Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс лекции.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.86 Кб
Скачать

1 Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері.

Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соңғы кезең империализмге өтуін қарастырады.

Жаңа кезеңнің XVII ғ. ортасынан басталуы 1649 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясының Еуропада капитализмнің дамуына итермелегендігі және буржуазиялық еуропа державалары экспансиясының күшеюімен сипатталады. Жалпы буржуазиялық дәуірде тарих дүниежүзілік болды.

Капитализмнің шарықтап дамуы кезеңінде Шығыс елдерінің отарлық езгіде болуы капитлистік ұлттардың шексіз баюына әкелді. Сонда да Осман империясы, Үндістан, Қытай сынды мемлекеттер капиталистік қатынастың алғышарттары туындай бастады. Бірақ кейбір түпкір аудандарда феодалдық қатынасқа дейінгі қалдықтар сақталынды. Шығыс, Оңтүстік және Орта Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка кеңістігінде тұрғындар көшпелі өмір сүрді.

Еуропа елдерінде капитализм нығайа түскен сайын Азия және Африка елдері шетел отаршылдары тарапынан тонау объектісіне айналды.

Жаңа кезеңде Батыс елдері Азия және Африка елдерін табыс көзіне айналдыра отырып, капиталдың алғашқы қорын жианй бастады. Алғашқы қор жинаудың көзі болып монопольді сауда компаниялары саналды. Голланд, француз және британ ост-инд компанияларын дүниежүзін толықтай талқандау мақсатында өз елдерінің үкіметінің қолдауын бүркемелей отырып, еуропалық көпестер құрған болатын. Олар біртіндеп континенттегі үлкен кеңістікте үстемдік еткен территориялық державаларға айналды.

Ағылшын ост-инд компаниясы феодалдық эксплуатация жүйесін сақтп қалумен шектелген жоқ. Өз қолдарына саяси билікті топтастырған компания сыртқы және ішкі сауданы жаулап алды. Ост-Инд компаниясының тұзға, апиынға және басқа да тауарларға монополия орнатуы шексіз баюға және бәсекелестікке әкелді.

Еуропалық державалардың бәсекелестігі және монополді көпестік компаниялардың саудаға үстемдіг көптеген соғысқа әкелді. Испания және Португалияның алыптылығын XVI ғ. Голландия және Англия үзді. XVIІ ғ. басында Голландия алға шығып, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Индонезия және Цейлонда үлкен иеліктерге ие болды.

Егер еуропалық буржуазия мемлекеттері үшін отарлық саясат алғашқы қордың жиналуына септігін тигізсе, Азия және Африка елдері тонаушылық объектісіне айналып, күйзелте түсті. Өндірістік күтер үзіліп, капитлистік батыс пен Шығыс елдері арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде үлкен алшақтық өсті.

Алғашқы қордың жинақталу дәуірінде отаршылдық тонау салдары байқалды. Ең алдымен еуропалық державалардың отарлық экспансиясы бірқатар Шығыс азия елдерін (Қытай, Корея, Жапония және т.б.) шетелдіктерді енгізбеу және сыртқы дүниеден қатал оңашаландыру саяси бағытын ұстануға мәжбүрледі.

ХІХ ғ. басында-ақ отарлық рыноктар және арзан өнеркәсіптік шикізат көзі үшін күрес халықаралық шиеленістер сипатына ие болды. Елде шетел капиталының енуі Шығыс елдерінде наразылық туды. Қарапайым тұрғындар шеелдіктерге және елдің билеуші топтарына қарсыластық білдіріп, көтеріліске шыға бастады. Осындй көтерілістер Алжирден бастап Жапонияға дейінгі Азия және Африка елдерінің көптеген аудандарын жайлады. Солардың ішіне 1857-1859жж. Үндістандағы халық көтерілісін, Қытайдағы тайпиндердің шаруа соғысын, Ирандағы бабидтер көтерілісін жатқызуға болады. Бұл көтеоілістер отаршыл державалар мен елдің билеуші үкіметі тарапынан басып тасталынды.

Империализм дәуіріндегі Азия және Африка елдері (1870-1914жж.)

1. Империализм отарлық жүйесінің пайда болуы. Империализм дәуіріндегі отарлық экспансиясының әдістері.

2. Шығыс дәстүрлі қатынастардың батыс отарлық капиталымен өзара әрекеті.

3. XIX ғ. аяғы XX ғ. басындағы отарлық шиеленістер.

4. Азияның оянуы.

ХХ ғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмнің отарлық жүйесіне түпкілікті айналуымен сипатталады. Империализм отарлық жүйесінің басты және шешуші ерекшеліктері дүниежүзін жайлап, әлемдік капиталистік шаруашылықтың бөлінбес бөлігі болып саналды. Жартылай отар өздерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы бойынша отардан ерекшелігі жоқ.

Әлемнің көптеген елдерін отарға және жартылай отарға айналдырып, монополиялар қатаң қанаушылықтың жолдары арқылы тәуелді елдерді езгіге түсіріп, олардан пайда тапты. Отар елдерге капитал тарту әртүрлі түрде жүрді. Соның бірі империалистік держава банктерінің қарыздар беруі. Мысалы Үндістанда қарыздар туралы келіссөзге отарлық үкімет қол қойғанмен, халықтардан алынған салық есебінен төленді. ХХ ғ. басында отар елдер метрополия фабрикалық өнеркәсіптерінің өнімдерін өткізетін рыноктарға айналды. Сонымен қатар осы кезең жаңа теңқұқықсыз келіссөздеріне қол қойылумен де сипатталды.

Азия және Африка елдерінің одан ары қарай капиталистік өнеркәсіптер үшін шикізат көзіне айналуы натуралды шаруашылық негізін үзді. Қанаушылар өздерінің отарларына қандай ауыл шаруашылық дақылдарын егу керектігін өздерінің қажеттілігі бойынша анықтап, жүргізді. Көптеген тәуелді елдер бір дақылды егуге жұмылыдрылып, қалғандарына зиян келтірді.

Отар және тәуелді елдерге капиталды құюдың негізгі объектісі темір жолдарды және әскери-стратегиялық маңызы зор телеграф жүйелерін салу болды. Сондай-ақ отар және тәуелді елдерде шетел өндіріс өнеркәсіптері ашылды. Отаршылдар ашық және жабық түрдегі шикізат көздерін иеленді.

Осындай мақсатта монополиялар берген әртүрлі концессиялар кеңінен тарады. Мысалы: Қытайда державалар өздерінің үкіметін, соттары мен полициясын ұстады. Мұнай, көмір, рудалар мен түрлі түчті металдар, фосфаттар шетел монополиясының қолына өтті. Мұнай компаниялары араб елдеріндегі, Ирандағы, индонезиядағы басты мұнай аудандарын басып алды.

Шетел компаниялары тек ішкі рынокты ғана емес, сондай-ақ Шығыс елдерінің сыртқы саудасын да басып алды. Сыртқы сауда қатынасында отаршылдар мен тәуелді елдер арасында теңдік жүйесі болмады. Дайын өнімдерге қойылған төменгі баға отаршылдарға айтарлықтай табыс әкелді. Отар және жартылай отар халықтары тоналды.

Барлық кедендік саясатты отаршылдар бақылады. Американдықтар Филлиппинада, француздар Вьетнамда, ағылшындар Үндістанда және Египетте өздерінің кедендік және темір жол тарифтерін енгізді.

ХХ ғ. басынан бастап Азия және Африка елдерінің дамуындағы негізгі мәселелердің бірі олардың батыс отаршыл капиталының дәстүрлі қатынасымен өзара әрекеті. Кейбір Шығыс елдері батыс елдерінің ашық агрессиясынан сескеніп, өздерінің теңіз және темір жолдарын жаба отырып, шетелдіктермен сыртқы сауда қатынасын орнатудан бас тартты.

ХХ ғ. І жартысында Шығыс елдерінің саяси процессі ауыр сипатқа ие болды. ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басы тек отарлық басқыншылықпен ғана емес, сонымен қатар державалар арасындағы шиеленістермен де сипатталды. Мысалы: испан-американ, ағылшын-бур және орыс-жапон шиеленістері.

Жалпы, Шығыс елдерінің сана-сезімі қалыптасып, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық көтерілістер бой көтере бастады. ХХ ғ. Қиыр Шығыста халықтық көтерілістерді шетел империалистері аяусыз басып тастап отырды.

2 дәріс. ХҮІІғ. ортасы-ХХ ғ. басындағы Қытай империясы.

1. Қытайда Цинь империясының құрылуы.

2. Цинь империясының сыртқы саясаты.

3. Қытайға шет елдердің енуі. Тайпиндер көтерілісі.

4. Көтерілістің кезедері және себебі.

5. Қытайдағы екінші апиын соғысы.

6. 19 ғасырдың соңғы онжылдығындағы Цинь империясы.

17 ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті құлдырау кезеңінде тұрды. Салықтың шектен тыс көбейіп кетуі, шаруалардың жерсіз қалуы, шенеуніктердің сатылуы Қытайдағы 1628-1644 жылдардағы халық көтерілісіне алып келді. 40-шы жылдары бұл көтеріліс өрістей түсті. Көтерілісшілер 2 лагерьге бөлінді: хубей, шэньси және сычуань провинцияларындағы көтерісті Ли Цзычен және Чжан Сяньчжун басқарды. Көтерілістің басты талабы – Минь династиясын құлату және салық езгісін жою. 1644 жылы Ли Цзычен әскерлері Пекинді жаулап алды. Минь династиясының соңғы билеушісі өзін-өзі өлтірді.

16 ғасырдың аяғында манчжурлердің тайпалары бірігіп, Нурхацзи бастаған джуржендер тайпаларының ұрпақтары солтүстік Қытайға қауіп төндірді. Олардың алғашқы билеушісі – Абахай хан (Нурхацзидің баласы). Оның тұсында Цинь империясы құрылды. 1644 жылы манчжурлер Минь династиясының генералы У-Сангуямен бірігіп, Қытайды жаулап алуға кірісті. Бұл саясат 40 жылға созылды.

1644 жылы 27 мамырда Ли Цзычен әскерлері шегініп, Пекинді манчжурлер басып алды. Осы уақыттан бастап 1911 жылға дейін 267 жыл бойы Қытайда манчжурлердің династиясы – Цинь патшалық құрды. Манчжурлердің Қытайды жаулап алуы 3 кезеңге бөлеміз: 1) 1644-1647 жж. манчжурлердің солтүстік, оңтүстік, орталық Қытайды басып алуы. 2) 1648-1650 жж. көптеген провинцияларда Цинь әскерлеріне қарсы көтерілістер бой көтерді. 3) 1650-1662 жж. Хунань, Гуджоу, Гуанси провинцияларында өткен шаруа көтерілістерін басқарған Ли Динго отряды талқандалып, Цинь әскеріне қатерді Чжен Чженгудің әскері төндірді. 1683 жылға дейін өмір сүрген Тайваньдағы Чжен Чженгу құрған мемлекет әскери-саяси жағынан күшті болды. Оның тұсында Тайвань аралының экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүргізілді: жаңа жерлер игерілді, балық аулау дамыды.

Антиманчжурлер күресі кезінде Цинь империясына көмек көрсеткен У-Сангуя бастады. Ол Қытайдың оңтүстік аудандарында жеке мемлекет құруды көздеді. 1681 жылы Тайваньға манчжурлер әскері түсіріліп, 1683 жылы Чжен Чженгу әскерлері тізе бүгеді. Бұл Қытайды жаулап алудың соңғы қосымша кезеңі (1662-1683жж).

Қытайдың жеңілу себебі: 17 ғасырдың ортасынан бастап Минь династиясының әлсіреуі, манчжурлерге қарсы күресте біріге алмауы, Қытай билеуші топтарының сатылып кетуі.

Манчжурлердің басқыншылық соғысы Қытай халқына үлкен шығын әкелді. Қытай дерегі бойынша тұрғындар саны 10 млн-дай адамға қысқарды.

2. Қытай мемлекетін бағындырғаннан кейін Цинь үкіметі көрші елдерге жаулаушылық саясатын жүргізе бастады. 1883 жылы Қытайды жаулап алу кезінде Цинь үкіметі Корея, Шығыс Монғолияға өз үстемдігін орнатқан болатын.

