңгейін есптеп шығаруға қолдануға қолайлы жөн шығындарды болдыратын себептерді талдауға дәл келе бермейді. Сонымен бірге банк несие тәуекелін өлшеу тәжірибесінде Credit Risk+ моделі қолдануға қарапайым, бастапқы ақпаратқа аз талап қою, талдау есептеуді жылдам жүргізуге мүмкіндік беретіндіктен пайдалануға болатын құрал болып есептелінеді.
Jarrow-Tumbull Model 1993 жылы Kamakura компаниясының негізін салушы Робберт Джерроу мен профессор Стюарт Тернбулдың ұсынуымен несие нарығына қатысушыларға ұсынылды. Бұл модель белгілі уақыт аралығындағы банкрот болу ықтималдығымен пайыздық мөлшерлеменәі өзгеруі арасындағы байланысты сандық бағалау мәселесін табысты шешеді.
Portfolio Manager моделі 1993 жылы KMVCorporation қызметкерлері жасап, ұсынды. Модель несие тәуекелін өлшеу құралы болып саналады. Оның негізінде Мертон моделі жатыр, бұл модель қарызды жабудың мерзімі жақындағандағы компания акциясының құнының төмендеу пайызын бейнелейді. Фирма дефолтт жариялап, банкрот болғанын бұл модель дефолт нүктесі санайды. Осы нүктеге жету ықтималдығын анықтау үшін модель авторлары «дефолтқа дейінгі дистанция» деген ұғымды кіргізді. Осы көрсеткіштің көмегімен және деректер бағасына сүйеніп күтіліп отырған дефолттың жиілігі есептеледі.
Portfolio Manager моделінің басты айырмашылығы несие портфелін оңтайландыру, қолайлы сатып алу, сату және активке ие болу деңгейін анықтау несие құнын есептеу, экономикалық капиталдың деңгейін айқындауға дайын деректерге және VAR әдістемесіне сүйенетіндігі.
Мұнымен қатар, Portfolio Manager моделі Монте Карло моделімен бірлесіп есепті кезеңдегі кез келген күнгі несие қоржыны бойынша залалдың бөлінісін бекітуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі тәуекелдік позициясын ұстау үшін қажетті капиталдың шамасын анықтайды.
Қорыты айтқанда, аталған модельдің басты жетістігі қарыз алушының несие қабілеттілігінің төмендегені туралы ақпаратты уақытында береді, тәуекелдік жағдай туындаудан жарты жылдай бұрын мүмкін болатын дефолт туралы ескертеді.
Бақылау сұрақтары
Несиелік тәуекел дегеніміз не?
Несиелік тәуекелді басқару жүйесі қандай элементтерді қамтиды?
Несиелік тәуекелін қалай басқаруға болады?
Несиелік тәуекелді басқару әдістеріне не жатады?
3-тарау Өтімділік тәуекелі және оны басқару
3.1.Өтімділік тәуекелі және оның жіктемесі
Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытыснда орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
активтерді зиянсыз сату;
тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады (Сурет №8):
банк капиталының базасы;
банк активтерінің сапасы;
депозиттердің сапасы;
сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
сауатты менеджмент;
банктің жоғары дәрежелі беделі.
Өтімділік теориясы мен өтімділікті анықтау әдістерінің бүкіләлемдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР Банк жүйесінің дамуының қазіргі жағдайына сәйкес келетін Банк өтімділігінің көрсеткіштері тиісті коэффиценттермен есептеледі.Жалпы өтімділік коэфиценті дегеніміз-ағымдағы міндеттемелерді жабу денгейімен сипатталатын қаржылық коэфиценттер болып табылады.Олар келесідей формулалармен өрнектеледі.
1.Капитал Жеткілікті = Меншікті капитал коэфиценті-ті >0.08 коэфиценті тәуекел ескеріле отырып есептелген активтердің жалпы сомасы |
2.Ағымдағы өтімділік = ағымдағы өтімділік актив >0.2 коэфиценті ағымдағы міндеттеме
|
3.Лездік өтімділік коэфиценті = жоғары өтімді актив талап етуге дейінгі міндеттеме
|
4.Ұзақ мерзімді өтімділік коэфиценті = Ұзақ мерзімді ссудалар меншікті капитал + 1 жылдан жоғары мерзімдегі депозит бойынша міндеттеме |
5.Жалпы өтімділік коэфиценті = өтімді актив + қорғалған капитал міндеттеменің жалпы сомасы
|
6.Базель келісімі бойынша Өтімділік = ақша қаражаттары + банкаралық несие+өтімді бағалы қағаздар коэффиценті активтердің жалпы сомасы
|
7.Активтердің қолма-қол ақшаға тез ауысу = өтімді актив қабілеті коэффиценті жалпы актив |
8.Сыртқы көздерге қол жетерлік = банкаралық несие коэффиценті міндеттеме |
9.Депозиттердің тұрақтылық деңгейі коэффиценті = Тұрақты депозит депозиттердің жалпы сомасы.
|
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зиянның орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Қосымша капитал – негізгі қордың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі бір мақсатқа бағытталған пайданы бөлу нәтижесінде құрылған қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюта арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бір бөлігі.
Банк активтерінің сапалылығы келесі 4 критерийлерімен анықталады:
өтімділік
тәуекелділік
табыстылық
Диверсификация
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты.(Сурет №7) Оларға мыналар жатады:
елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
бағалы қағаздар нарығының дамуы;
банкаралық несие нарығының дамуы;
қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.