Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЛМИПИ казахский.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Тапсырма:

1. Минералдардың қаттылығын анықтау әдістерін білу.

2. Тырнау әдісін пайдаланып минералды қаттылығына байланысты 3 топқа бөлу.

3.Магниттілік қасиеттері бар минералдарды білу.

4. Қимасы бойынша рудалық минералдарды білу.

1 нег. [63-70 б.], 3 нег. [ 66-91 б.], 4 нег.[ 54-63 б.], 5 нег. [57-87б.]

Бақылау сұрақтары:

1. Минералдардың қаттылығын салыстырмалы бағалау артықшылығы немен қорытындылады?

2. Изометриялық пішін түрінде қандай минералдар байқалады?

3. Ұзартылған және пластиналы пішінді түрде қандай минералдар байқалады?

4. Күшті магнитті минералдар қатарына қандай минералдар жатады?

6-шы лабораториялық жұмыс. Анықтауыш кесте көмегімен минералдарды анықтап табу

Тапсырма:

1. Анықтауыш кестені қолдана білу.

2. Минерал-эталондарымен салыстыру жолымен минералдардың шағылыстыру көрсеткішін анықтау.

3. Минералдардың микроқаттылығын сызу әдісімен табу.

4. Миенралдардың түсін, қосшағылуын, анизотропиясын, ішкі рефлекстерін анықтау.

5. Әдебиетте келтірілген руда түзуші минералдардың жазба сипатттамасын қолдану.

1 нег. [98-106 б.], 3 нег. [143-353б.], 6 [238-368 б. ]

Бақылау сұрақтары:

1. Анықтаушы кестемен жұмыс жасау реті.

2. Шағылыстыру қабілеті бойынша басты минералдар-эталонын атаңыз.

3. Ашық түсті минералдарды атаңыз.

4. Кальба жолағы бойынша минерал қаттылығын қалай анықтайды?

7-ші лабораториялық жұмыс. Рудалардың бітімін зерттеу.

Тапсырма:

1. Рудалардың бітімі бойынша теориясын оқып-білу.

2. Үлгітастарда бітімнің морфологиялық түрлерін анықтау.

3. Бөлінген бітімнің морфологиялық түрлерін морфогенетикалық топ бойынша ажырату.

4. Бөлінген бітімнің заттық құрамын сипаттап жазу, парагенетикалық ассоциациясын атау және үлгітас суретін салу.

6 нег. [160-202 б.], 7 нег. [ 9-23б.], 8 нег. [308-370 б.]; 10 қос. [433 б.]

Бақылау сұрақтары:

1. Таңдақты бітім тобына қандай морфологиялық түр кіреді?

2. Ұзартылған тобына қандай морфологиялық түр кіреді?

3. Сауысты, катакластикалық және кластикалық тобына кіретін бітім түрлерін атаңыз.

4. Коррозиондық және қаңқалы тобына кіретін бітім түрлерін атаңыз.

8-ші лабораториялық жұмыс. Рудалардың құрылымын зерттеу.

Тапсырма:

1. Рудалардың құрылымы бойынша теорияны оқып-білу.

2. Мокроскопта өңделген тастілімде құрылымның морфологиялық түрлерін анықтау.

3. Морфологиялық түрлердің қандай морфогенетикалық тобына жататындығын анықтау.

4. Минералдардың қарым-қатынасын сипаттау және олардың бөліну тізбегін анықтау.

6 нег. [128-160 б.], 7 нег. [ 23-38б.], 8 нег. [308-370б.]; 10 қос. [433 б.]

Бақылау сұрақтары:

1. Құрылымның түйірлі тобына қандай морфологиялық түр кіреді?

2. Құрылымның коррозиялық және метатүйірлі тобына қандай морфологиялық түр кіреді?

3. Құрылымның коллоидты тобына кіретін түрін атаңыз.

4. Метакристалдар және метатүйірлер деген не?

9-шы лабораториялық жұмыс. Бастапқы және туынды бітімдер мен құрылымдардың генетикалық жіктелуі.

Тапсырма:

1. Рудалардың бітімдері мен құрылымының генетикалық жіктелуін білу.

2. Берілген үлгітастар ішінен қайсысы бастапқы және туынды бітім тобына жататынын анықтау.

3. Балқыма және ерітінділердің кристалдануынан және коллоидтардың коагуляция кезінде жаралған бастапқы құрылымдарды зерттеу.

4. Қатты ерітінділердің ыдырауынан және үгілуінен, езілуінен жаралған туынды құрылымдарды зерттеу.

6 нег. [203-213б.], 7 нег. [ 38-58б.], 8 нег. [308-370 б.]; 10 қос. [433 б.]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай бітімдер және құрылымдар бастапқы деп аталады?

2. Қандай бітімдер және құрылымдар туынды деп аталады?

3. Рудалардың бастапқы және туынды бітімдерін атаңыз.

4. Рудалардың бастапқы және туынды құрылымдарын атаңыз.

10-шы лабораториялық жұмыс. Руда түзуші минералдарды кристалдану тізбегі бойынша анықтау белгілері.