1691 жылы Халені (солтүстік Монғолия) қол астына бағындырады. 1757 жылы көрші Қашғарды жаулап алады. 1759 жылы Жоңғария мен Қашғария Цинь мемлекетінің құрмына кіріп, жаңа провинция ретінде Цзиньцзянь деген ат алды. Цинь үкіметінің жаулап алу саясаты оңтүстік батысқа (Тибетке) бағытталды. Оны 18 ғасырдың аяғында толықтай бағындырды. Үнді-қытай еліне жүргізген саясаты сәтсіз болды. 1768 жылы Бирмаға қарсы жорықта манчжурлер әскерлері жеңіліп, өз әскерлерін әкетуге тура келді. 18 ғасырдың 80 жылдарында Цинь үкіметі халық көтерілісінен әлсіреген Вьетнамды өзіне бағындырды. 1788 жылы Вьбетнамға өз әскерлерін енгізді. 1789 жылы келіссөз жүргізді. Вьетнам Қытайдың сюзеренитеттігін мойындады. Жаулап алу есебінен Цинь империясы өз билігін кеңейтті.

17 ғасырда Тынық мұхит жағалауының шығысына қарай қоныстану жүріп жатты. 17 ғасырдың ортасына қарай өз экспедицияларын Хабаров пен Паяков жүргізген болатын. Олар Байкал мен Амур аралығы жерлерін игерді. Ресейдің Қиыр Шығысқа енуін тоқтата алмаған манчжурлер 1684 жылы соғысуға кірісті. Орыстардың ұсынысы бойынша 2 жақ келіссөздер жүргізе бастады. 1689 жылы 27 тамызда бірінші орыс-қытай келіссөздері жүргізілді. Келісім бойынша екі ел арасындағы шекара Амур өзенінің ағысы бойынша анықталды. 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың бірінші жартысында 2 ел арасындағы шекара өзгерген жоқ, сауда қатынасы кеңейе түсті.

16 ғасырда Қытаймен ең бірінші келісімді португалдар жасады. 1537 жылы португалдар Қытай үкіметінен Сиянь-Шыньде тауар сақтау үшін қойма салуға рұқсат алды. Португалдар осылай Макаоны игерді.

17 ғасырдың екінші жартысына дейін голландықтар мен ағылшындар келгенге дейін Макао шет ел саудасының басты тірегі болды. 17 ғасырдың басында Қытаймен голландтық Ост-Инд компаниясы байланыс орнатуға кірісті. 17 ғасырдың бірінші жартысында голландтықтар Тайваньға тұрақтанып, арал тұрғындарын ауыр езгіге түсірді. Бұған халық наразы болды. 18 ғасырда дүниежүзілік рыноктан голландтықтарды ағылшындар ығыстырды. 1757 жылы Цинь үкіметі енді шетелдіктердің енуінен қорғану үшін Қытай жағалауы жерлерінде сауда жасауға жол бермеді. Осыдан бастап ағылшын және басқалар Қытай рыногын ашуды көздеді. Олар Қытайды капиталистік өнеркәсіп өнімдері үшін тауар өткізетін рыногқа айналдыруды көздеді.

19 ғасырдың 20 жылдары Қытайға опиумды шектен әкелу көбейіп кетті. 1815-19 жж орта есеппен жылына 4400 жәшік әкелінсе, 1835-1838 жж жылына 35445 жәшікке өсті (1 жәшік – 60 кг). 1795 жылдан 1838 жылға дейін Қытайға 450 мың жәшік немесе 27 млн. кг әкелінді. Опиуммен саудаға американ саудагерлері де қатысты. Турциядан, американдықтар Индиядан тасыды. 1800 жылы Қытайда опиум саудасына тыйым салынды. Қытайдың жоғары мәртебелі адамы – императордан опиумды сатуға және оған қарсы күрес жүргізуде қатаң шаралар қолдануға рұқсат алды. Соның бірі – Линь Цзесуй.

1838 жылы Линь Цзесуй Гуандун провинциясының өкілі болып тағайындалып, опиумның орталығы – Гуанджоуда соған қарсы күрес жүргізуге рұқсат алды. Ол ағылшын және американдықтардан 20 мың жзәшік опиум тұтқындап, жағып жіберді. Осыны пайдаланып, еш жариясыз ағылшындар 1840 жылы соғыс ашты. Бұл бірінші опиум соғысы немесе бірінші ағылшын-қытай соғысы деп аталды. 1842 жылы ағылшындар Усунды басып алады, Нанкинге қарсы жорық жасады. 1842 жылы 29 тамызда Корн Валлес атты ағылшын кораблінде Нанкин келісіміне қол қойылады. Нанкин келісімі Қытайдың тарихындағы бірінші тең құқықсыз шарт болып есептеледі. Қытайдың 5 порты: Гуанджоу, Сиеэн Мен, Фуджоу, Нинбо, Шанхай ағылшындардың сауда жүргізу, қоныстануы үшін ашық деп жарияланды. Гонкогті де басып алды. 1842 жылы Қытай Англияға 21 млн. доллар төлеуге мәжбүр болды. Шеттен әкелінетін тауарларға 5%-дан аспайтындай салық салынды. Нанкин келісімі бойынша Қытай ашылшын езгісіне түсті. Қытай жеңілгенін пайдаланып, АҚШ пен Франция тең құқықсыз келісімге отыруға мәжбүрледі. 1844 жылы 3 шілде Қытай АҚШ-пен келісімге тұруға мәжбүр болды. 1844 жылы 24 қазан Франциямен келісім жүзеге асады. Қытайдың шіркеуінде француздар миссионерлік насихат жүргізуге құқық алды. Бірінші опиум соғысы Қытайды отарға айналдырды.

Қытайда 1841-1849 жылдар аралығында басқыншыларға қарсы шамамен 110 қозалыс болды. Оларды «триада», «жер мен аспан» секілді құпия ұйымдар жүргізді. Цинь үкіметінің көтерілістерді басуы сәтсіз болды. 1851 жылы 11 қаңтарда Цзтяньда Цинь үкіметіне қарсы «Тайпин Тянго» ұйымын құру үшін көтерілістер ұйымдастырылды. Көтерісшілердің мақсаты – Қытайды манчжүрлердің езгісі мен феодалдық қанаудан азат ету. Тайпиндер көтерілісін 4-ке бөлеміз:

1) 1850-1853 жж бастапқы кезең. Тайпин мемлекетінің орталығының құрылуы

2) 1853-1856 жж. Тайпин мемлкетінің территориясының кеңейтілуі.

3) 1856-1860 жж. Тайпин көтерілісінің құлау кезеңі.

4) 1860-1864 жж. Көтерілістің жеңілуі.

Қытайдағы тайпиндер көтерілісі манчжүрлер мен ағылшын басқыншылары тарапынан басып тасталынғанмен, оның тарихи маңызы зор. Көтерілісшілер өздерінің елін шетжерліктерден қорғай алатындығын көрсете білді.

1856-1860 жж Қытайда екінші опиум соғысы жүрді. 1858 жылы маусымда Тянь Цзинде ағылшын-қытай, француз-қытай келісіміне қол қойылды. Англия мен Франция үгіт-насихат жүргізуге құқық алды. Қытайда жаңа порттар ашылды.1860 ж. Ресей патша үкіметі мен Қытай арасында келісім жүргізілді. Уссурия өлкесі Ресейдің бөлігі деп жарияланды. Екінші опиум соғысының нәтижесі: капиталистік державалардың Қытайдың ішкі аудандарына енуіне мүмкіндік алып, Пекин үкіметіне өз бақылауын орнатты.

Батыс державалармен соғыста Қытайдың жеңілуі ел ішінде қайшылықтар туғызды. Кейбір билеуші топтар өзін-өзі күшейту саясатын жүргізуді мақұлдады. Яғни шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатып, сыртқы сауданы кеңейтуге шешім қабылдады. Күшейту саясатын баласының атынан Цинь үкіметінің билеушісі Цыси жүргізді. Елде қару-жарақ заводтары мен арсеналдыр салына бастады. 1860 жылы шет елдермен сауда жүргізу үшін 15 қытай порты ашылды. 19 ғасырдың 70-80 жылдары елде алғашқы жеке меншік өнеркәсіптер пайда болды. 1875 жылы Юньян және Бирма провинцияларының шекарасында ағылшын консулының өлтірілуін себепке алған ағылшындар Цинь үкіметімен пайдалы конвенцияға қол қоюға шешім қабылдады. 1876 жылы ағылшындар ірі контрибуция төлеуге мәжбүр болды. Юньян провинциясында саясат жүргізуге құқық алды. 1 қаңтар 1886 жылы Бирма Британ империясының құрамына кірді. 19 ғасырдың 90 жылдары Жапония мен Қытай арасында Корея үшін қайшылықтар туындады. Ағылшын мен американдықтар Жапонияны қолдады. Жапониядан сескенген император Цыси бейбіт келісім сұрады. Ол 1895 жылы 17 сәуірде Симонасекиде жүргізілді. Кореяның Цинь империясынан тәуелсіздігі жарияланды. Жапонияға Тайвань мен Пенхоледао аралдары берілді. Жапондықтар Қытайда өз фабрикалары мен заводтарын салуға құқық алды. 1895 жылы 8 мамырда Симонасеки келісімінің текстінен Жапонияның пайдасы үшін Ляодун түбегін бермеу туралы қосымша бап алынып тасталды. Бұл үшін Жапония Қытайдан 30 млн. Лянь контрибуция алды. 1894-95 жж жапон-қытай соғысы 35 жылға созылған өзін-өзі күшейту саясатын жойып, ары қарай Қытайда шет ел капиталының енуіне әкелді. Бұл жеңілістер Қытай қоғамына әсер етіп, 2 саяси бағыттың күшеюіне әкелді: революциялық-демократиялық және реформаторлық. Біріншісін Сунь Ятсен басқарды. Ол елде Қытайды қайта өркендету одағын құрды. Ал реформаторлықты Кан Ювей басқарды. Қытайда Симонасеки келісімінен кейін шет ел капиталының енуі үдей түсті. 1897 жылы Германия Шандун түбегіндегі Цзяоджоу облысын басып алды. 1898 жылы Қытайда темір жол салуға құқық алды. Цзяоджоу Германияға 99 жылға жалға берілді. 1898 жылы көктемде Ресей Ляодунь түбегінің бөлігін (Данян мен Порт Артурды) жалға алды. Франция 1898 жылы мамырда Гуанджоу Ван шығанағын жалға алды. Жапония Қытайдан ешбір шет мемлекетке Фудзян провинциясын бермеуге келісім алды. Шетелдерге қарсы халық тарапынан наразылық туындады. 1898 жылы Шаньдуннің солтүстік бөлігінде жасырын ұйым Ихэтуандар күресі басталды. Басты мақсаты – шет елдіктерді Қытайдан қуу. Бұл көтерілісті 3 кезеңге бөлеміз:

1) 1899 жыл олардың қызметі, әрекетімен сипатталады.

2) 1900 жыл.көтерілісшілер астанаға дейін жеткен жыл. Дагу портына 8 елдің әскері түсірілді. (АҚШ, Англия, Жапония, Франция, Ресей, Италия, Германия, Австро-Венгрия) .

3) Цинь үкіметінің державалар алдында тізе бүгуінен басталады. 1901 жылы Пекинде қорытынды протоколға державалар қол қойды. Цинь державаларға 39 жыл ішінде 450 млн. көлемінде контрибуция төлеуге мәжбүр болды. Ихэтуандар көтерілісін шет ел басқыншылары мен манчжурлер басып тастады. 1905 жылдан бастап Қытайда үкімет пен империалистік державаларға қарсы әр түрлі ұйымдар құрылды. 1911 жылы 14 қыркүйекте біріккен прогресс одағы атты ұйым құрылды. Ол көтеріліске шығып, Қытайды Қытай Республикасы деп жариялады. Оған 5 ұлтты: қытай, манчжур, моғол, дунган, тибеттіктерді кіргізді. 1911 жылы азаматтық соғысқа шет ел державалары араласып, тоқтатуды талап етті. 1911 жылы 29 желтоқсанда Нанкинде өткен мәжілісте Сунь Ятсенді Қытай Республикасының уақытша президенті деп тағайындап, уақытша революциялық үкімет құруды табыстады. Олардың көздеген мақсаты: Цинь монархиясын құлату. 1913 жылға дейін күйзелген ұсақ буржуазиялық топтарды, шаруаларды күйрете отырып, Юань Шикай өзінің диктатурасын орнатты. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда 1914 жылы тамызда Қытай өзінің нейтралитеттігін жариялады. Соғысушы державалардан соғысты Қытай территориясында жүргізбеу туралы өтініш білдірді.

3 дәріс. ХҮІІ ғ. ортасы-ХХ ғ. бас. Жапония.

1. Жаңа дәуірдегі Жапониядағы феодалдық қатынастың дамуы.

