Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.95 Кб
Скачать

8 Спорттық шаралар:

Олимпиада және халықаралық жарыстар

-‘Формула 1’ автожарысы

-NASCAR автожарысы, АҚШ

-Ралли

-мотожарыстар

9 Халықаралық техникалық салондар

- Ле Бурже авиасалоны, Париж (Франция)

- Жуковсскийдегі авиакосмостық салоны( Ресей)

- Чжухаедегі авиасалон (КХР)

- Лаюкави аралындағы авиасалон (Малайзия)

- Женевадағы автосалон (Швейцария)

- Мәскеудегі автосалон ( Ресей)

- «Сағаттар салоны», Женева, Цюрих (Швейцария)

Оқиғалы туризмі туризм саласының жаңа бағыты болып табылады. Қазіргі заманда адамдар туризмнің жаңа бағыттарына көп көңіл бөледі. Оқиғалы туризмінің ең басты ерекшелігі жарқын және қайталанбас сәттердің көптігі. Туризм саласының ең тартымды бағыттарының бірі оқиғалы туризмін ұйымдастыру.

4 – дәріс. Халықаралық көрме және жәрмеңке

Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.

Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонмен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.

Дүниежүзілік көрме-1889, Парижде.

Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады.

Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.

Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы бүкіләлемдік қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.

Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.

Дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы турады айтуға мүмкіндік береді.Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.

Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.

Дүние жүзінің аса ірі көрмелерінің бірі – «Fitur» еуропалық елдерді, Солтүстік және Латын Америкасын байланыстыратын өзіндік көпір ретінде танымал. Алғашқы рет көрме 1981 жылы Мадрид қаласында ашылған болатын. Fitur – дүние жүзілік деңгейдегі беделді туристік көрмелердің үштігіне кіреді. Көрме 4 секциядан тұрады: «Белсенді FITUR», «FITUR Know How», конгресстер мен резиденттік секция. «Белсенді FITUR» табиғат аясында және осымен байланысты қызықтарды көрсетуге негізделген, Жыл сайын осы туризм түріне сұраныс өсуде. «FITUR Know How» - бұл туристік бизнестегі техника, информатика және өзге құраушылардың жетістіктерін анықтайтын бөлім болып табылады. Бірнеше жылдардың ішінде көрме туристік бизнестің дамуына қолдау көрсететін, туриндустрияның жетістіктері мен үміттерін анық көрсететін орын болды. Соңғы тенденциялар, жаңа тaуарлар мен қызметтер, оқу, тәжірибе алмасу, консультациялар – осының барлығын көрмеге келушілер мен қатысушылар көре алады

2010 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Спорт және Туризм министрлігі Қазақстанның осы көрмеге қатысуын ұйымдастырды. Осы жылы көрме өзінің 30 жылжығын атап өтті. Соған орай көрме Feria de Madrid алаңында, 75000 ш.м. жерді алды. Көрменің жұмысына 12 000 ұйым қатысқан болатын, оның ішінде – ұлттық туристік әкімшіліктер, туристік компаниялар, қонақ үйлер, 170 ел мен аймақтың авиакомпаниялары бар. Қазақстаннның экспозициясы 49 ш.м. жерді алып жатты. Стендте Қазақстанның табиғаты, көрікті орындары мен көне қалалары көрсетілген, оның барлығы арнайы әуенмен, суреттермен безендірілген болатын. Сонымен қатар испандықтарға түсінікті болуы үшін стендтің жанына арнайы аудармашыны қойған болатын. Сол жылы еліміз бірталай шетелдік елдерге танылып, өз өнімін көрсетіп қайтқан болатын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]