Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс лекции.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.86 Кб
Скачать

1. Хүііі ғ. Мағриб араб елдерін француз және түрік іскерлерінің басып алуы.

2. Мұхаммед Али бастаған басқыншылпарға қарсы көтеріліс.

XVIII ғ. II жартысынан бастап Европа елдері Араб елдерін өздерінің тауар өткізетін рыногына айналдыру жоспарын іске асыра бастады. 1789 жылдың 2 шілдесінде француздар Александрияны басып алды, ал 21 шілдеде пирамида түбегіндегі француздар мен египеттіктер арасында шайқас болды. Жеңіске жеткен Напалеон әскерлері Каирды тонау әрекетіне кірісті.

1798 жылы тамызда Адмирал Нельсон бастаған ағылшын эскадрасы Абукир бухтасын басып алып, француздарға соққы берді. Елде көтерілістер басталды. 1798 жылы Каирда өткен басып тастаған Напалеон Сирияға қарсы жорық жүргізді. 1799 жылы Аль-Алши, Газа, Яффа, Хаиф жерлері басып алынды.1799 жылы генерал Клевер порт уәзірімен Аль-Арште конвенцияға қол қойды. Келісім бойынша француздар 45 күннің ішінде Каирді, 90 күн ішінде Египеттен кетуі қажет болды. 1800 жылы Египет Франция отары деп жарияланды. Елде қайтадан француздарға қарсы көтерілістер жүрді. 1801 жылы Египет азат етілді. 1801 жылы Туркия мен Франция арасындағы келісім бойынша Египет сөз түрінде Түрік сұлтанының сувернитетіне қайтарылды. 1803 жылы мамырда Каирды полковник Мұхаммед Али бастаған мәмлүктер мен ауғандардың біріккен күші басып алды. Египетте екі мәмлүк бейі және Мұхаммед Али басқарған триумверат басқарды. Кейіннен М. Али мәмлүктерге қарсы күрес жүргізіп, ол көтеріліс басып тасталынды.

1811 жылы мәмлүктер Египеттен қудалана басталды. 1812 жылы жоғарғы Египетте мәмлүктер княздығы жойылып Мұхаммед Али Египеттің билеушісі деп жарияланды. Билік басына келген ол аграрлық реформа жүргізді. Налог жүйесін құрды, қазына кірісі өсті, Египет филлахтарының (шаруа-ң) жағдайы өзгерді, өңделетін жер көлемі ұлғайды.

1818 жылы Египетте мемлекеттік фабрика салынды, өндіріс орындары ашылды, халық саны өсті. 1818 жылы Александрия халқының саны 60 мыңға жетті, жеке меншік монополиялар өсті. Бірақ майда қолөнершілер жұмыссыз болды, әскери салада да реформалар жүрді. 1829 жылы бірінші араб газеті «Египет жаңалығы» басылып шықты. Сыртқы саясатында Мұхаммед Али Түрік сұлтанына тәуелсіз мемлекет құруды көздеді. 1811 жылыол Араб шығысы территориясында үздіксіз соғыстар жұргізді. 1822 жылы шығыс Суданды басып алды. 1824-1827 жылдары порт үкіметінің нұсқауы бойынша грек көтерілісін басып тастауға қатысты. 1831 жылы Мұхаммед Али Сирия, Палестинаға жорық жасады. Бұл жорықты Ливан әмірі Башир II қолдады. Сирия, Ливан, Палестина Египеттің құрамына кіріп, жоғарғы билеуші ретінде Мұхаммед Алидің баласы Ибрахим Паша тағйындалды. Мұхаммед Али мемлекетінің күшеюі Европа елдерін мазалады.

Европа елдері Түркия мен Египет арасын шиеленістіріп, 1839 жылы порт Египетке қарсы соғыс ашты. Мұхаммед Али 1840 жылы Лондон конвенциясы бойынша өзінің әскерлерін Сирия, Ливан, Палестина, Криттен шығарып, Осман империясының әскерлерін қайтарды. Мұхаммед Али тек Египет пен Суданға ғана билігін сақтап қалды, әскеінің саны 18 мыңға қысқарды.

Европаның араласуы нәтижесінде Мұхаммед Алидің империясы жойылды.

Отарлық езгідегі араб елдері. Араб елдеріндегі отаршылдарға қарсы қарсы ұлт-азаттық көтерілістер.

1. Сирия, Ливан, Палестина және Ирактың жартылай отарға айналуы.

2. Аравиядағы ағылшын ипериализмі позициясының күшеюі.

3. Египеттің қаржы дағдарысы. Мемлекеттік қарыз.