2. Жапония және Қиыр Шығыстағы шетел дерважалары.

3. XIXғ. ортасында Жапонияның экономикалық жағдайы. Елді ашу және тең құқықсыз келісімдерді орнату.

4. 1867-1868 жж. революция және Жапониядағы қайта құрулар

5. Елдегі буржуазиялық революцияның алғышарттары мен саяси

күрес.

Жаңа дәуірде Жапония феодалдық-қоғамдық-экономикалық дамуда өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. XVII-XVIIIғғ. Жапониядағы феодалдық қатынастардың дамуы Батыс елдерімен ұқсас болды, яғни бұл елде Азиядағы ең жоғары ұйымдасқан феодалдық қатынас үстем етті. Шаруа шаруашылығы экономиканың ең басты тірегі болды.

1595ж. Хэдиёси орталық өкіметті күшейту мақсатында 5 тайродан тұратын жоғары басқару ұйымын құрды. Оған: Токугава Иэясу, Маэда Тоссиэ, Уэсуги Кагэкацу, Мори Тэрумота, Укита Хидэиэ кірді. Бұл министрліктер арасында билік үшін бақталастық жүрді. 1600ж. Токугава Иэясу Сэкигахара түбіндегі шайқаста жеңіске жетіп, өз қолына билікті алып, 1603ж. «сегун» атанды.

XVIIғ. басында Жапонияда 260-тай ірі және майда князьдықтар болды. Елде жер 2-ге бөлінді: мемлекеттік (сегун иелігі) және жеке меншік (князьдар, храмдар және монастырьлердің иеліктері). Жапонияда феодолизмге тән ерекшелік – ашық крепостнойлық құқықтың жоқтығы. Тогукавтық Жапония кезінде Эдо, Осака, Киото, Нагоя, Нагасаки, Хаката қалалары қолөнер және сауда орталықтары болып табылды.

1614ж. елде шет жердік дінді таратуға тыйым салынып, ерекше бұйрық бекітілді. 1636ж. бастап жапондықтарға өз елінің территориясынан кетуге, үлкен кемелер салуға тыйым салынды. Шет ел көпестеріне дін таратуға рұқсат бермеді, олар тек саудамен айналысты.

1637ж. Нагасаки түбінде феодалдарға қарсы шаруа көтерілісі болды. Ол діни сипатта да жүргізілді. Бұл көтеріліс басып тасталынғаннан кейін елді шетелдіктер үшін жабуға бұйрық берілді. 1638ж. Токугава бұйрығы бойынша елден голландықтардан басқа барлық шетелдіктер шығарылды. Елдегі Нагасаки порты ғана жылына 2 рет Корей және Қытай кемелеріне ашық болды. Токугава династиясының тұсында синто және буддизм жоғарғы деңгейге жетті.

Жапонияны сыртқы дүниеден оқшалау толық түрде жүрген жоқ. Сегунат голланд тілін білетін шенеуніктер арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға жіберілген кемелерден Батыс әлемі туралы мағлұматтар алып отырды. XVIIIғ. басында Жапонияға көршілес Ресейдің Тынық мұхит жағалауына шығуы және осы жерді игеруі туралы мәліметтер жетті. Жапония оқшалау саясатын жүргізген кезде огрыстар өз иелігіне Шығыс Сібірді қосып алып, Охот теңізіне қарай жорыққа шықты. 1697ж. Атласовтың саяхатынан кейін Ресейге Камчатка қосылып, XVIIIғ. басында Шантар және Курил аралдарын зерттеу басталды. XVIIIғ. II жартысында Парамушир, Шуншур, Симушир, Уруп және Итруп аралдарында орыс қоныстары пайда болды. Ал жапондық географы Могами Токунай 1768ж. бірінші рет Уруп және Итруп аралдарында зерттеу жүргізіді.

Лаксманның сауда қатынасын орнату мақсатындағы саяхаты 1792ж. сәтті өтті. Ол ресми өкіл ретінде қабылданып, Нагасакиге жылына бір рет бір орыс кемесін кіргізуге жазбаша рұқсат алды. Бұл орыстардың елді жабудан кейін алған бірінші жетістігі. 1806-07жж. Головниннің саяхаты сәтсіз болды. Токугава өкіметі әрі қарай шетелдіктерді кіргізбеу саясатын жалғастырды.

XIXғ. ортасында Жапонияның ауыл шаруашылығында дағдарыс белгілері пайда болды. Қалалық жерлерде мануфактура саны көбейді. Елдегі жағдай жергілікті шаруалар көтерілісіне әкелді. 1837ж. Осакада Осио Хэйхатира көтерілісі жүрді. Осио сегунат шенеуніктерінен сауда байланыстарын дамытатын шаралар қолдануды өтінді. 1837ж. 17 ақпанда 300 қаруланған әскер көтерілісі болды.

XIXғ. 40жж. Англияның Қытайды отарлау үшін күресі айқындала түсті. Ал АҚШ үшін Қиыр Шығыс аймағы үлкен тауар рыногы болып саналды. 1845ж. конгресте Жапониямен сауда байланысын орнату шешімі қабылданды. Бірақ та Жапония тарапынан қарама-қарсылық білдірілгендіктен, соғыс экспедициясын бастауға тура келді. 1853ж. 3 шілдеде Урага бухтасына Пери эскадрасы жіберілді. 1854ж. 31 наурызда Канагавада бірінші жапон-американ келісіміне қол қойылды. АҚШ кемелері Симодо және Хаккодатэ порттарына кіруге рұқсат алды.

1854ж. қазанда ағылшын-жапон келісіміне қол қойылды. 1855ж. ақпанда Ресей мен Жапония арасында Симодо келісіміне қол қойылып Курил аралдары Ресей иелігі деп танылды. 1854ж. 31 наурызда, 1858ж. 29 шілдеде американ-жапон; 1856ж. 30 қаңтарда, 1858ж. голланд-жапон; 1854ж. 14 қазанда, 1858ж. 26 тамызда ағылшын-жапон; 1858ж. 9 қазанда француз-жапон; 1858ж. 7 ақпанда, 1858ж. 19 тамызда орыс-жапон келісімдеріне қол қойылды. Бұл келіссөздер елдегі саяси күйзеліс пен билеуші топ арасындағы іріткушілікке әкелді. Сондай-ақ Жапонияны күшпен ашу және Батыс елдермен келіссөздерге отыру елдің экономикасына өзгерістер әкелді. Сыртқы сауда жанданып, бірнеше порттар ашылды. Шетелге шығаратын тауарлардың 50-80% жібек, шай, мақта, мыс, балық және теңіз өнімдері құрады. Ал шет елдерден жіп пен жүн маталары тасылды.

Жапонияны күштеп ашу және батыс елдермен теңқұқықсз келісімге отыру ХІХ ғ. ортасында ел экономикасына өзгерістер енгізді. ХІХ ғ. 60-шы жж. басында сауда үшін Канагава, Нагасаки және Хакодатэ порттарының ашылуы сыртқы сауданы жандандырды.Жапон экспортының көпшілігін жібек, шай, мақта, мыс, балық және теңіз өнімдері құрады. Елге әртүрлі өнеркәсіп тауарлары мен жіп, жүн және мақта маталары әкілінді.

1868ж. елде 50-ге жуық ауыр өнеркәсіп, 100-ге жуық жеңіл өнеркәсіп салынды. Жалпы бағаның өсуі халық жағдайын күйзеліске ұшыратты. Жерден айырылған шаруалардың қалаға кетуі жұмыссыздыққа әкелді. Елде антифеодалдық көтерілістер бой көтерді. 1860-1867 жылдар арлығында шаруалр көтерілісі 50-шы жж. қарағанда екі есеге көбейді.

1869ж. мамырда Токайдо түбіндегі күресте Токугава феодалдық ұйымының үстемдігі жойылды. Билікке Муцухито келді. Оның билік құрған кезеңі мейдзи кезеңі (ағартушылық кезең) деп аталды.

Жаңа үкіметтің бағдарламасының айрықша радикалы ерекшелігі болмады. 1867-1868 жж. оқиғаның қозғаушы күші:

1.Оппозициялық дворянство, яғни билеуші династияны құлатуға ұмтылған феодалдық княздар және ақсүйектер. Олар өздерінің талаптарын қанағаттандыратын обилеушімен алмастыруды көздеді.

2. Жас, әрі экономикалық әлсіз және саяси тәжірибесіз буржуазия.

3. Қала және ауыл тобырлары.

Шаруалар көтерілістері мен қала ереуілдері токугава феодалдық құрылысын әлсіреткен негізгі күш болды. Бірақта буржуазияың әлсіз экономикалық позициясы мен олардың мүдделерінің феодалдардың мүдделерімен тоғысуы оның саяси жетілмегендігін көрсетеді. Буржуазия феодалдарға қарағанда өзінің одақтастары-шаруалар мен қалалықтардан сескенді. Сол себепті де 1867-1868 жж. революцияның жартылай, аяқталмағандығы.

1872ж. наурызда 3 сословие бекітілді: жоғары дворяндық – даймё және кугэ; дворяндық – самурайлар, әскери топтар; қарапайым халық. Осы жылы елде жалпыға бірдей әскери міндет енгізілді. 1873 жылы Токиода әскери академия ашылды. Капиталистік Жапонияда әскер еуропа үлгісінде жасақталғанмен оның идеологиялық негізі ортағасырлық самурайлардың моралі бойынша құрылды. Олар ортағасырлық «бусидо», синтоизм кодекстерін қолданды.

1872-73жж. аграрлық реформалар жүргізілді. Жерді сатуға және сатып алуға рұқсат берді. 1873ж. жер салығын өзгерту туралы заң қабылданды. Күріштің орнына ақшамен салық төлеу ауыстырылды. Жерден түскен салық мемлекеттің кірістің 80%-н құрады. Помещиктік жер иеленуді және жоғарғы жер салығын сақтаған аграрлық жартылай реформалар нәтижесінде капиталистік типтегі мықты өзбетінше шаруа шаруашылықтарын құру үшін тиімді шарттар түзелген жоқ. Елдегі буржуазиялық реформалар капиталистік қатынастың дамуына әрекет етті. Буржуазиялық революцияның аяқталмағандығы барлық реформалардан көрініс тапты. Елде көтеріліс саны өсті. 1868-1878 жж. аралығында 185 көтеріліс тіркелді. Елде самурайлар көтерілісі басталды. 1877ж. Сацум көтерілісі жеңіліске ұшырады.

Бірақта Мэйдзи буржуазиялық революциясы маңызды оқиғалардың бірі.

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. бас. Жапонияның дамуы. Империализм дәуіріндегі Жапония.

1. Елдегі өнеркәсіптің дамуы.

2. Жапонияның дүниежүзілік сахнада империалистік күш ретінде таныла бастауы.

3. Жапониядағы жұмысшы қозғалысының күшеюі.

4. Орыс-жапон соғысы және І д.ж.с. қарсаңы арасындағы Жапония.

XIXғ. 80жж. Жапонияда өнеркәсіп тез дами түсті. Көптеген мемлекеттік өнеркәсіптер жеке меншікке беріле бастады. 1872ж. бірінші темір жол Токио-Йокогама салынды. Жапония ірі капиталистік елдерден артта қалды. Бұл елдің сыртқы саудасына әсер етті. Бұл жағдай саяси партиялардың құрылуына әкелді. 1888ж. Риккендзюто (конституциялық-либералдық партия), 1882ж. Койсинта (реформалық партия). 1889ж. Жапонияда конституция қабылданды, ол монархиялық құрылысты нығайтты. Император соғыс жариялауға, бейбіт келісімдер жүргізуге, заң шығаруға және оны бекітуге, парламентті шақыруға және оны таратуға, армия мен флотты басқаруға құқық алды. Парламент 2 палатадан тұрды. Жоғарғы палатаға ақсүйектер мен ірі салық төлеушілер кірді. Ал Төменгі палатаға 25 жастан асқан азаматтар кірді.

1875ж. орыс-жапон келісімі орнап, Сахалиннің оңтүстік жартысы орыстармен Курил аралына айырбастырылды. 1895ж. 17 сәуірде Симосикиде Қытай мен Жапония арасында келісімге қол қойылып, Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады.. Жапонияға Тайвань, Пискадор, Ляудунь түбегі берілді, 300 млн йена контрибуция төленді. Янцзы және Усун өзендерінде Жапонияның кемелеріне жүзуге рұқсат етілді. Вэй Хэй Вэй территориясы уақытшыға берілді. Жапония Қытайда өндіріс орындарын ашуға, машина жасауға рұқсат алды.

