- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені Алматы 2012
- •Мазмұны
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.6 Тапсырма түрлері және тізімі, оларды орындау уақыты:
- •Тапсырма түрлері, оларды орындау уақыты
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Курстың саясаты және процедурасы.
- •Белсенді таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының конспектілері
- •– Лекция. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.
- •I. Жақынбіруақытты түзілімдерді дәлелдеу.
- •II. Түзілімдердегі әруақыттылықты дәлелдеу
- •Кендердің бітімдері
- •Бітімдердің морфогенетикалық топтар мен морфологиялық түрлері
- •Ι. Біртекті бітімдер
- •Ιι. Біртекті емес бітімдер
- •1. Таңдақты бітімдер кіретін топтар
- •2. Ұзартылған бітімдер кіретін топ
- •3. Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ
- •4. Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ
- •5. Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ
- •6. Қаңқалық бітімдерді кіргізетін топ
- •1. Таңдақты және ұзартылған бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Сауысты, катакластикалық және кластикалық бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •3. Коррозиялық және қаңқалы бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •Кендердің құрылымы
- •Құрылымдардың морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері Құрылымдарды зерттеу әдістері
- •Құрылымдардың топтары мен түрлері
- •1. Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар
- •2. Коррозиялық құрылымдар
- •3. Метатүйірлік құрылымдар
- •4. Коллоидтық құрылымдар
- •5. Кристаллобластық құрылымдар
- •6. Катакластық және кластық құрылымдар
- •Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары
- •Лекция 15. Минералогиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері (Заттарды рентгендік құрылымдық, электронды – зондты микроталдау)
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Елек өткізу деген не?
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (соөж)
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (сөж)
- •2.6 Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •1. Алтынкенді кенорындарының кварцты-желілі типі бойынша курстық жұмыстар:
- •Алтын кенді кешенді кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •4. Қалайы-мырыш стратиформды кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •5. Скарнды кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •Сирек металл кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •2.7 Курстық жұмысқа қойылатын талап
- •2.8 Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені
2. Ұзартылған бітімдер кіретін топ
Белгілі бағытта ұзартылған және қалындық, құрылым, түйірлердің өлшемдері және түсімен өзгешеленетін минералды агрегаттармен құралған кендерде ұзартылған бітімдер байқалады. Жолақша, қабатша, линза мен тақтастық, тақташа пішіндерге ие, әдетте азды-көпті бір-біріне параллель орналасады. Желішекше және желішек тәрізді пішінді минералды агрегаттар жарықшалары толтырғанда немесе жарықшаны бойлай орын басуында пайда болады және жиі олар ретсіз орналасады. Сирек желішектер бір-бірін кесіп өтеді, қиылысу (ілгек, тор және т.б.) бітімдер қалыптасады.
Бұл топта бітімдер сипаттайтың морфологиялық түрлері боп жолақты, мұра етілген, жолақты, гнейс тәрізді, коллофорты-жолақты, крустификациялық (симметриялық және симметриялық емес), қабатты, линза тәрізді, тақтатастық, бүрмелік, желішекті, қабықша, дендриттік.
а. Жолақты бітім әр түрлі минералдық құрамды, әртүйірлік жолақшалардың алмасуымен немесе бір минералдың түрлі-түсті жолақтармен сипатталады. Жолақтардың қалындығы мм- дің ондық бөлігінен бірнеше сантиметрге және сирек ондаған сантиметрлерге. Жолақтардың сағалануы бойынша ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрлерден бірнеше метрлерге тербеленеді. Жалпы алғанда жолақшалар қабаттардан және қабатшалардан ылғи кішірек. Жолақтардың шекарасы анық немесе бітіндеген. Жолақты бітім кендердің барлық генетикалық түрлерінде ерекше кен дамыған, әсіресе магмалық және шөгіндіде.