4. Махдистер көтерілісі және Англияның Суданды жаулауы

5. Итальяндықтардың Ливияны жаулап алуы. Ливия халқының итальяндық агрессияға қарсы күресі

6. 1871 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

ХІХ ғ. аяғына қарай Сирия, Ливан және Палестина экономикасында шетел, әсіресе француз капиталы үстемдік етті. Шетел империалистері Осман империясының бұл провинцияларын аграрлық-шикізат көзіне және өздерінің тауарларын өткізетін рынокқа айналдыра бастады. Сирия және Ливан француз, ағылышын тоқыма өнеркәсіптерін мақта және жібек жіптерімен қамтамасыз етіп, жеміс-жидектер, қамыс қантын, конопля, табак тасымалданды.

Сондай-ақ банк жүйесі де толықтай шетел капиталының бақылауында болды. Сирия, Ливан және Палестинада Оттоман банкнің, француз,ағылшын және неміс банктерінің көптеген бөлімшелері жұмыс істеді. Сақтандыру операцияларын негізінен австриялық қаржыгерлер бақылады. Шетел компаниялары, сондай-ақ теңіз жолдарын басып алды.

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында салынған Яффа-Иерусалим, Бейрут-Дамаск темір жолдары, Бейрут порты, қалалардағы коммуналдық өндірістер француз капиталына қарады. Темір жолдарды салу құрылысы ауылшаруашылық шикізаттарын экспортқа шығарушы-шетел капиталистерінің мүддесіне бағынды.

Оттоман қарызы бойынша несиелердің проценттерін төлеуге қомақты қаржының кету салдарынан Сирия мен Ливанның экономикалық жағдайы нашарлады. Сұлтандық Түркияның ауыр езгісі және шетел қанауынан Сирия, Ливан және Палестинада дамыған өнеркәсіп болған жоқ. Жергілікті шеберханалар мен мануфактуралар тек алғашқы ауылшаруашылық шикізатын өндеумен айналысты. Еуропалық фабрикалық тауарлардың ағылуы жергілікті өндірістің құлауына әкелді.

ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХ ғ. басында Иракқа шетел монополиясы ене бастады. Теңіз және өзен транспорттары, банк ісі, сыртқы сауда, өдеркәсіп өндірістері негізінен ағылшын капиталистерінің бақылауыа өтті. 90-шы жылдары Иракта шамамен 10-ға жуық шетел транспорттық компаниялары жұмыс істеді. ХІХ ғ. 80-шы жылдары Бағдад және Басрада Оттоман банкінің бөлімшелері шоғырландырылды. Осы кезде немістер экономикалық және стратегиялық мәні бар Бағдад темір жолын салу үшін Иракта ірі транспорттық компанияның негізін салды. І д. с. басталарда Бағдад темір жолының ұзындығы 160 шақырымды қамтыды.

Англия Ирактағы импорт және экспорт жөнінен бірінші орынды иеленді. Қалалар мен порттарда еуропалық ірі фирмалардың негізі қаланды.

Сондай-ақ империализм Аравия түбегінің артта қалған аудандарын да сырт қалдырмады. 1871 жылы ағылшындар Қатар түбегінің шейхна протекторат орнатуға шешім қабылдады. Сонымен бірге, Англия Парсы Шығанағында да өзінің ықпалын орнатуға тырысты. 1873 жылы ағылшындар Келісімді Оман шейхі мен Оман сұлтанына жаңа теңқұықсыз келісімдер орнатты. 1880 жылы Бахрейн шейхмен келісімге орнатылды.

1892 жылы француздар Оманда теңіз базасын жалға алуға қол жеткізді. 1896 жылы Англия Кувейтте төңкеріс жасады. Германияның Кувейтте теңіз базасын орнату әрекеті Англиямен шиеленіске әкелді. 1901 жылы тамызда Оман сұлтаны Германияның кеңесімен Кувейтке өзінің әскерлерін жіберді. Кувейт бухтасында орналасқан ағылшын крейсері олардың жағалауға шығуына кедергі келтірді. Англия Порттан Кувейтке әскерлерін жібермеуге міндет алды.

Кувейтте толықтай орнығу үшін Англия кувейт шейхі мен оның көршісі шаммар әмірі арасына от салуға тырысып бақты. Рашидид әулетінен шыққан Шаммар әмірі 1885 жылы ваххабиттік Неджден оның билеушілерін қуып, Орталық Аравияның бұл областын өзінің иелігіне қосты. Бұл соғыс нәтижесінде ваххабиттердің соңғы әмірі Адб әл-Азиздің ұлы Ибн Сауд 1902 жылы бұрынғы ваххабиттердің астанасы ар-Рийядты басып алып, Недждегі ваххабиттер мемлекетін қайта қалпына келтіріп, өзін әмір деп жариялады.

1903 жылы мамырда ағылшын сыртқы істер министрі Ленсдаун Парсы Шығанағы туралы өзінің декларациясын жариялады. Бұл декларация Германиямен қатар Ресей және Францияға да қарсы бағыттылды.