Осы соғыстан кейін Жапония дүниежүзілік сахнада империалистік күш ретінде таныла бастады. 1894ж. теңқұқықсыз келісімдерді қарастыруға қол жеткізді. 1900ж. Қытайдағы шетел державаларына қарсы көтерілген Ихэтуань көтерілісін басып тастауға көмектесті. 1901ж. үкіметті әскери топ өкілі Кацуро Таро басқарды (1847-1913жж). Оның өкіметі 1902ж. Ұлыбританиямен орыстарға қарсы бағытталған әскери-саяси келісім орнатып, АҚШ-тан қаржылай көмек алуға қол жеткізді. 1904-05жж. Орыс-жапон соғысы жүрді. 1905ж. тамызда Портсмут бейбіт келіссөз басталып, 5 қыркүйекте оған қол қойылды. Келісім бойынша Жапония Кореяға өз протекторатын орнатты. Сахалин аралының оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Маньчжур темір жолы Жапонияға берілді. 1905ж. қарашада Жапония протекторатын орнату келіссөздері жүргізілді. 1910ж. Корея басып алынып, Жапония отарына айналды. 1911ж. Англия мен АҚШ Жапониямен барлық кедендік құқық шектеулерін алып тастау мақсатында келіссөз жүргізді. Англия мен АҚШ Жапонияны Ресейді әлсірету үшін қолданды, өздерінің катиталдарын енгізуді көздеді.

1890ж. ел ішінде жағдай шиелінісіп, жұмысшы қозғалыстары өрістеді. 1901ж. Жапон социал-демократиялық партиясы құрылды. 1903ж. халық газеті шығарылды. Халықтың сана-сезімін ояту үшін үгіт-насихат жүргізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында елде қозғалыстар күшейіп, 1914ж. 50-ге жуық ереуілдер болды.

ХІХ ғ. аяғында Жапонияда жұмысшы және кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. Жұмысшы қозғалысының дамуы үкіметтің репрессиялық әрекеттер жүргізуіне әкелді. Ямагата кабинеті 1900 ж. басында тәртіпті қорғау туралы заң қабылдады. Полициялық заң ереуілдерге, кәсіптік одақтарға және жұмысшы табының басқа д ұйымдарына тыйым салды.

1901 жылы мамырда Катаяма және социалистік қозғалыстың әйгілі қайраткері Котокуның басшылығымен Социалистік партия (Сякай минсюто) құрылды. Күрестің заңсыз әдістерін мойындаған оның бағдарламасы социалистік емес, реформалық сипатта болды. Әрі, бұл әлі де болса жапон социалистік қозғалысының теориялық жағынан әлсіз және пісіп жетілмегендігін көрестеді. Бірақ партия үкімет тарапынан тыйым салынды.

Партияның таратылғандығына қарамастан, социалистер жұмысшылар арасында насихат жүргізді. Елде социалистік қозғалысқа тыйым салынғанмен, әртүрлі саяси ағымдар әрекеті жанданды.

Елде орыс-жапон соғысының аяқталуы Жапон тарихында жаңа кезеңді ашты. Жапонияның ірі отарлық елге айналуы оның халықаралық статусын өзгертті. Бірінші рет Жпония ұлы державалар қтарына қосылды.

Портсмут бітіміне қол қойылғаннан кейін Жапон билеуші топтары келісімдегі барлық ережелерді Қытай және Корейде өзінің позициясын күшейту үшін пайдалануға кірісті. Келісім бойынша Жапонияға жалға Порт-Артур және Қиыр (жапонша Дайрен), Куанчэнцзы темір жолын берді. 1905 жылы Қытай мен Жапония арасында Пекин келісіміне қол қойылды. Барысында бірқатар жаңа порттар ашылып, Мукден-Аньдун темір жолын салуға концессия берілді.

1906 жылы жартылай үкіметтік Оңтүстік-Манчжүр темір жолы (ОМТЖ) компаниясы құрылды. Жапонияның капиталы өздерінің тауарларын енгзіп, Оңтүстік Манчүрия рыногын бақылауға алды.

Соғыс нәтижесі сондай-ақ Корейді басып алуының аяқталуы үшін де қолданылды. Ресей Портсмут келісімі бойынша Жапонияға Корейде еркін әрекет жасауға мүмкіндік беруге мәжбүр болды.

1905 жылы желтоқсанда жапон үкіметі Корейде бас резидент қызметіне Ито Хиробумиді тағайындады. Резидент елдің ішкі және сыртқы істерін басқарды. Корей королі жапон үкіметінен жасырын түрде Гаагадағы өткен халықаралық конференцияда Корейдің тәуелсіздігі мен егемендігін қайт қалпына келтіруді өтінді. 1909 жылы корей патриотының жапон резидентін өлтіруін сылтау етіп, жапондықтар елде террор ұйымдастырды. Ал, 1910 жылы Корейдің өз бетінше тәуелсіз мемлекеттігін жойды. 1910 жылы 22 тамызда жапон императорының пайдасына өздерінің егеменді құқығынан бас тартқаны туралы актісіне қол қойды.

Соғыс және де экономиканы милитаризациялау елдің өнеркәсіп салаларын дамытуға септігін тигізді. Жапон империализмі біртіндеп орныға бастады. 1913 жылы Досикай партиясы құрылды. 1907 ылы шілдеде Жапония Ресеймен келімге қол қойды. 1911 жылы одақтастық ағылшын-жапон келісімін созу барысында оның тек стіне өзгерістер енгізілді. 1910-1912 жылдары жапон-ағылшын қатынасына қол қойылды.

4 дәріс. ХҮІІ ғ. ІІ жартысы-ХІХ ғ. басындағы Иран.

1. Ирандағы Сефевидтер мемлекетінің құлауы.

2. Надир шах тәртібінің онауы.

3. Ага Мохаммед және оның қызметі.

4. Иран-орыс соғысы және оның нәтижесі.

5. ХІХ ғ. қарай елдің жағдайы.

XVII ғасырдың ортасында Иран Сефевидтер династиясы билеген феодалдық аграрлық мемлекет болды. Сефевид мемлекетінің құрамына Иран территориянан басқа XVI-XVII ғ. басып алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Орта Азия, Ауғанстанның батыс бөлігі, Герат, Фаррах, Кандасар, Билуджистан кірді. Негізгі экономикасын жер шаруашылығы, мал шаруашылығы, қолөнер құрады. Иран тұрғындарының көбісі шиизмді ұстанды. Иранның мемлекеттік діні деп танылып, уағыздалды.

XVII ғ. II жартысында Сефевидтер мемлекеттері экономикалық құлдырау үстінде болды. Елдің сыртқы саяси жағдайы нашарлап, ішкі сауда әсерлеп, қазына кірісі азайды, шах сарайында парақорлық етек жайды. Ақсүйектер арасында билік үшін күрес күшейді.

Сефевидтік Иранның әсерленуінің негізгі себебі: феодалдық езгінің күшеюі, таптық күрестің шиеленісуі, басып алынған халықтың қарсыластығының өсуі.

XVIII ғ. басында Сефевидтер мемлекеті ауыр дағдарыс үстінде болды. Сефевидтер мемлекетінің әлсіздігін пайдаланған ауғандықтар 1722 жылы 22 қазанда ел астанасы исфаханды басып алып, шах сұлтан Хдайн тақтан құлатылды. Мир Махмуд өзін иранның шахы деп жариялады.

Осыдан кейін Кун, Кашан, Казвин, орталық Иранның басқа қалаларын басып алды. Бірақ халық көтерілісінің нәтижесінде ауғандықтар қуылды. Иранның солтүстік облысында Хусейн шахтың ұлы Тахмасы өзін шах деп жариялады, ауғандарға қарсы күш жинай бастады. Иранның ішкі жағдайын пайдаланып, Туркия 1723 жылы Закавказьеге басып кіріп, Тифлисті басып алды. Иранның солтүстік бөлігі Туркияның қоластына өтті.

Осы кезде Ресейдің патшасы I петрдің сыртқы саясаты жандана түскен кез. 1722 жылы I Петр өзінің парсы жорығын жасады. Дербентті орыс әскерлері басып алып, Энзилен мен Решке жорық жасалды. І Пертдің парсы жорығынан кейін Закавказье халқының азаматтық күресі күшейді.

Елдегі ауғандарға қарсы күресті түрік тайпасы авшардан шыққан Надир хан басқарды. 1729 жылы 29 Дамган түбегіндегі шайқаста ауған әскерлері Надир хан әскерлерінен жеңілді.

1730 жылы ауғандықтар Иран территориясынан қуылды. Осы жылдан бастап билеуші надир хан болды. 1730-1755 жылдары Надир хан басқарған Иран түріктерге қарсы сәтті соғыстар жүргізді. 1736 жылы феодалдық ақсүйектер мен дін өкілдерінен тұратын құрылтай жиналысында Надир шахтың ішкі саясаты елді орталықтандыруға бағытталды. Мемлекеттің территориясын кеңейту, қазынаны толтыру мақсатында надир шах жаулап алу соғысын жүргізді. 1736-39 жылдары Индияға жорық жасады, 1739-41 жылдары Синт, Бұқара, Хәрезмге жорық жасады, 1737-38 жылдары, 1741-43 жылдары Оманға жорық жасады, 1741-43 жылдары Дағыстанда сәтсіз болды. 1743-45 жылдары Месопатамияны басып алу маңында Туркиямен нәтижесіз соғыс жүргізді. Бұл соғыстар елдің өндіргіш күштерін тоқтатып, салық езгісі күшейді, қала халқы мен шаруалар күйзеліске ұшырады.

XVII ғасырдың 30-40 жылдары елдің әр түрлі облысында шах үкіметіне қарсы көтерілістер күшейді. 1747 жылы маусымда надир шах Хорасанда өлтірілді. Оған қастандық жасалды. Ел тұтас экомоникасы саяси бірлігі жоқ феодалдық иеліктерге бөлініп кетті. Ауғанстан жерінде ахмет шах Дурани басқарған жеке мемлекет құрылды. 1760 жылы оңтүстік Ираннан шыққан Зент тайпасының көсемі керім хан Хорасаннан басқа Иранның көп бөлігін басып алды. 1779 жылы ол өлген соң елде қайтып қырқыстар болды. 1794 жылы ага Мохаммед хан басқарған кажарлар тайпасы Зенттерді талқандап, иранға билігін орнатты. Ага Мохаммед хан 1795 жылы грузияға тонаушылық жорық жасады. 1796 жылы өзін шах деп жариялады. Иранда жаңа Каджарлар мемлекет астанасы

1797 жылы қастандықпен Ага Мохаммед шах өлтіріліп, орнына немере інісі Фадх Али шах келеді (1797-1834).

XVIII ғ. аяғынан бастап Таяу және Орта Шығысындағы экспансия үшін елді плаздармаға айналдыру мақсатында Англия мен Франция Иранның ісіне араласа бастады. 1796 жылы иранды англияға қарсы күресте пайдалану мақсатында тегеранға Франция өкілдері келе бастады. Иранды басып алу және француздардың Үндістанды басып алу жоспарларының іске асыруына кедергі жасау үшін жасады. 1800 жылы Индиядан өзінің өкілі Малькгальмді Тегеранға жіберді. 1801 жылы шах ағылшындар мен француздарды Иранды жібермеу және егер де Франция индияны басып алған жағдайда Иран әскерін Ауғанстанға жіберу туралы саяси және сауда келісіміне қол қойды. Бұл келісім Ресейге де қарсы бағытталды. 1801 жылы грузия Ресейге қосылды. Патшалық Ресей мен Иранның Закавказье жерін иелену үшін күрсеі 1804 жылы І Иран – орыс соғысына әкелді.

1805 жылы Ресей мен антинаполеондық коалиция құрған Англия иранға көмектеспеді. 1806 жылы Ресей мен Англияға қарсы одақ құру үшін Наполеон Тегеранға өз өкілін жіберді. 1807 жылы 4 мамырда Иран – Франция келісіміне қол қойлды. Шах Англиямен қатынасын үзді. Сондай-ақ Англияға қарсы соғыс ашып, Франция әскерін Үндістанға өткізу үшін ауғандарды мәжбүр етуге және француз кемелдігі үшін парсы шығанағы портын ашуға міндет алды. Келісім-шарт негізінде шах әскерін қару-жарақ пен жабдықтырушымен қамтамасыз етуге міндет алды. Сондай-ақ Франция Ресейді Иранға, Грузия мен Закавказье жерін беруге уәде берді.

