- •Лекция 2. Туристік нарықтағы оқиғалық туризм
- •3 Лекция Оқиғалы туризмнің жіктемесі
- •8 Спорттық шаралар:
- •9 Халықаралық техникалық салондар
- •Лекция 5. Спорттық оқиғалық туризм
- •Лекция 6. Фестиваль оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 7 Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде
- •9 Лекция. Әлемдегі оқиғалы туризмнің нысаны ретінде карнавалдың негізгі даму үрдістері
- •Лекция 10 Орыс каранавалы
- •15. Дәріс: Ивент компаниясы маркетингтің кызмет көрсету субьектісі
Лекция 7 Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
Шаруашылық және мәдени өмірдің интернационализациялануы түрлі саладағы мамандар мен көптеген конгресстер, съездтер, симпозиумдар, конференциялар арасындағы байланысты кеңейтуде көрінеді. ХХ ғ. 30-ж.ж әлемде жылына шамамен 200 халықаралық конференциялар өткізіліп отырған. Қазіргі кезде осындай іс-шаралардың саны 8 мыңнан асып жығылады, ал қатысушылардың саны — 10 млн (шамамен әлемдік туристік ағымның 1,5 %-ы). Халықарлық конгресстер, конференциялардың ең көп қатысушылары дамыған, ғылымы, техникасы, бизнесі ілгері елдерге тиесілі. Бірақ та қазір конгресстік орталықтар географиясы кеңеюде. Конгресстік туризмнің орталығы болып мына талаптарға жауап беретін қалалар саналады: тиімді географиялық орын, жайлы транспорттық қатынас, қонақжайлылық индустриясының жоғары сапасы, жиындарға қажетті бөлмелердің болуы, белгілі бір саладағы көшбасшылық (ғылым, мәдениет, бизнес және т.б), архитектуралық тартымдылық, сол қаладағы немесе қала маңындағы экскурсиялық объектілердің болуы. Әдетте, мұндай талаптарға ірі қалалар (көбіне астаналар) жауап береді, сондықтан да осы қалалар конгресстік туризмнің маңызды орталықтарына айналды. Конгресстерді көбінесе ғылыми, университеттік, мәдени және индустриалдық орталықтарда, курорттарда өткізеді. Халықаралық кездесулер отельдерде, театрларда, концерттік залдарда өтеді. 80-жылдары, конгрестік және көрмелік жиындардың жақындасу тенденциясы байқалған кезде, жиын орталықтарының американдық үлгісі пайда болып, кең тарады. Бұл — көрмелер өткізуге және конференция қатысушыларын қабылдай алатын үлкен залдардан тұратын арнайы ғимараттар. Соңғы жылдарда халықаралық іс-шаралар тарихи орындарда, қамалдарда жиірек өткізіліп жатыр. Конгресстік шаралардың 80 %-ы Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне келеді. Алғашқы үштікте АҚШ, Франция және Ұлыбритания бар. Конгресстік туризмнің ірі орталықтары: Амстердам, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Париж, Давос (экономикалық форум, Швейцария).
Азия және Тынық мұхиты аймағының экономикалық дамуы халықаралық кездесулерді Гонконгте, Сингапурде, Бангкокте өткізуге себеп болды. Сонғы жылдары халықаралық эксперттердің бағасы бойынша конгресстік іс-шараларға ең ыңғайлы орын деп Сидней (Австралия) танылуда.
Конгресстік туризмге, әдетте, қалтасы қалың азаматтар қатысады, сол себепті бір туристтен түсетін табыс орташа статистикалық туристтен 2-3 есе жоғары, ал жалпы табыс әлемдік туризмнен түсетін табыстың 5-6 %-ын құрайды.
Большое значение Конгресстік туризм белгілі бір оқиғаға, арнайы жиындарға, конференцияларға байланысты болады. Олардың 1/5-і қыркүйек айына келеді. Конгресстік туристік ағымдарды ұйымдастыру жалпы туризмнен оңайға туседі, себебі түрлі конференциялар жайлы ақпарат бірнеше ай бұрын тарайды.
Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде
Карнавал түсінігін сараптауға келетін болсақ біз оның тарихының аяғына дейін анықталмағанын және сөздің этимологиясы анық емес екенін ескергеніміз жөн. Көптеген зерттеушілер ежелгі пракарнавал маусым ауысымы кезінде болып, аграрлық мейрам болғанын айтады. Көптеген нұсқалардың бірі бойынша, «карнавал» сөзі латын сөзінен шыққан, carrus navalis – Еуропада қола дәуірінде мейрам күндері пұтқа табынушыларды таситын салт-дәстүрлік кеме-арбы болып табылады. Басқа нұсқа бойынша, «карнавал» сөзі латынның екі түбірінен carno(ет) және vale(қош бол) тұрады. Бұл мейрам ежелден-ақ құмар аптаға 40 күн қалғанда атап өтіліп, Ұлы ораза алдындағы ерекше межесі болды.
