Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ БТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
472.58 Кб
Скачать

1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Тәуекелдерді басқару әрбір банктің басты міндеті мен бағыты, себебі банк тәуекелдерін басқару мен бағалауды дұрыс жүргізбеу банктің нарықтағы жағдайын нашарлатып, жабылуына алып келуі мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтмділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.

Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:

  • Меншік капиталынан жоңары көлемде тәуекелге баруға болмайды;

  • Тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;

  • Аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;

  • Тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;

  • Әр уақытта тәуекелді шешудің бірнеше жолы болады.

Банктік тәуекелдерді басқару менеджменттің бір функциясы ретінде келесідей қағидаларға негізделеді:

  • Пайда табу мақсатында тәуекелге ойлана бару қағидасы;

  • Қабылданған тәуекелдердің басқарылу қағидасы;

  • Күтілген табыс деңгейінен тәуекел деңгейінің аз болу қағидасы;

  • Қабылданған тәуекел деңгейінің банктің қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қағидасы;

  • Тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспауы қағидасы;

  • Тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.

  • Банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтыннын осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады. Тәуекелдердің өзгеріп отыруына негізгі екі фактор экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді. Бұл факторлар төменде 2-сызба түрінде көрсетілген.

Банктік тәуекелдерді басқаруға әсер ететін негізігі факторлар

2-сызба. Банктік тәуекелдерді басқаруға әсер ететін негізігі факторлар

  • Тәуекелдерді басқару нарықтағы өзгерістерге тез әрі ұтымды шешімдер арқылы жауап бергенде ғана тиімді болады. Тәуекелдерді басқару стратегиясын таңдағанда банк нарықтағы банк қызметінің түрлері мен оның жекелеген сегменттеріне зерттеу жасайды. Банк қоршаған ортаның өзгеруі тәуекел деңгейінің әрдайым өзгеріп отыруына алып келеді. Соның салдарынан банк әрдайым нарықтағы өз орнын анықтап, туындаған тәуекелдерге баға беріп, клиенттермен қарым-қатынасты, активтері мен пассивтерінің құрылымын және саясатын өзгертіп отырады.

  • Тәуекелдерді басқару процесі төмендегі 3-сызба бойынша жүргізіледі.

Тәуекелді сәйкестендіру

әдістер

әдістер

Басқару шешімін таңдау

Бақылау

Туындаған тәуекелді бағалау

әдістер

әдістер

Банктік тәуекелдерді басқару

3-Сызба. Тәуекелді басқару процесі.

Тәуекелді бірыңғайландыру кезеңі: эксперттік бағалау әдістері (дельфиялық әдіс, морфологиялық әдіс, сценарилік талдау, коэффиценттік талдау әдісі т.б ) параметрлік емес статистика әдістері.

Туындаған тәуекелді бағалау әдісі: дифференциалдық, интервалдық, логарифмдік, индекстік, жай сандар әдісі, корреляциялық, регрессиялық, дисперсиялық, кластерлік, факторлық талдау, сызықтық, стохастикалық бағдарламалар арқылы.

Стратегияны таңдау кезеңі: лимиттеу, резервтеу, хеджерлеу, сақтандыру, диверсификация, өзін-өзі сақтандыру, оптимизациялау қолданылады.

Бақылау кезеңі: жауапкершілікті бөлу мен лауазымды делегирлеу, мониторинг, есеп жүйесін құру.

  • Банктік тәуекелдерді тактикалық басқару бойынша тәуекел менеджменті үш деңгейге бөлінеді:

Құру кезеңі:

  • ішкі нормативтік базаны құру;

  • лимиттеу, квоталау және өзге де шектеулер жүйесін құру;

  • есеп жүйесін құру;

  • дағдарысқа қарсы шараларды басқару.

  • Жаңа енгізулер кезеңі:

  • жаңа жұмыс тобын құру;

  • сценарилік талдау (бэк тест);

  • тестің қорытындысын талдау;

Ішкі нормативтік базаны қолдану кезеңі:

  • лимиттерді бекіту, қайта қарау және бақылау;

  • банктік тәуекелдерді басқарудың басқа да әдістерін қолдану;

  • сценарилік талдау (стресс тесті).

  • Осылайша банктік тәуекелдерді басқаруды үш кезеңнен тұратын механизм ретінде қарастыруға болады. Бірінші кезең стратегиялық басқаруға жауап береді, ал екінші кезеңде тактикалық және жедел басқару ұйымдастырылады, үшінші кезеңде жедел басқарылым.