1807 жылы 7 шілдеде орыс-француз қарым-қатынасының келіс-бітімі халықаралық жағдайда өзгеріс әкелді. Шах қайтып ағылшындармен жақындаса бастады. 1809 жылы наурызда Тегеранда ағылшының өкілі Харфард Джонс Франциямен қатынасты үзуді мойнына алған алдын ала келімге қол қойды. 1810-11 жылдары Англия шахқа 3 жүз мың субсиди ретінде 600000 туман және қару, әскери инструкторлар жіберді. Бірақ бұл көмек Иранға пайда әкелген жоқ.

1812 жылы асландуздағы шайқаста Иран әскерлері талқандалған соң бейбітшілік келісімдерге қол қоюды бастады. 1813 жылы 12 қазанда гулистан билік келісіміне қол қойды. Келісім бойынша Иран Дағыстаннан, Грузиядан, Солтүстік Азербайжаннан бас тартты. Ресей Каспий теңіз флотын ұстауға құқық алды. Иран мен Ресей арасында еркін сауда қатынастары орнады. Бұл келісім ағылшындардың Иранды бағындыру жоспарына кедергі болды. Бірақ 1814 жылы 14 қараша жаңа ағылшын-иран келісіміне қол қойылды. Англия жыл сайын 200 000 т субсиди төлеуге уәде берді. Англия Гулистандағы бекітілген Орыс-иран шекерасын қайта қарастыруға мүмкіндік алып беруге уәде етті. 1814 жылы ағылшын-иран келісімі шахтың сыртқы саясатына ағылшын бақылауын орнатуға мүмкіндік берді. Бұл келісім елдің саяси тәуелсіздігіне кедергі болды. 1826 жылы шілдеде шах әскерлері орыстарға қарсы ІІ иран-Орыс соғысын ашты.

1827 жылы Орыстар Ереван, Кибриз, Хой, Марант қалаларын басып алды. 1828 жылы 10 ақпанда Иран-Орыс соғысын аяқтаған Түрік-менчай бейбіт келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша Иран мен Ресей арасындағы шекара Аракс өзені бойынша бөлінді. Шығыс Армения Ресейдің құрамына кірді. Иран ресейге 20 млн. котребуция төлеуге мәжбүр болды. Ресейдің Каспий теңіз флотын ұстауға құқығы бекітілді. Бұл келісімге қол қою ирандағы орыс-ағылшын қайшылығын шиеленістіре түсті. Ресейдің елшісі Грибаедов өлтірілген соң ағылшындар Иранда өз позициясын бекіте түсті. Олар XIX ғ. ІІ жартысында гератты толық басып алуға ұмтылды. Бұған патшалық ресей қарсы болды. 1837 жылы ирандағы патша өкіметінің итермелеуімен Мұхаммед шах рератқа жорық ұйымдастырды. Оған жауап ретінде ағылшындар 1838 жылы өз әскерін Парсы шығананыға шоғырлап, Харг аралын басып алды. 1838 жылы қарашада англия иранмен дипломатиялық қатынасын үзді. Бұл қатынас 1841 жылы қазанда қайта орнатылып, ағылшын-Иран сауда келісіміне қол қойылды.

1845 жылы Франция, Австрия және тағы басқа Иранмен сауда келісіміне қол қойылды. Осындай тең құқықсыз келісімдер 1856 жылы АҚШ-пен орнатылды. Тең құқықсыз келісімге қол қойылу Иранға шетел капиталының енуіне жағдай жасады. Еуропа елдері Иранды тауар өткізетін рынокқа айналдырды.

ХІХ ғ.соңғы ширегі мен ХХ ғ. басындағы Иран.

1. Иранның жартылай отарға айналуы.

2. Елдегі орыс-ағылшын бәсекелестігі және елді бөлу шаралары.

3. ХХғ. бас. Ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуі.

4. Еуропа державаларының саясаты. Мохаммед Али шахтың тақтан құлауы.

5. І д.ж.с. қарсаңындағы Иран.

XIX ғ. 40 жылдарында Зендан, Исфахан, Тебриз, Иезд облыстарында шах үкімдеріне қарсы халық көтерілістер басталды. Бұл көтерілісті секта Бабидтер бастады. Негізінен салушы шираз саудагері Сеид Али Мохаммед 1844 жылы өзін баб деп жариялады. Оның негізгі ілімдері өзі жазған беян кітабында жазылды.

1847 жылы Баб тұтқындалған соң көтеріс жеңілді. Негізі көтеріс феодалдық езгіге және Иранға шетел капиталының енуіне қарсы бағытталған болғанын, оның негізгі қорғаушы күші – қолөнерші, шаруа, майда саудагер. Көтерістің негізгі жеңілу себебі – стихиялық түрде жүруі. Ал Баб 1850 жылы Тебризде атылған болатын. Билеуші тап елді дағдарыстан шығару үшін реформа жүргізуді көздеді. Бірінші министр Мирза Таги хан Иранда орталық үкіметті күшейту және әскери, финанс жүйелерінде қайта құрулар жүргізулерді көздеп, реформа жүргізуге әрекет етті. Ол күресті жоғарғы дінбасылардың мемлекеттік іске араласуды шектеуден бастады. Ол шенеуліктердің санын азайтып, жалақыларды төмендетті.

1851 жылы Амир Назан өлтірілген соң, реформалары алынып тасталынды. XIV ғ. ортасында Азиядағы орыс-ағылшын қайшылығының шиеленісуі 1853-56 жылдары Қырым соғысына әкелді. Англия Ресейді Кавказ, Закавказье және Каспий маңындағы аймақтардан ығыстыруға ұмтылды. Қырым соғысы кезінде ағылшындардың Севастопальге жорығын пайдаланып, шах Гератты 1856 жылы басып алды. 1856 жылы қарашада Англия Иранға қарсы соғыс жариялап, 4 желтоқсанда Харг аралын, 12 желтоқсанда Бушир портын басып алды.

1857 жылы наурызда Мохамер портын, 1 сәуірде Ахвас қаласын басып алды. 1857 жылы 4 наурызда Парижде ағылшын-иран бейбіт келісімге қол қойды. Келісім барысында шах өз әскерін Гераттан және Ауғанстаннан шығаруға мәжбүр болды. Феодалдық Иранның Англиядан жеңілуі елді жартылай отарға айналуға мүмкіндік туғызды. XIX ғ. 70 жылдары Иран Англия мен Ресейге тәуелді болды. 1862-74 жылдары ағылшындар Иранмен Иран территориясыда телеграф жүйесін салу құқығы туралы 4 конвенцияға қол қойды. Ресей мен ағылшын банктерінің арасында күрес жүрді. Шах үкіметі өзінің бірінші несиесін 1892 жылы ағылшын банкісінен 500 000 фунт стерлинг көлемінде алды. Ал 1900-1902 жылдары Ресейден 32,5 млн рубль көлемінде несие алды. Осылайша шетел капиталы біртіндеп Иранға ене бастады.

XIX ғасыр аяғында XX ғасыр басында елде әр түрлі жасырын ұйымдар құрыла басталды. Елдегі халық келесі революцияға ұласты. 1906 жылы 7 қазанда иранда бірінші меджилис мәжілісі ашылды. Оның депутаттары – ақсүйек, ірі саудагерлер, орта буржуазия табы, дінбасылар, жер иеленушілер, шенеуліктер болды.

1906 жылы мәжіліс ханға тұрақты баға қоюын талап етіп, үкіметтің жаңа шетел несиесі туралы келісіміне қарсы шықты. Меджилис заң шығарумен айналысты. 1906 жылы 30 желтоқсанда Музаффар Абдин шах негізгі заңды бекітті. 1907 жылы 8 қаңтарда ол өлген соң, ұлы Мохаммед Али шах таққа келді. Негізгі заңның қабылдануымен Ирандағы бірінші революция тез аяқталды. Революция 1907 жылы жаңа өріс алды. Бірінші рет жұмысшы, қызметкерлер ереуілге шықты. Халық қысымымен 1907 жылы 7 қазанда шах негізгі заңға толықтырулар енгізді (бұл азаматтың заң алдында теңдігі). Иран революциясы барысында Иранға германияның енуі күшейді. 1907 жылы 3 тамызда Иранды, Ауғанстанды, Тибетті бөліп алу туралы ағылшын-орыс келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша иранның Касре-Ширин, Исфахан-Иезд, Зульфагар желісінен солтүстік бөлігіне қарай Ресей қарсыласына өтті, ал Бендер-Аббас, Керман, Бирджант, Газин жерлерінен оңтүстік-шығысқа қарай жерлер ағылшын қарсыластарына өтті, ал 2 ортадағы зона нейтральді болып саналды. Бұл келісім елде қарсылық туғызды. Меджилис Иранды бөліп алу шарасына қарсы протест жариялады. Елдегі реакцияның және демократиялық тортар арасында күрес өрістеді. 1908 жылы Тибризде көтерілістер жүрді. Тибрис көтерілісі Мохаммед Али шахқа үлкен соққы берді. Ол тақтан түсіріліп, билік басына кәмелетке толмаған ұлы Ахмед келді. 1906-07 жылдары Конституция қалпына келтірілді. Елде сибахдар басқарған Бахтияр ханы мен либерал феодалдардын құралған уақытша үкімет құрылды. 1909 жылы қарашада ІІ меджилис шақырылды. ІІ мәжіліс І-шіге қарағанда демократиялы жағынан бәсеңдеу болды. Елде басылымдар шыға бастады. 1905-11 жылдары жүргізілген Иран революциясы жеңілсе де, тарихи маңызы зор. Революция феодалдық құрылысқа және каджарлар монархиясына соққы берді, халықтың саяси, қоғамдық санасын оятты. Феодалдық қалдықтар мен империясы езгіге қарсы күреске әкелді. Революцияның басып тасталуы әрі қарай империялық державаның Иранды күйзелете түсуіне әрекет етті.

1914 жылы 2 қарашада Иран ресми түрде І дүние жүзілік соғыс басталғанда өзінің бейтараптылығын жариялады.

5 дәріс. ХҮІІ ғ. ІІ жартысы-ХХ ғ. басындағы Осман империясы.

1. Жаңа кезең қарсаңындағы Осман феодалдық қоғамы.

2. Қаржы дағдарысы және ХҮІІ ғ. ІІ ж. антифеодалдық күрес.

3. Осман империясының еуропа державаларымен соғыстары.

4. ХҮІІІғ. Империядағы қайта құрулар және Ибрагим паша саясаты.

5. Белград бітіміт және 1740ж. тізе бүгу.

17-18 ғасырларда Осман империясы Азия, Еуропа және Африка территорияларын иемденген алып держава болып қала берді. Осман империясы өзінің қол астына көптеген халықтар мен тайпаларды топтастыра отырып, маңызды сауда жолдарын бақылап отырды. 16 ғ-дың ортасынан бастап империяда қоғамдық-саяси құрылыс қалыптаса бастады. Бұл 18 ғ-дың аяғына дейін созылды. 17-18 ғасырларда қалыптасқан аграрлық құрылыс жеке меншіктің күшеюімен сипатталады. Көптеген жеке меншік поместьелер-чифтликтер пайда болды. Чифтликтердің құрылуы ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс көп аудандарда, яғни Балқан және Кіші Азия аудандарында басымдырақ болды. 18 ғ-дың аяғына дейін тұрақты болған ауылшаруашылығы күйзеліске ұшырай бастады.

17-18 ғасыр бойы Осман империясының экономикалық жағдайының күрт төмендеуі қаржы қайшылығына байланысты болды. Бұған себеп, қазынаға түсетін салықтың азаюы, мемлекеттік кірістің қысқаруы, бағалы металлдың жетіспеушілігі. 1652 ж. бюджетте 120 млн. акча жетіспеді. 1661ж. 175 млн. акчаны құрады. Осы дефицитті жою үшін салықты 3 жыл бұрын жинады. Күмістің жетіспеушілігін Еуропа көпестері пайдаланды. Елде ақша құнсыздана бастады. Елге валюта емес ене бастады. Кедейшілік, тонаушылық және езгі Осман империясы құрамындағы халықтарды күйзеліске ұшыратты. 17-18 ғ-дағы феодалдардың ауыр езгісі антифеодалдық көтеріліске әкелді. 1651 ж. Стамбулда қолөнершілермен саудагерлердің көтерілісі жүрді. Көтерілістің себебі, Ұлы уәзір Мелек Ахмед Пашаның кезекті рет акчадағы күмісті азайтуы және құнсыз ақшаны жіберу әрекеті. Ол кезде саудагерлер Сұлтан Мехмед ІV кездесуді талап етіп, сапасы төмен акчены жоюды ұсынды. Сонымен қатар жаңа салықты жоюды талап етті. Сұлтан бұл талаптарды қабылдауға мәжбүр болды.