1904 жылы ағылшын-француз келісімі және 1907 жылы ағылшын-орыс келісімі орнатылғаннан кейін Франция және Ресей Англиямен Парсы Шығанағы үшін күресуден бас тартты. Бірақ, І д.с. қарсаңында Бағдад темір жолының құрылысы аяқталар кезде ағылшын-герман күресі қайта бұрқ ете түсті.

Германия Бағдад темір жолы құрылысын жалғастырудан және Парсы Шығанағына шығудан бас тартуға мәжбүр болды. Османдық Түркия Англияның Кувейт шейхмен ерекше келісімін мойындап, Бахрейннен бас тартты. Осман әскерлері Парсы Шығанағы жағалауынан қуылды.

Суэц каналының құрылысы египет халқына өте қымбатқа түсті. Египет тарихындағы алғашқы мемлекеттік қарыз каналды салу шығынымен байланысты болды. Оппенгейм, Фрюлинг, Гошен, Ротшильд, Бишофсхейм және басқа да шетел банкирлері египет үкіметіне несиені жылына 15-25% берді.

Египет бірде-бір рет несиенің толық соммасын алған емес, өйткені банк «кепілдік», «коммисиялық» үшін несиенің қомақты бөлігін алып қалып отырды, ал несие өсімі толық соммадан алынып отырды. Бір ағылшын банкнің өзі 11 жыл ішінде (1862-1873жж.) Египетке 68 млн.ф.ст. қарыз берген. Ал, негізінде тек 46 млн. ф.ст. Египетке берілген болатын.

ХІХ ғ. 70-шы жылдарының ортасында ел кірісінің 60-80%-ы тек қарызды өтеуге кетіп отырды. Жыл сайынғы қарыздың өсімін өтеу жаңа несиелер алуға мәжбүр етті. Жер салығы төрт есеге өсті. 1871 жылы үкімет «мукабала туралы заң» шығаруға мәжбүр болды. Бұл заң бойынша алты есе жер салығын төлеген жекеменшік иесі өмір бойы салықтың жартысын төлеуден босатылды. Осындай жолмен 15 млн.ф.ст. жиналды. Үкімет шарасыздықтан, Суэц каналы акциясының бір бөлігін сатуға шешім қабылдады. Египеттің қиын жағдайын пайдаланып, ағылшын премьер-министрі Дизраэли парламенттен жасырын түрде қазынаның ақшасына акционерлік капиталдың 45%-ын құрайтын акцияны 4 млн. ф.ст. сатып алды. 1875 жылы ақпанда ағылшын парламенті премьер-министрдің әрекетін қызу қолдады. 1910 жылы бұл акция 35 млн. ф.ст. бағаланды. Осылайша ағылшын үкіметі Суэц каналының ірі акционерлік компаниясына айналды.

1876 жылы тоқырауға ұшыраған Египет қарызды төлеуді тоқтатты. Бұл еуропа державаларының ішкі қаржы ісіне араласуына әкеліп соқтырды. Франция, Италия және Австрия өкілдерінен тұратын «хедив қарызы комиссиясы» құрылды. Комиссарлар қарыздың өз уақытында төленуін қадағалап отыруы тиіс болды. Тек Англия Франциямен келісімге келе алмай, өзінің комиссиясын құруға тура келді.

1876 жылы сәуірде Египет қарызын қадағалау үшін халықаралық комиссия құрылып, оны Фердинанд Лессепс басқарып, іс-жүзінде оның орынбасары ағылшындық Риверс Вильсон істі жүргізді. Комиссия хедивті мемлекетті басқарудан алшақтатып, еуропалықтардың қатысуымен министрлер кеңесін құруға мәжбүрледі.

Хедив келісімін беруге мәжбүр болып, 1878 жылы тамызда министрлердің жаңа кабинеті құрылды. Кабинетті шетел банкирлерімен байланысы бар Нубар-паша басқарды. Ішкі істер министрі болып реакционер Рияз-паша тағайындалды. Риверс Вильсон қаржы министрі қызметін иеленді. Франция өкілі қоғамдық істер министрі қызметіне, ал Австрия өкілі бас бақылаушы қызметіне тағайындалды.

Елдің қаржы дағдарысы саяси дербестіктің жойылуына әкеліп соқтырды. Европалық көпестердің Суданға енуі XIX ғасырдың 30 жылдарында-ақ басталды. Европалықтар бұл мемлекетке піл сүйектерін, мата, гумми әкелді. Олар көшпенді тайпалар көсемдерінен құлдарды сатып ала алды. 1857 ж. гипет үкіметі құлсатушылыққа қатаң тиым салды, бірақ олар ісімен әрі қарай айналысты.60-жылдардың аяғына таман Англия Шығыс Суданды ждаулап алу жоспарын қарастырды. Енді еуропалық көпестерге құлсатушылықтьы жақтыртпай, бүкіл мемлекетті жаулап алғысы келді. Сонымен қатар оларға Суданның шикізат көздері де қызықтырған еді. Суданның Нил бассейнінде орналасқан еді, ал Нил өзені арқылы Орталық Африкаға шығу мүмкіндік болды.