Тәуекелдерді басқару бірнеше әдістердің көмегімен жүргізіледі. Солардың ішіндегі көп қолданыстағыларына төменде көрсетілген:

  • тәуекелден бас тарту немесе қашу;

  • тәуекелді өз мойнына алу;

  • тәуекелді аудару;

  • тәуекелді алдын алу;

  • сақтандыру;

  • диверсификация;

  • лимиттеу;

  • хеджерлеу;

  • өзін-өзі сақтандыру;

  • сапаны басқару

Ал енді олардың әрқайсысына сипаттама беретін болсақ:

Тәуекелден бас тарту немесе қашу – тәуекел деңгейі өте жоғары немесе шығыннан қашып құтылу мүмкін болмайтын жағдайларда бірден-бір альернативті тиімді жолдың біреуі.

Тәуекелді өз мойнына алу пайда болған шығынды банк өз қаражаты есебінен жабуын айтамыз. Бұл әдісті қолдану пайда болған шығындар көлемі жоғары болмаған жағдайда және пайда болатын шығындардың арасындағы интервалының алшақтығы кезінде қолданылады.

Тәуекелді алдын алу – мүмкін болатын тәуекелдерді алдын-ала шаралар қолдану арқылы төмендету немесе жою жолдарын іздестіру. Бұл басқару түрі тәуекел деңгейі жоғары болған жағдайда соны азайтуға бағытталады, бірақ азайтуға бағытталған нақты шаралардан ауытқулар болмауы қажет.

Сақтандыру банк тәуекелін төмендету үшін мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін жауапкершілікті сақтандыру компаниясына беру. Көп жағдайларда банктер несие бойынша тәуекелдерді сақтандырып қояды.

Диверсификация банк тәуекелдерін азайту мақсатында тәуекелді әртараптандыру, мысалы, белгілі бір салаға инвестиция салса бір салаға қатысты тәуекел деңгейі жоғарылайды, ал сол қаржыны бірнеше салаға бөліп салса тәуекел деңгейі азаяды. Банктік тәуекелдерді диверсификациялаудың келесідей формалары бар:

  • -бағалы қағаздар потфелін диверсификациялау;

  • несие портфелін диверсификациялау;

  • валюталық корзинаны диверсификациялау;

  • тартылатын қаражаттар көзін диверсификациялау.

Лимиттеу тактикалық шешімдер қабылдағанда банктің белгіленген операция түрлері мен көрсеткіштеріне шектеулер қою. Әлемдік тәжірибеде лимиттеудің мынадай түрлері кең тараған: stop-loss, stop-out, take profit, take out. Лимиттеудің бұл түрлері шығындарды тиімді басқаруға арналған. Лимиттеудің келесідей түрлері бар:

  • контрагенттерді лимиттеу;

  • несиелік өнімдерге лимит жасау;

  • операциялар бойынша тәуекелдере лимит жасау.

Хеджерлеу нарықтағы бағалар өзгерісінен пайда болатын тәуекелдерді сақтандыру, яғни жедел келісім шарт позициясын шығынның орнын жабу мақсатында тәуекел деңгейі бірдей қарама-қарсы нарықта да жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі сақтандыру банк мүмкін болатын шығындардың орнын жабу мақсатында өз пайдасынан арнайы және қосымша қорлар құру.

Сапаны басқару – банк тәуекелдерін басқару процесінде банктің шығарған өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасы маңызды роль атқарады, яғни банктің көрсететін қызметтерінің, өнімдерінің, несие, депозит бойынша портфельдерінің сапасын дұрыс басқаруы тәуекелге ұшырау деңгейін төмендетеді.

Бір банктік тәуекелдің өзгеруі барлық тәуекел түрлеріне әсерін тигізеді. Банктік тәуекелдерді бағалаудың дұрыс жүргізілуі банктің тиімді жұмыс істеуіне және динамикалық өсуіне жағдай жасайды. Ал егер тәуекелдерді бағалау дұрыс жүрізілмесе банк жағымсыз жағдайларға немесе банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:

Сандық бағалау – бұл банкте туындаған тәуекелден пайда болған шығынның нақты ақшалай көрінісін бағалауға негізделеді немесе барлық шығындардың жиынтығын көрсетеді.

Сапалық бағалау – тәуекелдің пайда болу көздері мен нақты факторларын бағалауға неізделеді, яғни әрбір тәуекелге қатысты нақты факторлар бойынша бағалау жасап, соны алдағы уақытта жою шараларын қарастырады. Банк тәжірибесінде несиелік портфельді бағалауда үлкен маңызға ие.