1645 ж. Крит аралы үшін күрес 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1669 ж. басып алынған аралды жаулау кезінде Осман империясы жарты млн. адамыннан айырылды. 1672-76 жылы Польшамен, 1676-81 ж Ресеймен болған соғыстарда Осман империясының көздеген мақсаты Украинаны басып алу болды. Әлсіреген Польша Украинаның оңтүстік жағалауымен Каменец-Подольск қорғанын беруге мәжбүр болды. 1681 ж. Бахчисарай келісімі бойынша Осман империясымен Ресей арасындағы шекара болып Днепр мойындалды. Бірақ, Киев және оған жанасып жатқан территориялар Ресейдің құрамында қалып қалды. 1683 ж. Түрік әскерлері (Кара Мустафа паша болған түрік әскерлері батыс Венгрияға еніп, Венаны жаулауға кірісті) Венадағы жеңіс 1684 ж. құрамына Австрия, Польша, Венгрия, Мальта, кейіннен 1686 ж. Ресей кірген антиосмандық коаллиция «Қасиетті Лиганың» құрылуына әрекет етті. Түрік әскерлері Будапешт, Белград, оңтүстік Грецияны тастауға мәжбүр болды. «Қасиетті Лиганың» құрылғанын пайдаланған Балқан халықтары Түрік езгісіне қарсы күресті күшейтті.

Империяның жағдайы нашарлап, сипахай әскерінің саны азайып, қуаты кеміді. 1696 ж. Петр І әскері Азов маңын, 1697 ж. Австрия әскерінің қолбасшысы Евгений Савойский Тиса өзеніндегі түрік әскерін талқандады. Бұл соғыс бейбіт бітімге әкелді, 1699 ж Карловиц бейбіт бітімі бойынша Австрия, Венгрияны түгелдей Трансильванияны, Славонияны, Польшаны иеленуге, Украинаның оңтүстік жағалауымен Подольяны қайтадан қайтаруға қолы жетті. Ресеймен бітім 1700 ж. Константинопольда жасалды. Ресей өзіне Азов және оған жанасып жатқан территорияларды иеленді.

Осылайша Осман империясының өзі бастаған жаулап алу соғыстары үлкен шығынға әкелді. Елде ішкі және сыртқы саясат бойынша өзгерістер енгізу қажеттігі туды. Әскерді қайта құру көзделді. Соғыс сәтсіздіктері билеуші топтар ішіндегі күресті шиеленістірді. Бюрократиялық топтың мүддесін Ұлы уәзір Дамад Ибрагим паша қолданды. Ол Австриямен бітім жасауды және қатынасты қайта қалпына келтіруді көздеді.

Елде ішкі жағдайды тұрақтандыру мемлекеттік және соғыс шығындарын қысқарту қарастырылды. 1729 ж. үкіметтің бұйрығы бойынша әскери салық енгізілді. Елде наразылық туды. 1730 ж. Стамбулдағы қала көтерілісін Патрон Халил бастады. Көтеріліс туралы хабар Порт министрлерін әбігерге түсірді. Сұлтан сарайындағы әбігерді пайдаланып, көтерілісшілер қаланың көп бөлігін өздерінің бақылауына алды. Сарйды көтерісшілердің қоршап алуы сұлатның тізе бүгуіне мәжбүрледі. 1 қараша 1730 ж. Сұлтан Ахмед III тақтан кетуге мәжбүр болды. Таққа жаңа сұлтан Махмұд І келді. Жаңа үкімет сыртқы саясатында орыстарға қарсы шықты. 1735-39 ж. орыс-түрік соғысы жүрді. Стамбулдағы француз елшісі Маркиз Вильнёв Түркияны түріктерді бейбіт бітім жасауға мәжбүр етті. Осман империясы өз территориясын сақтай отырып, Австриядан 1718 ж. кеткен жерлерді қайтарып алды. 1739 ж-ғы орыс-түрік келісімі бойынша Ресейге Азов қайтарылды. Вильнёвтың түріктерге көмегі қымбат түсіп, 1740 ж. жаңа келісімге отырды.

Реформа кезењіндегі Осман империясы.

XVIII  ғасырдың соңы мен XIX  ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Француз революциясының идеялары Балқан түбегі мен Эгей теңізіндегі грек аралдарына еніп, осы жердегі империяның қол астындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілістерінің жандана түсуіне серпіліс берді. Сондай-ақ империяның кең аумағында феодалдық қырқыстар да үдей түсті.

Империяның ішінде дағдарыс кеңінен етек алды. Қазына ортайып, жаулап алушылық соғыстарының сәтсіздігі, янычарлар көтерілісі, пашалар мен аяндардың өзбеттерінше билік жүргізе бастауы, империя құрамындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі, бірқатар областардың бөлінуі кеңінен белең алды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды 1789 жылы таққа отырға Селим ІІІ сұлтан (1789-1807) қолдаған болатын. 1792 -1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас  тартушылардың  иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық  ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Селим сұлтан жүргізген шаралар «низам-и- джедид» (жаңа жүйе) деген атқа ие болды.

Дегенмен сұлтанның әлеуметтік тірегі сенімсіз сипатта болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын  білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар әскери салада жүргізіліп жатқан реформа янычарлар корпустарын жояды деп түсініп, сұлтанға қарсы феодалдық бүліктер бастады.

Әйтседе 1798 жылы шілдеде Наполеон Бонопарт  бастаған француз армиясы Осман империясының иелегіндегі- Египетке келіп түсірілгенде III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болады.

1806 жылы қысында орыс әскері Молдаван мен Валахияға басып кіріп, 1807 жылы көктемде түрік әскері орыстарға қарсы тұрады. Стамбулда төңкеріс жүрді. Дәстүрге сәйкес әскерді ұлы уәзір бастап, көптеген министрлер соғысқа аттанған болатын. Осы пайдаланған реформаның қарсыластары сұлтаннан құтылуға тырысады. Ұлы уәзірдің

көмекшісінің басқауымен сұлтанға қарсы құпия қастандық ұйымдастырлып, Селим ІІІ тақтан түсіріледі. Билікке келген жаңа сұлтан IV Мұстафа (1807-1808) янычарлар мен улемдерді қолдап, барлық реформаға тыйым салады. Бұған наразылық танытқан реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен  Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң  IV   Мұстафаны тақтан түсіріп,  оның ағасы Махмұд  II  (1808-1839) таққа отырады. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы  янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Сұлтан Махмұд ІІ Османның тікелей соңғы ұрпағы болғанымен, елдегі реформаларды шамамен 20 жылға ысырып тастауға мәжбүр болады.

Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін  аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси  немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Әрі Англия мен Франция сынды еуропа елдері Осман империясының қарамағындағы халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін қолдады.

1807 жылы наурызда ағылшындардың 7 мыңдық десенттық әскерлері Александрияға түсіріледі. Бірақ Мұхамед Әлидің табандылығы арқасында ағылшын әскерлері талқандалып, Египеттен қуылады.

Осман империясының саяси тұрақсыздығын Ресей патшалығыда пайдаланып қалуға тырысты. Ресей  езілген халықтардың түрік шапқыншылығына  қарсы күресін желеу етіп, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. 1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін  қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың әскері Осман империясының әскерін талқандайды. 1812 жылғы Бухарест бітімі бойынша Осман иелігіндегі Бессарабия Ресейдің құрамына қосылады.  Сұлтан Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге міндеттеме алады.

Осман империясы құрамындағы халықтардың бой көтерулері де елге кері әсерін тигізді. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Морей мен Эге теңізі аралдарына тараған көтеріліс тәуелсіздік үшін жалпы халықтық қозғалысқа ұласты. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Гректердің көтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін  басу үшін  түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік  шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдерден көптеген еріктілер келеді. Дегенмен, Ресей  үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын  іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып  қалуға тырысты. Ресейдің жеке-дара  күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын-орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұд, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскері Грекияны тастап, еліне қайтуға мәжбүр болды.

Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық  жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс-түрік соғыстарындағы  сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

«Египет дағдарысының» туындауы. Ресеймен соғыс аяқталған соң Осман империясы вассалдық Алжирден айырылды. 1830 жылы Франция өзінің әскери жорығын ұйымдастырып, Алжир француздарлың отарына айналған болатын. Ізінше осы жағдайды қолайлы пайдаланған египеттік паша Мұхаммед Әли 1831 жылы күзінде сұлтан Махмұд ІІ-ге ашық түрде соғыс жариялағанда бірінші дағдарыс басталған болатын. Ибраһим паша бастаған египеттік әскерлер Палестина, Сирия, Киликияны басып алып, 1832 жылы желтоқсанда Коньяда шешуші шайқас жүргізді. Сұлтан әсерлері талқандалып, ұлы уәзір тұтқындалды. Осылайша Стамбулға жол ашылды.

Сұлтанды осы жолы құтқарған Ресей болды. Махмұд ІІ батыс-еуропалық державалардан көмек алмаған соң, Ресей патшасына үміт артқан еді. Орыс патшасы Николай І египеттік паша Мұхаммед Әлидің Стамбулда орнығуын Осман империясында француз үстемдігінің орнауы деп қарады. Өйткені Мұхаммед Әли осы жорықты бастауда Франциядан қолдау тапқан болатын.

1833 жылы ақпанда орыс эскадрасы Босфорға еніп, ізінше орыс десанттарының бір бөлігі түсірілген кезде Мұхаммед Әли қолбасшы Ибраһим пашаға жорықты тоқтатуға бұйрық береді. Бірақ египет пашасынының жеңісті қолдан оңай беруге ойы болмады. Бұған Англия араласып, ортақ келісімге келуге үгіттеді. Бір жағынан ағылшын үкіметі Мұхаммед Әлиді француздық әсерде болғаны үшін жақтыртпайтын. Сонымен қатар Англия Азиядағы араб елдері мен Египетті де өзіне бағындырғысы келетін. Екінші жағынан Англия Босфордағы орыс әскерін ығыстыру үшінде екі жақтың тез келісімге келуін ойластырды. Осы державалардан қысым көрген сұлтан келісімге қол қоюға мәжбүр болды. 1833 жылғы мамырда Кютахьедегі келіссөз бойынша өзінің билігін Мұхаммед Әли Египет, Сирия, Палестина, Кликиядағы және Тавр таулы өткеліндегі жерлерде сақтап қалды. Бұған айырбас ретінде Египет пашасы өзінің әскерін Анадолы жерінен алып кетіп, сөз жүзінде сұлттанның сюзеренитеттігін мойындауға міндет алды.

1833 жылы 8 шілдеде Ресей әскерлері Түркиядан кетпес бұрын орыс-түрік одақтық келісімге қол қойылды. Тарихта бұл келісім Ункяр-искелеси келісімі деп аталады. Келісім шарты бойынша егерде қайтадан империяға қажеттілік туындағанда Ресей сұлтанға қажетті қарулы күштер беруге, ал өз тарапынан сұлтан келісімнің құпия бабы бойынша Дарданелл бұғазын шетелідік әскери кемелер үшін жабуға міндет алды.

Ресейдің ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген еуропалық державалар Ункяр-искелеси келісіміне наразылық танытты. Англия мен Франция тез арада қарсылықтарын түрік жағалауына әскери-теңіз ереуілдерін жүргізумен білдіртсе, Австрия мазасыздық танытты. Еуропа державаларының қарсылығына қарамастан, сол кезде орыс-түрік одағы сақталып қалды.

30-шы жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылысында, қаржы, құқық және мәдениет салаларында бірқатар қайта құрулар жүргізілді. Сипахий жүйесі түпкілікті жойылды. Зайырлы білім беру жүйесін дамыту үшін бірқатар шаралар жүргізілді. Аудармашылар кеңсесі ашылды. Астанада медициналық училище, жалпы әскери училищесі және теңіз инженерлік училищесі ашылды. 1831 жылдан бастап Стамбулда түрік және француз тілдерінде І үкіметтік газет шығарыла бастады.

Махмұд ІІ жүргізген жаңа енгізулер Селим ІІІ-нің Осман империясын қайта құру туралы жоспарын жүзеге асыру болып табылды.