Қазіргі карнавалдардың басты ерекшелігі еделгі римдіктердің сабантойлары болып табылады. Егістік пен құнарлық Сатурн құдайына арналған күндері римдіктер жалпыға бірдей теңдік пен өркендеудің алтын ғасырын жандандыратын мейрамды атап өтетін. Мейрам уақытындағы құл мен мырзаның айырмашылығы – құлдар ерікті, азат адамдармен бір үстел үстінде тамақтанып, мейрамды тойласа, ал мырзалар оларға қызмет көрсетті. Мереке күндері жалған патша сайланып, сабантой соңында ол өз-өзіне қол жұмсап немесе пышақ, от және ілгек көмегімен өлуге тиіс еді.
Христиандық сабантойдың келеуімен көптеген пұтқа табынушылық рәсімдердің өткізілуіне тыйым салынатын, бірақ мейрамның басты идеясы – барлық қатысушыларды теңестіру – Венеция отаны болып табылатын еуропа карнавалдарында пайда болды. Көптеген католиктік мемлекеттерде карнавал Ұлы Ораза алдында болатын, бұл туралы «Брокгауз және Ефрон Сөздігінде» карнавал сөзіне берілген анықтама арқылы білуге болады: «Карнавал – католиктік елдерде Шоқыну мерекесінен(6 қаңтар) бастап Ұлы оразаның алғашқы сәрсенбісіне дейінгі уақыт аралығы,бірақ әдетте карнавал деп роман елдерінде ұлттық шерулер, маскарадтар мен басқа ойын-сауықтармен атап өтілетін Таза сәрсенбі алдындағы 7-10 күнді ғана атайды». Көптеген сөздіктер мен энциклопедияларда карнавал іс жүзінде ашық аспан астында, би, театрлық ойындар, маскарад және шерулермен атап өтілетін ұлттық мейрам ретінде қарастырылады.(«Үлкен энциклопедия сөздігі»[3], «Шетелдік сөздер сөздігі»[26], Ожегов түсіндірме сөздігі[22] және т.б.
«Карнавал» және «маскарад» жиі синонимдес сөздер ретінде қолданылады. «Маскарад» сөзі итальян «mascherata» - бал, маска киген адамдар жиыны мағынасын білдерітен сөзден шыққан. Карнавал анықтамасына қарағанда маскарад оның бөліге болып табылады, карнавал түсінігі маскарад сөзіне қарағанда кең мағынада қолданылады. Сондықтан, карнавалды мына негізгі элементтерден: би, театрлық ойындар, маскарад, шерулер және т.б. тұратын ұлттық мейрам ретінде қарастыруға болады.
В.П.Рудневтің айтуынша, крнавал адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады: «Карнавал – халықтың екінші өмірі,... ол оның мерекелік өмірі. Мейрам (барлығы) – адамзат мәдениетінің ең маңызды бастапқы формасы. Оны қоғамдық еңбектің тәжірибелік міндеттері мен мақсаттарына бөліп қарастыруға болмайды. Мейрам әрдайым маңызды және кең мағыналы түсінік болып табылады». М.М.Бахтиннің пайымдауынша, карнавалдық мәдениет әмбебаптықты қамтитын кең өмірлік философия болып табылады. Егер ресми мерекелер тұрақтылық, бірқалыптылық және бейбітшіліктің мәңгілігін білдіретін салтанатты қамтыса, ал карнавал сол әдеттегі ресмилікті уақытша тоқтату іс-әрекетімен сипатталады.
Карнавал кезінде барлық адамдар басқаша киініп(жаңа киімдер алып, өздерінің әлеуметтік деңгейін ауыстырып), сайланып, содан кейін жай күндері бас иіп, қызмет көрсететін патшалар мен мырзаларды сайық-мазаққа айналдырып, ұрып-соғып, оларды төмендетті, әдептілік нормаларынан жойды. Бұл сәт өте кең мағынаны қамтыды: халықтың қазіргіден жақсы болашақты аңсайтынын, әделетті әлеуметтік-экономикалық басқаруды, жаңа шындықты қалайтынын білдірді. Сонымен, карнавал бұрын да, қазіргі де қоғамдық ортадағы проблемаларды, шиеленісуді шешетін, әлеуметтік, эконокикалық және саясатқа деген халық ызасын білдіретін құрал ретінде қолдануға болады.