б. Мұра етілген жолақты бітім метасоматоздық кендерде дамыған. Бұл бітім орынбасар минералды агрегаттарының орны басылатын таужыныстар немесе кендердің қалдықтары бар жолақшаларының алмасуымен, немесе алмасатын жолақтар қабатты немесе жолақты таужыныстарды орынбасу процесінде пайда болған жаңа минералды агрегаттармен құралған.
в. Гнейс тәрізді бітім, линза тәрізді, жасымық тәрізді және жолақты минералды агрегаттардың барымен сипатталады, олар бір бағытта созылған және бір-біріне өтеді. Әдетте, гнейс тәрізді кендер тақтатастыққа біртіндеп өтеді және метаморфталған полиметалды, темір кендік және мыс колчеданды кенорындарда кездеседі.
д. Крустификациялық немесе крустификациялық-жолақты бітім толтыру желілерде кездеседі. Бітім минералды агрегаттардың жолақты орналасуымен сипатталады. Сонымен жарықшақтың қабырғасында шетінен ортаға қарай түзілді. Әрбір жолақшаның келесісі жарықшақтың қабырғасының немесе бұрын түзілген минералды агрегаттың үстінгі жақтың келбетін қайталайды. Крустификациялық жолақтық симметриялы және симметриялы емес болуы мүмкін.
е. Қабаттық бітім әр түрлі минералдық құрамды, құрылымды, түсті, қаттылықты және қабаттардың, қабатшалардың, тақташалардың параллел дерлiк орналасуымен сипатталады. Әдетте кен қабатшалары таужыныстардың қабатшаларымен алмасады. Қабатшалардың қалындығы үлкен емес болады, бірақ үлкен қашықтыққа сағаланады. Қабаттар мен қабатшалардың аралық шекарасы анық немесе біртіндеген. Қабаттылық шөгінділердің жинақталу кезінде қалыптасады және шөгінді жаратылымның кендеріне типоморфты болады.
ж. Түзілімдердің линза тәрізді бітімі қабатты және жолақты бітімдердің бір түрі; ол қабатты немесе қабатша пішінді кен агрегаттарының ұзаруы бойынша сығылған немесе бiртiндеп сүйірлене тамамдалу жағдайларында ғана пайда болады Осындай жағдайда кен минералды агрегатар линза пішінді болады. Линза тәрізді бітім ең басты шөгінді және метаморфтық жаратылыстағы кенорындарында кездеседі.
з. Тақтатастық бітім бағытталған қысымның әсерінен пайда болады және ұзартылған минералды агрегаттардың сызықты немесе жазық параллел орналасуымен сипатталады. Микроскопта зерттегенде агрегаттарда жеке минералдардың созыңқылығы және сондай бағытталуы көрінеді. Тақтатастық қабаттық немесе жолақтықтың бағытымен сәйкес келуі немесе келмеу мүмкін. Тақтатастық бітім қосымша болады және ол динамометаморфизм динамометаморфталған кендерінің және таужыныстардың арасында кен тараған.
и. Бүрмелік бітім жолақты, қабатты және тақтатастық бітімдердің бір түрі болады. Ол жұқа жолақшалардың немесе қабатшалардың ұсақ қатпарпарға (бүрмеге) жапырылуы және қатпарлануынан пайда болады. Кейде қабатшалар немесе жолақшалар үзілген және орнын ауыстырған. Динаметоморфталған мыс-колчеданды, магнетит-гематитті, және басқа кендерді тақтатастық және басқа бүрмелі бітімдер кен дамыған.
к. Желішектік бітім кенді және желілі минералдар желішектерінің жарықшақтар бойынша дамуымен сипатталады, олар таужынысты немесе кенді брекчияланған белдемдерді, немесе жарықшақтар дербестелмесін және тақтатастық немесе кебу жарықшатарды қиып өтеді. Желішектердің қалындығы миллиметрдің бір бөлігінен 2 см, сирек 10 см дейін өлшенеді.