Порт үкіметінің биліті ұстай алмауы Мұхаммед Алидің тәуелсіз билеушіге айналуына көмектесті. Мұхаммед Алидің Египет үстемдігі астында үлкен империя құру ұмтылысы Портпен қатынастың шиеленісуіне әкелді.1831 жылы соғыс өртыі басталып, 1833 жылы мамырда Англия және Францияның делдалдығымен келісімге қол қойылып, Мұхаммед Али Египетті, Сирия, Палестина және Адан округын басқаруға алды. 1833 жылы 8 шілдеде орыстар Босфор жағалауынан кетер алдында Махмұд ІІ Ресеймен Ункяр-Искелесий келісіміне 8 жылға қол қойды. Келісімде Ресей сыртқы және ішкі қатерден қорғау үшін Портқа әскери көмек көрсетуі қарастырылды. Ал, Порт Ресейге қауіп төнген жағдайда барлық шетел әскери кораблдерін өткізетін бұғазды жабуға міндет алды.

Ункяр- Искелесий келісімі Стамбул және Каирде батыс державаларының белсенді әрекет етуіне әкелді. 1838 жылы империя территориясында ағылшын коммерсанттарының құқығын кеңейтетін ағылшын-түрік сауда конвенциясына қол қойылды. Мұхаммед Алидің Египетте конвенцияның әрекететуіне қарсылық білдіруі сұлтанмен соғыстың жандануына әкелді. Нусайбин (солтүстік Сирия) түбіндегі шайқаста түрік әскері тағы да талқандалды. Шиеленіске еуропа державалары араласты.

Империяда сұлтан Махмұд ІІ-нің сенімін қолданған Мұстафа Решид-паша жаңа реформалар жоспарын даярлады. Хатт-и шериф (қасиетті жарлық) деп аталатын құжат 1839 жылы жарияланып, Гюльханей хатт-и шериф деген атау алды. 1839 жылғы сұлтан жарлығын іске асыру барысында Мұстафа Решид-паша улемдер, жоғарғы шенеуліктер тарапынан қарсылықтар кездестірді. Қылмыстық, коммерциялық кодекстер жарияланып, Мемлекеттік кеңес және мұсылман, мұсылман емес қауым өкілдерінен провинциалдық консултативтік кеңес-меджлис құрылды. Бұл шаралар әкімшілік тарапынан жүргізілетін заңсыз әрекеттерді шектеуге, иеліктерді конфисклеу әрекеттерін азайтуға, өлім жазалары және сұрау жүргізу кезінде қысым көресетпеуге әрекет етті. Түрік жоғарғы биліктегілері азаматтық және әскери істерде өздеріне монополияны сақтап қалды. Елдің эконокасын дамытуға ұмтылып, Мұстафа Решид-паша салық жүйесін қайта қарастыруды ұсынды. Әскери реформа іске асырылды. Әскери қызмет атқару 15 жылдан 5-7 жылға дейін қысқартылды. Зайырлы білім жүйесін тарату үшін бірқатар қадамдар жасалды. Бастауыш және орта білім беретін мектептер және басқа да училищелер ашылды. Құралдар мен оқытушылар қатарының жетіспушілігінен университетті ашу әрекеті сәтсіз болды.

1853 жылы басталған Қырым соғысы Мұстафа Решид-паша және оның жақтастарының реформаторлық қызметін үзді. Танзиматтың І кезеңі (1839-1853 жж.) әкімшілік және мемлекеттік басқармаларында, экономика және мәдениет салаларындағы қайта құрулардың жандану уақыты болды. Бұл шаралар елдің буржуазиялық дамуы үшін жолдарды тазалауға әрекет етті. Бірақ оны феодалдық бюрократия өкілдері іске асырғандықтан, ол тек жекелеген өзгерістерге ғана әкелді. Реформа нәтижесінде қала және ауыл тұрғындары қауымының жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Державалардың араласуы үшін сылтаулар да жойылған жоқ.

ХІХ ғ. ортасында «шығыс мәселесі» қайтадан шиеленісті. Оның негізі Ресей, Англия және Францияның Таяу Шығыс рыногы үшін күресінде болды. Әсіресе, патша үкіметі халықаралық сахнадағы жоғалтқан өзінің беделін Порт үкіметіне саяси әсерін күшейту арқылы қайта қалпына келтіргісі келді. 1853 жылы ақпанда сұлтанға жіберілген Николай І-нің талаптары қабылданбай, екі ел арасындағы қатынасты шиеленістіре түсіп, соғыс өртіне әкелді. Қараша айында Осман империясындағы патша үкіметі позициясының күшейіп кетуінен қауіптенген Англия, Франция және Сардиния Портпен одақтық келісімге отырып, Ресейге қарсы соғыс ашты. Одақтастар әскерлері Қырымға түсіріліп, 1855 жылы қыркүйекте Севастополь құлады. Орыс әскерлері түрік әскерлеріне соққы бере отырып, Карсты басып алды.

1856 жылы наурызда соғысушы жақтар Парижде бейбіт бітімге қол қойып, ол бойнынша Ресей Түркияға Карс пен Бессарабияның дунайлық жағалауын қайтаруға және Қара теңізді «бейтараптандыруға» келісім берді. Олар Қара теңізде соғыс флотын, базаларды қайта құрмауға міндет алды. Сербия, Молдавия және Валахиядағы сұлтан үкіметінің жоғарғы билігі сақталды. Англия, Франция және Австрия «Париж трактаты шекарасында Осман империясының тұтастығы мен тәуелсідігіне» кепілдеме беретін ерекше келісімге қол қойды.

Осман империясы жеңіске жеткенімен, соғыстың саладры ауыр тиді. Үлкен шығындар экономиканы әлсіретіп, қазынаны тауысты. 1854 жылы Порт ағылышын және француз банктерінен қарыз сұрады. Түркияда қаржы дағдарысы басталды.

1854 жылдан 1879 жылға дейін сыртқы қарыз 2,5 млрд франкты құрады. Қаржы қиындығы салықтың езгізінің көбейіне әкелді. Түрік халықтарының Болгария, Босния және Герцеговина, Дунай княздықтары- Молдавия, Валахия, Крит аралында Порт үкіметі саясатына наразылығқтар күшейді.

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басындағы Түркия. Жас түріктердің үкімет басына келуі. Империяның күйрей түсуі.

1. Империализм қарсаңындағы Түркия.

2. Түркиядағы капиталистік қатынастың даму ерекшеріктері.

3. 70-шы жылдардағы дағдарыс.

4. 1876 жылғы конституция.

5. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысы және ХІХ ғ. аяғындағы «Шығыс мәселесі».

6. Буржуазиялық-революциялық қозғалыстың пайда болуы.

7.1908ж. жас түріктер революциясы.

8.Жас түріктердің билік басына келуі.

9.Империяның күйрей түсуі. Триполитан және балқан соғыстары.

19 ғасырдың 70 жылдары Осман империясының шетел державаларына тәуелділігі ұлғая түсті. 1870-71 ж. Франция-Прусс соғыстарынан кейін, Түркияның халықаралық жағдайы қиындай түсті. Англиямен Францияның Осман империясының территориясын жаулап алу әрекеті күшейді. Түркия мен Балқанды басып алу күресіне Германия қосылды. 1870 ж бастап патшалық Ресей өзінің түріктерге қарсы саясатын күшейтті. Ел экономикасының негізгі салалары ауылшаруашылығы күйзеліске ұшырап, қала тұрғындарының жағдайы нашарлады. Феодалдық тәртіппен шетел тауарларының бәсекелестігі капиталистік қатынастың дамуына кедергі келтірді. Сұлтан үкіметі үнемі-ақ қаржы тапшылығын басынан өткерді. Шетел банкирлерінен тиімсіз жаңа қарыздар ала бастады. 1870-74 ж. түрік үкіметі шамамен 3 млрд. франк көлемінде шет ел несиесін алу туралы келісімге қол қойды. Ашара салығы өсті. Осылайша, 19 ғасырдың 70 жылдарында Осман империясының ішінде дағдарыс күрт шиеленісті. Империя территориясында халық наразылығы туды.

Шет елдерде жүрген жаңа османдар өздерінің ұйымдарын құрып, жаңа конституция мен реформаларды жүргізуді талап етті. Оларды шенеуліктер мен офицерлер қолдады. Соның бірі Ұлы Уәзір Мидхад паша либералдардың мүддесін қорғап, жаңа османдарды Сұлтан абсолютизміне қарсы күреске шақырды. Жалпы сыртқы саясатында Мидхат және оның жақтастары Англияға еліктеді.

Билеуші тап өкілдері арасында тұрақсыздық пайда болды. 1871 ж. Ұлы Уәзір қызметіне Махмұд Ахмед Недим паша тағайындалды. Сыртқы саясатында патшалық Ресейге қарай еліктеді. Ол Махмұд Недим жаңа османдарға амнистия жариялап, оларға шет елге кетуге ұсыныс білдірді.

1871-73 ж. елде 10 уәзір ауысты. Осман империясындағы дағдарыс біртіндеп Балқан түбегін жайлай бастады. Бұл жерлерде ұлт-азаттық көтерілістер бой көтерді. 1875 ж. Герцоговинеде, Боснияда ұлт-азаттық көтерілістер болған еді. Бұл елдерде қаражат дағдарысы жүрді. 1875 ж. қазанда ресми түрде қаржы банкроттығы жарияланды.

Сондай-ақ Солоникадағы мұсылмандармен христиандар арасында қақтығыс кезінде француз және неміс консулдары өлтірілді. Бұл оқиғаны Еуропа державалары пайдаланып, Осман империясына қысым түсірді.1876 ж. қаңтарда Париж трактатіне қол қойған Еуропа елдері (бұл трактат 1856 ж. қойылды) Түркиядан Босния мен Герцоговинада реформалар жүргізуді талап етті. Сұлтан өкіметі бұл талапты қабылдауға мәжбүр болды. 1876 ж. 22 мамырда Стамбулда ереуіл жүрді. Қатысушылары: сопылар, саудагерлер, қолөнершілер, қала тұрғындары, олар Недим пашаның қызметтен кетуін талап етті. Сұлтан бұл талапты қабылдауға мәжбүр болды. Билікке премьер-министр Мехмед Рештю Паша келді. 1876 ж. 30 ақпанда Абдул Азиз тақтан түсірілді. Таққа Мұрад V келді. Кейін Абдул Хамид (Абдул Азиздың баласы) келді. 1876 ж. 31 тамызда Сұлтан өкіметінде өзгеріс болып, таққа Абдул Хамид ІІ келді. Мидхад ұлы уәзір болып сайланды.

Осылайша Мидхад конституциялық бағдарламасын асыруға қолын жеткізді. Түркияның Ресей мен басқа мемлекеттер қатынастары шиеленіседі. Сұлтан осындай жағдайда жаңа конституцияны қабылдауға мәжбүр болды. Мидхад даярлаған конституция Түркияны конституциялық монархия деп жариялады. Үкімет 2 палатадан тұрды. Сенат мүшелерін Сұлтан тағайындады. Мемлекеттік тіл түрік тілі, діні болып Ислам жарияланды. Конституция сұлтанға барлық билікті жүктеді. Бірақ та конституция жарияланғаннан кейін екінші күннен-ақ Абдул Хамид оны жоққа шығара бастады. 1877 ж. ақпанда Мидхат Паша орнынан түсірілді. 1884 ж. Абдул Хамид оны өлтіреді.

1877 ж. наурызда ашылған парламент сайлауы террорлық әрекетте жүргізілді. Парламент сұлтанның еркі бойынша жүргізілгеннен кейін 20 мәжілістен кейін парламент таратылды. 2-ші парламент 1877 ж. сәуірде басталған орыс-түрік соғысы кезінде шақырылды. Бұл парламент 1878 ж. ақпанда таратылып, конституция толықтай архивке өткізілді. Ресеймен бейбіт бітім жасалғаннан кейін жаңа османдар басшысының бірі Али Суави 1878 ж. мамырда Стамбулда конституцияны қорғауға шақырған көтеріліс жасауға әрекет жасады. Бұл көтеріліс Сұлтан өкіметі тарапынан басып тасталынып, жаңа османдар жеңіліске ұшырады.

1877 ж. орыс-түрік соғысы кезінде патша үкіметі өздерінің жоспарларын қарудың күшімен іске асыруға әрекеттенді. Бұл соғыс Балқан халқының Осман езгісінен босануға әрекет етті. Бұл соғыста Ресейдің одақтасы ретінде Румыния енді. Орыс әскеріне Балқан әскері және Армян тұрғындары кірді. Түріктер жеңіліске ұшырады.

