Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.95 Кб
Скачать

15. Дәріс: Ивент компаниясы маркетингтің кызмет көрсету субьектісі

Оқиғалы маркетинг (Event marketing)- арнайы іс-шаралар кешені үшін ойластырылған, компания қызығушылықтарын, есте сақталған белгілі бір оқиғамен байланыстыру немесе көпшілікке аян оқиғамен нақты фирманы таныстыру.

Бұндай оқиғалы маркетингты пайдаланғанда басты нәрсе- ол оқиға. Сонымен қатар «Ивент» (от англ. event – событие, мероприятие) термині қолданылады.

Ивент- бұл көңіл көтеруге арналған немесе жарнамалық, театрлық сахнада орындалатын, кино немесе телеэкранда, спорттық немесе цирк аренасында әр түрлі сюжеттерге байланысты орындалатын қойылым. Демек ивент- менеджер дегеніміз- арнайы ивент компанияда жұмыс істейтін, ұйымның құрылуына ат салысатын, және әр түрлі форматта және масштабта оқиғалардың болуына, өткізілуіне жауап беретін тұлға.

Ивент компаниясын маркетингтің кызмет көрсету субьектісі ретінде қарастырып көрейік. Ол үшін маркетингтің ең негізгі функциясы кызмет көрсетудің нарықтағы үрдісінде (немесе дамуында). Вячеслав Карповтын пайымдауы бойынша: Оқиғалы маркетинг бұл- бизнесті жургізу болса , ал оқиғалы менеджмент бұл-оқиғаны қадағалап жургізетін кілті болып табылады. Бұл айтылған көзқарас оқиғалы маркетингтің екі жақты сипаттамасын береді. Яғни аудитория үшін өнім- бренд болса, ал өнімді тапсырыс берушілер үшін- оқиға болады. Бұл ретте оқиға өнімінің негізі ретінде карастырылады. Өйткені өнім бұл-қызмет. Сонымен катар өнім өте күрделі мәселе ретінде қарастырылған. Себебі сатушының өнімі ар түрлі сапада болады. Ал бұл ивент компанияның жұмыс істеу тажірибесіне , репутациясына байланысты. Сатушы ресурстарды колдана отырып, нәтижелі өнімді өндіруге және тұтынушылардың кажеттілігін қанағаттандыратындай оқиғаны өндіруге уәде береді. Бірақ та кызметтін сапасын алдын ала өлшеу мумкин емес. Себебі сатып алушылар өнімге деген кепілдікке зәру болады. Айтылган кепілдемелер келесідей жолдардан тұрады:

  1. Екі жақты келісімде жауапкершілікті сақтау. Яғни келісім бойынша болмаған жағдайда екі жақтада келеңсіздіктерді тудыруы мүмкін

  2. Ивент компаниянын тәжирибесі бойынша ,проекттерді жүзеге асыру болып табылады. Егер ивент компания бұл тажірибе жайында маркетингтік коммуникацияларды пайдалана отырып клинеттерге ақпарат таратпаса, клинеттер проект жайында ештме білмеулері мүмкін.

  3. Тапсырушы компания мен орындаушы компания арасындағы карым катынас. Бұл қызмет маркетингінде негізгі фактор ретінде қарастырылады. Яғни клинеттермен ұзақ мерзімді келісімге отыру, ивент компаниясы үшін өте қолайлы болады. Сондықтан біз орындаушы мен тапсырыс беруші арасындағы түсінушілікке аса мән беруіміз керек.

  4. Өткізілген іс шаралардың нәтижесін өлшеу. Яғни орындаушы тапсырыс берушіден іс шара жайында сұрақ күтпей , одан бұрын іс шара жайында ақпарт беріп коюы орынды болып табылады. Орындаушының бұлай істеуі екі жақты келісімге тез отыруға, тапсырыс берушінің сеніміне ие болуга әсер етеді.

Карап отырсаңыз бұндай аз мәліметтің өзі тапсырыс берушінің, яғни сіздің компанияңызға баруына әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]