- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені Алматы 2012
- •Мазмұны
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.6 Тапсырма түрлері және тізімі, оларды орындау уақыты:
- •Тапсырма түрлері, оларды орындау уақыты
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Курстың саясаты және процедурасы.
- •Белсенді таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының конспектілері
- •– Лекция. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.
- •I. Жақынбіруақытты түзілімдерді дәлелдеу.
- •II. Түзілімдердегі әруақыттылықты дәлелдеу
- •Кендердің бітімдері
- •Бітімдердің морфогенетикалық топтар мен морфологиялық түрлері
- •Ι. Біртекті бітімдер
- •Ιι. Біртекті емес бітімдер
- •1. Таңдақты бітімдер кіретін топтар
- •2. Ұзартылған бітімдер кіретін топ
- •3. Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ
- •4. Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ
- •5. Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ
- •6. Қаңқалық бітімдерді кіргізетін топ
- •1. Таңдақты және ұзартылған бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Сауысты, катакластикалық және кластикалық бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •3. Коррозиялық және қаңқалы бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •Кендердің құрылымы
- •Құрылымдардың морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері Құрылымдарды зерттеу әдістері
- •Құрылымдардың топтары мен түрлері
- •1. Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар
- •2. Коррозиялық құрылымдар
- •3. Метатүйірлік құрылымдар
- •4. Коллоидтық құрылымдар
- •5. Кристаллобластық құрылымдар
- •6. Катакластық және кластық құрылымдар
- •Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары
- •Лекция 15. Минералогиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері (Заттарды рентгендік құрылымдық, электронды – зондты микроталдау)
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Елек өткізу деген не?
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (соөж)
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (сөж)
- •2.6 Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •1. Алтынкенді кенорындарының кварцты-желілі типі бойынша курстық жұмыстар:
- •Алтын кенді кешенді кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •4. Қалайы-мырыш стратиформды кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •5. Скарнды кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •Сирек металл кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •2.7 Курстық жұмысқа қойылатын талап
- •2.8 Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені
3. Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ
Сауысты бітімдер беттiк керiлiстiң және ауырлық күштерiнің әсерiнен сфералық (түйiршiктер, бүйректер, тасберіштер) және сауысты (фестондар, қабықтар, қабықшалар, тасберіштер, сталактиттер, сталагмиттер, шоқтар) пішіндерді иеленген минералды агрегаттарға тән.
Сауысты агрегаттар бір қатар минералдарға тән, мысалы, гидрогётитке және гетитке, псиломеланға, малахитке, арагонитке, опалға, мельниковит-пиритке, марказитке, вюртцитке, настуранға және т.б.
Сауысты минералды агрегаттардың айырмашылығы концентрлік-белдемді құрылысында, ол олардың өсу процесінде ерітінділердің құрамы өзгергенін көрсетеді. Сауысты агрегаттардың құрылымы коллоидты және түйіршекті.
Саусты және коллоидты бітімдердің морфологиялық түрлері — оолиттік, бүйрек тәрізді, тасберіштік, колломорфтық, ұнтақты және жер тәрізді. Аталған бітімдер түрлері метаколлоидты деп аталады, егер диагенез немесе метаморфизм процесінің кезінде коллоидты зат қайта кристалданған болса; сонымен бірге минералды агрегаттың пішіні өзгермейді немесе жартылай өзгередi.
а.Оолиттік бітім шар тәрізді немесе эллипсоидты пішінді, құрылысы концентрлік белдемді минералды агрегаттар құрайтын оолиттердің жиналуымен сипатталады. Оолиттер өте жылжымалы ортада пайда болады, коллоидты немесе кристалды заттардың судағы қалқыған құм түйірінің, сазды бөлшектердің, органикалық қалдықтардың, оолиттердің сынықтарының, ауа көпiршiктерiнің және т.б.