Эстетикалық тұрғыдан қарасақ, карнавал мәдениеті ерекше тұжырымдама болып табылады. М.М.Бахтиннің айтуынша, карнавал мағынасында «дене бүтіндігі туралы айрықша сипаттама мен осы бүтіндік шекаралары» жатыр.Ал карнавалда барлығы басқаша болғандықтан, бұл дене бүтіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Сонымен, карнавал психотерапевтік құбылыс ретінде өте маңызды болып табылады. Бұл құбылыс арқылы адамзат нақты бір бейнені(маска немесе костюм) қабылдап, стресстан құтылуға және жеке проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін өз эмоцияларын еркін білдіру құқығын иеленеді. Карнавалды «мереке арқылы сауығу процедурасы» деп айтуға болады.
Осы сөзге дәлел ретінде А.Макаревич сөздерін келтіруге болады: «Менінһң ойымша, дәл қазіргі кезде карнавал адам денсаулығы үшін теңдесіз болып келеді. Денсаулық физикалық, психикалық және жандық кеі мағынада қаралады». Осы автордың карнавал туралы көптеген тезистері келтірілген:
Карнавал бұл жұрт алдында еш бөгетсіз шағрмашылық өзін-өзі көрсету. Тәжірибе бойынша, карнавалдағы ең ұялшақ адам да жұрта алдында шығуға ұмтылады.
Карнавал әлеуметтік коммуникативтік құрал ретінде. Әлеуметтік жағдайына қарамастан әбрбір деңгей өкілдерінің коммуникациялық мүмкіндігі. Әлеуметтік жағдайы ең жоғары адам үшін карнавал уақытша және қауіпсіз оырн ауыстыру және өз жағдайындағы жетіспейтін қарым-қатынас бөлігін алу мүмкіндігі болып табылады.
Карнавал катарсис(тазару) ретінде. Мысалы, агрессия жою факторы ретіндегі боқ-ауыз сөздер немесе тазару ықпалы бар күлкі.
Карнавал психотерапиясы. Карнавал әлеметтік мәселелер мен стресстерден еш зиянсыз уақытша құтылу мүмкіндігі ретінде. Жеке тұлғаның уақытша асоциализациясы.
Қорыта келгенде, А.Макаревич карнавализация маңызды педагогтік мағына беретінін тұжырымдайды. Карнавал мәдениеті арқылы қазіргі адамзат қоғамдық және саясат мәселелерінен екпе алады.
Карнавал жеке адам үшін маңызды болуымен қатар, жеке бір аймақ немесе ел ішіндегі мәдениет туризмінің дамуына зор септігін тигізеді. Карнавал сол елдегі мәдениет туризмінің имиджін қалыптастырудың эффективті құралы болып табылады. Мысал ретінде автор Е.Ключников фестивальдер мен карнавалдардың ел туризміне әсері туралы мақаласын келтіруге болады. Мақалада провинциалдық Зальцбург қаласына фестиваль дамыған инфрақұрылымды атақты мәдениет орталығы статусын иеленуге мүмкіндік берді. Бұған Моцарттың осы қалада тууына байланысты режиссер Макс Рейнхард пен композитор Рихард Штраус 1920 жылы негізін қалаған музыкалы-театрлық фестиваль әсер етті. Фестиваль арқасында Зальцбург қаласы Еропаның ең атақты туристік орталықтары болып табылады.
Қазіргі заманғы мәдениет менеджерлері проектті жүзеге асыруды бірінші орынға қойып, ал мәдениет туризмінің дамуын ұзақ мерзімдегі перспективалар қатарына қояды. Сондықтан, карнавал туризм объектісі теніде ерекше имидж акциясы бола алады. Бұл акция жергілікті аймақта туризм дамуына ықпа етеді, ол өз кезегінде аймақтың барлық инфрақұралымына әсер етеді.
Карнавал функциялары мен міндеттері:
Біріншіден, карнавал адам қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыратын, әлеуметтік, саясат мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық орта ретінде бола алады.
Екіншіден, карнавал өткізелетін аймақтаға имидж, брендтің қалыптасуына әсер етеді және сол аймақтағы туризм дамуына ықпал жасайды.
Үшіншіден, карнавал туризмі туристік нарықтағы табысты, пайдалы бағыт болып табылады, бұл бағыт туристік фирма тәжірибесінде перпективті бола алады.