1869 ж. Англия Суданға египеттің туының астында әскери экспедицияға шықты. Экспедиция жетекшісі ағылшындық Бейкер. Ол Экваторияда өз билігін жүргізіп, халықты тонап, сауда-саттық қатынастарын шектеді. 1874 ж. Бейкерді ағылшын полковнигі Гордон ауыстырды. Тонаушылық әрекеттерді жалғастыра отырып, ол облыстың кең алқапты жерлерін жаулап алды. 1877 ж. державалардың Египттің финанстық қатынастарын орнатқан соң, Гордон Суданның генерал-губернаторы болып сайланды.

1879 ж. Гордон Бахр аль-Газаль және Дарфур облыстарындағы көтерілістерді басқан соң, мемлекетен кетіп қалды. Оның орнын египеттік өкіл басты. Бірақ басқа провинцияларда әлі де еуропалық офицерлердің бақылауында болды. Екі жылдан кейін, яғни 1881 ж. Суданның толық аумағында шет ел отаршылдарына қарсы көтерілістер жүрді. Бостандық шерулерін басқарушы дервиш Мухаммед Ахмед басқарды. Ол өзін 1881 ж. күзде махди деп жариялады. Алғаш махди мемлекетінің өмір сүрген жылдарында бірнеше заң шығарылды, осман имприясының құрамында болған жерлер алғашқы иелеріне қайтарылды. Мемлекетті мықты ұстау мақсатында басқару аппаратын қайта ұйымдастыру жүргізілді. Мемлекет басында махди-Мухаммед Ахмед болды, ал ол көз жұмғаннан кейін оның мұрагрі халиф Абдаллах болды. Мемлекет билеушісінде шексіз билік болды. 1871ж. Италия Туниске әскери-теңіз экспедициясына дайындалды. Оның басты мақсаты тунисс бейімен теңқұқықсыз келіссөздер орнату. Бұл ойлардан Италия ақырында Франция және Англияның ықпалымен бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар колониалдық саясаттың құлдырауының себебі итальяндық буржуазияның әлсіздігі еді. Тек 1885 ж. Шығыс Африкадағы Эритрея және Сомали колонияларын ғана жаулап алды. 1909 ж. Ресейдің рұқсатымен Ливияны жаулап алу көзделді, бірақ оған айырбас ретінде Балқан түбегіндегі орыс саясатының Италия қарамағынан қолдау көрсету.

1911 ж. мароккан кризисі кезінде, Италия бұл жағдайды пайдалануға бел буды. Ол Портеге ультиматум жариялады. Ол жерде итальян үкіметі өзінің мемлекетінің қарамағын қамтамасыз ету үшін , Ливияны оккупациялауға мәжбүр делінген. Сонымен қатар, олар Түркияға Италияның жаулап алушылық әрекеттеріне төтеп бермесін деген нұсқаулықтар болды. Жауабы ретінд Түркия бұл шиеленісті бейбіт жолмен шешкісі келді, бірақ Рим бұған қанағаттанарлықсыз болды. Сөйтіп Осман имприясымен Италия арасында дипломатиялық қатынастар үзілді.

Итало-түрік соғысы басталды. 1911 ж. қазанда итальяндық әскери-теңіз флоты Триполи, Дерну, Бенгази және Хомс қалаларын басып алды.

Француз отаршылдарының гнеті алжир ауылдарының шаруашылығына зардабын тигізді. 1868-1870жж. Ммлекетте ашаршылық жүріп жатты: шөппен тамақтану, адам жеу әрекеттері жүрді. 1866ж-ғы санақ бойынша Алжир мемлекетінің саны 2,7 млн. болса, 1872ж. 2,1 млн. құрады.

Жылдан жылға мемлекеттің әр аудандарында көтерілістер болды. Бұл көтерілістер стихиялық түрде болды.

1871ж. сәуірде Рахманийя дін ұйымы көтерілісті қолдады. Бұл ұйымның мүшелері әр ауылды, әр қаланы аралап, халықты таза соғысқа шақырды. Агитаторлардың арасында француз тілін білетіндер де болды.

Алжир коммунарлары француздарға төтеп бере жатқанда, алжир повстанецтары соғыста жеңіп жатты. Олар мемлекеттің шығыс аумақтарын толықтай француз әскерлерінен тазартты. Бірақ, алжир коммунарларын француздар жеңген соң, 85 мыңдай өз әскерін сол аумаққа енгізіп, жағдай нашарлай бастады.