Оолиттердің диаметрі әдетте 10—12 мм жетеді. Оолиттер арагонит, кальцит, сидерит, доломит, шамозит, темір, марганец сулы тотықтарымен, гематит, магнетит, опал, халцедон, пирит, марказит, галенит, барит, гипс, гидраргиллит, диаспор және кальций фосфаттарымен құрастырылуы мүмкін. Оолиттік бітім шөгінді жаратылыстағы кендерге және таужыныстарына типті болады.
в. Тасберіштік бітім шөгінді жаратылыстағы сазды-карбонатты және сазды-құмды тажыныстарда және болбыр мору өнімдерде шар тәрізді, сопақ, сирек бұрыс пішінді тасберіштер мен жалбырлар пайда болуымен сипатталады. Тасберіштердің өлшемі көлденеңдікте бірнеше миллиметрлерден 1 м дейін және оданда ірі. Олардың құрылысы түйірлік, концентрлік-белдемді. Тасберіштік метаколлоидты бітімнің айырмашылығы агрегаттардың радиалды-сәулелі құрылысында. Пайдалы қазбаның типіне байланысты тасберіштердің құрамы (карбонатты, гетитті, пиролюзитті, марказитті, фосфоритті) әр түрлі. Тасберіштік бітім шөгінді кендерге тән.
4. Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ
Катаклаздық және кластық бітімдер кендер мен таужыныстар сынықтары барымен сипатталады. Динамометаморфизм және мору себепкерлерінің таужыныстар мен кендерді уатуынан сынықтар пайда болады. Өздерінің жаралуынан кейін сынықтар өз орында қалуы мүмкін (катаклаздық бітімдер) және су ағындыларымен, мұздықтардың, балшық ағындыларымен, желдермен және басқа тәсілдермен едәуір қашақтыққа (кластық бітім) тасымалдануы мүмкін. Пішіні мен жұмырлану дәрежесіне қарай сынықтардың келесі типтерін бөледі: орынбасу белгілері жоқ таужыныстар мен кендердің уатуынан пайда болған қырлылар; орынбасу процесінде және кейін орны басылған немесе уатылғанда пайда болған домалақтанған қырлары өткір емес сынықтар; жұмырланған сынықтар, мысалы, тасмалта, тасдөнбектер, тасберіштер, псевдоолиттер, құмтастар. Тасдөнбектер өлшемі 100 -ден 1000 мм арасында тербеледі; тасмалта 10-нан 100 мм дейн, псевдоолиттер және құмтастар өлшемі 2 мм кіші. Таужыныстар мен минералдардың әр түрлі бітімдері және құрылымдарымен өзгешеленеді. Сынықтар әдетте, керіш рөлін атқаратын байланыстырушы затпен бекітілген. Сынықтар мен керіштің бірігіп өскен бітімдерге келесі морфологиялық тірлер тән: брекчиялық, брекчия тәрізді, кокардтық, конгломераттық.
а. Брекчиялық бітім екі минералды агрегаттарда, біреуі қырланған сынықтар, екіншісі керіш боп келетін кендер мен таужыныстарда байқалады. Сынықтар мен керіш әр түрлі уақытты минералды агрегаттар болады, анықталған минералдар парагенетикалық ассоциацияларымен, құрылымдарымен және бітімдермен. Мысалы, кенді минералдардың таужыныстар сынықтарын керіштеуі кездеседі, кендердің сынықтарын желілік минералдар керіштейді және т.б.
б. Брекчия тәрізді бітім домаланған пішінді сынықтар және керіштен пайда болады; соңғысы кейде минерализацияның бірнеше сатыларында түзіледі. Сынықтардың домаланған пішіні олардың керішпен коррозиялануымен немесе олардың динамоморфизм нәтижесінде жаншылуы.
Брекчиялық және брекчиятәрізді мұра етілген бітімдер кен құрастырушы минералдардың таңлаулы тектоникалық, жанартаулық немесе шөгінді брекчиялардын орнын басып алуынан қалыптасады.