Статистикалық бағалау әдісі – банк саласында тәуекелдерді бағалау бойынша көп уақыт бойы қолданып келе жатқан әдістің бірі. Бұл әдіс ұзақ уақыт ішіндегі статистикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тәуекелдердің пайда болу аралығы мен себептерін бағалауда үлкен маңызға ие. Статистикалық бағалау әдісін тәуекелдердің барлық түріне дерлік қолдануға болады.

Сараптамалық бағалау – сарапшы мамандар жүргізетін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Бұл әдіске рейтингтік бағалау әдісін, неси алушылардың несиелік қабілетін бағалау, банк портфельдерін бағалау және т.б әдістерді жатқызуға болады.

Аналитикалық бағалау әдісі – банктік тәуекелдердің жеке түрлерінің

  • немесе жиынтығының пайда болу аймағын талдау түрінде жүрізіледі. Аналитикалық бағалау әдісі екіге бөлінеді:

  • Түпнегізді бағалау эмитентің пайдасын, нарықтағы жағдайын, активтері мен пассивтерін, жарғылық капиталының көлемін және өзге де қаржылық көрсеткіштерін бағалау;

  • Техникалық бағалау – нарықтағы динамикалық жағдайды графиктер көмегімен болашақта бағалардың өзгеруін бағалау. Техникалық бағалау нарықтағы адамның психологиясын зерттеумен тығыз байланысты.

Перспективалық бағалау – бұл әдістің негізгі қиындығы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер арқылы банктік тәуекел ықтималдығын бағалап нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

Анологиялық бағалау әдісі – банк менеджерлері түрлі шығарылымдар немесе басқа банктердің тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуын ескере отырып тәуекелдерді бағалау әдісі. Осы әдіс негізінде көптеген банктердің тактикасы және стратегиясы құрылады. [17; 19]

Кешенді бағалау – бір банктің қызметі аясындағы барлық банктік тәуекелдерінің жиынтығын бағалау. Теоретикалық түрде банктің тәуекелінің жалпы көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:

  • , (1).

  • Мұндағы Н-банктің жалпы тәуекелінің дәрежесі; Р-нақты операциялар бойынша жекелеген тәуекелдер; К-банк капиталының жиынтығы; банкке әсер ететін сыртқы тәуекел коэффиценті. Бұл көрсеткіш банктің ең жоғарғы тәуекел деңгейін көрсетеді.

Варияция және дисперциялық әдісі бір нәтижеден екінші бір нәтижеге өту кезінде сандық көрсеткіштердің өзгеруі. Дисперция- белгілі бір жағдайдың, яғни нақты жағдайдың оның орташа көрсеткішінен ауытқуы.

Варияциялық ауытқу:

, (2).

Дисперсия:

, (3).

Вариациялық коэффицент:

, (4).

  • тәуекелі болуы мүмкін әр жағдайлар үшін күтілетін мәні;

  • тәуекелдің орташа болжамды мәні;

  • дисперсия мәні;

  • тәуекел болуы мүмкін жағдайлардың жиілігі;

  • вариация коэффиценті;

  • математикалық күтілім.

Вариация коффиценті 1℅ дан 100℅ пайызға дейін өзгеруі мүмкін, 10℅ дейін тәуекелдердің төмен тербелісі, 10℅- 25℅ ға дейін тәуекелдердің орташа тербелісі, 25℅ жоғары тәуекелдердің жоғары тербелісін білдіреді.

  • VAR (Value-at Risk) бағалау әдісі – нарықтық тәуекелді бағалау мен сандық бағалаудың, жекелеген бағалау түрлерін бір параметр ретінде көрсетеді. Бұл әдісті төмендегі формула арқылы көрсетуге болады:

  • , (5.)

  • мұндағы S-ашық позиция сомасы (активтер сомасы), - t есептелген уақыттағы курстың жағымсыз жақтарға максималды ауытқуы (активтердің нарықтық бағасы). VAR әдісін келесі суретпен көрсетуге болады.

Сурет 1. Пайда мен жоғалтулардың мүмкін болатын бөлінуі

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Банк тәуекелі дегеніміз не олар қалай жіктеледі?

2. Банк тәуекелдерінің қандай категорияларын білесіз?

3. Банк тәуекелдерін қалай басқаруға болады?

4. Банк тәуекелдерін қалай бағалайды?

5. Банк тәуекелдерін басқару әдістеріне сипаттама беріңіз.

6.Банк тәуекелдерін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз.

2-т а р а у