1878 ж. түріктердің жағдайы шиеленісе түсті. 1878 ж. наурызда Сан-Стефано жерінде бейбіт бітімге қол қойылды. Бітімнің басты шарты тәуелсіз Болгарияны құру. Түркиядағы Ресей позициясының күшейіп кетуінен қауіптенген Англия және басқа да батыс державалары Сан-Стефано келісімін қайта қарастыру үшін Берлин конгрессін шақырды. 1878 ж. шілдеде Берлин трактатына қол қойылып, солтүстік Болгария вассалды князъдық деп жарияланып, ал оңтүстігі Болгария автономия құқығын алды. Сұлтан Сербияның, Черногорияның, Румынияның толық тәуелсіздігін мойындады. Ресейге Батуми, Карс және Ардаган аудандары қосылды. Сонымен қатар Ресей Қырым соғыстары кезінде жоғалтқан Бесарабияның оңтүстік бөлігін қайтарып алды. Берлин конгрессінен кейін Түркияның экономикалық дағдарысы күшейе түсті.

Осман империясы капиталистік елдер үшін шикізат көзі және тауарлар өткізетін рыноққа айналды. 1880-90 ж. түрік экспорты 1,5 есе көбейді. 1875 ж. тоқыраудан кейін елдің қаржы жағдайы нашарлай түсті. Берлин трактаты Түркияға 800 млн. франк көлемінде контрибуция міндет етті. 1879 ж. сұлтан өкіметі қайтадан банкроттықты жариялады. Елде қиын жағдайдан шығу несиелер алу қарастырылды. Кредитор мемлекетімен жаңа келісімдер қол қойылды. 1881 ж. жарияланған сұлтанның Мухарем декретінде кредиторлар Түрік елінің 5,3 млрд. қарызын 2,4 млрд. франкқа дейін түсіруге келісім берді. 1890 ж. түрік үкіметі жаңа тиімсіз несие алу келісіміне қол қойды. Оттаман банкісінан басқа жаңа шет ел банкілері құрылды. Стамбулда француздардың ірі банкі Лион кредит банкісінің филиалы ашылды. 1899 ж. неміс банкі ашылды. 1888 ж. бірнеше батыс державалары бірігіп, Солоник банкісін ашты. Түрік экономикасының шет ел капиталына бағынуы елдің сыртқы саясатына әсер етті. Парламентті таратып, сұлтан Абдул Хамид ІІ елде ортағасырлық деспоттік тәртіп, «Зулюм» тәртібін енгізді. Бұл деспоттық тәртіп 30 ж-ға созылды. Абдул Хамид ІІ басты мақсаты конституция үшін күресулерді жою. 1883 ж. немістің офицері Гальс Стамбулдағы офицерлер мектебінің басшысы болып шақырылады. Ол түрік әскерін қайта құруға кіріседі. Елде басқа да шет ел кеңесшілері шақырыла бастады. Елде діни немесе ұлттық негіздегі езгі күшейе түседі. 1894 ж.Сосун ауданындағы армяндар көтеріліске шықты. Үкімет армяндарға қарсы репрессия жариялайды. 1896 ж. гректер Крит аралында көтеріліске шықты. 1897 ж. Греция мен Турция арасында соғыс басталады. Греция жеңіліске ұшырайды. Бірақ та шет ел державаларының араласу нәтижесінде Крит аралы ішкі автономия құқығын алды.

Түркияда буржуаздық революциялық көтерілістер күшейе түсті. 1898 ж. әскери-медициналық училищесінің курсанты Ибрагим Темоның ұсынысымен елде бірінші рет «Бірігу және прогресс» атты құпия саяси комитет құрылды. 2 жылдан кейін бұл комитет шет елдерде пайда бола бастады. Сонымен қатар басқа да саяси үйірмелер құрылды. Жалпы «Бірігу және прогресс» комитеттін жақтастарын және басқа да ұйым қатысушыларын Жас түріктер деп атады. Жас түріктердің басты мақсаты елде конституциялық тәртіп орнату және Еуропа үлгісіндегі буржуазиялық реформа жүргізу.

Әуелде жас түріктер ұйымдары қызметі Түркия және шет елдерде жарияланатын газеттер арқылы үгіт-насихат жүргізу шеңберінен аспады. Деспоттық тәртіпке қарсы күрес жүргізетін барлық саяси партия күштерін, топтар мен үйірмелерді біріктіру әрекеті 1902 жылы Парижде өткен жас түріктердің І конгресінде қабылданды. Бірақта Түркиядағы үстемдік етуші құрылысты өзгерту әдістері мен жолдары туралы мәселе бойынша әр жақтылық конгресс қатысушыларының бөлінуі мен екі жеке ұйымдардың пайда болуына әкелді.

Иран революциясынан кейін Түркияда революциялық әрекеттер бой көтерді. 1908 ж. жазда Ахмет Нияз бей және Энвер бей бастаған офицерлер өздерінің әскерлерін Абдул Хамидке ІІ қарсы шықты. Басты талаптары конституцияны қалпына келтіру. Абдул Хамид ІІ 24 шілдеде конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келісім берді. 1908 ж. ашылған парламент мәжілісінде жас түріктер депутат мандатына ие болды. 1909 ж. сұлтан өзіне сенімді әскерлеріне сүйене отырып, парламентті таратты. Жас түріктер қозғалысының қайраткерлеріне қарсы репрессия жүргізді. Бірақ та жас түріктер 26 сәуір күні ел астанасында бақылау орнатты. 27 сәуір күні парламент сұлтан Абдул Хамидті тақтан құлату туралы шешім қабылданып, халиф лауазымынан айырылды. Билікке Мехмед V Решид келді (1909-18 жж). Жаңа үкіметтің құрамына жас түріктер енді. Осылайша сәуір оқиғасымен жас түріктер революциясы деп аталатын әскери революциялық төңкеріс аяқталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында халықтың жағдайы шиеленіске түсті. 1911-12 ж. Италиямен жүргізілген соғыс сәтсіздігі жас түріктердің беделін түсірді. Оларға қарсы елде «Бостандық және келісім» партиясы алға шықты. 1912 ж. шілдеде олар жас түріктерді биліктен кетіріп, билік басына келді.

1912 жылы І Балқан соғысы басталды. Болгария, Сербия, Греция және Черногория елдерінен құрылған коаллиция түрік әскеріне соққы берді. Енді жас түріктер «Бостандық және келісім» партиясының үкіметінің сәтсіздігін пайдаланды. 1913 ж. қаңтарда жас түрік офицерлері ел астанасында мемлекеттік төңкеріс жасады. «Бостандық және келісім» партиясын құлатып, билікке жас түріктер келді. Жас түріктердің келуі елдің жағдайын жақсартқан жоқ. 1913 ж. мамырда Лондонда Балқан мемлекетінің коаллициясымен бірге бейбіт келісім бойынша Осман империясы Еуропа иеліктерінен айырылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында билік басында Энвер,Талаат және Джемаль басқарған жас түріктерден құралған үштік билік үкімет басына келді.

1914 жылы билік толықтай Энвер, Талаат, Джемальдан құрылған триумвират қолында болды. І д.ж.с. жас түрік лидерлері кайзерлік Германия жағында соғысуға шешім қабылдады. Бұл соғыс Осман империясының құлауына әкелді. 30 қазан 1918 жылы Түркия Антанта державалары алдында тізе бүгіп, жас түріктер билігі аяқталды. Оның басшылары шетелге қашып, партия таратылды(1889 ж. Стамбулда жас түріктер ұйымы иттихад ве тераки: Бірігу және даму партиясын құрды). Сұлтан империясының сыртқы иеліктерін (Балқан, араб жерлері) одақтастар аннекциялады. Сұлтан қарамағына тек қазіргі Түркия территорияларын құрайтын жерлер қалдырылды. Жеңісшілердің қол қойған құжаты елді бөлуге мүмкіншілік туғызып, іске асырыла бастады. Ағылшындар Мосул мен Александретті (Искандерун), итальяндықтар Антальямен көрші округтарды басып алды.1919 жылы мамырда Греция Измирмен, оған жанасып жатқан жерлерді басып алды.

Елде басқыншыларға қарсы наразылық туды. 1918-1923 жылдары Анатолидегі түрік халқының азаттық күресін генерал Мұстафа Кемал (Ататүрік 1880-1938жж.) басқарды. Елде жергілікті тұрғындардың құқығын қорғау қоғамы құрыла бастады. 1919 жылы шілдеде Эрзерумде, ал қыркүйекте Сиваста өткен конгрессте генерал Кемал паша басқарған Өкілетті комитет сайланып, уақытша үкімет қызметін атқара бастады. Конгресс құжаты елді тәуелсіздік үшін күреске, ал сұлтанды жаңа кабинет құруға шақырды. Қазан айында жаңа кабинет құрылып, 1920 жылы қаңтарда қайта сайланған парламент «Ұлттық ант», яғни Түркия тәуелсіздік декларациясын қабылдады. Бұл декларацияға жауап ретінде Антанта державалары 1920 жылы наурызда Стамбулды басып алып, парламентті таратты.Сұлтан бағынуға мәжбүр болып, оның жаңа үкіметі ресми түрде Өкілетті комитет пен Кемаль пашаға қарсы шықты.

Елде наразылық туды. 1920 жылы 22 сәуірде Анкарада жаңа меджлис-«Түркияның ұлы ұлттық жиналысы» (ТҰҰЖ) сайланып, оның құрамына алдында таратылған парламенттің 105 мүшесі кірді. ТҰҰЖ –елдегі жалғыз заңды билік болып, төрағасы ретінде М.Кемал сайланды.1920 жылы маусымда РСФСР кеңестік халық комитеті ТҰҰЖ үкіметін мойындап, Мәскеу мен Анкара арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1920 жылы тамызда Антанта лидерлері сұлтанға Түркияны бөлуді ресми бекітуге шақырған Севр бейбіт келісіміне қол қоюға мәжбүрледі. Шарт бойынша Түркия Англия,Франция, Италия және Греция арасында бөлінді. Елдің солтүстік шығысы Арменияға кетіп, оңтүстік шығысында Англия протекторатындағы күрд мемлекетін құру жоспарланды. Түркия дербес мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.

1921 жылы 16 наурызда Мәскеуде РСФСР мен Түркия арасында достық пен бауырластық туралы келісімге қол қойылды. Бұған Антанта державаларының жауабы ретінде грек әскерлері 1921 жылы наурызда басқыншылық жорықтарын бастады. 1921 жылы Иненю түбіндегі шайқаста сәтті қимылдар жасап, 1922 жылы түрік әскері қарсыластарына соққы беріп, Анатоли территориясын тастауға мәжбүр етті.

Соғыстағы жеңіс елде Ататүрікпен оның жақындастарының позициясын күшейтті. 1922 жылы 1 қарашада меджлис сұлтанатты жою туралы заң қабылдады. 1923 жылы сәуірде бұрынғы құқықты қорғау қоғамының орнына жаңа саяси ұйым-халық партиясы құрылды. Кейін бұл партия халықтық республикалық партиясы деп өзгертілді. 1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып жарияланды. Сұлтан әулетінің өкілі Абдул

Меджид ІІ ресми түрде «барлық мұсылмандар халифы» болып жарияланды, бірақ 3 наурыз 1924 жылы халифат жойылды. Осымен елде ескі саяси жүйе құлап, кемалистік революция деп аталатын ұлттық мемлекетті құру процесі аяқталды.

Соғыстағы жеңіс және кемалдық революцияның жетістіктері Антанта державаларының барлық картасын шатыстырды. 1922-1923 жж. (қараша-шілде) өткен Лозанн конференциясында Кемалдың ең жақын серіктесі Исмет Иненю бастаған түрік өкілдері тәуелсіз мемлекет ретінде Түркияны қазіргі шекара бойынша халықаралық дәрежеде мойындауға қол жеткізді.

Сойдай-ақ әлемдік дағдарыс Түркия экономикасына өте ауыр соқты. Елде кемалистер қоғамдық өмірді түбінен реформалауға кірісті. 1923 жылы қазанда астана Стамбулдан Анкараға көшірілді. Жоғарыда айтылғындай 1924 жылы халифат таратылып, Түркияда алты ғасыр бойы билеген осман әулетінің соңғы сұлтаны Мехмед VI және оның жан-ұясының мүшелері елден шығарылды. Дін және вакуф ісі бойынша министрлік таратылып, дін басылары байлықтарынан айырылды. Медреселер жабылып, барлық оқу мекемелері ағартушылық министрлігінің бақылауына өтті. Вилайеттерге (губернияларға) жаңа әкімшілік бөліктер енгізіліп, орталыққа бағынды.1924 жылы қабылданған конституция барлық азаматтарды түріктер деп жариялап, Түркиядағы аз ұлттың өмір сүруі мойындалмады.