
- •Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
- •Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы.
- •Банктік тәуекел сыныптамасы
- •1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
- •Несиелік тәуекел және оны басқару
- •2.1 Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы
- •Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
- •Var әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу
- •Коммерциялық Банк өтімділігі
- •Коммерциялық банк өтімділігі
- •3.2 Өтімділік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы.
Жалпы тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз пайыздық нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам міндетті түрде шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті ара-қатынасты таңдайды.
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономикада жағдайында банк саласында бактер әртүрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында мойнына алатын кедергілерді дұрыс бағалай білудің маңызы зор.
Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады.Олардың ауқымы әртүрлі. Сондықтан да банк қызметтерде тәуекелдің мүлде болмауының маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу, кеміту маңызды. Сондықтан, кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерде жұмсауға тырысады.
Банктік тәуекелдер деп – несие мекеменің жүзеге асыратын, банк операциясының ерекшелігімен туындайтын шығын қатері, яғни банк өз ресурстың, табыстың бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцяларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз.
Тәуекел банктің берілген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын белгілейді.
Банктік тәуекел категориясы экономикалық теорияның тану обьектісі ретінде әртүрлі бағыттағы нәтижелер мен ақпараттардың анықталмағандығы және оссиметриялылығымен тығыз байланысты.
Банк қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал сенімді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану керек.
-Ысырап - банк қызметіне тән, тәуекелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысынан банк пайдасының болжанбаған кемуі ретінде ұғынылады.
Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залалды ұштастырады. Сол себепті де, қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады.
Қатер мен Ысырап ұғымы бір бірімен өзара байланысты. Осыған қарай қатерді ысырап категорияларын пайдалана отырып сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуекел теориясын дамытудың базасы болып табылады.
-Шығын- банк өз қызметінде белгілі бір шығындар жұмсайды. Оларға: салымға төленетін пайыздар, өзге де қаржы институттарынан алынған кредит ресурстары үшін төлем, есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығын ,жұмыскерлерге, қызметкерлерге, үй-ғимаратқа кететін шығындар жатады.
-Табысты ала алмауда немесе белгіленген шығыннан да көп шығын шығару жағдайы залал деп аталады. Залал алдағы кезеңнің операцияларының жеткілікті дәрежеде таңдалмаған кезде, жарамсыздыққа ұрынған жағдайда және хал-ақуалды болжауға келмейтін жағдайда болады.
Іс жүзінде портфельдердің келесідей түрлері бар:
несиелік тәуекелділік портфелі
өтімділік тәуекелділік портфелі
валюталық тәуекелділік портфелі
пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі портфелі
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығы мен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты "сыртқы”) және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын "ішкі") бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белігілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалық әдебиеттер мен тәжірибеде басқару және талдау мақсаттарына байланысты банк тәуекелдерінің көптеген классификациялары бар. Соның бірі 1-сызбада көрсетілген.