Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D_1241_rister_kesheni.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592.87 Кб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Инженерлік - экономикалық» факультеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР КЕШЕНІ

«Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәні бойынша

«5В070300, Ақпараттық жүйелер» мамандығы

Алматы, 2012

Дәріс №1. Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен есептері.

Дәріс жоспары:

  1. Курстың қарастыратын мәселері

  2. Негізгі түсініктер, терминдер, анықтамалар

  3. АЖЖ-дың негізгі талаптары

Кіріспе

Кез-келген ақпарат жүйесін жобалау процессінің негізгі бөлігін жобалау әдістері және технологиясы құрайды. АЖ-н жобалау әдістері тұрғызылудағы АЖ-ң анықталған бір нотацияны қолдану арқылы түрлі аспектілерін сипаттауға арналған бірнеше модельдерді құрудың ұйымдастырылған процесстер жиынтығын білдіреді.

АЖ-н тұрғызудағы формальды деңгейде әдістер келесі құрамдық көрсеткіштерден анықталады:

  1. тұжырымдамалар және теориялық негіздеу. Негіз ретінде құрылымдық және объектке бағытталған көзқарас алынады;

  2. нотациялар – тұрғызылудағы АЖ-н динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуға арналған. Нотациялар ретінде әдетте графикалық диаграммалар қолданылады. Мысалы, «мән-байланыс» диаграммасы – құрылымдық қарастыру үшін, қолдану варианттары диаграммасы, класстар диаграммасы - объектке бағытталған қарастыруда.

  3. процедуралар - әдістерді практикада, тәжірибеде қолдану (модельдердің тұрғызылуының тізбегі және ережелері, нәтижелерді бағалау критерийлері).

Әдістер нақты технологияларды және оларды қолдайтын әдістемелер, стандарттар, АЖ-н өмірлік циклының кезеңдерінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін инструменталдық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады.

АЖ-н жобалау технологиясы – АЖ-н жобасын нәтиже ретінде көрсететін жобалаудың технологиялық операцияларының жинағы.

Технологияға қойылатын талаптар:

АЖ-н жобалаудың қазіргі кездегі технологиясы келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • ISO/IEC 12207 стандартына сәйкестілігі (АЖ-н ӨЦ кезеңдерін қолдау);

  • АЖ-н тұрғызу мақсатына бекітілген бюджет шеңберінде, анықталған сапа және белгіленген уақытта жету;

  • Жобаны декомпозициялау мүмкіндігі;

  • Жобалық шешімдердің АЖ-н тұрғызуды жүзеге асыру құралдарына тәуелсізідігі (МББЖ, ОЖ, программаны құру тілдері).

Кез-келген АЖ-н жобалау технологиясын нақты түрде қолдану белгілі объектте және белгілі жобада бірнеше стандарттарды қолдануды талап етеді:

  • Жобалау стандарты;

  • Жобалық құжаттарды рәсімдеу стандарттары;

Ақырғы қолданушы және жүйе интерфейсі стандарты.

Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз [7]. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:

  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.

Кесте1 . Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар

Есеп кешені

Есеп атауы

Кіріс ақпарат

Шығыс ақпарат

Қолданушылар

Маркетинг

тік зерттеулер және талдау жүргізуді автоматтан

дыру

Ішкі есеп беру

Маркетолог

Ағымдағы ақпаратты жинау

Сұраулар

Зерттеу ақпараты

Маркетолог

Маркетингтік зерттеулер жүргізу

Қажеттіліктер

Зерттеулер негізінде есеп беру

Маркетолог

Маркетингтік ақпаратты талдау

Ұсынылымдар

Талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер

Маркетолог

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпараттық жабдықтау экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпараттық жабдықтау төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпараттық жабдықтау 5 кестеде көрсетілген.

Кесте2. Ақпараттық жабдықтау

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]